Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым) icon

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым)



НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым)
страница1/2
Дата конвертации06.03.2013
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы «____» ___________

№ _________ бұйрығымен бекітілді


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік - біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым)


1-бөлім. Жалпы ережелер


1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (50-шығарылым) «Балық және теңіз өнімдерін аулау және өңдеу» бөлімінен тұрады.

2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.

3. Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады.

4. Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.

5. «Білуге тиіс» бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар, басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

6. «Білуге тиіс» деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызметтер) сапасына, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдерін; өндірістік сигнализацияны білуге тиіс.

7. Неғұрлым жоғары біліктілігі бар жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа, анағұрлым төмен біліктілігі бар жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстарды орындай білуге тиіс, сондай-ақ осы кәсіптің анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшылары басқара білуге тиіс. Осыған орай, әдетте, анағұрлым төмен разрядтағы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстар неғұрлым жоғары разрядтар сипаттамасында көрсетілмейді.

8. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерткен кезде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

9. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде міндетті болып табылады.

10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атаулары, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

11. «Балық және теңіз өнімдерін аулау және өңдеу» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген.


2-бөлім. Балық және теңіз өнімдерін аулау және өңдеу


1. Балық майын өндіру аппаратшысы


Параграф 1. Балық майын өндіру аппаратшысы, 4-разряд


12. Жұмыс сипаттамасы:

бауырды гидролиздеу, майды сүзу, майды дәрумендендіру және майды ультракүлгін сәулемен сәулелендіру технологиялық процессін механикаландырылған тәсілмен жүргізу;

автоматика құралдары мен бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен майды гидролиздеу, дәрумендендіру және сәулелендіру технологиялық режимдерін орындау;

жабдықтар мен механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

сынамаларды іріктеу және өнімнің сапасын бақылау;

қажетті құжаттаманы жүргізу.

13. Білуге тиіс:

шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттері;

бауырды гидролиздеу, майды сүзу, дәрумендендіру және ультракүлгін сәулемен сәулелендіру технологиялық процессінің режимі мен параметрлері;

өнімнің сапасына қойылатын талаптар;

қолданылатын жабдықтар мен аппаратураның құрылысы мен пайдалану ережесі;

сынамаларды талдау және іріктеу әдістемесі.


2. Пат өндіру аппаратшысы


Параграф 1. Пат өндіру аппаратшысы, 2-разряд


14. Жұмыс сипаттамасы:

біртекті масса болғанға дейін белгілі бір қатынаста нитролактағы таза гуанитті ағаш қалақпен қолмен араластыру арқылы інжу пат жасау:

шикі гуанина қатты су ағынымен қапшық сүзгіде жуу;

патты банкаларға, флягаларға өлшей отырып, салу;

қабыршықтарды бөшкелер мен жәшіктерде тұздау.

15. Білуге тиіс:

гуанин мен нитролактың белгіленген мөлшерлемесі;

патты ыдыста өлшеу және орап салу.


Параграф 2. Пат өндіру аппаратшысы, 3-разряд


16. Жұмыс сипаттамасы:

керосиннің немесе лигроиннің көмегімен араластырғышы бар роторлық-араластыру аппаратында балықтың қабыршағынан гуанинді алу процессін жүргізу;

тұндырғыштарға құйған кезде суспензияны сүзу;

вентильдің көмегімен керосиндегі немесе бензиндегі гуанин суспензиясының сепараторға жіберілуін реттеу;

керосин немесе бензин суспензиядан гуанинді әр түрлі жүйелі сепараторда қысым, температура параметрлерін сақтай отырып, айыру процессін жүргізу;

роторлық-араластыру аппаратын, сепараторды, араластырғышты басқару;

інжу паты бар банкаларды жабу машинасымен жабу.

17. Білуге тиіс:

балықтың қабыршағынан гуанинді алу процессінің технологиялық схемасы мен режимі;

шикізат пен сұйықтықты суспензиялаушы гуаниннің физикалық-химиялық қасиеттері;

қолданылатын жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесі;

өндірілетін жартылай дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.


Параграф 3. Пат өндіру аппаратшысы, 4-разряд


18. Жұмыс сипаттамасы:

інжу патты толық технологиялық схема бойынша алу процессін жүргізу;

зертханада белгіленген ара қатынаста су, пепсин, сірке суы қышқылын қоса отырып, гуанинді ферменттеу процессін жүргізу;

гидролиздің белгіленген режимін орындауды қамтамасыз ету және сырттай бақылау арқылы гуанинді ферменттеудің аяқталғанын анықтау;

ортаның қышқылдығын ұдайы тексере отырып, қышқылдығын анықтау үшін гуанинді сумен жуу;

айырылған гуанинді есепке алуды жүргізу

19. Білуге тиіс:

пат алу процессінің технологиялық схемасымен режимі;

индикаторлардың көмегімен ортаның реакциясын айқындау әдісі;

қолданылатын жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесі;

жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдердің физикалық-химиялық және бактериологиялық қасиеттері және олардың сапасына қойылатын талаптар;

айырылған гуанинді есепке алу формасы.


3. Аулау құралдарын жасау


Параграф 1. Аулау құралдарын жасау, 1-разряд


20. Жұмыс сипаттамасы:

аулаудың тор және арқанды құралдарын жасау және жөндеуге байланысты қарапайым операцияларды орындау;

тор жайманың жиектерін жиыратын жіпті кесу;

арқанды кесу, қосу;

такелаждағаннан кейін торлы жайманы кесу, тоқу;

қалтқы мен сүңгуір жүгін алу, кесу, байлауын шешу, оларды жарамдылық дәрежесіне қарай сұрыптау;

құралды кескеннен кейін арқанды түйіндер мен жіптен тазалау;

қалтқы мен сүңгуір жүгінен жұқа жіптерді алып тастау;

аулау құралдарының бөліктерін сабына бекіту;

инеге қолмен жіп, бау орау.

21. Білуге тиіс:

арқанды кесу, қосу, такелаждағаннан кейін торлы жайманы сөгу тәсілдері мен ережесі;

оларды аулау құралынан алғаннан кейін қалтқы мен сүңгуір жүгін жарамдылық дәрежесіне қарай сұрыптау ережесі.


Параграф 2. Аулау құралдарын жасау, 2-разряд


22. Жұмыс сипаттамасы:

тік бұрышты тор жайманы жіп пен байдан қолмен тоқу;

тік бұрышты тор жайманы арқандап байлап немесе оларды машинада тігіп ұяшықтарға қосу;

делдің жиектерін қалпына келтіру, түзету;

тор жайманы арқан бойынша бөлу;

тор жайманы жөндеу;

тік бұрышты тор жайманың ақаулы жерлерін кесу, жыртылған ұяшықтарын байлау арқылы қалпына келтіру;

ақаулы құралды ауыстыру;

инелікті жіппен, баумен ине орағыш машинаның көмегімен орау;

тунец аулауға арналған қабаттың бөліктеріне арналған дайындаманы синтетикалық жіп пен болат қанаттан жасау, белгіленген өлшемді дайындамаға қажетті металл және полихлорвинил түтіктерді кесу, дайындаманы қылаудан тазарту;

бухталарды, өсімдікті және синтетикалық арқан мен бауларды қайта басу, орамын жазу, орауын ашу; қажетті өлшемді өсімдікті және синтетикалық арқан мен бауларды қолмен тарту, өлшеу, кесу (шабу); шығып кеткен ұштарын бекіту және дайындаманы бухтаға орау;

тор жайманың байламын, делдің байлауын жазу; жөндеуге түскен аулаудың тор құралдарын ашу;

аулау құралдарын такелаждау;

байламды орау матасымен қаптау;

тор құралдарды жөндеу үшін оларды ілгішке ілу және жөндегеннен кейін түсіру;

аулаудың тор құралдарын қолмен және механизмдердің көмегімен орау;

аулаудың ағаш-қаңқа құралдарын жасау және жөндеу үшін материалдар дайындау: шанышқы, шыбық (тал), ілмек, трал кляча, вентерге арналған катель, мереж;

аулаудың ағаш-қаңқа құралдарын тексеру және жөндеу сипатын айқындау, жөндеуге қажетті материалдарды таңдау, аулау құралдарын құралдардың көмегімен қолмен жөндеу, бүлінген бөлшектерді алып тастау және ауыстыру.

23. Білуге тиіс:

аулау құралдарын жасау және жөндеу кезінде қолданылатын материалдардың түрлері және олардың сапасына қойылатын;

арқан, бау, тор жайманың орамасын жазу ережесі мен тәсілдері;

тор жайманы байланыстыру және біріктіру тәсілдері, тунец аулауға арналған қабаттың бау бөліктерін біріктіру;

байламдар мен тор жайманы біріктірудің сапасына қойылатын талаптар;

аулау құралдарын жөндеудің ережелері мен тәсілдері және оларды жөндеу сапасына қойылатын талаптар;

қолданылатын механизмдер мен құралдардың құрылысы мен оларды пайдалану ережесі;

аулау құралдарын ілгіштерге ілу және ілмектерден алу тәсілдері.


Параграф 3. Аулау құралдарын жасау, 3-разряд


24. Жұмыс сипаттамасы:

«Геркулес» типті арқанның құрастырылған түрлерінен, болат қанат пен арқаннан қанаттық бұйымдарды (такелаждарды) жасау кезінде операцияларды орындау: қайта басу, қажетті өлшемді бухталардың орауын жазу, канатты өлшеу және қолмен кесу (шабу), құрастырылған, болат қанат пен арқанды балқыту;

өсімдік және синтетикалық қанаттан немесе баудан арқан бұйымдарын (такелаж) жасау кезінде операцияларды орындау: қажетті өлшемді қанат немесе бауды механизмдердің көмегімен өлшеу, өру арқылы, қанатты ұзарта отырып, огон жасау, уақытша және тұрақты таңба салу, өсімдік және синтетикалық қанаттан кранец, жүк торлар (парашют), мат пен саға жасау;

торкөзді, бау, қанат пен арқанды созу және керу;

қармақ (өзі ұстайтын) құралдар; пенопласт пен басқа материалдан станокта немесе қолмен аулауға арналған жабдықтар, сүңгуір жүкті, қалтқы, буй жасау;

кательде, вентерге арналған ағаш құрсауда, мережде құлып кесу;

сүңгуір жүктің, кухтыльдің делін және басқа жабдықтарды жеке-жеке қаптау, жіппен, трал иірме жібімен, баумен байлау, орау;

тік бұрышты қалыпты аулау құралдарының жеке бөліктерін қолмен жіптен немесе баудан өру;

ұяшықтарды есептеу және өлшеу;

тік бұрышты қалыпты аулау құралдарының жеке бөліктерін қолмен пішу;

арқанды шығырмен бекіту және керу;

тор жайма мен арқанға күрделі жөндеу жүргізу;

көздерін өру арқылы, фигуралы жамаулармен жамау және машинамен байлау арқылы күрделі қалыпты тор жайманың бүлінген жерлерін қалпына келтіру;

тоғыспа қанатты немесе бауларды ішінара алмастыру;

күрделі аулау құралдарының жөнделген жекелеген бөліктерін біріктіру және ұяшықтар жасау және оларды таңбалау;

тунец аулауға арналған қабатты құрастыру кезінде металл және полихлорвинил түтікті аралық тізгінге және ілмектің тізгініне орналастыру;

арнайы аспап пен өлшеу құралдарының көмегімен аралық тізгіннен және ілмектің тізгінінен огон жасау;

огонның металл түтіктерін қысқыш престе қысу;

металл бөліктерді майлау;

тунец аулауға арналған қабаттың жекелеген бөліктерін құрастыру сапасын бақылау;

тунец аулауға арналған қабаттың себеттері мен бөліктерін бухтаға, бума етіп, байлам етіп орау;

құралдың көмегімен қолмен сызбалар мен үлгілер бойынша ағаш-каркас құралдарын жасау;

аулаудың шыбықты құралдарын өру және жекелеген бөліктерін дельмен байлай отырып, қолмен біріктіру.

25. Білуге тиіс:

өсімдікті және синтетикалық қанат немесе баудан жасалған аулау құралдарына такелаж жасаудың тәсілдері мен ережесі:

аулау құралдарын жасау кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттері;

аулаудың жабдықтары мен құралдарын жасаудың әдіс-тәсілдері;

аулау құралдарын күрделі жөндеу тәсілдері мен ережесі;

тунец аулауға арналған қабаттың құрамдас бөлшектерін құрастыру технологиясы;

аулау құралдарының жекелеген бөліктерін пішу, байлау тәсілдері;

дайын бөліктерді жөндеу, таңбалау сапасына қойылатын талаптар;

тунец аулауға арналған қабаттың себеттері мен бөліктерін орау ережесі;

қыспа нығыздауыштардың мақсаты мен құрылысы.


Параграф 4. Аулау құралдарын жасау, 4-разряд


26. Жұмыс сипаттамасы:

«Геркулес» типті арқанның құрастырылған түрлерінен, болат қанат пен арқаннан қанаттық бұйымдарды (такелаждарды) жасау кезінде операцияларды орындау: механизмдердің көмегімен қажетті өлшемді канатты өлшеу және қолмен кесу (шабу); өру арқылы, қанатты ұзарта отырып, огон жасау; уақытша және тұрақты таңба салу; болат қанатты оқшаулау; сүңгуір жүк пен кранец, парашют, мат пен саға жасау;

қармақ (өзі ұстайтын) құрал-жабдықтарды, аулаудың тор және қанат құралдарын кешенді жасау;

баудан немесе қанаттан жасалған пішіні тік бұрышты емес аулау құралдарының жекелеген бөліктерін қолмен өру;

аулау құралдарын жасау үшін жіп, бау, немесе қанат таңдау;

қанат тралының қанатшаларын құрастыру, жасау;

аулау құралдарын жабдықтау бойынша және орналастыру жұмыстарын орындау;

тунец аулайтын қабаттардың себеттерін құрастыру;

хребтина мен буйреп секцияларында арнайы аспаптар мен өлшеу құралдарының көмегімен огон жасау;

жоғарғы тізгіннің кноптарын жасау, кноп жасағаннан кейін жіптің ұштарын өңдеу;

вертлюганы жоғарғы тізгіннің ұштарына бекіту;

жіп айқастырғыштарды, маркаларды жасау;

жоғарғы тізгінді аралық тізгінмен, және аралық тізгінді қармақтың тізгінімен қосу;

тізгін мен буйрептерді жотамен біріктіру;

тунец аулайтын қабаттардың себеттерін құрастыру сапасын және дұрыс құрастырылуын тексеру;

бөліктердің сіңдірілуінің сапасын және ажырату машинасының көмегімен тунец аулайтын қабаттардың құрамдас бөліктерінің беріктігін бақылау.

27. Білуге тиіс:

аулау құралдарының такелажын, жүк көтергіш торлар мен құрама арқан, болат қанат пен арқан жасаудың тәсілдері мен ережесі;

тік бұрышты қалыпты аулау құралдарының жекелеген бөліктерін байлау ережесі мен тәсілдері;

тунец аулайтын қабаттардың себеттері мен жекелеген бөліктерін құрастырудың технологиялық нұсқаулығы;

жота мен жоғарғы тізгінді жасауға арналған жіпті сіңдіру ерітіндісіне қойылатын талаптар;

аулау құралдарының сапасына қойылатын талаптар;

қолданылатын жабдықтың құрылысы мен оны пайдалану ережесі.


Параграф 5. Аулау құралдарын жасау, 5-разряд


28. Жұмыс сипаттамасы:

тік бұрышты емес аулау құралдарының жекелеген бөліктерін қолмен пішу, ұяшықтар жасау;

арқан тралын құрастыру;

құрастыру сапасы мен дұрыс жинақтауды тексеру;

аулаудың тор және қанат құралдарын кешенді жасау.

29. Білуге тиіс:

аулау құралдарының такелажын жасаудың тәсілдері мен ережесі;

тік бұрышты емес аулау құралдарының жекелеген бөліктерін пішу және біріктірудің ережесі мен тәсілдері;

аулаудың тор және арқан құралдарын жасаудың технологиялық схемасы;

аулау құралдарының сапасына қойылатын талаптар;

қолданылатын жабдықтың құрылысы мен оны пайдалану ережесі.


4. Балық пен теңіз өнімдерінен тағам жасаушы аспаз


Параграф 1. Балық пен теңіз өнімдерінен тағам

жасаушы аспаз, 1-разряд


30. Жұмыс сипаттамасы;

балық пен теңіз өнімдерінен аспаздық тағам жасау кезінде қосымша операцияларды орындау;

дайын аспаздық тағамдарды тасымалдауышқа, табаға салу үшін бос қалыптар мен басқа да тұтынушылық орамаларды әперу;

шлангымен балық, креветка, кальмар, балдыр мен басқа да теңіз өнімдерін жуу;

балықтың сүйектерін алу;

жұмыртқа тазалау;

мұздатылған тұшпараны қаңылтыр қабаттан, табадан қол құралының көмегімен ажырату;

дайын балық тағамы батонындағы жіп пен целлофанның артығын алу;

толық банкаларға полимер материалдардан жасалған қақпақты қолмен жабу;

полимер материалдардан жасалған пакеттерге гуммирленген таспа жабыстыру.

31. Білуге тиіс:

жартылай дайын өнімдер мен аспаздық бұйымдардың негізгі қасиеттері;

балық пен теңіз өнімдерін жуу ережесі;

банкаларға полимер материалдардан жасалған қақпақты қолмен жабу ережесі және дайын өнім салынған пакеттерді желімдеу;

аспаздық тағам жасау кезінде қосымша операцияларды орындау тәсілдері.


Параграф 2. Балық пен теңіз өнімдерінен тағам

жасаушы аспаз, 2-разряд


32. Жұмыс сипаттамасы:

балық котлетін, тефтель, фрикаделька және басқа да осыған ұқсас тағамдарды қалыптау;

балықты, котлета, балық таяқшаларын және балық пен теңіз өнімдерінен жасалған басқа да жартылай дайын өнімдерді аунату;

криль, креветка пасталарының брикеттерін, майды қолмен үлестіру;

шұжықты қалыптау үшін, фарш толтырылған қаптаманы жіппен орау;

шикізатты, жартылай дайын өнімдерді, қосымша материалдар мен дайын өнімді механикалық таразыда өлшеу;

кейіннен өңдеу үшін табаға шикі балық, балық шұжығын, зельец, фаршталған балық және батон етіп жасалған балық тағамдары бұйымдарын салу;

ыдысқа қолмен пирожки, пончик, котлета, тефтель, салат, тұздық, палау, әр түрлі фарш, паста, кит етін және балықтан жасалған басқа да тағамдарды салу;

балық пен теңіз өнімдерінен, креветка, уылдырық, селедка майынан, кесілген майшабақтан жасалған аспаздық тағамдарды шағын тұтыну қапшықтарына орап салу;

шағын тұтыну қапшықтарына орап салынған дайын аспаздық бұйымдарды табаға, жәшікке салу.

33. Білуге тиіс:

фарш дайындаудың белгіленген рецептурасы және оның құрамдас бөліктері;

балық пен теңіз өнімдерінен жасалған аспаздық тағамдарды өлшеу, қалыптау, аунату, ыдыстарға салу ережесі.


Параграф 3. Балық пен теңіз өнімдерінен тағам

жасаушы аспаз, 3-разряд


34. Жұмыс сипаттамасы:

котлета, тефтели, фрикаделька, шұжық, тұшпара, фаршталған балық және басқа да аспаздық бұйымдарды, бәліш пен самсаның ішіне салатын өнімдерді қолмен немесе машинамен ұсақтап турау, араластыру, былғау;

балық котлетін, фрикаделькалар мен басқа да тағамдарды машинамен қалыптау;

балық шұжығының батонын, фаршталған балық, бекіре тұқымдастар мен арқан балықтан басқа балықтың барлық түрлерінен зельцті қолмен немесе шнек шприцтің көмегімен қалыптау;

шпагат жіппен орап байлау, рейкаға, шыбыққа, балық аспаздығының батон клеттеріне ілу және одан алу;

бекіре тұқымдас балықтардың пісірілген бастары мен сіңірлерін іріктеу және ұсақтау;

криль және креветка пасталарының брикеттерін, майды кесу машиналарында үлестіру;

аспаздық тағамдарды жасау үшін компоненттерді мөлшерлеу, ұсақтау, араластыру;

балық пен теңіз өнімдерінен салат, паштет, креветка, селедка және уылдырық майын, кесілген майшабақ жасау;

льезон дайындау;

балық пен теңіз өнімдерінен аспаздық тағам пісіру;

қалыптарға немесе табаға пісірілген балық, теңіз өнімдерін және басқа да жартылай дайын өнімдерді, сондай-ақ тұздықталған тағамдар мен басқа да деликатестік тағамдарды пісіру үшін қолданылатын көкөністер, дәмдеуіштер, жұмыртқа, лимон және басқа да тағам бұйымдарын салу және оларға қолмен ланспиг, соус, маринад құю;

дайын аспаздық бұйымдарды электронды таразыда өлшеу, оларды толықтырғыш автоматта шағын тұтыну қапшықтарына орау, аспаздық тағамға жартылай автомат және автомат машиналарда соус, маринад құю;

бәлішті, кулебяканы, батон етіп қалыпқа түсірілген балықтан басқа, қуырылған, пісірілген және фаршталған балықты ыдысқа салу;

шағын тұтыну қапшықтарына салынған аспаздық тағамдарды машинамен жабу.

35. Білуге тиіс:

фарш, салма, салат, паштет, паста дайындау технологиясы, аспаздық бұйымдарды қалыптау;

орау, соус құю, ыдыстарға салу ережелері;аспаздық тағамдарды жылумен өңдеу процессін жүргізу тәсілдері;

қолданылатын машиналар мен жабдықтардың құрылысы мен оларды пайдалану ережесі;

шикізат пен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.


Параграф 4. Балық пен теңіз өнімдерінен тағам

жасаушы аспаз, 4-разряд


36. Жұмыс сипаттамасы:

балық пен теңіз өнімдерінен деликатес аспаздық тағамдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды орындау;


бекіре және арқан балық тұқымдас балықтардан жасалған деликатес аспаздық тағамдарды қалыптау, орау;

балықтың теш, пласт және сүбесінен орама жасау;

фаршталған балық дайындау, балық терісіне фарш, балық етін немесе сүбе толтыру;

балық пен теңіз өнімдерінен жылумен өңдей отырып, тұздық, палау және басқа да осы сияқты тағам түрлерін, түрлі балықтың уылдырығынан жасалған аспаздық тағамдарын дайындау;

балыққа құю үшін мөлдір сорпа дайындау (ланспиг);

тұздық бұйымдарын өндіру кезінде тұздық дайындайтын салқындатқыш агрегатқа қызмет көрсету;

балық ұн тағамдары бұйымдарын дайындау: бәліш, кулебяка, чебурек, пирожки, пончик, тұшпара;

белгіленген рецептураға сәйкес қолмен немесе машинамен қамырдың әр түрлі түрлерін (ашытқылы, қабатты және тағы басқа.) илеу;

қамырдың кесуге және пісіруге даярлығын органолептикалық көрсеткіштері бойынша белгілеу;

ұн өнімдеріне қажетті қалып беру (қалыптау);

балық пен ұннан тағам әр түрлі жүйелі пештерде пісіру;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша пісіру температурасын реттеу, бұйымның пісу уақытын айқындау;

тұшпара, пончик, пирожки, балық таяқшалары, және басқа да балық ұн тағамдарды жасау жөніндегі автоматтарға қызмет көрсету;

деликатес және балық-ұн аспаздық тағамдарының әр түрлі түрлерін көркем ресімдеу.

37. Білуге тиіс:

балық, уылдырық пен теңіз өнімдерінен деликатес аспаздық тағамдарды дайындау технологиясы;

балық-ұн аспаздық тағамдарын дайындау технологиясы;

фарштау операцияларын орындау тәсілдері;

қолданылатын жабдықтың құрылысы мен оны пайдалану ережесі;

шикізат пен дайын өнімнің сапасына қойылатын стандарттық талаптар;

деликатес және балық-ұн аспаздық тағамдарының әр түрлі түрлерін көркем ресімдеу тәсілдері

Бекіре және арқан балық тұқымдастарынан деликатес тағам өнімдерін жасау жұмыстарын орындау кезінде - 5-разряд.


5. Марь өсіруші


Параграф 1. Марь өсіруші, 2-разряд


38. Жұмыс сипаттамасы:

жағалауда астау, бассейн, бау, коллектор, жүзу құралдарын, субстрат-қалтқыларды, тасымалдауыш арқанды, жөндеу, тазалау және күрделілігі жағынан осыған ұқсас, теңізөрбітпе нысандарын (теңіз балдыры, омыртқасыздарды) өсіруге арналған керек-жарақты, құралдар мен бөлшектерді дайындаумен байланысты қосымша жұмыстарды орындау;

субстрат-қалтқыларды сулау және кептіру;

сүңгуір жүктерді қалтқыға байлау;

теңізөрбітпе нысандарын өсіруге арналған жабдықты жағалауда бөлшектеу.

39. Білуге тиіс:

теңізөрбітпе нысандарын өсіруге арналған керек-жарақтың, құралдар мен бөлшектердің құрылысы мен мақсаты;

теңізөрбітпе нысандарын өсіруге арналған керек-жарақты және құрылғының бөлшектерін жөндеу, жуу және тазалау жұмыстарын орындау тәсілдері.


Параграф 2. Марь өсіруші, 3-разряд


40. Жұмыс сипаттамасы:

теңізөрбітпе нысандарын біліктілігі анағұрлым жорғары марь өсірушінің басшылығымен өсіру;

аналық қабатын кептіру және спораның шығуына әсер ету үшін оларды ілу;

балдырдың өскіндерін жағалауға отырғызу;

теңізөрбітпені өсіру үшін құрылғының бөлшектерін жағалауда монтаждау, оларды кухтыльмен, пенопласт қалтқымен және тағы басқа қалқыма құралдармен жабдықтау;

бекітудің әр түрлі тораптарын байлау;

бухтадан қанатты жазу, керу, өлшеу, кесу, оны шетін балқытып немесе күйдіре отырып, қажетті өлшемге дейін шабу;

рама, қармақ, сүңгуір жүк, пикуль, коллектор, бау, гирлянда-бау, және гирлянда-коллектор, бауға арналған қаңқа және күрделілігі жағынан осыған ұқсас құрылғылардың жабдықтарын, керек-жарақтары мен бөлшектерін жасау.

41. Білуге тиіс:

балдырларды споралау биотехникалық процессінің негіздері;

балдырдың өскіндерін жағалауға отырғызу және спораның шығуына әсер ету үшін аналық қабатын кептіру технологиясы;

өсіру нысандарымен жұмыс ережесі; қолданылатын құрылғылардың жабдықтарын, керек-жарақтары мен бөлшектерін жасау, бекітудің әр түрлі тораптарын байлау тәсілдері;

қолданылатын құрылғылардың құрылысы мен оларды пайдалану ережесі.


Параграф 3. Марь өсіруші, 4-разряд


42. Жұмыс сипаттамасы:

теңізөрбітпе нысандарын өсіру;

теңізөрбітпе алқаптарын күту;

омыртқасыздардың балғындары мен балдырлардың өскіндерін ыдырату, құрастыру;

теңізде өсірудің әр түрлі кезеңдерінде теңізөрбітпе нысандарын отырғызу;

теңізөрбітпе нысандарын өсіру кезінде оларды қоректендіру, қажетті температураны, жарық пен басқа да шарттарды сақтау;

балдырдың аналық қабатын жинау және дайындау;

субстрат-қалтқыларды споралау және оны теңізге ілу процессін жүргізу;

теңіз жағдайында көлденең арқанды, субстрат-қалтқыны, кергіштерді, бауларды өскіндерден тазарту;

балдыр өсіруге арналған құрылғыларды теңізде монтаждау, демонтаждау және жөндеу, зәкір қою, көлденең арқан мен тік кергіштерді бекіту;

омыртқасыздарды өсіруге арналған гирлянда-баутар мен гирлянда-коллекторларды орнату;

өнімді жинау, теңізөрбітпе нысандарын сұрыптау және орау;

теңізөрбітпе нысандарын өсірудің қарқындылығы мен кезеңдеріне байланысты негізгі арқандардың орналасу тереңдігін реттеу;

қосымша қалтқы құралдарын байлау және алу;

балдыр дайындаған кезде - біліктілігі анағұрлым жоғары дайындаушының басшылығымен кәсіпшілік жабдықтарды балдыр дайындау кезеңінің басына дайындау;

балдыр кәсіпшілігі кезінде аулау құралдарын бақылау;

балдырды табиғи жағдайда кептіру, кептірілген балдырлардың ылғалдығын тексеру, оларды орау және қабылдау пункттеріне тапсыру;

маусымаралық кезеңде қолданылатын механизмдерге алдын алушылық жөндеу жүргізу.

43. Білуге тиіс:

теңізөрбітпе нысандарын өсірудің негізгі биологиялық процессі;

балдырлар мен омыртқасыздарды өсіруге арналған жабдықтардың, сондай-ақ балдырларды дайындауға пайдаланылатын жабдықтардың құрылысы және оларды пайдалану ережесі;

балдырларды споралау және отырғызу технологиясы;

теңізөрбітпе нысандарын оларды өсірудің түрле кезеңдерінде споралау және отырғызу технологиясы, қолданылатын жабдықтардың бөлшектерін тазалау жұмыстарын орындаудың тәсілдері мен мерзімі;

балдырлар мен омыртқасыздарды теңізде өсіруге арналған құрылғыларды монтаждау және бөлшектеу тәсілдері;

негізгі арқанның орналасу тереңдігін реттеу тәсілдері;

малту құралдарын басқару тәсілдері; балдыр кәсіпшілігі аудандары туралы мәліметтер;

балдырлардың түрлері мен оларды дайындау ережесі;

аулау құралдарымен жұмыс істеу ережесі;

дайындау орнында қаңқаны орнату тәсілдері;

тапсырылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;

қолданылатын механизмдерді жөндеудің тәсілдері мен ережесі.


Параграф 4. Марь өсіруші, 5-разряд


44. Жұмыс сипаттамасы:

балдырларды дайындау бойынша жұмыстар кешенін орындау;

кәсіпшілік жабдықтарын дайындау маусымының басталуына орай дайындау;

балдыр кәсіпшілігін жүргізу;

судың келуі мен кетуін, толқындар мен желдің бағыты мен қуатын, қалтқылар мен кәсіпшілік құралдарының жай-күйін бақылау;

жүзу құралдарын басқаруға қатысу, олардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою;

балдырды қалқымалау;

балдырлардың ылғалдылығын тексеру үшін кептірілген балдырлардың сынамасын алу;

кәсіпшілік жабдықтары мен жүзу құралдарын дайындау және сақтауға тапсыру.

45. Білуге тиіс:

теңізөрбітпе нысандарын өсіру биологиялық процессінің негізі;

жүзу құралдарын басқару тәсілдері;

балдыр кәсіпшілігі аудандары туралы мәліметтер және оларды дайындау ережесі;

аулау құралдарымен жұмыс істеу ережесі;

теңіз түбінің, ағын тереңдігінің рельефтік ерекшелігі;

балдыр дайындау тәсілдері;

балдырлардың сапасын тексеру үшін олардың сынамасын алуға қойылатын талаптар;

жүзу құралдарының құрылысы және оларды пайдалану ережесі, оларды теңізге орнату тәсілдері.


6. Ішкі су қоймаларының машиналары

мен механизмдерінің машинисі


Параграф 1. Ішкі су қоймаларының машиналары

мен механизмдерінің машинисі, 3-разряд


46. Жұмыс сипаттамасы:

ішкі су қоймаларының машиналары мен механизмдерінің көмегімен механикаландырылған жұмыстарды орындау;

белгіленген рецептура бойынша жекелеген компоненттердің дұрыс арақатынасын сақтай отырып, балықтарға арналған қорек дайындау кезінде қорек араластырғышты басқару;

дезқұрылғылардың көмегімен балық өсіру жабдықтары мен гидротехникалық құрылғыларды дезинфекциялау;

су толтырылған тоғанның қамысын қамыс орғышпен ору;

су қоймаларындағы суды буландыру;

көтеріп тасымалдау машиналары мен механизмдерін басқару;

әр түрлі тасымалдау құрылғыларында жүкті шаруашылық ішінде тасымалдау;

жүзу құралдары мен қорек үлестіргішті тасымалдау және суға жіберу;

су қоймаларын тереңдету және топырақ сорғыш құрылғылардың көмегімен мелиоративті желіні тазалау;

қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдердің жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, алдын алу және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысу.

47. Білуге тиіс:

қорек компоненттерінің түрлері;

қорек қоспасын дайындау рецептурасы мен тәсілдері;

балықтарға арналған қоректің сапасына қойылатын талаптар;

су қоймасы түбінің рельефі;

қолданылатын механизмдерді тасымалдау және суға түсіру тәсілдері;

қолданылатын машиналардың құрылысы мен мақсаты;

іштен жану қозғалтқыштарының, электр қозғалтқыштардың жұмыс қағидаты;

машиналар мен механизмдердің жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.


Параграф 2. Ішкі су қоймаларының машиналары

мен механизмдерінің машинисі, 4-разряд


48. Жұмыс сипаттамасы:

өнімділігі 1500 кг/сағ агрегаттарда түйіршектелген қорек дайындау;

шнек араластырғышқа көк масса мен дақылдың түсуін, массаның кептіру барабанына түсуін және түйіршіктегіштің жұмысын бақылау;

агрегаттың жекелеген тораптарына қызмет көрсетумен айналысатын біліктілігі анағұрлым төмен машинистердің қызметін үйлестіру;

қолданылатын машиналар мен механизмдердің өзара әрекеттестігін, синхрондылығы мен жұмыс сапасын тексеру;

балықтарды жылы сулы шаруашылықтарда бауда және бассейнде қоректендірген кезде түйіршіктелген қоректі жылжымалы үлестіргіштерді басқару;

автоматты қорек үлестіргіш құрылғыларды орнату және реттеу, баптау;

арнайы құрылғының көмегімен балықты санитарлық-алдын ала өңдеу;

қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдердің жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, алдын алу және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу.

49. Білуге тиіс:

қорек компоненттерінің түрлері және олардан түйіршіктелген қорек дайындау тәсілдері;

қолданылатын жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесі;

қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдердің жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, алдын алу және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу тәсілдері.

Өнімділігі 1500 кг/сағ артық агрегаттарда түйіршектелген қорек дайындау - 5-разряд.


7. Балық кәсіпшілігі машиналары

мен механизмдерінің машинисі


Параграф 1. Балық кәсіпшілігі машиналары

мен механизмдерінің машинисі, 3-разряд


50. Жұмыс сипаттамасы:

балық кәсіпшілігі машиналарын (ау таңдайтын, ау жинайтын) және әр түрлі жүйелі жетекті шығырларды ау, қармақ, арқан тартқан кезде біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен іштен жану қозғалтқыштары мен электр қозғалтқыштарынан басқару;

балық кәсіпшілігі машиналары жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жоюға қатысу;

слесарлық жұмыстарды орындау;

қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдерді тазалау және майлау.

51. Білуге тиіс:

балық кәсіпшілігі машиналарының, іштен жану қозғалтқыштары мен электр қозғалтқыштары мен басқа да механизмдердің жұмыс қағидаты мен оларды пайдалану ережесі;

аудың жұмыс қағидаты;

слесарлық іс негіздері.


Параграф 2. Балық кәсіпшілігі машиналары

мен механизмдерінің машинисі, 4-разряд


52. Жұмыс сипаттамасы:

балық кәсіпшілігі машиналарын (ау таңдайтын, ау жинайтын) және әр түрлі жүйелі жетекті шығырларды ау, қармақ, арқан тартқан кезде іштен жану қозғалтқыштары мен электр қозғалтқыштарынан басқару. балық кәсіпшілігі машиналары мен механизмдердің ауды ілу және жинақтаудың әр түрлі сәттерінде өзара байланысының анағұрлым тиімді нұсқаларын айқындау;

балық кәсіпшілігі машиналары мен механизмдердің жұмысындағы ақаулықтарды слесарлық жұмыстарды орындау арқылы, балық аулау маусымдары аралығында алдын алу және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы анықтау және жою.

53. Білуге тиіс:

балық кәсіпшілігі машиналарының, іштен жану қозғалтқыштары мен электр қозғалтқыштары мен басқа да механизмдердің құрылысы;

қолданылатын механизмдердің жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері;

балық кәсіпшілігі машиналары мен механизмдердің ауды ілу және жинақтаудың әр түрлі сәттерінде өзара байланысының нұсқалары.


8. Теңіз аңын өңдеуші


Параграф 1. Теңіз аңын өңдеуші, 2-разряд


54. Жұмыс сипаттамасы:

теңіз аңы тушасын, хоровина, терісін, шелегін, етін, қауғаға, стамбқа, каплерге салу;

каплерді байлау және шешу; қауғаны ашу және жабу;

теріні, хоровинаны тасымалдауыштан үстелге салу;

керек-жарақ пен жабдықты тазалау және жуу.

55. Білуге тиіс:

қолданылатын шикізаттың, жартылай дайын өнімдер мен материалдардың негізгі қасиеттері;

қолданылатын жабдықтың мақсаты, оны тазалау, жуу және булау ережесі мен тәсілдері.


Параграф 2. Теңіз аңын өңдеуші, 3-разряд


56. Жұмыс сипаттамасы:

теңіз аңының терісін сыпырып, бөлшектегеннен кейін өңдеу;

теңіз аңының еті мен майын чанда тұздау;

хоровинаны, тері мен ет бөлшектерін астауда жеке-жеке щеткамен жуу; хоровинаны, бауыр, ет пен майды сулау;

бөлшектерді тұзбен ысқылау, реттеп қою, тұз себу;

ет, май мен бауырды тұздаған кезде олардың бұзылғанын алып тастау;

теңіз аңы шкварасын, шелегасын, баткакасын, терісін қолмен немесе механикаландырылған престе нығыздау және сығу;

теңіз аңының етін мұздатқыш камераларда мұздату;

теріні тұздау астауынан түсіру;

теңіз аңы тушасын өлшеу;

теріге бирка ілу және таңбалау;

майды ыдысқа қолмен құю.

57. Білуге тиіс:

теңіз аңын бөлшектегеннен кейін өңдеудің ережесі мен тәсілдері;

тұздың консервілеуші қасиеттері;

теңіз аңын мұздатудың температуралық режимі;

хоровинаны, еті пен майды және теңіз аңының басқа да өнімдерін жуу, сулауға қойылатын талаптар;

жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар;

қолданылатын жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесі.


Параграф 3. Теңіз аңын өңдеуші, 4-разряд


58. Жұмыс сипаттамасы:

теңіз аңы тушасын кемеден, бунақтан кранның, блоктың, шығырдың, тасымалдауыштың көмегімен немесе қолмен түсіру;

теңіз аңының етін қолмен бөлу, кесу;

тушадан басы мен жарғақ аяғын шабу;

сіңір мен омыртқаның қалдықтарын алып тастау;

ет пен майды бөлшектеп кесу;

теңіз аңы етін тұздау чаны мен қобдидан қолмен шығару;

теріні кесу, шел мен тыртықтың шеттерін тазалау;

теріні барабанда илеу, оларды үгіндіден машинада немесе қолмен тазалау;

штабельді хоровинмен немесе терімен бөлшектеу, хоровинаны, теріні тұздан тазарту, теріні алаңға, стеллажға және сұрыптау үстеліне жаю;

терінің санын есептеп және есептемей тасымалдау және қатарлап жаю;

майды ыдысқа машинаны қолдана отырып құю.

59. Білуге тиіс:

теңіз аңын кеме трюмінен, бунақтан түсіру ережесі;

теңіз аңының етін қолмен бөлу, кесу ережесі мен тәсілдері;

теңіз аңын чан мен қобдидан қолмен шығару ережесі;

теңіз аңын бөлшектеу сапасына қойылатын талаптар;

қолданылатын жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесі.


Параграф 4. Теңіз аңын өңдеуші, 5-разряд


60. Жұмыс сипаттамасы:

теңіз аңын өңдеудің технологиялық процессінің барлық кешенді жұмыстарын орындау;

еңіз аңы етінің сапасын сырттай қарап анықтау және оның сортын белгілеу;

теңіз аңын машинамен кесу, бөлшектеу;

асқа салатын тұзды, соданы, нафталин, кремний фторлы натрий және басқа да консервілеуші заттарды пайдалана отырып немесе теріні алдын ала тұзды ерітіндімен (тұздықпен) өңдеп алып консервілеу процессін жүргізу;

терінің шелді бетінің бәріне тұз, консервілеуші қоспаны қолмен үстелдің үстінде немесе арнайы механикалық құрылғыда жағу;

теріні консервілеу және сақтау сапасын қамтамасыз ету мақсатында теріні тұздау немесе тұз себу;

теріні астауға, бөшкеге салу және одан шығару;

теріге тұздық құю;

консервілеуші қоспа құю.

61. Білуге тиіс:

теңіз аңын өңдеудің толық кешенінің технологиялық процессі;

теңіз аңын машинада бөлшектеу ережесі;

теңіз аңы етінің сапасына қойылатын талаптар;

тері түржиыны мен сорты;

теріні консервілеу тәсілдері және оны сақтау ережесі;

қолданылатын жабдықтың құрылысы және оны пайдалану ережесі.


Параграф 5. Теңіз аңын өңдеуші, 6-разряд


62. Жұмыс сипаттамасы:

теңіз аңының терісін сыпыру, теріні ет пен майдың қалдықтарынан тазалау; жарғақтарын кесу және аяқтарын алып тастау;

қолданыстағы стандарттарға сәйкес барлық түрлі теңіз аңының терісін сорты, тобы, салмағы, ақаулықтарының түрі бойынша сұрыптау;

теңіз аңы терісінің оның тірі кезіндегі кінәраттары мен өндірістік кінәраттарын анықтау, бағалау және есепке алу; терінің түктілігін, түк қабатының сапасын, көлемі мен салмағын және оның өндірістік мақсатын анықтау;

тиеу үшін тері партиясын жинақтау;

теңіз аңының терісін шелдеу машинасында немесе қолмен пышақпен шелдеу;

теріні түзеткішке керу және оны керілген жерлерін бекіту.

63. Білуге тиіс:

теңіз аңы терісінің оның тірі кезіндегі кінәраттары мен өндірістік кінәраттары;

теңіз аңы терісін сұрыптау және сапасын бағалау ережесі;

теңіз аңының түрі, жынысы мен жасына байланысты терінің қасиеттері мен құрылысы;

шелдеу процессінің техникасы мен тәсілдері;

былғары және үлбір шикізаттардың сапасына қойылатын талаптар;

қолданылатын жабдықтардың құрылысы мен оларды пайдалану ережесі.


9. Балық пен теңіз өнімдерін өңдеуші


Параграф 1. Балық пен теңіз өнімдерін өңдеуші, 1-разряд


64. Жұмыс сипаттамасы:

балық, краб, уылдырық пен теңіз өнімдерін өңдеу кезінде қарапайым қолмен орындайтын операцияларды орындау;

бос ыдыстарды өлшеу;

бос бөшкелерді соғу, жиектеу;

бос бөшкелерді, бос банкаларды қатарлап орналастыру, қатарларды бөлшектеу;

бос бөшкелерге дәмдеуіш қоспа себу;

тұздау ыдыстарын оқшаулау материалымен, рогожамен, матпен, тақтайлармен, балластпен орау және оларды алу;

рамаларды, рейкалар мен шыбықтарды күйе мен күйіктен тазалау, тазаланған рейкалар мен шыбықтарды жинақтау;

консервілі банкаларды қолмен жуу және сүрту;

уылдырық салынған бөшкелердің темір құрсауларын лактау, үйіту лампасымен кептіру және бөшкенің түбін шүберекпен сүрту;

полимер материалдардан жасалған жапсырмаларды бөшкелерге салу;

бөшкеге шкант қағу;

толтырылған шөлмектерді, бутыльдерді, банкаларды тығынмен немесе қақпақпен қолмен жабу;

балық салынған бумаларды, қанарды, себетті қолмен тігу;

балықты табиғи түрде мұздатуға арналған алаң дайындау.

65. Білуге тиіс:

жұмыс барысында пайдаланылатын шикізат, жартылай дайын өнімдер мен материалдардың негізгі қасиеттері;

балық пен теңіз өнімдерін өңдеу операцияларын орындаудың ережесі мен тәсілдері;

шикізат, жартылай дайын өнімдер мен материалдарға қойылатын негізгі талаптар.


Параграф 2. Балық пен теңіз өнімдерін өңдеуші, 2-разряд


66. Жұмыс сипаттамасы:

балық пен теңіз өнімдерін, уылдырықты өңдеу кезінде күрделі емес технологиялық және қосымша операцияларды орындау;

дәрумендер алу кезінде балықтың ішек-қарнын сұрыптау. техникалық өнім жасау кезінде балықты бөлшектерге бөлу;

теңіз балдырларын сулау және мұзды жуу;

уылдырық салынған бөшкелердің темір құрсауын лактау;

агар тұздығын құю;

мұздатылған брикетті пергамент қағазға орау;

шыны банкалар мен қақпақтарды электр шкафта қыздыру;

балықты дефростерге салу;

тиісті құжаттаманы ресімдей отырып, шикізатты, жартылай дайын өнім мен материалдарды өлшеу;

балықты табиғи жолмен мұздатқан жағдайда балықты алаңға жаю және оны жинау;

балықты бөшкеден, астаудан, контейнерлерден қолмен немесе механизмдердің көмегімен түсіру;

балықтың тасымалдауыштарға, гидротасымалдағыштар мен басқа да тасымалдау құралдарына түсуін реттеу;

консервілі банкаларды колонна етіп қатарлау және колоннаны бұзу;

балық салынған қанар мен қаптарды машинамен тігу;

пленканың және ұйыған қан қалдықтарын кетіре отырып, щетка, қырғыш, мочалканың көмегімен балықты қолмен жуу;

тірі балықты, теңіз өнімдері мен мұзды шлангамен жуу;

қолданылатын жабдықтар мен керек-жарақтарды тазалау, жуу және булау.

67. Білуге тиіс:

балық пен теңіз өнімдерін, уылдырықты технологиялық өңдеудің тәсілдері мен ережесі;

балық пен теңіз өнімдерін, мұзды жуу тәсілдері мен ережесі;

консервілі банкаларды қатарлап тізу және оларды сұрыптау;

қолданылатын жабдықтар мен керек-жарақтардың мақсаты, тазалау, жуу және булау ережесі мен тәсілдері.


Параграф 3. Балық пен теңіз өнімдерін өңдеуші, 3-разряд


68. Жұмыс сипаттамасы:

балықты өңдеу кезінде: балықты өңдеу және жинау жұмыстарын қолмен немесе механизмдердің көмегімен орындау;

қатарламай қоя отырып, чанда немесе бөшкеде тұздау; бекіре және арқан тұқымдас балықтардан басқа, балықтың барлық түрлерін сүрлеу, қақтау үшін, консерві мен пресервілер үшін татымды және аста қолданылатын тұзбен тұздау;

тұздау үшін татымды қоспа, тұздық жасау;

балықты тұзбен, сарымсақпен ысқылау, толтыру және қаптау;

балықты тұздау ыдыстарына салу және оны қолмен жиектеу;

балықты дефростаттау және астауда сулау, балықты табиғи жолмен кептіру, қақтау: балықты торға, стеллажға, сүзгіге, брезентке жаю және жинақтау;

шпагатқа, рейкаға, шыбыққа, қадаға түйрелген балықты алу;

аққайраңды таспалап тілу және оны сіңірден тазалау, тілінген аққайраңды кептіру, ширатпамен орау, сұрыптау және орау;

желім ерітінідісін дайындау: балықтың қабыршағы мен желқабығын сулау және жуу, пісіру қазандарына салу және одан алу, балық қабыршақтарын өңдеу және құрғақ балық желімін дайындау;

ұсақ қызыл балық пен балық қалдықтарын натрий пиросульфитімен консервілеу;

балық пен балық тіліктерін қолмен немесе машинада аунату;

балықты машинада жуу;

бос банкалар мен қақпақтарды сұрыптау, іріктеу, қабылдау, калибрлеу және ақауын анықтау;

балық пен балық тіліктерін түрлері мен көлемі бойынша сұрыптау;

балықты кілегейден тазалау, өңдегеннен кейін қабыршақтарының қалдықтарын қабыршақты тазалау машинасында тазалау;

балықты бөшкеге, қанарға, бауларға, жәшіктерге қолмен немесе орналастырғыштың көмегімен ретсіз салу және қайталап салу;

консервілі және пресервілі банкаларды ашу;

балық салынған ыдысқа шлангымен тұздық, соус, маринад, натрий бензой-қышқылы ерітіндісін, май құю;

балықтың молкасы мен бауырын сұрыптау және жуу;

консерв дайындау үшін арқан тұқымдас балықтың қанатшаларын жинау және өңдеу;

бекіре тұқымдас балықтардың бауырын бөшкелерге салу және тұз себу;

бактағы, қазандағы майды отпен қыздыру арқылы газ немесе электр плитада қыздыру.

теңіз өнімдерін өңдеу кезінде: теңіз балдырын, теңіз қырыққабатын
  1   2



Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (16-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (16- шығарылым) «Медициналық...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым) «Полимерлі материалдар өндірісі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (12-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (12- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Ремиз-берд өндірісі»...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (13-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (5 шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Қаңылтыр-банкі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (33-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (33 шығарылым) «Жасанды тері жасау өндірісі» бөлімінен...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (63-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (63-шығарылымы) (бұдан әрі бтба) «Қала, ауыл және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (62-шығарылымы) (бұдан әрі бтба) «Тұрмыстық...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым) iconТарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Жарнамалық-безендіру...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (18-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) (18-шығарылымы) «Синтетикалық...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым) iconТарифтік біліктілік анықтамалығы (35-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (35-шығарылым) «Төлкелі ағаштың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы