|
Касенова С.Б. «№24 орта мектеп» Мемлекеттік мекемесі Коммуникативтік технологияны қолдану арқылы бастауыш буын оқушыларының тілдесім білім-біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту. Зерттеудің мақсаты: Бастауыш буынды оқытудағы сөйлесім дағды-шеберліктерін қалыптастыру, дамыту бойынша коммуникативтік технологияны қолдану тәсілдері мен құралдарын айқындау. Бұл мақсатты көздей отырып және оған жету үшін төмендегі міндеттерді алдық:
^ : мұғалім мен оқушының дара іс-әрекеттерін жүргізуге қолайлы әдістемелік тәсілдер және қазақ тілін оқытудағы маңызды тілдесім (сөйлесім) құзыреттіліктерін игеру үрдістері. ^ : а) әдебиеттерді және оқушылардың іс-әрекеттерін талдау. ә) сабақта әртүрлі әдістемелік тәсілдерді, құралдарды қолдану. б) оқыту барысында оқушыларды бақылау. Қорытындылар:
Қазіргі мемлекеттік тілдің сапалы оқытылуына ден қойып отырған шақта тілді оқыту жүйесіндей талаптар жалпы білім беру саласындағы жаңа қағидаларға сүйеніп негізделеді. «Тіл – адам жанының тілмашы» ретінде адамды әлеуметтік ортамен байланы стырушы дәнекер, әрі баланың жалпы дүниетанымын қалыптастыратын танымдық іс-әрекеттердің ең маңызды құралы болып табылады. Тіл арқылы оқушы болмысының, психикасының, мінез-құлық, адамгершілік қасиеттерінің көрінетіндігін, білім-білік деңгейлерінің танылатынын әрдайым ескеріп, оны нақты жұмыстарда дәлелдеп отыру коммуникативтік қарым-қатынасты қалыптастырудың бір арнасы. Қазақ тілі сабақтарында «сауат ашу, қарымқатынас шеберлігін, мәдениетін үйретумен қатар оны белгілі бір этникалық топтың мүшесі ретінде тәрбиелеу, қалыптастыру» мәселесі де коммуникативтік қарым-қатынасқа негізделіп жүргізілуінталап етеді [4] Тілді оқытудың басты факторларының бірі болып табылатын ауызша сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастыру мәселелерін арнайы сөз етіп, осы саланы жетілдірудің қажеттілігін негіздеп арнайы жазылған еңбектер бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде тарихи қалыптасқан және ғылыми негізделген, үйретуші мен үйренуші іс-әрекетін анықтайтын бастапқы қағидалар бар: мәселен, профессор Н. Оралбаеваның пайымдауынша, мынадай дидактикалық ұстанымдардың жеке түрлерін қазақ тілін оқыту барысында басшылыққа алуға болады:
Осы орайда зерттеудің объектісі ретінде қабылдап алып отырған 3-сынып оқу бағдарламасындағы «Нешінші? Какой? Который?»тақырыбы бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру барысында осы аталған ұстанымдардың қалай сақталғанына тоқтала кетсек:
Сөйлесім білім-біліктіліктерін дамытудың ең басты шарты – сөздік қорды байыту [3]. Оқушының сөздік қорының мардымсыздығынан ешбір коммуникативтік құзыреттілікті жетілдіру мүмкін емес. Осы ретте әр сыныптың қазақ тілі оқу бағдарламасының әр модулі бойынша сөздік (лексикалық) минимумды қолда ұстау әрі ыңғайлы, әрі жүйені қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Мысалы 2007-2008 оқу жылында біздің, яғни, № 24 – орта мектебінің қазақ тілі ұстаздары бірлесе отырып, әр сынып бойынша модульдік лексикалық минимум жасадық, ол жинақ болып басылып, Қалалық Білім Басқармасында бекітілді. Сол жинаққа мен 2-сыныпқа арналған сөздік минимумды жасап енгіздім. Оқушы – сабақта белсенді іс-әрекетке түсуші субъект. Сондықтан жұмыстың тәжірибелік бөлігінде оқушының сабаққа араласуының әр түрлі тәсілдері айқындалған.
Мысалы: 3-сынып оқу бағдарламасы «Отбасы» модулі бойынша, оқушылар 2-сыныпта игерген сөздерін жаңа лексикалық ұғымдармен ұштастыра отырып, отбасы мүшелерінің аттары, жастарын, қандай қызмет атқаратындығын, немен шұғылдануды ұнататындықтарын, сүйікті тағамдарын, тағы басқа түсініктерді қалыптастырып, өз тілдерімен жеткізе алады. Осыған орай төмендегі мониторингті келтіріп отырмын. Бұл мониторингте оқушылардың өткен оқу жылының «Отбасы» модулінің соңында монологтық әңгімелеу сынақ сабағы нәтижесі және биылғы оқу жылындағы «Отбасы» модулі бойынша монологтық әңгімелеу сынақ сабағының нәтижесі салыстырылады. 2-сыныпта оқушылар тек отбасы мүшелерінің атауларын және оларғы аштық беретін «көріп отыр», «ойнаймыз», «ойнап отыр», «оқып отыр», «сурет салады», «оқиды», «тоқып отыр», «тігіп отыр» етістікті тіркестерімен танысса, биылғы оқу жылында отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктері, мамандықтары, іспен шұғылданушылықтары, ерекшелік қасиеттері туралы ұғымдарымен танысты. Осылайша, мониторингте аталған модуль бойынша білік-білік сапасы және өз беттерінне қанша сөйлем шамасында монолог құра алатындықтары келтірілген. ![]() ![]() Сөйлесім әрекетін іске асыру барысында әртүрлі тәсілдер мен жағдаяттарды қолданамын:
Бұл сұрақ – жауапқа құрылған қарапайым сұхбаттар.
Бұл мақсатта қосымша көмек жағдайларды жасаймын:
Мысалы, 1-сыныпта «Ойыншықтар» тақырыбын игергенде, «Саған не керек?»-сұрағына оқушы көп ойыншықтардың ішінен біреуін таңдап: «Маған...керек», -деп жауап береді.
Осы орайда тірек сызбалар мен басқа да көрнекіліктерді қолдану тиімді. Қазақ тілін оқытудың бастауыш сатысы диалог-суреттеулерді құруды құптайды. Мысалы, ойыншықтар туралы айтқанда, балалар ойыншықтың барынша көп сипаттамасын беруге шарт алады. Төмендегідей диалог пайда болады:
Әдетте, бұл қандай да бір әрекетті орындау. Балалар қуана-қуана сергіту сәттерін орындайды. Кейіннен бұл сұрақ-мақұлдау диалогтық бірлігіне ойысады. Бір оқушы «мұғалім» ролінде сыныпта емін-еркін жүріп, кез –келген сұрақтар қояды. «Мұғалім» роліндегі оқушы барынша білім-біліктілігін көрсетуге тырысады. Сұрақ-жауап үлгілерін игергеннен кейін, әңгімелесудің күрделі құрылымына көшеміз. Мұнда балаларға бірден бірнеше сұрақтар қойылады. Бұл бойынша әртүрлі ойын жағдаяттары қолданылады: танысу, дүкендегі сұхбат, тағы басқа. Одан әрі әр бала үлгі бойынша өз диалогтарын құрады. Сөйлесім дағды – шеберліктерін жетілдіру үшін сюжеттік ойындарды жүргіземін. Сюжеттік ойындарды тілдік шеберліктерін жаңаша жағдаяттарда жетілдіру үшін қолданамын. Мысалы, танысу жағдаятын әр жұпқа түрлі нұсқаларда беремін (дүкенде, кітапханада, мектепте және т.б.). Әр тақырыпты игеру барысында оқушылардың өз шығармашылық мүмкіндіктерін қолдануға тырысамын. Сондай-ақ сабақта қалыпты сөйлеу қарқынын ұстаймын. Мұндайда оқушылар қазақша ерекше дыбыстарды анық естіп, оларды дұрыс дыбыстауға тәрбиеленеді. Коммуникативтік құзыреттілік – белгілі бір жағдайда қарым-қатынасты ұйымдастыру шеберлігі. [2]. Сондықтан сыныптағы кеңістікті дұрыс пайдалану барысында сабақтың әр сатысындағы сынып бойынша қимыл-әрекеттің сызбасын ойластырамын: тақта алдында жауап беру, жұптық жұмыс, парта жанында тұрып жауап беру, сынып бойынша оқушының қозғалысы, тақта алдындағы топтың жұмысы, т.б. Тілдесім құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту бойынша коммуникативтік технологияны қолдану жұмысымның ерекшеліктерін жалпылай отырып, келесі маңызды сәттерді анықтауға болады:
Осылайша, тілдесімді кешенді түрде жетілдіру коммуникативтік құзыреттілік негіздерін қалыптастыруға көмектеседі. Әдебиеттер:
|