Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер icon

Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



НазваниеТарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер
страница3/4
Дата конвертации06.03.2013
Размер0.92 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4

^ 3-бөлімі. Қалпына келтіру жұмыстары


Осы бөлімді пайдаланған кезде мыналарды ескеру қажет


- жалпы құрылыс кәсібі бар жұмысшылар тарихи ескерткіштер мен сәулеттерді қалпына келтіру жұмыстарын тек аттестаттаған жұмысшы-қалпына келтірушінің басшылығымен ғана орындай алады;

- қалпына келтіру бойынша бір жыл жұмыс стажы және орта білімі бар жұмысшылар қалпына келтірушінің біліктілігін арттыру курсына жіберілуі және белгіленген тәртіппен қайта аттестаттаудан өтуі мүмкін;

- қалпына келтіруші-мамандардың басшылығымен кем дегенде үш жыл тарихи ескерткіштер мен сәулет құрылыстарында жұмыс істеген жұмысшылар осы БТБА сәйкес аттестаттау және қалпына келтіруші біліктілігін алуы мүмкін.


11. Мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына

келтіруші


Параграф 1. Мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына

келтіруші, 3-разряд

148. Жұмыс сипаттамасы:

негіздері механикалық бүлінген қағаздағы заманауи баспа басылымдары мен құжаттарды қалпына келтіру және зарарсыздандыру;

парақтап шаң-тозаңнан арылту және парақтар мен түптеулерден механикалалық тәсілмен ластануларды тазалау;

парақтарды жазу;

парақтың шеттерін, мұқаба бұрыштары мен канттарын қалпына келтіруші қағаздармен бекіту;

парақтың мәтіннен және суреттен тыс жыртылған жерлерін бекіту. түсіп қалған парақтарды жабыстыру, кітаптардың түптеріндегі парақтарды нығайту;

парақ түптерін үлкейту;

парақтарды кептіру, престеу, кесу;

құжаттарды тігу, бау өткізу әдісімен брошюралау;

блогы бүлінбеген заманауи басылымдарды қағаз қаптамаға немесе қатты түптеме мұқабасына түптеу;

құжаттар мен баспа басылымдарын тампонмен парақтап өңдеу әдісімен дезинфекциялау және дезинсекциялау.

149. Білуге тиіс:

барынша кең таралған жазба және типографиялық қағаздардың және бояғыштардың жекелеген түрлерінің қасиеті;

қағаз түріндегі заманауи құжаттарды және баспа басылымдарын қарапайым қалпына келтірудің негізгі ережелері;

құжаттарды тігудің тәсілдері және құжаттар мен блогы бүлінбеген кітаптарды түптеу технологиясының маңызы;

желімдердің негізгі түрлері;

құжаттар мен кітаптарды барынша қолданылатын зарарсыздандырғыштармен парақтап зарарсыздандыру.


Параграф 2. Мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына

келтіруші, 4-разряд


150. Жұмыс сипаттамасы:

құрамды бүлінген, қатты ластанған, химиялық тұрақты мәтіні мен суреті бар қағаздағы заманауи баспа басылымдары мен құжаттарды қалпына келтіру және зарарсыздандыру;

механикалық және биологиялық бүлінулерді көзбен шолып айқындау;

бауын тарқату және брошюрасын бөлу;

парақтарды жуу;

негізін қатайтушы ерітіндімен сіңдіру;

парақтарды қалпына келтіретін қағазды бір-екі жақтан қабаттап қатайту;

парақтың жыртылған жерлерін, оның ішінде мәтін бойынша біріктіру;

парақтың жоғалтқан бөліктерін толтыру;

инкапсулдеп консервациялау;

блоктарды қалыптастыра отырып брошюралау;

тұтас қатты қағаз қаптамасына түптеу;

химиялық әдістер камерасында дезинфекциялау және дезинсекциялау.

151. Білуге тиіс:

заманауи құжаттар мен кітаптардың бүліну түрлері және себептері;

құжаттар мен кітаптарды жалпы қалпына келтіру және консервациялау тәсілдері мен құралдары;

заманауи құжаттар мен баспа басылымдарын брошюралау және түптеу ережесі;

құжаттар мен баспа басылымдарын дезинфекциялау мен дезинсекциялаудың химиялық тәсілдері;

зарарсыздандыру, қалпына келтіру және түптеу үшін қолданылатын материалдардың түрлері.


Параграф 3. Мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына

келтіруші, 5- разряд


152. Жұмыс сипаттамасы:

негіздері физикалық, химиялық және биологиялық сипатта қатты бүлінген, химиялық тұрақты емес мәтіні мен суреті бар қағаздағы немесе қағаз негізіндегі көне баспа басылымдарын, құжаттарды, сызбаларды, плакаттарды, афишаларды, карталарды, гравюра мен фото суреттерді қалпына келтіру, зарарсыздандыру және консервациялау;

қағаздағы материалдардың бүліну түрлерін айқындау;

қағаз бен бояғыштардың, қағаздың қышқылдығын, мәтіндер мен суреттердің ерігіштігін айқындау;

ластанудың барлық түрлерін және алдында қалпына келтірілген материалдардың барлық түрін жою;

парақтарды ағарту;

жабысып қалған, цементтеліп қалға парақтарды ажырату;

қағаз қышқылын бейтараптау және парақтарды буферлеу;

қағаз массасын құюды қосқанда парақтарды қатайтудың барлық түрлерін орындау, парақтарды ажырату әдісімен қатайту;

ламинаттаумен, импергнирлеумен консервациялау;

суда езілетін мәтіндерді қорғау, бекіту, мәтіндер мен суреттерді тұрақтандыру;

көне түптеуді қалпына келтіру;

блоктарды түрлі әдістермен бекіту;

түптерді, мұқабаларды нығайту, толтыру және жоғалғанын ауыстыру, түптеулердің тысын жұмсарту және консервлеу;

зарарсыздандырғыш өңдеулердің барлық түрін жүргізу.

153. Білуге тиіс:

матадан және қағаздан, картоннан жасалған қағаздың қасиеті;

қағаз бен картон жасау технологиясының маңызы, түптеу тыстарының қасиеті;

туштардың, көне сиялардың, сия пасталарының, қарындаштардың, баспа және электр графикалық мәтіндердің қасиеті;

көне құжаттар мен кітаптардың, түптеу тыстарының бүліну түрлері және себептері;

қағаздағы көне баспа басылымдары мен құжаттарды қалпына келтіру және консервациялау тәсілдері мен құралдары;

толық көлемдегі түптеу ісі;

кітаптарды түптеудің көне әдістері;

зарарсыздандырғыштарды қолдану ережесі, олардың уыттылық шамасын және мұрағат және кітапхана материалдарына қызмет ету принципі.


Параграф 4. Мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына

келтіруші, 6-разряд


154. Жұмыс сипаттамасы:

теңдессіз құжаттарды, қолжазбаларды, сирек кездесетін кітаптарды, инкунабулдарды, карта түпнұсқаларын, плакаттарды, гравюраларды және басқа да материалдарды; құжаттардағы балауыз, мастикалық және сургуттық мөрлерді; металдармен, сүйектермен, тастармен, эмальдармен безендірген барқыттан, жібектен жасалған көне, теңдессіз түптеулерді қалпына келтіру, зарарсыздандыру және консервациялау;

құжаттардың, баспа парақтарын және мөр фрагменттерін іріктеу және монтаждау;

негіздің күрделі шығындарын толықтыру;

соңғы қаттамалар мен жазбалардың барлық түрін қабаттап жою;

арнайы әдістемені талап ететін ерекше күрделі жағдайларда мәтіндерді және суреттің бояулы қабатын нығайту;

алтын жалатылғандарды қалпына келтіру;

археологиялық тысты консервлеу және қалпына келтіру;

ішінара жоғалтылған өрнектерді қалпына келтіру;

түпнұсқа немесе соған жақын материалда суреттерді және сурет көшірмесін, муляждарды орындау;

эксперименталды консервациялы және қалпына келтіру жұмыстарын орындау.

155. Білуге тиіс:

пергаментті қосқанда барлық жеткізгіштерде мұрағат және кітапхана материалдарының түрлері, қасиеті және ескіру мәні;

материалдың қалпын және олардың бүлінуін диагностикалау тәсілдері;

қолжазбаларды, пергаменттерді, көркемдік түптеулерді, гравюраларды, мөрлерді қалпына келтірудің және консервациялаудың көне әдістері;

қалпына келтіруші картондардың, маталардың түрлері;

теңдессіз материалдарды ерекше күрделі қалпына келтіру және консервациялау кезінде қолданылатын желімдерді, желімдегіштерді, еріткіштерді, фиксактивтерді, зарарсыздандырғыштарды дайындаудың рецептурасы мен тәсілі.

156. Орта кәсіптік білім талап етіледі.


12. Декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіруші


Параграф 1. Декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына

келтіруші, 3-разряд

157. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым сыртқы және ішкі декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіру;

әзірленген рецептура бойынша скальпельдер мен ерітінділердің көмегімен бояуларды жуу және қабаттап тазалау;

желінген жерлерін сылау және сырлау;

бояу қабатын реңдеу;

түпнұсқа тұсқағаздарды сақтап, ескі тұсқағаздарды жою;

тұсқағаздарды дайындау, желімдеу және ескі түрі бойынша қабырға жабыстыру.

158. Білуге тиіс:

декоративтік-көркемдік бояулар мен тұсқағаз жабындарын қалпына келтіруде қолданылатын негізгі материалдардың түрлері;

қолданылатын құралдардың түрлері және онымен жұмыс істеу ережесі;

әзірленген әдістеме бойынша ерітінді дайындадың тәсілдері;

бояу қабатын жуу және қабаттап тазалау технологиясының мәні;

оюдың геометриялық заттарын реңдеу және қайта жасау әдістемесі;

қабырғадан түпнұсқа тұсқағаз маталарын және тұсқағаздарды алу амалдары.

159. Жұмыс үлгілері:

1) жазық геометриялық заттардан жасалған оюлар – суретті қалпына келтіру;

2) тегіс беттер – әк құраммен, колер дайындамай, желімді майлы бояулармен қайта бояу.


Параграф 2. Декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіруші, 4-разряд


160. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орта сыртқы және ішкі декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіру;

бояу қабатынан қиын кететін ластануларды тазалау;

бетін бояу үшін сылау және сырлау;

шрифттен басқа трафаретті дайындамай бір-екі реңді трафаретті суреттерді толтыру;

жоғары білікті қалыпқа келтірушінің басшылығымен жоғары сапалы декоративтік-көркемдік бояудың бетін бағалы ағаштар, тастар, жібек және тағы баска тәрізді бояу;

топырақты нығайту.

161. Білуге тиіс:

декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіру және қайта жасау үшін қолданылатын материалдардың қасиеті;

желімдік, майлы, синтетикалық, темперлі және басқа да созылмалы негізде құрғақ пигменттерден бояулар дайындаудың ережесі;

трафареттер жасау, ескі қағаз тұсқағаздарды қалпына келтіру әдістемесі, нығайту элементтері бар бояу қабатын реңдеу технологиясының және күрделілігі орташа суреттің мәні.

162. Жұмыс үлгілері:

1) көлемді геометриялық заттардың ою-өрнектері – суретті қайта салу;

2) қабырғалар – өрнекті және маталы тұсқағаздармен, линкрустпен, маталармен, ескерткіш қабырғасынан алынған түпнұсқа тұсқағаздармен желімдеу.


Параграф 3. Декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіруші, 5-разряд


163. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі сыртқы және ішкі декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіру;

бояу қабатын нығайту;

бояу қабатының бетінен зеңдер мен өңездерді жою;

мәрмәр және сүйек тәрізді «гризайль», декор типті жазбалар;

трафаретті көшіру және кесу;

төртеуден артық емес пигменттер болған кезде эскизді бояулар бойынша майларды, желімдерді, темперлі колерді дайындау;

колерді айқындау үшін зондаждау және қабатты тазалау жүргізу;

паспорттар үшін колерлер дайындау.

164. Білуге тиіс:

бояу қабатының бұзылу себептері және оны нығайту әдістемесі, зеңдер мен өңездерді жою;

топырақты нығайтудың маңызы және бояу қабатының негіздері;

күрделі суретті реңдеу және қайта салу технологиясының маңызы;

трафареттерді көшіру, жасау және оны кесу техникасы;

бетін ағаш, тас, мата тәрізді бояу технологиясының маңызы;

колерді таңдаудың тәсілдері.

165. Жұмыс үлгілері:

1) көлемді трактовкада жапырақтардан, бұтақтардан, гүлдерден жасалған өсімдік ою-өрнектері – қайта салу және реңдеу;

2) беті – ағаш, тас, жібек, барқыт тәрізді баяу;

3) беті – ескі үлгілері бойынша тушты бүркумен өңдеу;

4) қабырғалар – төсеммен, жібекпен, холстпен, мауытпен желімдеу.


Параграф 4. Декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіруші, 6-разряд


166. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше күрделі сыртқы және ішкі декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіру;

тұздарды еріткішпен және механикаландырған тәсілмен жою;

көне үлгілер, зондаждау нәтижелері, зерттеулер және колерлер дайындау бойынша пигменттер мен бояулардың барлық түрлерінен колерлер жасау.

167. Білуге тиіс:

колерлеу ерекшеліктерімен қолтаңбалар мен шрифттердің барлық түрлері;

қолтаңбалардың стильдік ерекшеліктері;

пигменттер мен бояуларды дайындаудың технологиялық маңызы;

олардың түссіздену себептері және оларды бұзылудан сақтау әдістері;

қалыпқа келтіру кезінде қолданылатын зарарсыздандырғыш құралдар мен нығайтушы құрамдардың түрлері;

калькирлеу және қолтаңбалардың қиыршықтау әдістемесі;

алтындау және лак бойынша блоктау технологиясының мәні;

реңдеудің түрлі түрі;

түс жасау ережесі және пигменттердің химиялық өзара әрекет етуін ескеріп, оларды араластыру амалдары.

168. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
1   2   3   4



Похожие:

Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер iconТарифтік біліктілік анықтамалығы (48-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (48-шығарылым) «Тамақ өнімдері...
Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер iconТарифтік біліктілік анықтамалығы (48-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (48-шығарылым) «Тамақ өнімдері...
Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер iconТарифтік біліктілік анықтамалығы (35-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (35-шығарылым) «Төлкелі ағаштың...
Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым) «Полимерлі материалдар өндірісі...
Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (12-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (12- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Ремиз-берд өндірісі»...
Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (16-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (16- шығарылым) «Медициналық...
Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер iconТарифтік-біліктілік анықтамалығы (30-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (30-шығарылым) «Синтетикалық каучуктар, май алмастырушылар...
Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (50-шығарылым) «Балық және теңіз...
Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (43-шығарылым)
Жұмысшылардың кәсіптік және жұмыстың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы (бұдан әрі бтба) (43-шығарылым) «Мақтаны және тінді...
Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (13-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (5 шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Қаңылтыр-банкі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы