М. М. Мукашева №31 мектеп-лицейінің icon

М. М. Мукашева №31 мектеп-лицейінің



НазваниеМ. М. Мукашева №31 мектеп-лицейінің
Дата конвертации26.01.2013
Размер71 Kb.
ТипДокументы
источник

Управление школой/педагогический менеджмент в школе как условие развития субъектов образовательного процесса

Ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру.

Ақпаратты-қатынастық технологияларын енгізу арқылы орыс

мектептеріндегі педагогикалық басқаруды жетілдіру.

М.М. Мукашева

№31 мектеп-лицейінің


АҚПАРАТТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗЕКІ ТІЛ БАЙЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУДЫ БАСҚАРУ

Бастауыш мектепте оқу үрдісінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.Оқушыларда танымдық қызығушылықтың болуы-олардың сабақта белсенді, білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға, оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға, белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді.

В.Б.Бондаревский танымдық қызығушылықты қалыптастырудың өзегі ретінде оқушы меңгеретін оқу материалының мазмұнын;оқу іс-әрекетінің жан-жақты үдерісін және оқу үдерісіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасын қарастырады. Бұл анықтаманың негізінде танымдық қызығушылық - оқушының іс-әрекетінде жүзеге асырылатын және «бірте-бірте бекіне отырып, адамның тұлға ретінде қалыптастыратын тұрақты қасиетіне айналады» деп түйіндейміз.

Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдысын бақылау барысында қолдануға болады.Сондықтан оқытудың ақпараттық қатынастық технология құралдарын интерактивті деп атайды, себебі ол оқытушы мен оқушының іс-әрекетіне араласып, онымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ол келесі қызметтерді атқарады:

1.Оқу үрдісіне қолдану барысында:

-оқыту құралы;

-көрнекілік құрал;

-дидактикалық құрал;

-диагностикалау және бақылау құралы;

2.Жұмыс жасау барысында:

-тесті дайындау және оны сақтау құралы;

-графикалық ақпараттарды өндеу құралы;

-пікірді дайындау құралы;

-есептеу құралы.

Аталған қызметтермен қатар оны қолдану барысында проблемалар туындайды:

-бірқатар оқытушылар мен оқушыларда үйде компьютерлері жоқ;

-оқытушының компьютерлік сауаттылығы жеткіліксіз;

-оқытушылардың сабаққа дайындалу уақыты жеткіліксіз;

-компьютерлік сыныпта сабақ өту үшін сыныпты екі топқа бөлуге тура келеді;

-оқушылардың компьютермен жұмыс жасау уақытының шектелуі болуы;

-бастауыш сыныпқа арналған мультимедиялық электрондық оқулықтардың аздығы;

-ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданып сабақ өтуден оқытушы тек қана көрнекі-иллюстративті әдіске көшіп алады.

Жоғарыдағы келтірілген проблемалық мәселелерді шешу барысында бастауыш мектептің білім беру үрдісінде ақпараттық қатынастық құралдарын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдеріне жан-жақты тоқталып өтейік.

Мұнда оқушылар ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен

бірге оны өндеп, жеткізу әрекеттерін орындайды.Бұл жағдайда оқытушының мақсаты оқушыларда қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу пәнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайлрды және проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, оқушыларға жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезені оқушылардың топ алдында сөйлеу мәдениеті н, пікірталасу арқылы ойын жүйелей білу мен өзіндік көзқарасын жне ой-пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмалады қорғау топтың алдында орындалады және олардың өзара қарым-қатынасчын талап етеді. Сонымен, мультимедиалық жобаны құру – оқушыларға қажетті теориялық білім мн танымдық қызығушылық қалыптастыруға мүмкәіндіәк беретін тиімді әдіс болып табылады.

Бүгінгі күні ақпараттық технологияның білім беру үрдісінде кеңінен енуі және бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын дамытуға деген қажеттіктердің өсуі мен оны жүзеге асыруға арналған әдістемелік даярлықтың жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықтар орын алып отыр. Осы айтылған қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөулеу тіл байлықтарын ақпараттық қатынастық технология арқылы дамытудың педагогикалық шарттары » деп таңуымызға себеп болды.

Зерттеу обьектісі- бастауыш сыныптағы білім беру үрдісі.

Зерттеу пәні – бастауыш сынып оқушылырының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын ақпараттық қатынастық технология арқылы дамытудың педагогикалық шарттары.

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын ақпараттық қатынастық технология ны қолдану арқылы дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін тәжірбие жүзінде дәлелдеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сынып мұғалімдері оқытудың ақпараттық қатынастық технологиясын қолдану әдістемесімен қаруланып,оны нәтижеге бағдарланған білім беру үрдісінде пайдаланса, онда бастауыш сынып оқушылырының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені ақпараттық қатынастық технологияны қолдану бастауыш білім мазмұнын тиімді меңгеруге ықпал етеді.

Зерттеудің міндеттері:

-бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын ақпараттық қатынастық технология арқылы дамытудың теориялық негіздерін айқындау;

-ақпараттық қатынастық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау және құрылымдық моделін жасау;

-ақпараттық қатынастық технологияны қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын дамытудың әдістемесін жасау тәжірбиелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.

-бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын дамытудың аталған технологияға сәйкес ғылыми - әдістемелік ұсыныстарын практикаға ендіру.

Зерттеу көздері: философтардың, психологтардың, педагогтардың таным, жеке тұлға мен оның іс-әрекеті, оқу іс-әрекетіндегі оқушы мен мұғалімнің өзара қарым- қатынасы, білім мазмұны және оны меңгеру үрдісі, оқыту технологиясы, бастауыш мектепте компьютерді пайдалану туралы ғылыми еңбектері, бастауыш білім беруді мемлекеттік стандарттары, білім беру туралы нормативті құжаттар, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары, пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдар, Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, электрондық әдістемелік жүйе, озық тәжірбиелер, сондай-ақ,диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірбиесі.

Қазіргі педагогикада оқушылардың оқыту үдерісіне танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әртүрлі әдістері қолданылуда. Соның ішінде, біздің зерттеу жұмысымыз үшін оқу үдерісіне ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негізлелген үш түрін қолданамыз:

-оқу материалының мазмұны;

-оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру;

-оқыту үдерісіндегі оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас.

Сабақта оқушылардың ақпараттық қатынастық технология құралдары арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін түрлі әдістер де қолданылады. Оларға толығырақ тоқталайық.

Алгоритмдік немесе программалау әдістерін жүргізудің негізгі мақсаты-оқушыларды өз ойын жүйелеуге, салыстыра білуге, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдістің теориялық мақсаты білім берудің мақсатына негізделеді де, әр түрлі жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу арқылы жүзеге асады. Осы үдерісте төмендегідей оқу дағдылары: нысандарды талдау; талданған нысандарды түсіндіру; нысандарды дәлелдеу; нысандардың өзіндік белгілерін санап көрсету;оны оқушылардың өзіндік талдауы арқылы қалыптастырады. Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық және практикалық әдістерді саралап пайдалануға жаттығады. Соның нәтижесінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқыту әдістері жүйеленіп берілсе, білім берудің сапасы артады.

Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқу үдерісіне қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады, үшіншіден, компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді.

Ауызекі сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауызекі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн: 1.ауызекі тілде сөйлеудің монологты және диалогты формалары оқытудың барлық кезеңдерінде қатар жүреді; 2. Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады. Яғни бұл ауызекі тілде сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы; 3. Қосымша оқыту құралдарының жиі-жиі қолданылуы; 4.лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызекі тілде сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.

Ауызекі тілде сөйлеу ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогтықұрастыра білуге үйрету, өзімізге белгілі болғандай,түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты. Осы орайда, бірінші кезеңде төрт өзекті мәселе туындайды: диалогты және монологты түсіне отырып тыңдау,сонымен қатар диалогты және монологты формада сөйлей білуге үйрету.

Қазіргі ақпараттық қоғамда басқа оқыту технологияларына қарағанда ақпараттық қатынастық технология басымдық алып отыр. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде жаңа ақпарттық қатынастық технология, компьютерлік оқытудың технологиясы, компьютерлік педагогикалық технологиялар сияқты терминдер жиі кездеседі. Зерттеулерде ұғымның әлі дұрыс қалыптаспағандығы байқалады, сондықтан қазіргі оқыту технологиялары мен қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқытудың ақпарттық қатынастық технологиясы ұғымына тоқталып, оған берілген анықтамаларды саралай келе, біріншіден ақпарттық қатынастық технология – оқыту әдісі, ақпарттық бағдарламалық жабдықтарды оқыту үрдісінде пайдалану және оның әдістемесі, ал екіншіден – ақпарттық үрдістерді компьютердің көмегімен жүзеге асыру жабдығы деп түсінеміз.

Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын ақпарттық қатынастық технология арқылы дамыту дегеніміз – оқушының өзіндік білім алу іс-әрекетін компьютерлік бағдарламалық және техникалық жабдықтардың көмегімен іске асыру.


Әдебиет:

1. Бастауыш мектеп №1, 2009ж 3-6 бет

2. Бастауыш мектеп №12, 2008ж 6-11 бет

3. Қазақстан мектебі №7 2008ж 22-26 бет



Похожие:

М. М. Мукашева №31 мектеп-лицейінің iconТарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан
Аудандық білім беру бөліміне қарасты 50 мектеп, оның ішінде 1 гимназия–интернаты, 36 орта мектеп, 2 негізгі мектеп 11 бастауыш мектеп...
М. М. Мукашева №31 мектеп-лицейінің iconУтверждаю Начальник отдела: З. Мукашева
График проведения аттестации педагогических работников организаций образования г. Павлодара
М. М. Мукашева №31 мектеп-лицейінің iconОблыстық мектеп басшыларының секциясы
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда білім беру...
М. М. Мукашева №31 мектеп-лицейінің iconЖ. Умбеткулов, Сарықобда селолық округінің әкім
Селолық округ бойынша 1 – орта мектеп, 1 –мектеп-бақша тіркелсе, ондағы оқушылар саны – 148. Сонымен қатар орта мектеп жанынан ашылған...
М. М. Мукашева №31 мектеп-лицейінің iconМукашева Жазира Амангельдиевна
Развитие способностей субъектов образовательного процесса в ходе реализации компетентностного подхода. Взаимовлияние профессиональной...
М. М. Мукашева №31 мектеп-лицейінің iconБаскетбол турнирі
Аталған турнирге 35 жуық қала мектептерінің спортшылары қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша І орын – «№1» орта мектеп, ІІ орын – «№3»...
М. М. Мукашева №31 мектеп-лицейінің icon№34 орта мектеп -22 ұпай
«Ең үздік жас полицейлер» атты қалалық конкурстың 1-ші туры өтті. Барлығы конкурсқа 10 мектеп қатысты. Іріктеу турдың нәтижесі
М. М. Мукашева №31 мектеп-лицейінің icon100 мектеп және 100 аурухана салу шеңберіндегі жобаларды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде іске асыру барысы туралы
Жоба бойынша (100 мектеп және 100 аурухана) Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша салынып жатқан білім беру саласындағы объектілер...
М. М. Мукашева №31 мектеп-лицейінің iconЖарыққа шығу жылы : 1989 ж. Мектеп мекен жайы: ҚР, ШҚО, Бесқарағай ауданы Сосновка ауылы, Школьная көшесі,3 Банктік реквезиттер: «Сосновка орта мектебі»
Сол үшін ары қарай жұмыс істеуге жағдай туғызуым тиіс сол үшін ауыл оқушысының стериотипін құру, мектеп педагогтар ұжымын нығайту,...
М. М. Мукашева №31 мектеп-лицейінің iconТалапқа сай мектеп интернаты
Шалдай мектеп интернаты әдеттегідей жаңа оқу жылын бастады. Қазір мұнда 118 бала білім алуда, әрі емделуде
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы