|
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасында жалпы орта білім беретін ұйымдары көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі. 4. Аталған қызмет денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе үнемі білім беру ұйымдарына бару мүмкіндігі жоқ жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) ұсынылады. 5. Білім беру ұйымының жеке тегін үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады. ^ 6. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ке дейін жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және жедел рәсімдеу қарастырылмаған. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – үш жұмыс күні. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік қызмет-тен бас тартады. ^ (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы 10.Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды білім беру ұйымына ұсынады. 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар тапсырылған жағдайда, білім беру ұйымы тұтынушыға Стандарттың 14-тармағында көрсетілген мәліметтерді көрсетумен қажетті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат береді. 12. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функ-ционалдық бірліктер қатысады: 1) білім беру ұйымының маманы; 2) білім беру ұйымының басшысы. 13. Әрбір әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр құрылымдық-функционалдық бірліктер әкімшілік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген. 14.Мемлекеттік қызмет көрсету және құрылымдық функциональдық бірліктер үрдісінде әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген. ^ лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі 15. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданатын шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.
Әрекетінің сипаттамасы бірліктердің әрекеттерінің сипаттамасы
Функционалдық өзара әрекет ету сызбасы 3. Маман Ұсынылған құжаттардың толымдығын тексеру және үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрықтың жобасын дайындау, Қызмет көрсетуден бас тарту туралы бұйрықтың немесе дәлелді жауаптың жобасы 4. Басшылығы Үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрыққа қол қою, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы бұйрық немесе дәлелді жауап 2. Басшысы Жауапты орындаушыны анықтау. Бұрыштама ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() 4. Басшысы Үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрыққа қол қою, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы бұйрық немесе дәлелді жауап ![]() ![]() 1. Маман Қоса беріліп отырған құжаттары бар өтінішті қабылдау, тіркеу. Құжаттарды алғандығы туралы қолхат 5. Маман Қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру 1 күндік жұмыс күні) ![]() 5. Маман Қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру ![]() Тұтынушы ![]() |