«Құтқарған әлем жадында сақтайды » icon

«Құтқарған әлем жадында сақтайды »



Название«Құтқарған әлем жадында сақтайды »
Дата конвертации09.01.2013
Размер36.57 Kb.
ТипДокументы
источник

«Құтқарған әлем жадында сақтайды...»

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 64 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бізді әрбір өткен жыл Ұлы Отан соғыс оқиғаларынан алыстатуда. Көптеген соғыста жеңіске жеткен жауынгерлер өмірден озып, жыл сайын майданға қатысқан сарбаздардың саны қысқарып, қара тізім ұзарып барады. Сол сұрапыл соғыс заманын көзімен көрген куәгерлермен бірге тарихтың маңызды егжей-тегжейлі естеліктері де жоғалып бара жатқан сыңайлы. Сондықтан, біз соғыс туралы бәрін білеміз бе, Жеңістің шын бағасын түсінеміз бе және келер ұрпаққа жеңіс туралы ұғымды сақтап қала аламызба? - деген көкейкесті сұрақтар туындайды. Ардагерлердің өткен күндердегі еңбектерін еске алуы - тарихта баға жетпес ерлік жасағандарының айғағы.

1941-1945 жылдар аралығында Кеңестер Одағының жалпы саны 26 миллионға жуық адамы құрбан болған. Жалпы, соғыс жылдары майданға 34476700 адам шақырылып, оның 490 мыңын әйелдер құраған. Қазақстан соғысқа 1.366 мың адамды аттандырып, Отан қорғауға 5183 қыз-келіншектер қатысыпты. Олар соғыстың барлық шайқастарына қатысып, майдан далаларына 601.011 адамын қалдырып, елге оралған. Оның ішінде туған жеріне жете алмай қаза тапқан қазақтардың саны 130 мың адамды құрайды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды... Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті.

Облыста жедел мәліметтер бойынша 2004 жылы - Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің жалпы саны 1360, Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 2580, қаза тапқан жауынгерлер отбасылары- 600, соғыс жылдарындағы тылда еңбек еткендер саны 30 мыңнан артады. Ал 2008 жылы - Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектер саны – 2606. Өскемен қаласында мереке аясында жыл сайын 8 мамыр күні «Жастар» саябағында Ұлы Отан соғысында қайтыс болған 7199 өскемендіктерді еске алуға арналған «Зажги свою свечу» акциясы өткізіледі. Бейбіт өмір үшін мерт болған аяулы жандардың алдында біз бас иеміз. Өйткені, халқымыз 64 жыл бейбіт, шат-шадыман өмір сүріп, Отан дәулетін арттырып, еңбек етуде. Бұл ардагерлер ерлігінің жемісі десек, адамзат тарихындағы сұрапыл соғыста бүгінгі ұрпақтың бақыты мен болашағы үшін күрескен аға буынның теңдесі жоқ ерліктері санада әрдайым жаңғыртып келеді. Сондықтан, Жеңіс күні ешуақытта ұмытылмайды. Ал, майданда ерлікпен қаза тапқан жерлестерімізді мәңгі есте сақтау біздің борышымыз.

Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды. Жеңіс мерекесі - өскелең ұрпақтың өмір мектебі, үйрену, тәрбие, үлгі-өнеге мектебі ретінде жаңғырып, жаңаруда.

Соғыс туралы ойласақ жүрегіміз ауырады, майданда болған қаншама боздақтар қыршынынан қиылып, Отан үшін опат болды. Қан майданында жүрген әрбір жауынгер туған жерге оралып, Жеңісті көзімен көруді армандайтын. Жас ұрпаққа әрдайым «Қасиетті Отанды көздің қарашығындай сақтап, қорғау керек, себебі әрбір адам үшін Отаннан артық ештеңе жоқ».

Қорыта айтар болсақ, алапат соғыста көз жұмып, соғыстан кейін де жарақаттан, аурудан қайтыс болған қазақстандықтардың адамзатты фашизмнен құтқарып, бейбіт өмір орнатуда сіңірген еңбегі мен ерлігі тарихтың биік тұғырынан орын алады және оны сол «тақтан» ешқандай жүйе, волюнтаризм, саяси ағым мен мода, саясаткер-сымақтар да түсіре алмайды. Қазір соғыс кезіндегі жүйе, мемлекет, идеология жоқ болғанымен, сол заманның биік рухы, жанқияр отансүйгіштігі, санамызға сіңірген принциптері ТМД-ның бар халқын біріктіріп тұр. Осы қасиеттер сақталып тұрғанда – біздің арамызда соғыс та, жанжал да болмақ емес. Сондықтан да осы асыл қазынамызды сақтай білейік. Заман жылжыған сайын Ұлы Отан соғысына деген адамзаттың көзқарасы да өзгере береді. Уақыт – сыншы ағат кеткен қателіктер болса, кімнен және неліктен болғандығын әлі де анықтай түседі. Ал біз үшін бұл жаһандық соғыстың тағылымы – шейіт кеткен аталарымыз бен олардың көрсеткен ерлік шежіресі. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоты болу.

Атадан ұлағат арқалаған бүгінгі ұрпақ ардагерлерге мәңгі қарыздар!



Похожие:

«Құтқарған әлем жадында сақтайды » iconҚазақстан тарихы бойынша қашықтық жоба туралы ереже Тақырыбы: «Құтқарылған әлем жадында сақтайды (И помнит мир спасённый…)»
Жобаның мақсаты: оқушылардың Қазақстан тарихын оқуға деген қызығушылығын арттыру
«Құтқарған әлем жадында сақтайды » icon«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе
Дегенмен, кім қанша ғұмыр сүрсе де алға қойған арман мақсаты түп негізінде ортақ. Ол- адамзат тіршілігін жалғастырып, ұрпағы үшін...
«Құтқарған әлем жадында сақтайды » icon«Бокстан әлем чемпионаты. Алматы 2013» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығару туралы хабарлайды. «Бокстан әлем чемпионаты. Алматы 2013»
Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 4 қазаннан бастап «proof» сапасымен номиналы 100 теңгелік «Бокстан әлем чемпионаты. Алматы...
«Құтқарған әлем жадында сақтайды » iconАрал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылы атқарған жұмысы туралы мәлімет 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне «Әйел әлем тірегі»
Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне «Әйел әлем тірегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, өткізілді
«Құтқарған әлем жадында сақтайды » iconСведение о проведенной работе Аральского районного отдела культуры и развития языков за 2013 год 8 марта- в Международный женский день организовано праздничный концерт «Әйел әлем тірегі»
Марта- в Международный женский день организовано праздничный концерт «Әйел әлем тірегі»
«Құтқарған әлем жадында сақтайды » iconЖекеленген әлем елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі*

«Құтқарған әлем жадында сақтайды » iconӨскемен қаласының тж бойынша Басқармасы хабарлайды
Оттан сақтанудың жолы – жем-шөпті сақтау ережелерін сақтау. Жем-шөпті ашық алаңдарда сақтайды. Алаңдар электр желісінен 15 м қашықтықта,...
«Құтқарған әлем жадында сақтайды » icon«Математика керемет әлем»
Білімділік: математикалық заңдылықтарын логикалық және шығармашылық есептерді ауызша әрі тез есептей білуге, ой ұшқырлығын, оқуға...
«Құтқарған әлем жадында сақтайды » iconҚұрметті әріптестер! Құрметті активке қатысушылар!
Бүгінгі күні әлем елдерін алаңдатқан дағдарыстың біздің елімізге де әсерін тигізіп отыр
«Құтқарған әлем жадында сақтайды » iconӘр қазақстандыққа қамқорлық көр­сету
Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы