|
Астана, Үкімет Үйі ![]() 2 ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() № ![]() ![]() Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар: 1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет 1 ақпанға және 1 тамызға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 54, 595-құжат); 2) «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды жетілдіру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шілдедегі № 773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 236-құжат). 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов |