Сапалы білім берудің тиімді жолдары icon

Сапалы білім берудің тиімді жолдары



НазваниеСапалы білім берудің тиімді жолдары
Дата конвертации26.01.2013
Размер65.95 Kb.
ТипДокументы
источник


А.К.Исаханова

Гуманитарлы- эстетикалық дамыту

бағытындағы А.Байтұрсынов атындағы

№ 20 жалпы білім беретін мектеп


ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҒЫ ТИІМДІ ӘДІСТЕР


Білім беру жүйесінің басты міндеті – Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Ал қоғамдық пәндердің алдында тұрған талаптар:

  1. Азаматтық пен елжандылыққа;

  2. Өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, халық дәстүрін қастерлеуге, қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

  3. Жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көз қарасын қалыптастыру;

  4. Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу;

Тарих пәнін оқытуда осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, бағдарлама талаптары негізінде сапалы білім беру - өмір талабы.


Сапалы білім берудің тиімді жолдары:


  1. Бағдарламаны басшылыққа алып сабақ жоспарын жасағанда ең негізгі берілетін ұғымдарды іріктеп алып, сол ұғымдарды меңгерту;

  2. Тарихқа деген қызығушылығын тереңдету. Ол үшін әр елдің тарихына байланысты сабақты өту кезінде сол елдің ерекшелігін көрсетіп, есте қалатындай тарихи, мәдени мұралары туралы айту;

  3. Шығармашылық күш-қуатын дамытуға дағдыландыру (білім сапасын көтеруде септігін тигізетін қосымша элементтерді енгізу, тарихи деректерді оқып үйрену);

  4. Пән аралық байланыс. Өнер, кино, көркем әдебиет, тарихи шығармалармен байланыстыра өту;

  5. Жаңа педагогикалық технологияларды, инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу;

  6. Конференция сабақ (әр елдер бойынша берілген хабарлама, баяндама, рефераттарды тыңдау, жұмыстарын қорғау);

  7. Сабақтың жүйесіне қарай жергілікті жер материалдарын пайдалану;

  8. Әр тараудан соң тест-интервью алу:

  9. Әр тоқсанның аяғында өтілген барлық материалдар бойынша зачет алу;

  10. картаны көрсете білу сауаттылығын қалыптастыру. Бірін-бірі картадан оқыту, үйрету арқылы сол елдер туралы түсінігін, қызығушылын қалыптастыру;

  11. Көрнекті және техникалық құралдарды пайдалану;

  12. Мұғалімнің мәдениеті, ақыл-ой және адамгершілік бет-бейнесі. Үздіксіз білімін жетілдіруі.

Жоғарыда көрсетілген талаптардың ішінен өз тәжірбиемді жүзеге асырып жүрген бағыттарыма тоқталайын.

  1. Сабақты жоспарлау кезінде;

а)Тірек білімдер;

б)Жаңа ұғымдар, нені меңгеру керек атап көрсетіледі.

11 сыныпта 7-тақырып Солтүстік Еуропа елдері.

Мақсаты:

1. Солтүстік Еуропа елдеріне ортақ бейтараптылық бағыты.

2. Солтүстік Еуропаны ядролық қарусыз аймаққа айналдыру.

3.Финляндия .

Швеция – 50 жылдары бейтараптылық саясат ұстады, соғыс блоктары саясатын айыптады. Швед социал – демократиялық үкіметі Еуропаны ядролық қарусыз аймаққа айналдыру бағытын ұстайтындығын мәлімдейді.

Финляндия – 1946 жылы Финляндия президенті Ю.К.Паасикиви, 1950 жылы У.К.Кекконен бейтараптылық бағыты және Солтүстік Еуропа елдерін ядролық қарусыз аймақ деп жариялау бағытын ұстағандықтан оны «Паасикиви-Кекконен жолы» деп атады.


^ 2. Тарихқа деген қызығушылығын тереңдету.

9-сыныпта XVIII ғасырдағы Француз революциясы. Осы ел туралы білсем деген қызығушылығын тудыру үшін дүниедегі сегізінші кереметтің бірі – Франциядағы Эйфель мұнарасы туралы деректі келтіремін, суретті көрсетемін. 1889 жылы бүкіл әлемдік көрмеге арналып Француз инженері – Эйфельдің басшылығымен салынды. Биіктігі – 300метр, толық салмағы – 9мың тонна.

9-сыныпта «Азия мен Африкадағы ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбында Үндістан туралы өткенде дүниедегі сегізінші кереметтің бірі – Тәж-Махал мавзолейі туралы айту, оны көрсету.

Ұлы Моғалдар әулиетінен шыққан ШаҺ-Жаһан 38 жасында қайтыс болған Мумтаз-Махалдың өсиеті бойынша 630-52жылдары салдырған. Тәж-Махал 5 күмбезді, биіктігі-75метр. Мазардың сырты түрлі-түсті тас , күміс, алтын мозаикаларымен нақышталған. Негізгі үйдегі сағаналар 24 қанат мәрмәр шарбақпен қоршалған.

Осы тараудағы Қытай туралы өткенде «Ұлы Қытай қорғаны» туралы айту. Б.з.б. 221 жылы Император Цинь Ши-Хуанди империяны солтүстік батыс жақтағы көшпелі халықтардың шабуылынан қорғау мақсатымен тұтас қамал қабырға тұрғызу туралы жарлық берді. Шығыстан батысқа қарай созылып жатқан Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 4-5мың км, биіктігі 6,6метр, ірге ені 6,5метр.

Африкадағы араб елдері туралы өткенде бұл елдердің пирамидалары елі екендігі атақты Хеопс пирамидасынан танылады, оның биіктігі 146,59 метр екендігі туралы айту.


^ 3. Шығармашылық күш-қуатын дамыту.

Әр елге байланысты жоғарыда көрсетілген ұғымдар туралы толық мағлұмат алу үшін, алған білімдерін тереңдету үшін энциклопедияны пайдалануға ұсыну және өтіп отырған дәуіріне байланысты материалдарды іріктеп пайдалана білуге дағдыландыру.

Бұл оқушының есінде сол ел туралы мағлұматтың ұмытылмай сақталуына, сапалы білім алуына негіз болады. 9-сыныпта XVIII ғасырдағы Француз революциясы туралы толық мағлұмат алу үшін, энциклопедиядан Бастилия, Версаль, Марсельеза, Эйфель мұнарасы туралы жазып келуге ұсыну.

^ Версаль сарайы-өте әдемі алтынмен қапталған, қабырғалары айна, хрусталь люстралы, айналасы бақ, фонтан, гүлзарлар XIV Людовиктің бұйрығымен салынған,

Бастилия-1789 жылы 14 шілдеде абсолютизмнің символы – Бастилияны көтеріліс жасаған халық тұтқиылдан басып алды. Бұл Ұлы Француз революциясының бастамасы болды. Бұл күн Францияның Ұлттық мейрамы ретінде атап өтіледі.

Марсельеза- француздардың революциялық әні. Бұл әнді «Марсельдіктер маршы» деген атпен Марсельдің еріктілер батальоны шығарды. Үшінші Республика кезінде мемлекеттік гимн болып бекітілді.


^ 4. Пән аралық байланыс. Көркем әдебиет. Өнер. Кино.

10-сыныпта, 20-шы тақырып, Монғол Халық Республикасының құрылуы, Коминтерннің атқару комитеті Тұрар Рысқұловты Монғолияға жібереді. Шерхан Мұртазаның «Жұлдыз көпір, Қыл көпір» деген романын пайдалану.

1924 жылы 6 қараша күні Монғол Халық Республикасының бірінші ұлы құрылтайы ашылды. Ұлы Хуралда, сол Республиканы жариялап, Конституция қабылданды. Моғол Халық Республикасының астанасын не деп атау керек деген едәуір айтыс болды. Ұрға деген атының өзі қалсын деді.

Ұрға – монғолша «Орда» деген мағынаны береді. Тұрар Рысқұлов: «Монғол халқы – революцияда жеңіске жеткен батыр халық. Халықтық үкімет құрып, қызыл байрақ көтеріп отыр, ендеше астана аты Қызыл Батыр-Улан-Батор болсын» -деді.

Осы кітап оқуға ұсынылды, сабақпен байланысты тарауларынан реферат жасалды.

10-сыныпта, Қазақстан шетелдік соғыс интервенциясы, азамат соғысы жылдарында деген тақырыпта, 1918жылғы маусымда Орынборды басып алып, Қазақстанды орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастаған атаман Дутов, оның талқандалуы туралы «Атаманның ақыры» киносы туралы айту, киноны естеріне түсіру, қайта көруге ұсыну.

Кинорежиссер – Шәкен Айманов, чекист Чадияров Қасымхан рөлінде-Асанәлі Әшімов.

Қасымханның арғы бетке Дутовтың ставкасына жіберілуі және оның өлтірілуі туралы. Бұл киноны айту арқылы азамат соғысы, атаман Дутовтың Қазақстанда жасаған тағылық әрекеттері, оның Қытайға қашу, жазалануы осы кино арқылы көрініс тапқан. Оқушылар әйгілі кинорежисер –Шәкен Аймановпен, әйгілі киноактер – Асанәлі Әшімовпен танысады.


^ Жаңа педагогикалық технологияларда инновациялық бағыттарды енгізу.

Қазіргі білім саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.

Мен өз іс-тәжірибемде С.Н.Лысенкованың «Оза оқыту», В.Ф.Шаталов технологиясы бойынша тірек-жазба және тірек-конспектісінің көмегі арқылы оқыту тәсілін «Адам және қоғам» пәнінде пайдаланамын.


^ Сабақтың тақырыбы: Жеке адамдар және топтар арасындағы қатынас.


Адамдар Әлеуметтік топтар




Ұсақ топтар




1.Отбасы Өзара Туыстық сезім

2. Көршілер Қатынас Тілектестік

3. Достар Негізгі Достық пейіл


Мақсатты топтар


Белгілі бір өнім 1.Бірлік

шығару әрекеті 2.Тартыс

3.Бедел


Номиналдық топтар 1.жақсы

2.Ойлау ерекшелігі

3.Тұрағы

1.Билік

2.Мәртебе

Әлеуметтік алмасу 3. Атақ

4.Даңқ


Жаңа оқыту технологияның тиімділігі сонда, оның элементтері арқылы балмен тиімді жұмыс істеуге болады.

1. Ұжымды жұмыс істеуге болады.

2.Ақпаратты өз бетінше түсінуге бағыттайды.

3.Сабақтын тысқары қалатын оқушы болмайды.

^ 5. Конференция сабақ.

Әр елдің тарихы туралы тереңдете білу үшін, әр оқушыға берілген рефераттарды тыңдау. Өтілген конференциялар:

Ш.Мұртаза «Жұлдызды көпір, Қыл көпір».

Қ.Жұмаділов «Соңғы көш».

Н.Анов «Ән қанатында».

6. Жергілікті жер материалдарын пайдалану.

9-сыныпта «Жоңғар шапқыншылығы» деген тақырыпты өткенде батыр бабамыз-Дәлетбайдың 300жылдық тойы туралы айту. Дәулетбай бабамыз-Жоңғар шапқыншылығында еліміздің Шығыс шекарасын қорғауда өлшеусіз із қалдырған.


ӘДЕБИЕТ.


1.Ә.Байбатша. «Қазақ даласының ежелгі тарихы». Алматы, «Санат»2001ж

2. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал

3. В.Ф.Шаталов «Тірек-сызбалары», Алматы, 1989жыл

4.Педагогикалық ізденіс. Алматы, Рауан, 1983



Похожие:

Сапалы білім берудің тиімді жолдары iconИсаханова А.Қ
Білім берудің тиімді жолдары, озат тәжірибені енгізу қай кезеңде де жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің жоғарғы нәтижесін қамтамасыз...
Сапалы білім берудің тиімді жолдары iconТарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары
Білім беру жүйесінің басты міндеті Ұлттык және жалпы адамзаттық құндылыктар жетістіктері негізінде жеке адамды калыптастыру, дамыту...
Сапалы білім берудің тиімді жолдары icon«Педагогикалық кәсіби біліктілік сапалы білім берудің кепілі» тақырыбымен өткізілген әдістемелік отырыс туралы ақпарат

Сапалы білім берудің тиімді жолдары iconБастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан Республикасының білім беру саясаты білім берудің толығымен құндылық мәнін және оның әрбір адамның...
Сапалы білім берудің тиімді жолдары iconШемонаиха ауданы әкімдігінің жылғы № қаулысына қосымша
Жер ресурстарын оңтайлы және тиімді пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, жерлердің мониторингі және сапалы жағдайын...
Сапалы білім берудің тиімді жолдары icon2012 жылғы 28 маусым 6/2-v VI сессия Қалада сапалы білім берудің жағдайы және
Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қалада нақты жұмыс жүйесі пайда болғанын атап өтті. 2011 жылы білім беру саласын дамытуға 6,9 млрд...
Сапалы білім берудің тиімді жолдары iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Сапалы білім берудің тиімді жолдары iconТұрқанова Нұргүл Табаракқызы
Білім берудің жаңа технологиялары. Білім берудің жаңа технологияларын оқу үрдісіне енгізу. Білім беру технологияларын оқу үрдісіне...
Сапалы білім берудің тиімді жолдары iconСапалы білім алуға тиімді құқықтық негіз қаланды Қолданысқа енгізілген жаңа заң туралы айтпас бұрын осыған дейін «Қолданылып келген Заң не берді?»
Бұл тұрғыда мынадай мәселелерді айтқан абзал. Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңы көптеген міндеттерді...
Сапалы білім берудің тиімді жолдары iconОқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
Азақ тілі пәні бойынша білім беру сапасын жетілдірудегі ақпараттық технологиялардың МҮмкіндігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы