Зерттеу жүмысының өзектілігі icon

Зерттеу жүмысының өзектілігі



НазваниеЗерттеу жүмысының өзектілігі
Дата конвертации26.01.2013
Размер65.32 Kb.
ТипДокументы
источник



Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Умарканова В.М.

«№27 орта мектебі» ММ


Мектептің білім беру ортасында қазақ тілі сабағында диалог арқылы коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру


Зерттеу жүмысының өзектілігі. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттілік болып белгіленуі білім беру жүйесінде «СҰҚБАТТАСУДЫ» қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады. Ал құзіретті тұлғаны қалыптастыруда басқа пәндерді оқытуға негіз болатын тіл пәндерінің орны ерекше. Бұл өзге тілдегі мектептердегі «Қазақ тілі» пәніне де тікелей қатысты. Өйкені мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын қазақ тілі бойынша оқушылардың сұқбаттасу сауаттылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдары мен Тіл саясаты тұжырымдамасындағы айқындалған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Тілді меңгертудің шешімін табуы тиіс мәселелерінің қай-қайсысы да оқытудың құзіреттілік бағытын іске асырудың, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің және білім беруді бүгінгі таңдағы қоғамның әлеуметтік сұранымымен үйлестірудің аса маңызды тетігі болып табылатын сұқбаттасуда сауаттыдара тұлғаны қалыптастырумен тығыз сабақтасып жатыр.

^ Зерттеу мақсаты: Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 5-6- сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында сұқбаттасу арқылы оқушының қатысымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру.

^ Зерттеу міндеттері:

  • қазақ тілі пәнін оқыту үрдісінде оқушылардың сұқбаттасу арқылы қатысымды құзіреттілік, әрекеттік бағыттармен бірлікте дамытудың әдістерін ұсыну;

  • 5-6- сынып оқушыларының сұқбаттасу арқылы қалыптастыратын басты ұстанымдарды анықтау;

  • Оқушының тұлғалық қабілеттерінің дамуындағы сұқбаттасу арқылы қатысымдық мәнін және оны оқыту үрдісінде қалыптастырудың ғылыми- әдістемелік негіздерін айқындау.

^ Зерттеу нысаны: Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 5-6- сыныптарында қазақ тілін оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 5-6- сыныптарында қазақ тілін оқытуда оқушылардың сұқбаттасу арқылы қатысымдық құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесі.

^ Зерттеу болжамы: Егер оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәнінің білім мазмұны құзіреттілік бағытына сай тілдің сұқбаттасу мәнін, практикалық маңызын,қатысымдық қызметін танытатын материалдармен толықтырылса; оқушының оны өздігінен әрекет ете отырып игеруіне қажетті оқу жағдаяттары мен өмір шындығына сай құрылған қатысымға жетелейтін жұмыс түрлері жүйелі ұйымдастырылса; онда сұқбаттасу арқылы қатысымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткізуге болады.

^ Жетекші идея: Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін меңгертуде білім мазмұны аяларға бөлініп, қатысымдық, дара тұлғаға бағдарлай оқыту және сұқбаттық әдістер негізінде ұйымдастырылатын жағдайаттық, рөлдік ойын, шығармашылық тапсырмалар біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс.

Диалог – екі жақты құбылыс. Қарым- қатынаста көзделетін мақсатқа орай диалогтіңөзіндік ерекшеліктері болады:

  • күнделікті тұрмысқа байланысты;

  • ым-ишараттың, дене қимылының белсенділігі;

  • ресми қарым- қатынасқа құрылуы,

  • эмоционалды- экспрессивтілігі, әсерлілігі;

  • сөйлемдердің ықшамдалуы;спонтанттылығы, яғни сөйлейтін сөздің алдын-ала жоспарланбауы;

  • ауызекі стилінің ерекшеліктерінің басым болуы.

Оқу бағдарламасында қатысымдық құзірет деңгейіндегі диалогке қойылатын талаптар тұрғысынан белгіленгені:

  • сөйлеу мәдениетін игеру, өзінің сөзін,ойын жалғастыра алу;

  • экология, тарих, экономика, әдебиет, мәдениет тақырыптарына сөйлесе алу;

  • айтылған әңгіме,оқылған мақала, кітап т.б. жайында өз пікірін білдіре алу;әңгімелесу кезінде өз пікірін дәлелдей алу;

Диалог репликалардан құралады, оның бірі- сөйлеу уәж жасайтыны, екіншісі- жауап ретіндегі – реплика. Диалогте ой ауысып отыратын белгілі, сондықтан әңгімелесушілер бір-бірімен ақпарат ауысып отырады. Алғашқы сөйлеуші әңгіменің басталуына түрткі болады, адресатты әңгімелесуге шақырады. Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б. қателер диалогте жиі кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтің дұрыс құрылуына баса мән беріледі.

Диалогтік сөйлеу дағдысының қалыптасуы мына өлшемдермен анықталады:

  • әңгімелесушілердің бірін- бірі тез түсінуі;

  • қысқа жауап беруі;

  • әртүрлі, дайын тілдік құбылыстарды дұрыс, тез, орынды қолдана білу;

  • тақырыптан ауытқымай, оны дәл, нақты жалғастыра білу;

  • жауап беру икемділігінің жоғарылығы;

әңгімелесушілердің бір- бірінің көңіл күйін, жайын сезіне білуі.

Өзекті тақырыбым: «қазақ тілі сабағында сұқбаттасу арқылы оқушылардың қатысымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру» болғандықтан, оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін әртүрлі жұмыстарды өткіземін. Сын тұрғысынан технологиясын қолданамын. Мысалы: топтастыру кезеңінде қарапайым ойды рәсімдеу, сызбаға қарап сөйлеу, көпшілік алдында сөйлеуге дағдыландырады.

Мәтінмен жұмыс істегенде ЖИГСО

  1. Бір- бірін тыңдау, көмек көрсету, ақпарат көздерімен жұмыс істеу.

  2. Ой толғаныс РАФТ- стратегиясы бойынша рөлге бөлініп әр топтан бі оқушы өз тақырыбын түсіндіріп береді.

«Дөңгелек» ойынын 5- сыныптағы «Әлеуметтік-мәдени аяның» «Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз» тақырыбын өткен кезде және 6- сыныптағы «Әлеуметтік-мәдени аяның» «Менің туған күнім » атты тақырыбын өткен кезде оқушылардың туған күн, мейрам кездегі тілек айту, өз сезімдерін, ойларын жеткізу біліктерін дамытуда қолданылады. Ойын 5-6 минут уақыт алады. Бұл ойын интерактивтік оқыту ұсынымының қазақ тілін үйрету барысындағы бір көрінісі деуге болады.

Сұқбаттық тапсырмалар диалогтан тұрады. 5-6- сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда диалогты таңдауымыздың себебі, ол күнделікті өмірде қолданылатын ауызекі сөйлеу тілінің ең көп тараған және тілдік қатынастың табиғи түрі. Диалогтің жағдаяттылығы, алдында және артындағы айтылған жалпы ойға байланыстылығы, алдын-ала дайындықсыз іске асатын сөйлесім әрекетінің түрі екені ескерілді. Диалогтік сөйлеуге үйретуде дайындық жаттығулары мен шартты сөйлеу жаттығулары ұсынылды.

  1. Мұнда күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдаяттар алынды. Оқушыларға дайын үлгілерді кезекпен бірнеше мәрте оқытып, диалогтің сөздерін қайталатып, рөлге бөліп оқытылды. Мысалы:

  • Шаңғы тебуге барғың келе ме?

  • Жоқ, мен бара алмаймын.

  • Неге?

  • Құлап қаламын ба деп қорқамын.

  • Қорықпа, құламайсың.

  • Сен солай ойлайсың ба?

  • Иә, мен солай ойлаймын.

  • Жарайды, онда мен барамын.

Үлгіні бекіту үшін мына жағдаяттарға байланысты диалог құрастыру тапсырылды: күнге қыздырыну және күйіп кету; серуендеу және суықтап қалу; киноға бару және ұйықтап қалу. Мұндай дайындықжаттығуларынорындау барысында оқушылардың диалогтік сөйлеудегі қарапайым дағдылары қалыптасты.

Оқушылардың тек жауап беруге, яғни- мәліметті хабарлауға ғана үйретпей, қарсы сұрақ қоюға, қайталап сұрауға да үйрету аса маңызды Диалогтің осындай түрлері де ұсынылды.

Дайындық жаттығуларын орындау барысында оқушылар әңгімеге араласып, айтылғанға қосылып, оны мақұлдап, айтылған ойлармен келісуі, келіспеуі, толықтыруы, бас тарта алу дағдылары дамыды.

Диалогтік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың диалогтік сөйлеудегі қарапайым дағдылары қалыптасып, сұрақ беру, өтініш айту, таңдану, бұйыруды қолдану, бір- бірімен әңгімелесе білу, мәліметтерді нақтылап сұрау, тыңдай отырып қайта сұрақ беру, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білу дағдылары дамып, диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтиже болып табылатын әңгімелесе білу біліктіліктері жетілді.

Құзіреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар. Бұл тапсырма түрлерін орындату арқылы оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік, проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерін қалыптастыру көзделеді. Ақпараттық құзіреттілік тапсырмасы дегеніміз- қатысымдық және танымдық мақсатқа байланысты өзіне қажетті ақпаратты тауып, талдау, өңдеу, сақтау, оның мазмұнын жеткізу, тапқан ақпаратты өзінің қажетіне қарай пайдалана алу және жаңа ақпараттық технологияларды игеру біліктілігі.

Қорытынды. Оқушыларға диалогті сауаттылықты қалыптастыру біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компаненттердің бірлігі арқылы жүзеге асады. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұны оқушының диалогті сауаттылығына негізделіп, сынып сайын күрделендіріп отыратын «Оқу еңбек» аялары бойынша құру тиімді болмақ.

5-6- сынып оқушыларының диалогін қалыптастыру үшін қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ- жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзіреттілікті қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.

Олай болса диалог- тілдік ережелерді түсіну, тілдік нормаларды сақтау, сөйлеу дағдыларын қалыптастырудан тұрады.





Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Абишев Н.А. сущность методической работы в современной школе.- Талдыкурган 1995.

  2. Байхонова С.З. развитие профессиональной компетентности педагогов в процессе повышения квалификации. – Усть- Каменогорск 2008.

  3. Жайтапова А.А. Профессиональной рост учителей в системе повышения квалификации.- Алматы, 2006.

  4. С.Д. Мұқанова Құзіреттілік бағыт әдіснамасы



Похожие:

Зерттеу жүмысының өзектілігі iconАқпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару
Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі қазақ тілін оқыту тәжірибесінен...
Зерттеу жүмысының өзектілігі iconЗерттеу мақсаты
Зерттеу міндеттері: жоғарыда көрсетілген зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешуіміз керек деп таптық
Зерттеу жүмысының өзектілігі iconЗерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні
Оқушыны өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастырудың субъектіні жетілдірудегі ролі
Зерттеу жүмысының өзектілігі iconЗерттеу нысаны. Қазақ тілінің фонетикасын орыс мектебінің 2-сынып оқушыларының қатысымдық құзіреттіліктерін дамыту процесі, фонетиканы қатысымдық тұрғыдан меңгертудің ұтымды әдістері. Зерттеу пәні
Бастауыш сыныпта субъектінің Қатысымдық ҚҰзыреттіліктерін дамытудың тиімді жолдары
Зерттеу жүмысының өзектілігі iconЖоғары оқу орындары профессорлық-оқытушылар құрамының, ғылыми-зерттеу институттары қызметкерлерінің назарына Қырғызстан Республикасының журналисі Хелимская Регина Израилевна Қырғызстанның МҚК архивын зерттеу негізінде «Тайна Чон-Таша»
А израилевна Қырғызстанның МҚК архивын зерттеу негізінде «Тайна Чон-Таша» кітабын шығарды. Кітапта сталин тоталитарлық режим қылмыстарының...
Зерттеу жүмысының өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Субъект-субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Зерттеу жүмысының өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Жұмыстың мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінде таза сөйлеуге баулу, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту
Зерттеу жүмысының өзектілігі iconОқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды
Зерттеу – ізденушілік жұмыстарын ақпараттық – коммуникативтік технология негізінде ұйымдастыру арқылы оқушыны оқушыны субъект ретінде...
Зерттеу жүмысының өзектілігі iconСубьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық
Субьект- субьектілік қарым- қатынас негізінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеу-ізденушілік, шығармашылық Қабілеттерін дамыту
Зерттеу жүмысының өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
«ОҚушыны шығармашылық ЖҰмыстар арқылы өзіндік дамуының жеке тұЛҒа ретінде жан-жақты қалыптасуына жағдай туғызу»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы