Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З icon

Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З



НазваниеТүйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З
Дата конвертации26.01.2013
Размер57.34 Kb.
ТипДокументы
источник

Түйінді сөздер: СТО жобасы, өзіндік даму, технология сабағы.


Матабаев Е.З.

№1 қазақ орта мектебі

Технология пәні мұғалімі


СТО ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ДАМУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.


Еліміздің білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасау – мектептің негізгі міндеттерінің бірі.

Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.

Жаңа заман жаңа адамын талап ететін болса, ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуінен бастау алады. Ол жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырады. Сондықтан баланы өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуге баулу өз бетімен өмір сүруге даярлаудың негізгі алғышарты болып табылады.

Оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу мәселесі «Білім заңында» көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайындағы білім беру үрдісінің жаңартылуы тұрғысынан көкейкестіленіп отыр. Заңда осы заманғы білім беру жүйесінің басымдық міндеттері «тұлғаның рухани және физикалық мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің берік негіздерімен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке даму үшін жағдай туғызу арқылы интеллектіні байыту жатады» деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерді дамыту тұжырымдамасында өзіндік жұмыс және өзіндік бақылауға байланысты мақсаттар міндеттер нақтыланған. Ол міндеттерге мыналар жатады:

- оқушылардың тұлғалық пісіп-жетілу деңгейін қалыптастыру, өзін тәрбиелеуге, өзіндік білім алуға бейімдеу, тұлғаның үздіксіз білім алуына, өз бетінше білімін толықтырып тереңдетуге ынта-ықыласын тудыру;

санасын ашу арқылы нарықтық экономикалық жағдайында оқушылардың өз ойларын жүзеге асыруға жағдай туғызу.

Оқушының білім беру үрдісіндегі өзіндік даму дағдыларын қалыптастыруда ойлаудың маңызы өте зор.

Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан принциптеріне негізделген болса, әркімөз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын тәуелсіз құратын болады. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең иқиын деген мәселкні өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – бұл мұғалімнің көпжақты жұмысының бір бөлігі ғана. Кез-келген жақта сыни тұрғыдан ойлауға болады. Әрине, оқу барысында балалардың ойлау қабілеттері жетіле түседі, оқушылар да өз беттерімен сыни ойлай алады. Оқушылар мен мұғалімдердің, жазушылар мен ғалымдардың әрқайсысы өздерінің танымдық қызметтерінде сыни ойлауға жаңалық алып келеді. Тек сыни тұрғыдан ойлаудың арасында дәстүрлі таным процесі жекелік сипат алып, саналы, үздіксіз, әрі өнімді бола бастайды.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, жеке қабілетін дамытуға, шығармашылық әрекеттерін қалыптастыруға, адамгершілігі жоғары, білімі мен біліктілігі мол жастар тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Жаңа бағдарламадағы өзгерірістердің бірі – жалпы білім беру саласына ақпараттандырылған технология пәнін енгізу болып табылады.

Олай болса, жалпы білім беретін мектепте технология пәнін оқытуға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осы күнге дейін әр түрлі мамандыққа баулып оқытып келген еңбек пәнін «Технология» деп өзгертудің өзіндік мәні бар. Өйткені бұл пән бір мамандықты игерумен шектелмейді. Қазіргі қойылып отырған талаптарға сай жобалай білуге, шешім қабылдауға және шығармашылық жұмыстарды орындай білуге үйретеді.

«Технология» пәнінің негізгі бағыты мектеп оқушыларының еңбектік және технологиялық мәдениетін, технологиялық білімі мен икемділігін, адамгершілікке негізделген дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Тұлғаны еңбекке, азаматтық және патриоттық қасиеттерге тәрбиелейді. Оқушылардың еңбек нарығы жағдайындағы өзіндік кәсіби бейімін айқындап бағыт береді.

СТО технологиясы арқылы оқушылардың өзіндік даму дағдыларын қалыптастыру олардың өзін-өзі дамытатын белсенді тұлға ретінде өзін тануға, өзіндік дамуға, өзін бақылап бағалауға қабілетті, мұғаліммен тең диалогтік қарым-қатынасқа түсе алатын тұлға ретінде қалыптастыруға әсер етеді.

Осыған байланысты технология пәнін оқытуда оқушылар технологиялық білімдерді, шығармашылық еңбек мәдениеті негіздерін меңгеруге, еңбектің сан алуан түрінен жекелей және топпен бірлесіп, еңбектің белгілі нәтижесін (өнім) жасаудағы технологиялық мәдениет жайлы түсінікті қалыптастыруы тиіс.

Осының негізінде жалпы еңбектік біліктер мен арнайы дағдыларды игертуге, танымдық қызығушылықтарын, техникалық қиялын, кеңістіктік түсінігін, интелектуалдық, шығармшылық, қарым-қатынастық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуы керек.

Сонымен қатар СТО технологиясы оқушылардыеңбексүйгіштікке, іскерлікке, өз іс-әрекетіне деген жауапкершілікке: ұжымда жұмыс істей білуге, түрлі мамандық иелері мен олардың еңбек нәтижесіне деген құрметті қалыптастырады.

Белгіленген мақсаттарға жету, іс-қызметтің политехникалық және экономикалық аспектілеріне, жоғары технологияламен таныс болғанда, жұмыстың сапалы орындалуы мен өзін-өзі жетілдіруге әзірлігіне тәрбиелеуге барынша көңіл бөлген жағдайда мүмкін болмақ.

«Технологияның» оқу-білімдік ауқымы оқушыларға ғылым негіздерін іс-тәжірибеде қолдануына мүмкіндік тудыратын жалпы білім берудің аса қажетті құрылымы болып табылады. Оқытудың осы мерзімінде жетістікке жету жолындағы табандылыққа, ұмтылысқа, жолдастарына көмектесуге, ұжымдық жұмысқа, еңбек құралдары мен материалдарына ұқыпты қарауға тәрбиеленеді. Мұндай жағдайда оқушылардың шығармашылық ойлауы бірте-бірте дамиды, өзінің бастамашылығын көрсетуге ынтасы пайда болады. Еркін аңғаруы, кеңістіктік түсінігі дамиды. Пішінді сезінуі, көз таразысы, қозғалысты үйлестіруі, ырғақты, қарқынды сезінуі мен материалдарды қолмен өңдеу процесінде түрлі операцияларды орындаудағы шығармашылыққа деген құлшынысы қалыптасады.

Оқушыны өзіндік даму дағдыларына бейімдеудің педагогикалық тұжырымдамасының басты мақсаты баланың өзіндік еркін дамуында педагогтің кәсіби көмек көрсетуі болып табылады. Бірақ, қандай да бір дарынды педагог болғанымен оқушы тұлғасын дәл өзі ойлағандай етіп қалыптастырып шығара алмайды. Бұдан шығатын қорытынды: мұғалімнің басты мұраты оқушының белсенді, толыққанды және шығармашылықпен өзіндік әрекетіне жол ашу, өзін дамыту, өзін көкейкестілендіру, өзін бағалауын жеткілікті қамтамасыз ететін қажетті жағдайларды жасау және оны сақтау, яғни өзіндік дамуына жол ашу. Мұғалім мен оқушының арақатынасын объектілік-субъектілік қатынастан диалогтік, субъектілік-объектілік қатынасқа айналдыру өзіндік әрекет (өзіндік жұмыс, өзіндік бақылау, өзіндік бағалау) арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші орынға оқушының дамуын емес, оның өзіндік дамуына түрткі болу, ояту қойылғаны жөн.

Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығуын төмендетеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.

Өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруға бейімделген оқушының әрекеті өзіндік зерттеу әрекетіне көшеді.

Қазіргі кезде зерттеушілік шағын кәсіби ғылыми қызметкерлер тобына ғана тән, аясы тар мамандандырылған қызмет ретінде емес, ол кез келген саладағы қазіргі адамдардың өмір сүру тәртібіне айналған кәсіби өмірге белсене араласатын тұлғаға тән құбылыс.


ӘДЕБИЕТ

  1. Никитина В.П. Саморазвитие и самореализация школьников // Начальная школа, 2007.- №5.- с.46-48.


2.Жесткова Н.А.Психолого-педагогические условия развития субъектности учащихся//диссертация...Самара ,2004.

  1. Омарова З.И. Оқушылардың өзіндік даму дағдыларын қалыптастыру// Қазақстан мектебі , 2003 .



Похожие:

Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З iconТүйінді сөздер: сто технологиясы,ақпараттық технология,оқушы субъектісі
ОҚушының субъект ретінде қалыптасуындағы сто және ақпараттық технологисының маңызы
Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З iconТүйінді сөздер: ақпараттық технология,оқушылардың субъектілігі
Технология пәнінде ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың субъектілігін дамыту
Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З iconТүйінді сөздер: ақпараттандыру, ақпараттық технология. Ақпараттық құзыреттілік, Ж. А.Қараев «Үш өлшемді жүйелі оқыту»

Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З iconШаймұрат А. Ш
...
Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З iconТұрғын үй қатынастары туралы
Р заңымен «мемлекеттік қажеттер», «мемлекеттік қажеттіліктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылды және «бөлек...
Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З iconТұрғын үй қатынастары туралы
Р заңымен «мемлекеттік қажеттер», «мемлекеттік қажеттіліктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылды және «бөлек...
Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З iconТүйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио
Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – еліміздің...
Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З iconТүйінді сөздер: дамыта оқыту технологиясы, оқушы субъектісі, субъектінің компоненттері

Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З iconКасебаева А. К
...
Түйінді сөздер: сто жобасы, өзіндік даму, технология сабағы. Матабаев Е. З iconТүйінді сөздер: Сыни тұрғыдан ойлау және жазу жобасы, оқушының негізгі құзыреттілігі, коммуникативтік құзыреттілік
Згеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалмай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы