Тиімді әдіс баршаға ортақ icon

Тиімді әдіс баршаға ортақ



НазваниеТиімді әдіс баршаға ортақ
Дата конвертации26.01.2013
Размер68.76 Kb.
ТипДокументы
источник

Тиімді әдіс – баршаға ортақ.

Управление школой / педагогический менеджмент как условие развития субъектов образовательного процесса.

Ибраимова М.М.

М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі мемлекеттік мекемесі

қазақ тіліне тән дыбыстарды оқытудың тиімді жолдары


Қазіргі таңда мектептерде сабақтарды жүргізуде қолданылып жүрген сараптық жүйелер, оқытатын, бақылайтын бағдарламалық өнімдер дайындалған. Сабақтың мақсаты нақты тақырып бойынша оқушылардың білім деңгейін тексеру, берілген тақырып бойынша мәселелерді шешудің практикалық машықтарын қалыптастыру.

Қазақ тілі сабағында жүргізілетін жұмыстың бір түрі – оқушыларды қазақша сөйлеуге үйрету, сұраққа қазақша жауап бергізу, өздерін бір – бірімен сөйлестіріп, оқығандарын ауызша айтқызуға дағдыландыру. Мұнымен қатар қазақ тілі пәнін оқыту арқылы балалардың зейіні, есте сақтау дағдысы, ойлау қасиеті дамытылады.

Оқушының сөйлеу тілін дамыту үшін мынадай талаптар қойылады.

1. Оқушының сөйлемді дұрыс құрастыра білуі қажет. Сөйлемді дұрыс құру – қазақ тілінің грамматикалық заңдылығын білу, қазақ дыбыстарын дұрыс айту, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгеру.

2. Оқушы қазақ сөздерін, әрбір дыбысты, сөзді ашық, айқын айтуы, буынға екпінді дұрыс түсіруі, мәнерлеп оқуы керек.

Қазақ тілін оқып – үйренуде фонетикалық жаттығулардың маңызы зор. Өйткені қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып үйренбеген оқушы тілді меңгеруі мүмкін емес.

Қазақ тілінде дыбыстарды дұрыс айтпағанда оның мағынасы мүлдем өзгеріп кетеді.

Мысалы: Отан – Атан, құлақ – кулак, т.б. Мұндай жағдайды болдырмаудың алдын алу жолы фонетикалық жаттығулар жүргізу. Әр сабаққа фонетикалық жаттығулар беріп, оларды сабақтың басында орындап отырады. Мұндағы мақсат – тіл үйренушілер зейінін бірден фонетикаға аудару, сөздерді дұрыс айтқызып үйрету. Оқулықта фонетикалық жаттығулар жеңілден ауырға қарай құрылады.

Үш бақытым:

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Ал, екінші бақытым – тілім менің,

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты десе біреу, Отан дер ем.

(М. Мақатаев)

Бұл өленді берудегі мақсатым – мұнда кездесетін қазақ тіліне тән:

ү, қ, і, ң дыбыстарын, осы дыбыстардан құралған сөздерді дұрыс айтқызып үйрету.

1. Қазақ тіліне тән дыбыстар туралы.

Белгілі тілді оқып – үйрену сол тілдің негізінен, яғни фонетикадан жаттау алады. Бұлай болуы заңды да, өйткені қай тілді болмасын үйрену дыбыстан, әріптен, алфавиттен басталады. Орыс тілі мен қазақ тілі графикасы ( қазақ тіліне тән дыбыстарды қоспағанда ) бірдей деуге болады. Бұдан, әрине, екі тілдің дыбыстары да бірдей деген ұғым тумауы керек. Қазақ тілінің ерекше дыбыстарын орыс мектерінде оқыту үшін байқау сабақтары өткізілді. Байқау сабақтарының мақсаты – бұл дыбыстарды оқытуда әдістердің тиімділігін анықтау.

2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды оқыту жолдары.

Орыс мектептерінде қазақ тіліне тән дыбыстарды ( ә, ө, і, ң, қ, ұ, ү, ғ, һ, ы ) оқыту, талдау жолымен жүргізіледі. Ол үшін құрамында жаңа дыбысы бар белгілі бір сөз алынады ( мысалы, торғай ), сонан соң сөз буынға бөлінеді ( тор – ғай ). Одан соң, буыннан жаңа дыбысты ( ғ ) бөліп алып, оның жасалу, айтылу жолдары сөз болады. Одан кейін дыбыстың жазба түрімен қатар баспа түрі таныстырылады. Ақырында дыбыстың қатысуымен бірнеше сөз құрастырып үйретіледі.

Енді, осы жаңа дыбыстарды оқып үйрену сол дыбыстан құралған сөздер мен сөйлемдерді оқуға ұштасады, яғни оқыту синтетикалық жолға ұласады. Демек, жаңа дыбысты үйрену анализден синтезге, яғни жалқыдан жалпыға, дыбыстан сөзге ауысып, сатылап күрделене түсу керек. Сондықтан орыс мектерінде қазақ тіліне тән дыбыстарды үйрету үшін осы дыбыстық әдісті қолданамыз. Дыбыстық әдіс бойынша жазу, оқу, есту жұмыстары саналы, жүйелі жолмен жүргізіледі. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа дыбыстарды үйретудің 7 түрлі жолдары бар.

1. Сурет бойынша жұмыс жүргізу.

Сабақ жүргізілуде көрнекіліктің маңызы зор. Көрнекі құрал арқылы түсіндірілген дәріс баланың жадында берік және ұзақ сақталады. Әсіресе, балаға басқа бір тілді үйреткенде көрнекіліктің бір түрі – сурет бойынша жүргізілетін жұмыстың орны ерекше. Орыс әліпбиінде жоқ, қазақ тіліне тән дыбыстар оқулықта қандай тәртіппен берілсе, оқушыларға сондай тәртіппен таныстырылады.

Мысалы, құрамында « ә » дыбысы бар төрт сөздің суреті салынып астына олардың аттары жазылады.

Бұл сөздерді алдымен мұғалім мәнерлеп оқып шығады. Оқушылар суретке қарап іштей аттарын атап танысады.

-Мынау не?

-Мынау - әтеш. Мен осы жолмен 3 – 4 баладан жауап аламын. Сөздерді 2 – 3 бала оқығаннан кейін, алдымен сөзді, содан кейін суретті тасалап, қайталату керек.

Мақсат – оқушы суретті көріп, түсініп қана қоймай, қалай жазылады, қалай айтылады, соған оқушының көзін үйрету, тілін жаттықтыру. Тақтадағы суретті оқушылар сөздік дәптерлеріне көшіріп, жанына суретін салу керек, яғни оқушының суретті сөздігі болады. Әр сабақта 4 – 5 сөздің суреті салынып үйретілсе, жаңа сөздер оқушының естерінде жақсы сақталады.

2. Сөз ішіндегі жаңа дыбысты бөліп үйрету.

Тақтада жаңа сөздер жазылған көрнекі құрал ілулі тұрады. Мұғалім сөздерді буынға бөліп, жаңа дыбыстарды басқа дыбыстардан ерекшелеп, жеке үйретеді.

Мысалы:

-Ерік деген сөзде неше буын бар?

-Екі буын бар.

-Бірінші буында неше дыбыс бар?

-«Е» деген бір дыбыс бар.

-Екінші буында «рік» деген 3 дыбыс бар.

-Жаңа «і» дыбысы қай буында?

-Екінші буында.

-«І» дыбысын созып айтуға бола ма?

-Иә, «І» дыбысын созып айтуға болады.

-Демек, «І» дыбысы буын құрайтын дауысты дыбыс болғаны, - деп мұғалім ой қорытады.

Сөз ішіндегі жаңа дыбысты бөліп үйретудегі мақсат: оқушылардың тілін жаттықтыру, дыбыстың айтылуына, естілуіне оқушының құлағын дағдыландыру, әр сөз сайын қайталатып сөйлетуге үйрету, сөздік қорын байыту.

3. Қазақ тіліне тән әріптердің жазылуымен таныстыру.

Қазақ тіліне тән әріптің баспа түрін жазба түрімен қатар таныстыру арқылы олардың жазылуын үйрету қажет. Мұғалім оқушыларға әріптің баспа түрін кітаптан көрсетеді. Әріптің жазылуын тақтаға жазып көрсетумен бірге оның қандай элементтерден тұратынын түсіндіремін. Бас әріптің, кіші әріптің жазылуын көрсетумен қатар сол әріптің сөз ішінде басқа сөздермен қосылу жолдары да таныстырылады. Әріптің жазылу элементтерін оқушыларға орыс тілінде үйрету керек.

4. Кітаппен жұмыс.

Кітаппен жұмыс істеу – берілген мәтінді дұрыс оқу, жаттығу мақсатын дұрыс орындау, сөздік қорын байыту, грамматикалық ережелерді дұрыс қолдана білу деген сөз. Енді қазақ тілінің 10 әрпін үйренуге байланысты кітаппен қалай жұмыс істеу керек? Оқушылар кітаптарын ашып, мұғалімнің қалай оқитынына зейін сала тыңдап отырады.

Ең алдымен сурет астындағы сөзді, сөйлемді оқып, аудармасын сұрайды. Екінші кезекте жеке сөзді немесе буынға бөлінген сөздерді оқиды, оқушыларға оқытады, орыс тіліне аудартады. Үшінші кезекте сұрақ – жауапқа құрылған тест оқылады. Осы кезде олардың әрбір буынды, сөзді дұрыс оқуын қадағалап отырамын. Оқушылардың көпшілігі сөздерді бұрмалап оқиды.

Мысалы: кельди, барди, минау. Бұл кемишілікті дер кезінде түзеп отырмаса, олар қазақ сөздерін өз ыңғайына бейімдеп, оны түзету қиынға түседі.

5. Сөз ішіндегі жаңа дыбыстарды тану.

Сөз ішіндегі жаңа дыбыстарды тану жұмыстары белгілі бір әріпті пысықтайтын екінші сабақта жүргізіледі. Өткен сабақта танысқан құрамында «Ә» дыбысы бар сөздердің біреуін оқушылардан сұрап алады да, тақтаға жаздырады. «Қасық» деген сөздің қай буынында жаңа дыбыс бар, - деп сұраймын. «Қ» дыбысының дұрыс айтылуын жасалуын қадағалап сұрап, қате жері болса түзеймін. Сонан кейін бұл сөз тақтаға жазылады. Сөз ішіндегі жаңа дыбысты тану үшін жүргізетін жұмыстың екінші түрі – жазбаша және ауызша жаттығу жұмыстары. Ауызша жаттығу жұмысын қалай жүргізу керек. Сөздің не қысқа сөйлемнің жаңа дыбысын жасырып басқа сөздерді айтамын. Мысалы: қағазды көрсетіп оны үстелге қоямын да, « үстелде не жатыр? » - деймін. Үстелде қағаз жатыр деп жауап береді. Осы сөйлемдегі жаңа дыбысы бар сөзді табу.

Мұғалім алдын ала бірнеше сөйлем құрап, жаңа дыбыс орнына көп нүкте қояды.

Мысалы: Қыз орнынан т...рды.

6. Мазмұнды суретпен жұмыс.

Қазақ тілінің дыбыстарын таныстыратын алғашқы сабақтан бастап – ақ көрнекі құрал қолданамыз дедік. Мазмұнды суретпен жұмыс өткен әріпті қайталайтын, пысықтайтын сабақта жүргізіледі. Яғни алған білімді тиянақтап, бекітудің ұтымды әдісі болып саналады. Алдымен тақтаға көрнекі құрал ілінеді, оның астына жазылған сөйлемді оқимын, содан соң оқушылардың қатысуымен орыс тіліне аударамын. Осы сөйлемнің ішіндегі қай сөздерде біз өткен жаңа дыбыс бар – деп сұраймын.

Мысалы: «Түлкі әтешті әкетті» деген сөйлем жазылған көрнекі құрал.

-Түлкі мен әтеш не істеді?

-Түлкі әтешті әкетті.

-Осы сөйлемде «ү» дыбысы қай сөзде кездеседі?

-Түлкі деген сөзде.

-«Ү» дыбысы қай буында?

-«Ү» дыбысы бірінші буында.

Осылай өткен дыбыстардың жасалу жолдары қайталанады. Бұл әдіс арқылы оқушылар сөйлеуге үйренеді, сөздік қоры молаяды, фонетикалық талдау жүргізіледі.

7. Көрнекі етіп жазылған жеке буындармен жұмыс.

Бұл әдіс алғашқы сабақтан бастап ауызша жүргізіледі. Ең алғашқы сабақта бұрын өтілген 4 – 5 сөз буынға бөлініп жазылады. Бұл сөздердің оқушыларға таныс екенін ескертемін. Жол басынан бастап бір буынды оқимын. «Са» деген буынды оқытып тұрған кезде көрсеткіш таяқпен «уын» деген екінші буынды көрсетемін, содан соң « шы » деген үшінші буынды көрсетіп оқытамын. Сонда сөз «сауыншы» болып шығады. Қалған сөздер осылай талданып, дәптерлеріне жазылады. Екінші бір тәсілі – буындар жазылған карточкалар оқушыларға үлестіріледі. Оқушылар сол сөздің қазақша аудармасын қарточкалар арқылы аударады.

Мысалы: «ласточка» - «қар – лы – ғаш «. Жоғарыда айтылған 7 тәсіл түгел қамтылып, бір – бірін толықтырып, сөйлем тауып, бір арнаға тоғысса ғана тіл үйрету нәтижелі болмақ.

Әдебиеттер.

1. Республикалық әдістемелік – педагогикалық журнал.

Мектептегі шет тілі. 2010ж. №1 / 43 / ақпан

2. Республикалық әдістемелік журнал.

Бастауыш мектепте оқыту. 2009ж. №6

3. Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте. 2009ж. №1 қаңтар, ақпан

4. ШҚО педагогика жаршысы. 2007ж. №3 21 б.

5. Қ.Қ.Қадашева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А, Мұрагер. 2005ж.

6. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2009ж. №7

7. С.Шәкілікова, Д.Қазақбаева. Білім берудегі компетенттілік тәсілі.

Қазақстан мектебі. 2004ж. №5



Похожие:

Тиімді әдіс баршаға ортақ iconОрыс мектептерінде қазақ әдебиетін оқытудың тиімді әдіс тәсілдері
Мектеп оқушыларына өмір танытып,саналы тәрбие беруде әдебиеттің алатын орны ерекше
Тиімді әдіс баршаға ортақ iconМақсаты: Егеменді еліміздің болашағына білімді, ойлы, өнерлі, шебер, азаматтарды дайындау үшін білім беруде тиімді, әрі қолайлы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сабақты түрлендіріп отыру, шығармашалақ қабілетін арттыру эстетикалық тәрбие беру.
Мақсаты: Егеменді еліміздің болашағына білімді, ойлы, өнерлі, шебер, азаматтарды дайындау үшін білім беруде тиімді, әрі қолайлы әдіс-тәсілдерді...
Тиімді әдіс баршаға ортақ iconЖалпы жер көлемі – 76646 га. Оның ішінде: 3114 га егіндік, 8824 га шабындық, 64708 га жайылымдық жерлер. Округ елді мекендеріндегі 329 тұрғын үйде 2007 тұрғын тұрады
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында әдеттегідей...
Тиімді әдіс баршаға ортақ iconРазвитие субъектности участников образовательного процесса. Булькубаева А. Б
«бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру,...
Тиімді әдіс баршаға ортақ iconI бөлім. Мазмұны және іске асырылуы. Миссия – сапалы, бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағытталған, «бүкіл өмір бойы баршаға білім беру»
Миссия – сапалы, бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағытталған, «бүкіл өмір бойы баршаға білім беру» принципіне негізделген мемлекеттік...
Тиімді әдіс баршаға ортақ iconКондоминиум дегеніміз не?
Осылай тіркелгенге дейін, ортақ меншіктегі үлесі бар мәміле өзіндік (дара) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) мүлікпен мәмілелерді...
Тиімді әдіс баршаға ортақ icon«Қазақстан – біздің ортақ Үйіміз» халықаралық конференциясына қатысушылардың Үндеуі астана, 25 сәуір 2013 жыл Біз, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»
Біз барлығымыз бірауыздан 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері үшін Қазақстан Республикасы туған жер, киелі шаңырақ саналатындығын...
Тиімді әдіс баршаға ортақ icon8–ші сынып оқушылары. Жұмыстың зерттеу әдістері
Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Тиімді әдіс баршаға ортақ icon№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы
Профилді мектеп жағдайында бітірушілерді әлеуметтендіруде педагогикалық әдіс-тәсілдер
Тиімді әдіс баршаға ортақ iconҚұзырлықтың қалыптасуы (даму процесіндегі субъектінің құзырлығы )
Білім беру үрдісінде субъектінің ҚҰзырлығын әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы дамыту
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы