Оқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту icon

Оқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту



НазваниеОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Дата конвертации26.01.2013
Размер97.52 Kb.
ТипДокументы
источник

Оқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту.

Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру.


Джетыбаева А.Т.

ММ «№ 7 орта мектеп»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА

АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ БІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН

ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ДАЯРЛАУ НЕГІЗІ.»


Көп тіл білсең көк жиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп торге озар.

Қандай елде жүрсең де бұл, дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Отанымыздың барлық аймақтарында «Қазақстан Рееспубликасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы» атты биылғы халыққа Жолдауы аясында еліміздің нақты бәсекеге қабілеттілікке жетудегі республика білім жүйесінің негізгі міндеттері» тақырыбы бойынша көптеген жұмыстар өтіп жатқаны белгілі. Мектеп, гимназия, колледж, мектептен тыс ұйымдардың осы кездегі қол жеткен жетістіктеріне, келешекте атқаратын істері де мол. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін-білім», деген ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің аталы сөзін еске салып, өсіп келе жатқан ұрпақ болашағы біздің қолымызда. Отанымыздағы жасалып жатқан білім реформасының мақсаты, әлемдік білім стандартына қол жеткізу. Осыны күнделікті жұмысымызда тиімді пайдалану бізге жүктеліп отыр. Басты мақсат сапалы білім беру. Оқушыларды парасатты, Отан сүйгіш етіп қалыптастыру басты міндетіміз. «Жиырма бірінші ғасыр - білім-ғылым ғасыры» деп Елбасы атап өткендей, жаңа ғасырда білім мен ғылымды ұштастыра отырып, жас ұрпақты тәрбиелеп, Отан дамуына бар күш-жігерімізді жұмсауға тиістіміз. Қалай десек те білім мен білік қоғам өркендеуінде түп қазық екені сөзсіз. Ендеше біздің ұрпақ алдындағы қарызымыз бен парызымыз ерекше.

«Тілі жоқтың-діні жоқ», деген сөз бар. Қазір өзекті мәселеге айналып отырған мемлекеттік тілдің тағдырына. Ұлттың ұлы тұлғасы Мұхтар Әуезов: «Бесігіңді түзе», деген өсиет қалдырған. Ендеше сол киелі бесікті түзеу қазақ тіліне деген көз қарасымызды өзгертуден басталса керек.

^ Ауызекі сөйлеу – қабілетті тұлғаны даярлау негізінің басты формасы

Ауызекі сөйлеу – адамдар арасындағы коммуникативтік қатынастың және бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлау негізінің басты әрі жиі көрінетін формасы. Осыған байланысты лингвистикада тіл-тілдің ауызекі сөйлеу ерекшеліктері арнайы зерттеу объектісі болып келеді. Сонымен бірге ауызекі сөйлеу тілін зерттеудің бағыт-бағдары, әдіс-тәсілдері де алуан түрлі. Бірқыдыру еңбектерде лексикология, грамматикалық тұрғыдан ауызекі тілдің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін тану мақсат етілсе, басқа, мәселен, психолингвистикалық зерттеулерде ауызекі сөйлеудегі сөзді құрау, түсіну процестерінің психикалық астарын ашу мақсат етіледі.

Қазақ тіл білімі о бастан ауызекі сөйлеу тілінің фактілерін зерттеуден басталған. Бұлай болуы, бір жағынан, ол кездегі жазбаша әдебиеттің шама-шарқына байланысты болса, екінші жағынан, ғалымдардың қазақ тілінің таза халықтық көзін, негізін тауып, сол фактілерге сүйеніп,зерттеуге талпынуына да байланысты еді.Қазақ тілін алғаш зерттеушілердің бірі – белгілі ғалым Н.И.Ильминский де осы бағытты ұстады. Ол қазақ тілін осы тілде сөйлеушілердің өз ауызынан жазып алынған фактілер негізінде зерттеу қажет, қазіргі кітаби материалдарда (сол кездегі - Ә. Р.) қазақ тілінің өз заңдылықтарына сай келе бермейтін шағатай тілінің элементтері көп деп үнемі ескертіп отырды. Н. И. Ильминский қазақтардың сөзді өнерге балап, оған ерекше талап қойып, мән беруін жоғары бағалады. Ол; «Қазақтың шешен кісілерін тыңдау бір рақат нәрсе; олардың сөзі ұйқасты, сымбатты, анық, көркем» деп жазды. Қазақ тілі жөнінде алғаш толық, жүйелі лингвистикалық еңбек жазған П. М. Мелиоранский де өзі, негізінен, ауызекі сөйлеу тілінің фактілеріне сүйенетінін ерекше атап отырады. Қазақ тіліне арналған алғашқы бұл зерттеулерде оның басты фонетикалық, грамматикалық жүйесін анықтауға ғана баса мән беріліп, стильдік тармақтарын даралап тану міндет етіледі.

Қазіргі кезде қазақ тілін зерттеудің бағыт, мазмұны мүлде өзгерді, ол тарихи ұлы міндетке – қазақ халқының жаңа мәдениетін жасау, соған жол ашу мүдделеріне қызмет ету мақсатын көздеді. Сондықтан да бұл кездегі қазақ тіл білімі баса көңіл бөлген мәселелер - әдеби тіліміздің фонетикалық, грамматикалық жүйесін тану болды. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба әдеби тілінің арасындағы өзара қатынастың сыры ашылмады. Ауызекі сөйлеу тілі – қазақ тілінің қайнар көзі, негізі дегеннен аса алмады.

Бәсекеге қабілетті тұлғаның білім, мәдениет дәрежесінің өсуі, олардың қоғамдық өрісінің ұлғаюы, творчестволық белсенділігінің артуы ауызекі сөйлеу тілінің ролін көтерді. Ауызекі сөйлеу тілінің жұмсалу аясы да орасан кеңіді, тақырыбы кеңейіп, мазмұны да күрделенді. Сондықтан жұртшылықтың ауызекі сөзге қоятын талабы да өсті, білік дағдыларын қалыптастыру жағдайларындағы бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлау негізі болды. Тіл білімі саласында ауызекі сөйлеу тіліне ден қою бәсеке тұлғаны даярлау, осы қоғамдық, әлеуметтік талапқа байланысты. Ауызекі сөйлеу тілін зерттеу оның коммуникативтік (пікір алысу) сипатын анықтап, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін, сол грамматикалық тәсілдерді қолдану, пайдалану ерекшеліктерін ашуды көздейді, мұның өзі нақты бәсекеге қабілеттікке жетудегі білім жүйесінің негізгі міндеттері және мәдени дәрежесін өсіруге көмектеседі.

^ Ауызекі сөйлеу тілі – дара стилдік сала

Тілдің лексикалық, грамматикалық тәсілдерді, сөз тудыру, сөз құбылту, сөйлем құрау ережелерін қамтитыны белгілі. Бірақ тіл қамтитын амал-тәсілдерді әр стиль өзінше жұмсайды,сөйтіп өзінше сөз тіркестіру,синтаксистік форма құрау ерешеліктерін тудырады. Стильдің өзгешелігіне себеп болатын нәрсе – коммуникативтік сипаты. Пікір алысудың ретіне қарай (диалог, монолог, ауызша, жазбаша түрде пікірлесу), мазмұнына қарай (ғылыми еңбек, көркем шығарма, газет очеркі т.б.) сөйлеуші тілдік амалдарды талғап жұмсайды.

Ауызекі сөйлеу тілін дара стильдік сала деп танимыз. Мұның солай екендігі, арнайы сөз болмаса да лексикографиялық, лексикологиялық, грамматикалық еңбектерде айтылып тұр. Бұл еңбектерде жеке сөздер, грамматикалық формалар ауызекі сөйлеу тіліне тән фактілер екендігі ара-тұра ескертіліп отырады. Көпшілік жұрт көркем шығармадан радио, телевидение хабарларынан ауызекі сөйлеу тілі дара стильдік сала ретінде объективтік факт екенін дәлелдейді.

Ауызекі сойлеу тілінің стильдік мәнерін қалыптастыратын нәрсе оның өзіндік коммуникативтік сипаты болса, бұл ауызекі сөйлеу стиліне коммуникативтік жағдай барлық тілдерде бірдей көрінеді.

Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыратын жағдайлардың бастылары ретінде мыналар аталады:

1. Пікір айту ауызша әрі сөйлеуші мен тындаушының жүзбе-жүз

отырып қатысуы үстінде болады.

2. Пікір айту диалог түрінде, яғни екі немесе бірнеше адамның

қатысуы арқылы жүреді.

3. Пікір айту ешқандай дайындықсыз, емін-еркін әңгіме үстінде құралады.

Осы үш шарт ауызекі сөзге бірдей тән болғанымен,оның лексикалық ерекшеліктерін қалыптастыруда соңғы екеуінің мәні ерекше. Тындаушы мен сөйлеушінің жүзбе-жүз отырып ауызекі пікір алысуы, информация беруі лекция, баяндама жасау, әңгіме айту кезінде де болатын жағдай. Бұл шарт тек ауызекі сөйлеу тіліне ғана тән емес, ауызекі түрі де жүзеге асатын бірнеше стильдерге де тән. Ауызекі сөздің диалог түрінде жүруі оның синтаксистік құрылысына, лексикасына көп әсер етеді. Біріншіден, сөз айтуға, түсінуге ыңғайлы құралуға тиіс. Осы талап ауызекі сөзде сөйлемдердің, сөз тіркестерінің үнемді болып құралатын варианттарының күрделі ойды білдіретін сөйлемдердің мағыналық бунақтарға (сегменттерге) таратылып айтылуынан (кім келгенін сұрады – кім келді, соны сұрады), осыны іске асыратын синтаксистік тәсілдерден т. б. көрінеді. Екіншіден, диадог сөзгн репликалар (диалогқа қатысушы екі жақтың сөзі) өзара ұштасып, сабақтасып жатады.

Ауызекі сөздің диалог ретінде жүруі репликаларды байланыстыратын синтаксистік тәсілдерден ғана көрініп қоймайды.Бұл коммуникативтік жағдай сөйлемдердің құрылысына да әсер етеді.

Диалог сөз тындаушысына өтімді болуды, оған бір пікірді мойындатуды немесе істі міндеттеуді мақсат етеді, немесе естіген хабарынан туған әсерді түрліше білдіріп жауап қатуды білдіреді. Осыған орай ауызекі сөздің құрамында экспресивті, эмоциялы лексика, синтаксистік формалар ерекше көп жұмсалады, бұл сипаттағы лексика мен грамматикалық формалардың тек ауызекі сөзде ұшырайтындары көп.

Эмоциялықпен қатар ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік құрылысына әсер ететін тағы жай бар. Ол сөйлеу үстінде көрінетін полемикалық қатынас. Сөйлеуші пікір айтып, қатынас жасағанда, екінші жақтың оған қандай жауап қайтаратынын, әсіресе оның қарсы пікірде болуы мүмкін екенін алдын ала ескеріп сөз құрайды. Репликаның тек пікір білдіріп қана қоймай, тыңдаушының қарсы райын ескеріп, полемикалық сипат алуы сөйлемнің құрылысына әсер етеді. Ауызекі сөйлеу тілінде полемикалықты білдіретін сөйлемдер интонациясы жағынан, конструкциялық құрылысы жағынан ерекше болады.

Пікір алысу - творчество. Адам сөйлегенде қалыптасқан грамматикалық тұрақты формаларды жұмсап, соның жетегінде қалып түрлендіріп құрай, тыңдаушысына тартымды болу жағын қарастырады.

Ауызекі сөйлеу тілінде сөзді түрлендіретін түрлі паралель амалдар көп ұшырайды. Және, бір қызығы, фунция жағынан паралель келетін бұл амалдар құрылысы жағынан біркелді бола бермейді.

Мысалы, құрмалас сөйлемге кейбір жай сөйлемнің түрлері параллель ретінде жұмсалады (Айтпады, себебі ұялды: Айтпағаны – ұялғаны), баяндауыштық формаға жай сөйлем ретіндегі конструкция параллель амал болып жұмсалатыны да бар (Мен кеше келдім: Менің кеше келгенім бар). Осындай сөз түрлендіретін параллель амалдарлын ішінде ауызекі сөйлеу тіліне ғана тән болып, ауызекі сойлеу мәнерін қалыптастыратын формалар не дәүір: қалады – қалау қылды, сұрады – сұрау салды, сұрау қылды, той жасады – той

берді т.т.

Келтірілген мысалдарға карап, ауызекі тілдін ерекшілігін грамматика аясынан ғана табылады деп түсінбеу керек, ауызекі сөйлеу тілінің алуан түрлілікке, эмоциялылыққа, ықшамдылыққа талпынуы лексикадан да айқын. Әр жердін кәсібіне, тіршілігіне байланысты сөздерді, диалект сөздерді былай қойғанда, қазақ жеріне түгел тараған экспрессивті, эмоциялы сөздердің өзі едәуір: өкіректеу, тәлімсу, сызылу, өлмелі, шам көру, еті тірі, кұшырлану, сыңайы, бұртаңдау, көңірсіту, т.т. Экспрессивтік, эмоциялық мағына тудыру үшін ауызекі сөйлеу тілі көптеген сөздерді ерекше мәнде қолданады. Осыған қарап отыру, жаман, дүние, жұмсау, соқыр деген сөздердің мына төмендегі жұмсалысы дәлел: қайырсыз ит қой, малын игере алмай отырып, ...осы ауыз үйін пәтерге жіберген ақшаға қарап отыр ма екен! Біз елден кететін күні кешке жақын далада сөйлескенді шам көріп, Есімбек Шұғаны жаман сөкті. Шынында да байдын үйі бар тігінін соған тіккізіп алып, соқыр ақша бере білмейді екен. Шұға шын ауруға айналған соң, Есімбек жұмсайын деді.

Ілгерлі мысалдарда сөздердің мағыналарының дамуы, жұмсалу жағдайы кейде әр түрлі стильде ерекше өріс алатынын байқатады.

Сөйлеу процесінің коммуникативтік жағдайы негізінде пайда болған лексикалық ерекше фактілер немесе ортақ амалдардың ерекше жұмсалуы ауызекі сөйлеу тілінің бір тұтас стильдік бейнесін қалыптастырады.

Ауызекі сөйлеу тілі – ауызекі тіл деп аталатын жалпы стильдік топтын бір тармағы. Ауызекі тілге көпшілік алдында сөйленетін публицистикалық (шешендік) сөз, лекция, баяндаманың тілі, радио, телевидение арқылы берілетін хабарлардың тілі жатады. Ауызекі тілде бір жағынан, мазмунына байланысты жазбаша ғылыми стильдің элементтері орын алады, екінші жағынан, пікір тындаушысымен жүзбе – жүз ауызекі айтылатын болғандықтан,ауызекі сөйлеу тіліне тән лексика, синтаксистік тәсілдер басым жұмсалады. Осы жайлар ауызекі сөйлеу тілі мен лекция, баяндама тілін, публицистикалық сөзді ауызекі тіл деп бір тұтас стильдік топ ретінде қарауға негізі болады. Ауызекі тіл ортақ сипаты бар бір тұтас стиль болғандықтан, лингвистикалық ғылым әр уақыт оны арнаулы зерттеу объектісі ретінде қарап жүр.

^ Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тілдің қатынасы

Ауызекі сөйлеу тілін бірқатар ғылыми еңбектер әдеби тілге қарама – қарсы қойып, оны нормаға түспеген диалектілік аядағы сөйлеу құралы деп санайды. Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тілдің қатынасы тарихи жағынан аса күрделі. Бұл тұрғыдан қарағанда, ауызекі сөйлеу тілі – тілдің бастапқы қалпы. Оның о баста диалектік көрінісі басым болғаны да рас. Бірақ жазба әдеби тілдің қалыптасуымен қатар белгілі кезенде әдеби тілдің ауызекі түрі де жарыса пайда болады.

Ауызекі сөйлеу тілі мен жазба әдеби тіл өзара түйісуінің бастапқы кезеңінде де, бүгінгі кемелденген шағында да біріне – бірі әсерін тигізе отырып дамуда. Әдеби тіл ауызекі тілінің лексикалық, грамматикалық жүйесіне сүйеніп қалыптасады. Сонымен бірге образдылықты да осы ауызекі сөйлеу тілінде қалыптасқан қордан алады.

Сөз жоқ, әдеби тіл алғашқы кезде шағын әлеуметтік топтың қолдауымен қалыптасып, жұмсалады. Ол топ – ағарту, өнер, творчество қайраткерлері. Ағарту ісінің етек алып, қоғамның мәдени жетілуімен бірге әдеби тілдің әлеуметтік базасы кеңіді. Ол тек интелектуалдық еңбектің құралы ғана болып қалмай, күнделікті пікір алысудың да құралы болды. Осы жай әдеби тілдің ауызекі сөйлеуге бейімделген түрінің пайда болуына себеп болды .

Әдеби ауызекі сөйлеу тілі жазба тілдің әсерімен қалыптасты. Бірақ ол тек жазба тілге сүйеніп қана дамып, жетілмейді. Ол сөйлеуші қалын бұқараның тіл творчествосына сүйеніп, дербес даму жолын тауып келеді және өзінің бойында ауызекі сөйлеу тілінің ыңғайына қарай қалыптасқан тілдік амалдарды, әрі сөз, грамматикалық тәсілдерді жұмсау нормаларын берік сақтап келеді. Жазба әдеби тіл күні бүгін де ауызекі сөйлеу тілі шенберінде тауып жатқан атау сөздер, бейнелі сөздер есебінен қорланып, баюда.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50

елінің қатарына кіру стратегиясы» атты халыққа Жолдауы.

2 Е.Бойченко, начальник отдела внутренней политики, «Образование – ключевой фактор развития государства». Пульс района. №27 30июня 2006года.

3 Айтқали Нурсеит,ректор Евразийского института , д.э.н., профессор «Даешь конкурентноспособных!» Каз. Правда №29 23 июня 2006 года.

4 Генадий Гамарник, ректор Университета межд. отнош., доктог эконом. наук, профессор. «Бизнес-образование – курс на инновации и конкурентноспособность». Каз. Правда №31 28 июня 2006 года

5 Р.С.Әміров «Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік

ерешеліктері» Алматы. Мектеп 1977

6 Ж.Б.Жеткізген «Қазақ тілін оқытудын тиімді әдістері.

(әдістемелік құрал) Алматы Кітап 2006 / 36бет

7 М.Б.Балақараев, Е.Ж.Жанпейісов, М.Т.Томанов,

«Казақ тілінің стилистикасы» Алматы,1966

8 Г.Г.Мусабаев. «Современный казахский язык, лексика» Алматы1966

9 С.Рахметова. «Қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы ,Ана тілі 1991

10Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде «Аызекі сөйлеуге үйрету барысында грамматикалық дағдыларды қалыптастыру»

Ж.Жұмабаева. №1 /2004 3 – 10 бет

11 Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде «Ауызекі сөйлеуді дамыту»

А.Алтаева. №10 /2005 67 – 87 бет

12 Казақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде

«Оқушылардың ауызекі тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту»

М.Бутеева. №7 /2005 17 – 25 бет



Похожие:

Оқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Оқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту iconАса маңызды өзекті мәселе. Білім үрдісінің негізгі мақсаты
Білім беру үрдісінің субъектісі. Білім беру үрдісі субъектісін дамыту шартының алғашқы баспалдағы кәсібилік. Білім беру үрдісінің...
Оқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту iconБастауыш сынып оқушыларының ҚҰзыреттілігін қалыптастыруда, сыни тұРҒыдан ойлау жобасының МҮмкіндіктері. Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі
«Білім беру үрдісінің субьектілерін дамыту шарты ретінде қазіргі заман мектебінде білім сапасын жетілдіру.»
Оқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту iconБілім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С
БАҒдарламалау бойынша қалалық ҚашықТЫҚтан оқыту олимпиадасының Қатысушылары үшін интерактивті сабақ ЖҮргізу әдістемесі
Оқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту iconЕлеубаева К. К. «№15 орта мектеп» мм
Оқу үрдісінің қарым – қатынасының құзырлық дамуы. Даралап оқыту үрдісінің қатысымдық әдісі, қарым- қатынас технологиясы, жаттығулардың...
Оқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту iconТұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз»
Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту
Оқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту iconБілім үрдісінің жеке тұлғаларының құзырлығын дамыту Мухтарханова А. М
Мектепалды даярлық сынып балаларын білім беру субъектісі ретінде ойын технологиялары арқылы дамыту
Оқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту iconБілім беру үрдісін ақпараттандыру
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын...
Оқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
ОҚушылардың СӨйлеу тілін қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары арқылы дамыту жолдары
Оқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту iconҚ. Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің химия пәні мұғалімі Жанжаксина Альмира Шайхслямқызы
Саулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім үдерісін ақпараттандыру –жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы