|
2 ![]() ![]() ![]() № ![]() ![]() № ![]() ![]() ![]()
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы ақпандағы № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 21, 269-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар): «Ағымдағы ахуалды және денсаулық сақтау саласының даму үрдістерін талдау» деген 2-бөлімде: 1-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету. Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі параметрлері»; 2-кіші бөлімнің он сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «БҰДЖ енгізу шеңберінде Министрлік түпкілікті нәтижеге және әрбір нақты ауруды емдегені үшін нақты шығыстарға ақы төлеуге, сапаны бағалау негізінде ақы төлеуге, медициналық қызметтерге ақы төлеудің ашықтығына бағдарланған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) қаржыландырудың жаңа моделін енгізді, сондай-ақ пациенттің дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауы енгізілді»; «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімнің «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын: «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген 4-бөлімде: «Функционалдық мүмкіншіліктерді дамыту бойынша ДСМ іске асыратын іс-шаралары» және «Іске асыру мерзімі» деген бағандарда: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «
»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «
»; «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлім осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов |