Жоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі» icon

Жоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі»



НазваниеЖоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі»
Дата конвертации02.12.2012
Размер36.19 Kb.
ТипДокументы
источник

Жоба Келісім шарт №


Жаңақала ауылы « » 2008 ж.


Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі» ММ атынан Жарғы негізінде әрекет етуші оның бастығы А.Ф.Есмағұлов, бұдан әрі «Тапсырыс беруші», бірінші тараптан және негізінде әрекет жасайтын оның екінші тараптан, бұдан әрі «Өнім беруші», бұдан әрі «Тараптар» арасында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын негізге ала отырып, 464 003 «Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы 105 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептер, гимназиялар, лицейлер, бейіндік мектептер, мектеп-балабақшалар», 139 «Жану жағармай және өзге де тауарлар үшін» спецификасы бойынша төмендегі мазмұнда жасалды:


1.Келісім шарттың сипаты.

1.1. «Өнім беруші» жану жағармай және де өзге де тауарлар үшін қызметтенуге, ал «Тапсырыс беруші» қызметті қабылдауға және төлеуге міндеттенеді. Шығындар сметасы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.


^ 2.Төлеу тәртібі мен бағасы.

2.1. Төлеу нысаны: өнім берушінің есеп шотына аударым арқылы.

2.2. Келісім шарттың жалпы сомасы: теңге.

2.3. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар: счет-фактуралар.


3. Тараптардың жауапкершіліктері.

3.1. «Өнім беруші» қызметтерді сапалы және уақытында көрсетуге міндетті.

3.2. Қызмет көрсету мерзімі: осы Келісім шартқа қол қойылған күннен бастап 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

3.3.Келісім шартта Тапсырыс берушімен көрсетілген баға Өнім берушінің баға ұсынысында көрсетілген бағамен сәйкес болуы қажет.

3.5. Ілеспе көрсетілетін қызметтер бағасы Келісім шарт бағасына енгізілуі тиіс.

3.6. «Тапсырыс беруші» тарапынан ақы төлеу кешіктірілсе, оған жүктелетін келесідей санкцияларға әкеліп соқтыруы мүмкін: «Өнім берушіге» Келісім шарттың жалпы сомасынан 0,01% мөлшерінде айып төлеу.

3.7. «Өнім беруші» тарапынан қызмет көрсету кешіктірілсе, оған жүктелетін келесідей санкцияларға әкеліп соқтыруы мүмкін: Келісім шарттың күшін жою және бюджетке әрбір кешіктірілген күнге Келісім шарттың жалпы сомасынан 0,01% мөлшерінде айып төлеу.

3.8. Өнім беруші осы Келісім шарт бойынша Тапсырыс берушімен алдын - ала жазбаша келісімсіз, өз міндеттерін толықтай немесе жартылай басқа тұлғаға тапсырмауы тиіс.

3.9.Келісім шартқа енгізілетін кез-келген өзгерістер мен қосымшалар жазбаша түрде ресімделіп, екі тараптың қолдары қойылғаннан кейін күшіне енеді.

3.10. Келісім шарттың тармақтары бұзылғаны үшін, «Тапсырыс беруші» «Өнім берушіге» міндеттерін орындамағаны туралы жазбаша ескертпе хат жіберіп, басқа да санкцияларға зиян келтірмей, осы Келісім шартты толықтай немесе жартылай бұза алады.

3.11. Осы Келісім шарт бойынша міндеттердің толық немес жартылай орындалмауы форс-мажорлық жағдайлар салдарынан туындаған болса, тараптар жауапкершіліктен босатылады.

3.12.Осы Келісім шарттың мақсаттары үшін «Форс-мажор» тараптардың ырқына бағынбайтын, олардың ұқыпсыздығы мен қателігіне байланысты емес және әлдеқалай сипатқа ие жағдайларды білдіреді. Мұндай жағдайларға: әскери іс-әрекеттер, табиғи немесе апатты нәубеттер, эпидемия және тауарды жеткізуге эмбарго жатады, бірақ та тек осы іс-әрекеттермен ғана шектелмейді.

3.13.Форс-мажор жағдайына сілтеу жасаған тарап тез арада екінші тарапқа осындай жағдайдың туындағаны туралы басталған уақытынан бастап он күнтізбелік мерзімде жазбаша хабарлауға міндетті.

3.14. Егер «Өнім беруші» банкрот болып немесе төлеуге қауқарсыз болса, онда «Тапсырыс беруші» оған жазбаша тиісті ескертпе хат жібере отырып, кез келген уақытта Келісім шартты бұза алады. Мұндай кезде Келісім шарттың бұзылуы тез арада жүзеге асады және егер Келісім шарттың бұзылуы «Тапсырыс берушіге» зиянын келтірмеген немесе іс-әрекет жүргізуге немесе «Тапсырыс берушіге» тағылған немесе кейін тағылатын санкцияларды қолдануға қандай да болсын құқықтарын қозғамаған жағдайда, «Тапсырыс беруші» «Өнім берушіге» қатысты қандай да бір қаржылық міндеттерге жауапкершілік алмайды.

3.15. «Тапсырыс беруші» мен «Өнім беруші» Келісім шарт бойынша олардың арасында туындаған немесе оған байланысты барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей ресми емес келіссөздердің барысында шешуге бар күш - жігерлерін салуы тиіс.

3.16. Егер осындай ресми емес келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күннің ішінде «Тапсырыс беруші» мен «Өнім беруші» Келісім шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы мәселенің шешілуін талап ете алады.

3.17. Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкесті төлеуге жатады.


^ 4.Келісім шарттың әрекет ету мерзімі.

4.1. Келісім шарт қол қойылған кезден бастап өз күшіне енеді және 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.

4.2. Осы Келісім шарт бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды: 1- Тапсырыс берушіге; 2- Өнім берушіге.

4.3. Келісім шарт «Тапсырыс беруші» оны Жаңақала аудандық қазынашылық бөлімінде тіркегеннен кейін күшіне енеді.


5.Тараптардың мекен-жайлары және деректемелері:


Тапсырыс беруші Өнім беруші


«Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі»ММ

Жаңақала ауылы., М.Маметова көшесі, 6

тел.21-9-95, факс

ЖИК 000130397

БИК 195301070

СТТН 270500001100

Код ММ 4642005

Жаңақала аудандық қазынашылық бөлімі

Жаңақала ауылы.

Бастығы

_____________ А.Ф.Есмағұлов

Аудандық қазынашылық органында тіркелген күні: ______________________________



Похожие:

Жоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі» iconКелісім шарт жобасы Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімі»
«Орындаушы», бұдан әрі «Тараптар» арасында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын негізге ала отырып, 456 003 «Жастар саясатының...
Жоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі» iconЖоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімі»
Заңын негізге ала отырып, 456 002 «Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу» бюджеттік бағдарламасы...
Жоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі» icon«Жаңақала ауданының туберкулез ауруханасы» мм
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі, 67
Жоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі» iconТапсырыс беруші «МҚкк жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығы»
ММ,БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы,Халықтар Достығы көшесі,47,индекс 090400
Жоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі» iconТапсырыс беруші «МҚкк жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығы»
ММ,БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы,Халықтар Достығы көшесі,47,индекс 090400
Жоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі» iconҚызметтер атауы Көлемі
Тапсырыс беруші – «Жаңақала аудандық құрылыс бөлімі» мм, БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы Халықтар достығы көшесі 42, индекс...
Жоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі» iconКелісім шарт сарыағаш қаласы ақпан 2014 жыл
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы (бұдан әрі-Заң) сәйкес, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен екінші тараптан, «Сарыағаш қаласын...
Жоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі» iconКелісім шарт сарыағаш қаласы ақпан 2014 жыл
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы (бұдан әрі-Заң) сәйкес, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен екінші тараптан, «Сарыағаш қаласын...
Жоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі» iconИнжинирингтік қызмет көрсету туралы № келісім шарт сарыағаш қаласы ақпан 201
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы (бұдан әрі-Заң) сәйкес, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен екінші тараптан, «Сарыағаш қаласын...
Жоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі» iconИнжинирингтік қызмет көрсету туралы № келісім шарт сарыағаш қаласы ақпан 2014 жыл
Заңы (бұдан әрі-Заң) сәйкес, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен екінші тараптан, «Сарыағаш қаласы аумағын санитариясын қамтамасыз...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы