42 орта мектеп мм қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Назбиева А. Н icon

42 орта мектеп мм қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Назбиева А. Н



Название42 орта мектеп мм қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Назбиева А. Н
Дата конвертации26.01.2013
Размер72.28 Kb.
ТипДокументы
источник

42 орта мектеп ММ

Қазақ тілі және әдебиет

пән мұғалімі Назбиева А.Н


«Абай жолы» эпопеясындағы кездесетін салт-дәстүрлердің қазақ әдебиетінде алатын орны.

Әдебиет-өмір оқулығы. Онда бүкіл дүние тынысы бар: сұлулық та, сүреңсіздік те, қаталдық та, қайрымдылық та, елдік те, махаббат достық, адамгершілік- бәрі-бәрі бар.

Қазақ әдебиеті- халқымыздың тарихы. Шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы. Әдебиет халқымыздың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын, тарихи біртұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құралы.

Соғыс кезеңі мен онан кейіндегі жылдардағы әдебиеттегі таланттар тарихы мен тағдырына қарап отырсақ, басты жазушылардың бәрі ғұмыр бойы өзінің бас кітабын жазу мақсатында әрекет еткен және солардың талайы жазып үлгермей кеткен. Туған халқына мәңгіліқ мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» - Әуезовтың бас кітабы. Ол өзінің осынау ұлы шығармасын жазып үлгі етіп кетті. Оның суреткер ретіндегі бақыты да осында.

Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырындағы асқар белі – Абай болса, ХХ ғасырындағы заңғар биігі – Мұхтар Әуезов болады. Әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ төреші уақыт десек, сол уақыттың өзі осыны дәлелдеп отыр.

Жұмысымның тақырыбы «М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы салт – дәстүрлер»

Кез – келген ғылыми жұмысты жазатын адам, сол жұмысты жазбас бұрын, оның өзектілігін анықтап алу шарт. Олар төмендегідей:

^ Зерттеу мақсатым: жалпы білім беретін орта мектептің орыс сыныптарына мемлекеттік тілде оқытып, үйрету.Әлемге әйгілі Мұхтардың және оның ғасырлық туындысын кеңінен түсіндіріп, онда кездесетін әрбір салт-дәстүрдің мән-мағынасын терең ұғындыру. Оқушылардың сөздік қорларын байыту. Бұл романды оқыту арқылы оқушыларға қазақ халқының тұрмысы, мәдениеті, тілі, өнері туралы мағлұмат беру.

^ Зерттеу міндетім: Егемендікке қол жеткізген таңда жоғала жаздаған салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жаңғырту, жас ұрпаққа жеткізе білу.

Зерттеу болжамым: егер де мемлекеттік емес тілде сөйлейтін оқушыларға осы қарастырған мәселерімді жетерліктей түсіндіріп, одан мәнді бір қорытынды шықса, онда ертеңгі Қазақстанның алға қадам басуы бірден-бір көмекші болар деген ойдамын.

«Абай жолы» роман – эпопеясының жазылу тарихы.

«Абай жолы» - қазақтың тұңғыш эпопеясы. М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы ұшан – теңіз өмір ағымын, сан алуан оғиғаларды қамтып, тағдыры қилы-қилы көптеген кейіпкерлерді бейнелеген, қазақ тарихының шындығын терең ашып көрсететін кесек көркем туынды. «Абай жолы» - қазақ өмірінің айнасы, үлкен бір энциклопедиясы, тұтас бір дәуірді жан-жақты толық бейнелеп берген, мазмұны-мағынасы, көркемдік бітімі, сипат-ерекшелігі жағынан да үздік шығарма. 30-шы жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым-қиғаш пікірлер айтылып жүргенде ақынның ұлылығын, қалдырған мұрасының аса құндылығын тани білген Мұхтар Әуезов болды. Ол Л.Соболевпен бірігіп жазған «Абай» трагедиясын 1939 жылы Мәскеуге бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий де жазды. «Абай» трагедиясында ақын өмірінің соңғы кезеңі бейнеленген. Мұнда Абай халықтың қалың ортасынан шыққан қамқоршы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер-білімді уағыздаған ағартушы ретінде көрінеді. Бұл трагедияға дейін-ақ М.Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 жылы жазған «Татьянаның қырдағы әні» атты үзінді романның таратуы ретінде жоспарланған болатын. Жазушы өз шығармасында Абайдың ұлы Пушкинмен рухани жақындасуын көрсетуден бастайды. Бұл автодың ойынша романның негізгі идеясын айқындайтын өзекті тақырыптардың бірі болатын. Кейін баспа сөзде жарияланған осы «Татьянаның қырдағы әнін» оқушылар жылы қабылдады. Алғашқыда автор романға «Телғара» деген ат бермекші болған. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай», онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» романын жазды. Төрт томдық «Абай жолы» роман эпопеясы жарық көргеннен соң, ол Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды. Абайдың заманы, өмірі мен өнерпаздық, қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға М.Әуезовтың мол дайындығы бар еді. Бұл жазушының дүние танымы, ойшылдығы тереңдеп, кемеліне келген, суреткерлік шеберлігі шындалып әбден жетілген кез болатын. Әрине, бүгін бір тарихи дәуірді, бір халқымыздың ұлттық өмір-салтын, көптеген оқиғаларды,сан алуан кейіпкерлердің бейнесін, іс-әрекетін, бір-бірімен қарым-қатынасын ұлы ақын, ойшыл, ұстаз Абайдың өмір жолымен ұштастыра суреттеу үшін мүлде жаңа, тың көркемдік шешімдер тауып, ұлттық көркем прозасында зор жаңашылдық таныту қажет еді. Мұның бәрі өмір шындғында терең бойлап, тарихи шындықты бүгінгі заманның талғам-танысына үйлестіріп, жалпы адамзаттық түбегейлі мүдделерімен сабақтастырғанда ғана іске асатынын да жазушы жақсы сезінеді. Өзінің дарындылығы, ойшыл-даналығы, халықтың тілек арманын, тарих тағылымын терең ұға алатын білгірлігі арқасында М.Әуезов алдына қойған мақсатына жетті. Ақын, ойшыл, халық мүддесін жақтаушы – күрескер, жас жазушы басты кейіпкер етіп ала отырып, айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады.

«Абай жолы» эпопеясындағы салт-дәстүр қатары.

Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты. Қазіргі ғылыми дәлелдеулер бойынша, қазақ ұлтының алғаш пайда болуы ХІІІ-ХIV ғасырларда басталды деп жүрміз. Олай болса, сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қалыптасып, дамыды. Оның озық үлгілері ұрпақтан ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге жетті. В.И Белинский салт-дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде: «Әдет – ғұрып замандар бойы сыңнан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді...» - дейді.Әрине, әр халықтың өзіне тән салт- дәстүрі, әдет-ғұрпы болады.

Жалпы салт-дәстүр дегеніміз халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп, өзгеріп, қоғамдық болмыс принциптеріне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Сондықтан да халық «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деп дұрыс айтқан.

Осы таңдағы қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы оның салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеушілердің алдыңғы қатарында жүрген белсенді жазушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлының еңбектері бір төбе. Ел есінен шығып бара жатқан «бел көтерер», «немеурін», «құттық», «биеқыстырмақ» тағы басқа көптеген ұлт әдет-ғұрпының 350 түрін тауып, жүйелеп ашып көрсеткен. Соған орай ол «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» деген анықтамалы жинақ бастырды.

Ол этнограф қазақтың салт-дәстүрлерін өзара топтастыра білді.

1.Отау көтеру дәстүрлері : «Той», «Қалың мал», «Киіт», «Өлі- тірі»

2.Тәрбие дәстүрлері: «Шілдехана», «Сүйіндір», «Ат қою», «Бауырына салу»

^ 3.Отбасы, тұрмыс дәстүрлері: «Ауызбастырық», «Ат міңгізіп, шапан жабу»

4.Еңбек дәстүрлері: «Асар», « Көген той», «Қолкесер», «Аңшылық»

5.Наурыз дәстүрлері: «Қыдыр ата», «Әз», «Наурыз бата»

6.Ислам тағылымдары: «Айт», «Құрбан шалу», «Намаз»

7.Қаза ғұрыптары: «Жаңаза», « Көңіл айту», «Естірту»

Жоғарыда аталып өткен дәстүрлеріміздің кейбіреуі қазіргі өмір салтымыздан шығып қалған. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар демекші, мүмкін бүгінгі күнге жарамсыздығынан кей дәстүрлердің жойылуы заңдылық та болар. Бірақ ұлтжанды көп азаматтарымыздың біздің ұлттық құндылықтарымыздан айырылып қалуымыздың басты себебі –отаршылдықпен байланыстыруы да негізсіз емес. Бүгінде «маргинал» атынан жүрген, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрыптан, ада қазақтардың жаңа тобының пайда болуы, рухани мәңгүрттенудің аз-ақ алдында тұрған, ұлттық ассимиляцияға түскен қандастарымыздың барлығы-соның салдары.

Енді кітап бойынша кездесетін салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды мысалдар арқылы айтсақ:

1.Тәрбиеге байланысты:

Осы жиынға қараған бетімен, екі жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын біреу алып кете берді. Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді шешесі анадай жерде тұрып:

  • Әй, шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр...Сәлем бер! –дейді.

1 том, 9-бет

2.Үйленуге байланысты :

- Алыңдар! Көрімдік сендердікі. Бірақ бізге баламыздың жүзін көрсетіңдер, - деп үлкен бәйбіше қолына шашуын алады.

1 том, 183 бет

  • Некеқияр мен той салтының бәрі өткен соң, үлкендер тегіс дауыстап бата қылысты. 1 том, 185 бет

3.Жоқтау – қайғыны басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей түрі.Қайтыс болған адамның жақсылығын, еліне істеген қызметін, жақсы қасиеттерін паш ететін тұрмыс – салт дәстүрі, жыры, зарлы өлең.

  • Арада он күн өтті.Қимылсыз, қаракетсіз жым – жырт. Ана жақ: «Құнанбайдың тауы шағылды, тауаны қайтті» деп масайрап, жамырасып жатыр. 1 том,159 бет

Қорыта айтқанда, «Абай жолы» эпопеясында салт-дәстүрлер тізбегі молынан кездеседі. Жазушы Мұхтар Әуезов эпопея арқылы қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлерін көрсете алған. Осы дәстүрлерді не үшін пайдаланды – деген сұраққа әркімнің берер жауабы әр басқа. Меніңше:

1.Салт – дәстүр арқылы халықтың ұлттық мінезін көрсете білді.

2.Ғасырлар бойы дамыған халық талантын, халық идеологиясын көрсетуге тырысты.

3.Кейінгі ұрпаққа ерте заманғы салт – дәстүрлер ұмыт болмасын деген мақсатпен де қолданды деген пікірім бар.

М.Әуезов сияқты ұлы жазушылардан үлгі алудың мәні зор.Оның ең бастысы – жазушылық – шеберлік. Өз шығармалары арқылы осы шеберліктің шыңына жетті. Сондықтан да қазақ әдебиетіміз М.Әуезов дәстүріне сүйене отырып, жаңа түр мазмұнмен толығып келеді.Жазушыларымыз жаңа өмірлік құбылыстарды соны көркемдік ізденістерімен игеруде.

«Абай жолы» романы өмірдің тұтас қыртыстарын қопарған, тұрмыстың, адамдар арасындағы құштарлықтың, халық тарихының өмірлік суреттерін жинақтаған кітап.

Ал, осы романда кездесетін салт – дәстүрлер орны өз алдына бір бөлек.

Мемлекеттік тілде сөйлемейтін оқушыларға қазақ әдебиетін, тілін әр қырынан, жан – жақты оқытып, қазақ халқының мәдениетін, ұлттық ерекшеліктерін түсіндіруіміз абзал.

Мемлекеттік тілде аз да болсын басқа ұлт өкілдері сөйлеп тұрса, салт – дәстүрлердің тіпті мағынасын білмей-ақ, атын атап, санап бере алушылық, біздің шала қазақтарға өнеге болар. Олардың ар – ұяттары, намыстары оянар.

Көркемдік шығармашылық мұрасы өз әдебиетінде ғана емес, бүкіл кеңес, тіпті әлеуметтік әдебиетте жеке дара өзгеше бір құбылыс ретінде бағаланды.Жазушы шығармаларының әлемдік әдебиетте осылай бағалануы оның жаңашылдығына байланысты.Ол Шығыс пен Батыс, Еуропа әдебиетінің классикалық дәстүрін үйрене отырып, өзінің төл әдебиетінің алға басуына үлес қосты. Өзіне дейіңгі және өз тұсындағы әдебиеттің озық үлгілеріне әбден қанықты, кейіңгілерге мирас етіп қалдырды.


Әдебиеттер тізімі


1 «.Абай жолы» - 1,2 том

2. «Абай» шығармалары

3 «Абай» знциклопедиясы

4.С.Кенжеахметов «Қазақ халқының салт – дәстүрлері»

5. «Ұлт тағылымы» - 1999жыл, №4,5.

6.Қазақ халқының салт – дәстүрлерін оқыту әдістемесі






Похожие:

42 орта мектеп мм қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Назбиева А. Н iconӨскемен қаласы №4 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
«Қазақ тілі сабағында оқушының Өз бетімен жұмыс істеуі арқылы субъективті көЗҚарасын қалыптастыру»
42 орта мектеп мм қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Назбиева А. Н icon13 қалалық жалпы орта білім беру метебі Бағыты: Қазақ ұлттық ою – өрнегінің болашақ дамуы мен өркендеуі. Секция: Этномәденитану Тақырыбы: “Ою өрнегінің мәні мен мағынасы” Зерттеуші: Яницкая Ангелина №13 жом жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Т.
Көптеген әдебиеттерді зерттей отырып, ою- өрнектердің түрлерімен, тарихымен, атауларымен танысты. Жоба авторы сауалнама жүргізу барысында...
42 орта мектеп мм қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Назбиева А. Н iconҚазақ тілі сабағында этнопедагогикалык элементтерін пайдалану Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Оқыту: орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқытудағы басты мақсат оқушыларды қазақша ауызекі сөзге түсініп, осы тілде өз...
42 орта мектеп мм қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Назбиева А. Н iconМектеп 31 мұғалім жұмыс істейді
Пән мұғалімі – Бахриденова А.Қ. 8 сыныпта тереңдетіліп оқу бағдарламасы биология пәнінен жүргізіледі. Пән мұғалімі – тұрсынова Н....
42 орта мектеп мм қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Назбиева А. Н icon105 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
42 орта мектеп мм қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Назбиева А. Н icon104 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
42 орта мектеп мм қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Назбиева А. Н icon103 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
42 орта мектеп мм қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Назбиева А. Н icon102 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
42 орта мектеп мм қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Назбиева А. Н icon101 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
42 орта мектеп мм қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Назбиева А. Н iconМектептің тарихы 1957 ж Ы. Алтынсарин атындағы бастауыш мектеп 1967 ж
«Жаңашыл ұстаз» номинациясына.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Эльмира Әліқызы Оспанғалиева
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы