|
Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін қалыптастыру. АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢА АКПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП, ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫК ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ. Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасында Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған. Оқыту үрдісін көлемді инновациялық оқыту технологиялары арқылы қалыптасуды қажет етеді. Бұған қосымша дүние жүзілік талап оқушыларды еңбекке оқыту жағдайында да интеграциялық білім беру жұмысын жүргізу болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, білім беруді жаңарту, ХХІ ғасыр тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі ретінде білім алушыларға жан - жақты білім берудің ауқымды мәселелерінің бірі ретінде саналып келеді. Оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар ғылым, техника, өндірістің дамуымен қатар қуып жетіп отыра алмайды. Сондықтанда да олар білім алушылар үшін барлық қажетті уақыт талабындағы ғылыми білімдердің деңгейін барлық кезде көрсете алмайды. Осы себептерге байланысты оқыту мен тәрбиелеуде бағдарлама мазмұнын жаңартып, іріктеп отыру қажеттігі туады. Маңызды нәтижелерге жету үшін жаңа үйлесімдегі барлық әдістер мен құралдарды қолдана отырып, жаңа педагогикалық жүйелер жасау қажет. В.И. Загвизинскийдің пікірі бойынша сабақта білімге қызығушылық, ізденуге, зерттеуге, ойлап табуға, тапқырлықты дамытуға атмосферасын орнату маңызды десе, М.И. Махмутовтың пікірінше теориялық негіздеулерсіз, оқу ақпараттарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін өте жетілген жаңа әдістерді оқытудың тәжірибесіне енгізбейінше, үйренушілердің танымдық іс-әрекетін белсенді етпейінше, олардың шығармашылық қабілеттіліктерін жұмылдырмайынша оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін қалыптастыру мүмкін емес.(Кесте 1) ![]() Кесте 1 Жаңаша жаңғырту әдістемесінің (инновация) негізінде үйренушінің дербес қабілеті белсенділігін қалыптастыру, окыту материалдарын өзінше пайдалану аркылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Жаңаша белсенділігін жандандыру әдістемесі (интерактивтік) оқушыларға өзін-өзі ыңғайлы сезінетін жағдайды қалыптастырып, олардың окуға деген қызығушылығын, шетел тілін өз қажеттілігі үшін практикалық тұрғыдан қолдануға деген ынтасын оятып, тілді оқып үйренуге деген талабын арттырады және де сабактың нәтижесін жоғарылатады. Интерактивтік тәсіл шетел тілі сабағындағы субъект болып табылатын оқушының жеке тұлғасының сезімін, түйсігін шынайы қажеттілігімен сәйкестендіріп, оның тілдік, танымдық, шығармашылық қабілетін оятумен, шетел тілі сабағын тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолданылуын көздейді. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес. Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді.. Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады. Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге графиктер, схемалар, иллюстрациялар жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады. Жаңа акпараттық технология кұралдарын ағылшын пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді:
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Мақсаты:
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз: - білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:
Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру процесi жүзеге асырылуда. ӘДЕБИЕТ 1. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. 2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы. 3. Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001. С. 26. 4. Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ.высш. учеб, заведений. М.: Академия, 2003. |
![]() | Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру Тарих сабағында сыни тұРҒыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың коммуникативті қҰзыреттілігін қалыптастыру | ![]() | Тарих пәнін оқытуда сыни ойлау жобасы негізінде оқушының шығармашылығын дамыту арқылы қҰзыреттілігін қалыптастыру Мектептің білім беру ортасын білім беру үрдісі субъектілерінің даму жағдайы негізі ретінде қалыптастыру |
![]() | Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту Білім беру үрдісі субьектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру | ![]() | ОҚушыны ойлауғА Үйрету Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру |
![]() | Применение информационных технологий Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру | ![]() | Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық Қабілеттерін дамыту |
![]() | Ұлттық бірыңҒай тестке даярлаудағы мектептің ЖҰмыс жүйесі Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру | ![]() | Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру |
![]() | Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру Білім беру жүйесіне жаңаша қарау, білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыру – заман талабы | ![]() | «Қаланың жалпы орта білім беру сапасын жүзеге асырудағы қызмет жүйесі оқу үрдісі субъектілерінің даму шарты» «Қаланың жалпы орта білім беру сапасын жүзеге асырудағы қызмет жүйесі – оқу үрдісі субъектілерінің даму шарты» |