Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру icon

Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру



НазваниеБілім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру
Дата конвертации26.01.2013
Размер82.92 Kb.
ТипДокументы
источник

Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін,

құзырлықтарын қалыптастыру


Жарылқапова А.Д.

« № 32 орта мектеп» ММ


ТАРИХ САБАҒЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жастардың және еліміздің басты капиталы – сапалы білім» деген пікірі оның салиқалы саясатының бірі деуге болады. Сол себептен де тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағын тәрбиелеу бүгінгі көкейкесті мәселелердің бірі. Мемлекетіміз қарап жатқан жоқ, Елбасы басшылығымен бірқатар іс-шаралар жүзеге асуда. 1997 жылдың соңында Президент Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын анықтап, онымен халықты таныстырды. Президент бұл стратегияны болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалады. «Қазақстан - 2030» стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттары - жеті бағыт бөле көрсетілді. Солардың бірі – Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Соған байланысты, білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - бүгінгі күннің талабы. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, қиындыққа мойымайтын, өзіндік ой–талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Ертеңгі еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем ететін бала деп сенім артатындықтан сапалы білімді, саналы азамат тәрбиелеу ісі - білім беру саласының еншісінде. Демек білімдендірудің ошағы - мектепте.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Қазіргі кезеңдегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктері мен түсіндіріледі», - делінген. Білім, білік, дағдыларды меңгертуден құзыреттіліктерді қалыптастыруда, құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім беру нәтижелерін, білім сапасына бақылау жасаудың тәртібі қарастырылады. Білімнен құзыреттілік қағидасына негізделген жаңаша оқыту техналогиясы оқыту технологиясы оқушылардың танымдық қызметінің заңдылықтарына оқудағы құндылық бағдарға, яғни, оқушының зерттеушілік, шығармашылық және рухани адамгершілік қызметтеріне негізделген технологияға айналуы тиіс. Жаңа технологияны оқу тәрбие үрдісінде қолдануды инновация дейді. «Инновация» деген сөз латынның «novos» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан. Ал оның қазақша аудармасы «жаңару», «жаңалық енгізу» деген мағынаны білдіреді.

Қазақстан Республикасының он екі жылдық орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті біілім беру стандартында «Құзыреттілік - әрекеттің әмбебап тәсілдерін оқушы игеруі арқылы көрінетін білім беру нәтижесі» деп көрсетілген. Педагогика ғылымындағы құзырет, құзыреттілік ұғымдары адамның жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс дегенді білдіреді. Құзыреттілік – сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-әрекетті жүзеге асыру қабілеті арқылы байқалатын тұлғалық қасиет.

Құзырлылық – адам болмысының сапалық белгісі. әр адамның сапалылық белгісі мен қоғамның әл ауқаты қалыптасады.

Мектеп түлегінің негізгі құзырылылығы құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық, оқу-танымдық, комуникативтікғ ақрпарттық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек және тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да белгіленген.

Тұлға құзырылылығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруді жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкін екендігі белгілі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, жаңа технологиясын қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр, осыған сәйкес өз сабағымда Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» т.б. технологияларды қолданамын.


Ойын арқылы оқыту

Дамыта оқыту

СТО

Тірек сигналдар арқылы оқыту




Деңгейлік сралап оқыту


Модульдік


Оқытудың компьютерлік технологиясы

«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп Елбасы атап көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.

Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі, ал технология дегеніміз – көптеген әдістердің жиынтығы.







Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның ішінде соңғы жылдары өз сабақтарымда қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Оның мақсаты - оқушыларды ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге, бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу. Мұғалімнің сабақтарда бұл жобаның әдістерін орынды, тиімді қолдана білуі, сол әріптестеріне үйретуі қажет. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол - шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

  • үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушыллығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым;

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы бойынша біраз уақыт жұмыс жасағаннан кейін мен қандай да болмасын жетістіктерге, қомақты нәтижелерге қол жеткіздім деп айта аламын. Ал төменгі кестеде өз оқушыларымның қолдары жеткен жетістіктерін келтірдім:


Қызығушылықты ояту

Мағынаны ажырату

Ой-толғаныс

Оқушыларым енді

сабақта өзін еркін сезінеді


Сабаққа қызығады, тез бейімделеді

Ынталы болды

Танымдық белсенділігі артты

Оқуышыларым енді

кез-келген тақырыптың мазмұнын ашады

Өз бетінше ізденеді

Ойын жеткізуге дағдыланады

Талдау жасай алады

Ғылыми түсініктер қалыптасады.

Сөйлеу дағдысы жетіледі

Оқушыларым енді

ойын өз сөзімен жеткізе алады

қорытынды жасай алады

Ақпарат қорларын ұлғайтады

Білімі берік болады

Білім сапасы көтеріледі

Нәтижеге қол жеткізеді


Өз сабақтарымда көбінесе оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көп көңіл бөлемін. Оқушылар бірлесіп ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірге шығармашылық пен қарау тұрғысында, жаңалықтар ашу барысында жұмыс жасайды. Бұл оқушының коммуникативті–құзырлығының дамуына әсер етері сөзсіз. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, оларды кесте арқылы көрсетеді. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын:

  • Сыйластық қарым-қатынас;

  • Жауапкершілік;

  • Топтың барлық мүшелерінің кезекпен сөйлеу дағдысын үйрету;

  • Топта ұтымды жұмыс жасау;

Осындай топта жұмыс жасап үйренген оқушылардың іс –әрекеті нәтижелі болады, білімдері шыңдалады.

Сыни тұрғыдан ойлауын шыңдау жеңіл міндет емес. Дегенмен сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен әдістері бар. Сын тұрғысынан ойлау тәжірибесі болу үшін мүмкіндік мен уақыттың қажеттілігі, оқушылардың ойлауына рұқсат ету, оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, пікірлерін дұрыс қалыптастыруға көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіреді. Оқушыларды біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айтуға, мәселені нақтылы шешуге үйрету. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша стратегиялардың құрылымы сабаққа дайындық, оқыту барысында қолданылатын, үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану арқылы оқушылар тыңдаушылардан белсенді, ізденуші, ойланушы дәрежесіне дейін көтеріледі. Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы. Ой салу- ұстаз тарапынан, ойлану- шәкірт тарапынан, ойланту- (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға, ізденіс жолына алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу- оқушы тарапынан жүзеге асады. Тарих сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда СТО технологиясының маңызы зор. Себебі, оқушылар әр түрлі ақпарат көздерімен сусындап, өз түйінін айта білуі керек. Кез келген тақырыпты талдау барысында өз тобымен ұйымдасып, пікірлесіп, ең ұтымды жауапты іздеуі қажет. СТО технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, өткізген сабақтардың берер әсері мол. Оқушылардың белсенділігі артып, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың тарихты оқуға дегекн қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын дәлелдей алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат бола алатынына мен кәміл сенемін.

Сондықтан да болашақ мамандарға бұл жобаның жеке тұлға ретінде дамуына тигізетін әсері мол.

Іздену жолында тарих пәнін оқытуда келесі әдіс-тәсілдерді қолданамын:


Ақпараттық құзіреттілік

Деректік, құжаттық, түпдеректік материалдармен жұмыс істей отырып, тарих пәнінде электронды оқулықтарды кеңінен пайдалану;

Коммуникативті құзіреттілік

Дөңгелек стол, дебат, конференция түрлерін ұйымдастыру;

Зерттеушілік құзіреттілік

Ғылыми- жоба жұмыстарына қызығушылықты ояту;


Пікір сайыста оқушыға өз ойын қысылмай, еркін жеткізе білуіне, коммуникативтік құзыреттіліктің көпшілік алдында сөз сөйлеу аспектісін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Ендеше оқушының оқу-танымдық коммуникативтік, ақпаратты технологиялық және өзін-өзі дамыту құзырылылықтарын қалыптастыруда тарих сабақтарында іске асырылатын оқу әрекетінің түрлерін ары қарай дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл – қоғам талабынан туындайтын қажеттілік.

Қорыта келе айтарым, мұғалім жаңалықтан қашпауы тиіс, қайта әдісті көп білуге тырысқаны жөн, одан ұтпаса, ұтылмайды.

А. Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі де hәм сондай болмақшы», «Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең құл болмақшы», - деген сөздері бар. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.

Қазаққа құлдық қажеті жоқ, керісінше, құлдық санадан құтқару үшін мұғалімдер қолдан келген бар өнерін, әдісін жұмсауы керек, ешкімнен кем еместігін дәлелдей алатын білім ғана одан құтқара алады.

ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

ӘДЕБИЕТ


  1. . Қазақстан - 2030 // Егеменді Қазақстан. – 1997, қазан – 11.

  2. . Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана «Новое десятилетие - новый экономический подъем новые - возможности Казахстана». www. akorda,kz.

  3. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. – Алматы: Сөздік-словарь баспасы, 2009. – 6 т. – 400 б.

  4. Қ.Р. «2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»,-Алматы,2004ж.



Похожие:

Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру iconБілім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін қалыптастыру
...
Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру iconТарих пәнін оқытуда сыни ойлау жобасы негізінде оқушының шығармашылығын дамыту арқылы қҰзыреттілігін қалыптастыру
Мектептің білім беру ортасын білім беру үрдісі субъектілерінің даму жағдайы негізі ретінде қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру iconБілім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту
Білім беру үрдісі субьектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру iconОҚушыны ойлауғА Үйрету
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру iconПрименение информационных технологий
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру iconБілім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық Қабілеттерін дамыту
Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру iconҰлттық бірыңҒай тестке даярлаудағы мектептің ЖҰмыс жүйесі
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру iconӨте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру жүйесіне жаңаша қарау, білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыру – заман талабы
Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру icon«Қаланың жалпы орта білім беру сапасын жүзеге асырудағы қызмет жүйесі оқу үрдісі субъектілерінің даму шарты»
«Қаланың жалпы орта білім беру сапасын жүзеге асырудағы қызмет жүйесі – оқу үрдісі субъектілерінің даму шарты»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы