Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41 icon

Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41



НазваниеАудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41
Дата конвертации18.04.2013
Размер160.62 Kb.
ТипДокументы
источник




Аудан әкімдігінің 2013 жылғы

14 ақпандағы № 41

қаулысымен бекітілген


«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет регламентi


1. Жалпы ереже


1. Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.

2. Мемлекеттік қызмет «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызмет Стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тұрақты жер пайдалану құқығын беру актісін «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімі» (бұдан әрі – «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімі) қатысуымен жер қатынастары саласында қызметтерді жүзеге асыратын «Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.

4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Шыңғырлау ауданы бойынша бөлімі (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы көрсетiлуi мүмкiн.

5. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі-тұтынушы).

6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi қағаз тасымалдағыштағы жер телімiне тұрақты жер пайдалану құқығына акті, не жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасы, не жазбаша түрде себебі көрсетілген қызмет көрсетуден  бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

8. Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттi органға немесе ХҚКО-ға жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызмет ақысын төлегенi туралы құжат (түбіртек) ұсыну арқылы ақылы негізде көрсетіледі, қызмет құны Стандарттың 4 қосымшасына сәйкес есептеледі.

9. Жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi дайындау үшiн ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсiлмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы есеп шотына, «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы кассасында жүргiзiледi, олар төлемнiң мөлшерi мен уақытын растайтын төлем құжатын (түбіртек) бередi.


2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар


10. Мемлекеттік қызмет:

уәкілетті органның ғимаратында, мекен-жайы: индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Клышев көшесі 93, chin.zemi@rambler.ru., телефоны: 8(71137)34308, демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

ХҚКО ғимаратында, мекен-жайы: индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Тайманов көшесi 95, 8(71137)34420, мереке және демалыс күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және барысы туралы ақпаратты осы Регламенттің 10-тармағында мекен-жайлары мен жұмыс кестесі көрсетілген уәкілетті органнан, ХҚКО-дан алуға болады.

12. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тұтынушы тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) уәкілетті органға өтініш жасаған сәттен бастап:

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күнін;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнін құрайды;

мемлекеттік қызмет алғанға дейін кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

2) ХҚКО-қа өтініш жасаған сәттен бастап:

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күнін;

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнін құрайды;

мемлекеттік қызмет алғанға дейін кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.

13. Уәкiлеттi орган немесе ХҚКО тұтынушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi, онда:

1) сұраныстың нөмiрi және қабылданған күнi;

2) сұрау салынған мемлекеттiк қызмет түрi;

3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;

5) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.

6) тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

14. Мемлекеттiк қызмет төмендегідей негiздер бойынша тоқтатылады:

1) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген тиісті құжаттардың тұтынушымен ұсынылмауы;

2) аталған жер телімі бойынша сот шешiмдерiнiң болуы, не сот қарауы жүрiп жатқаны туралы хабарламаның болуы;

3) Қазақстан Республикасы заңнама нормаларының бұзылуы жойылғанға дейiн прокурорлық қадағалау актiсiнiң болуы;

4) бiр телімге құқықты рәсiмдеуге қатысты бiрнеше өтiнiштiң болуы немесе құқықты рәсiмдеу үдерiсiнде осы жер телімiнiң басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.

Жер учаскесіне құқықтарды рәсiмдеудi тоқтата тұру туралы мәлiметтер тiркеу және еcепке алу кiтабына енгiзiледi. Тұтынушыға жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi рәсiмдеудi тоқтата тұруға негiз болған құжатты және тоқтата тұру мерзiмдерiн, рәсiмдеудi тоқтата тұру себептерiн жою үшiн тұтынушының кейiнгi iс-қимылын көрсете отырып, жазбаша хабарлама жолданады.

15. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет нәтижесін берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:

Бiрiншi әдiс тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi рәсiмдеу және беру:

1) тұтынушы уәкiлеттi органға тиісті құжаттарды тапсырады;

2) Уәкiлеттi органның жауапты маманы құжаттар топтамасын қабылдайды, оларды тіркеу журналын тіркейді және құжаттарды қабылдағандығы туралы растама береді, «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөліміне сұрату дайындайды және жолдайды;

3) «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімінің жауапты маманы құжаттарды қабылдайды, журналға тіркейді, тұрақты жер пайдалану құқығына актіні ресімдейді, «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімінің директорымен келіседі және уәкілетті органға жолдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе бас тартуға негіз болса, уәкілетті органға хабарлайды;

4) уәкiлеттi органның басшысы тұрақты жер пайдалану құқығына актiге қол қояды немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама береді және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды;

5) уәкiлеттi органның жауапты маманы тұрақты жер пайдалану құқығына актіні қабылдайды, тіркейді және тұтынушыға актіні немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама береді.

Екiншi әдiс тұрақты жер пайдалану құқығына актiлерді рәсiмдеу және беру:

1) Тұтынушы ХҚКО-ға тиісті құжаттарды тапсырады;

2) ХҚКО-ның инспекторы құжаттарды қабылдайды, тiркеу журналына тіркейді және құжаттарды қабылдағаны туралы растама бередi, сканер көмегiмен штрихкодты белгiлейдi және уәкілетті органға жолдайды;

3) Уәкілетті органның жауапты маманы құжаттарды қабылдайды, дайындайды және оны «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөліміне сұрату жолдайды;

4) «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімінің жауапты маманы құжаттарды қабылдайды, журналға тіркейді, тұрақты жер пайдалану құқығына актіні рәсімдейді, «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімінің директорымен келіседі және уәкілетті органға жолдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе бас тартуға негіз болса, уәкілетті органға хабарлайды;

5) уәкiлеттi органның басшысы тұрақты жер пайдалану құқығына актiге қол қояды немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама береді және жауапты маманға жолдайды;

6) Уәкiлеттi органның жауапты маманы мемлекеттiк қызмет тұрақты жер пайдалану құқығына актіні, немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарламаны қабылдайды, тіркейді және ХҚКО жолдайды;

7) ХҚКО-ның инспекторы қабылдайды, ХҚКО ақпараттық жүйесінде белгілейді және өтінішті иесіне (тұтынушыға) тұрақты жер пайдалану құқығына акті немесе хабарлама, не болмаса дәлелді түрде жауап береді.

Бiрiншi әдiс тұрақты жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын беру:

1) тұтынушы уәкiлеттi органға тиісті құжаттарды тапсырады;

2) Уәкiлеттi органның жауапты маманы құжаттар топтамасын қабылдайды, оларды тіркеу журналына тіркейді және құжаттарды қабылдағандығы туралы растама береді, «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөліміне сұрату дайындайды және оны жолдайды;

3) «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімінің жауапты маманы құжаттарды қабылдайды, журналға тіркейді, тұрақты жер пайдалану құқығына акт телнұсқасын, «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімінің директорымен келіседі және уәкілетті органға жолдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе бас тартуға негіз болса, уәкілетті органға хабарлайды;

4) уәкiлеттi органның басшысы тұрақты жер пайдалану құқығына актi телнұсқасына қол қояды және немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама береді және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды;

5) Уәкiлеттi органның жауапты маманы тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актi телнұсқасын қабылдайды, тіркейді және өтініш иесіне (тұтынушыға) актіні немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама береді.

Екiншi әдiс тұрақты жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын беру:

1) Тұтынушы ХҚКО-ға тиісті құжаттарды тапсырады;

2) ХҚКО-ның инспекторы өтiнiштi тiркеуден өткiзедi, құжаттарды қабылдайды, оларды тіркеу журналына тіркейді және құжаттарды алғандығын растама береді, сканер көмегімен штрихкодты белгілейді және уәкілетті органға жолдайды;

3) Уәкілетті органның жауапты маманы құжаттарды қабылдайды, тіркейді дайындайды және «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөліміне жолдайды;

4) «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімінің жауапты маманы құжаттарды қабылдайды,журналға тіркейді, тұрақты жер пайдалану құқығына акт телнұсқасын, «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімінің директорымен келіседі және уәкілетті органға жолдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе бас тартуға негіз болса, уәкілетті органға хабарлайды;

5) уәкiлеттi органның басшысы тұрақты жер пайдалану құқығына акт телнұсқасына қол қояды немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама береді және жауапты маманға жолдайды;

6) уәкiлеттi органның жауапты маманы тұрақты жер пайдалану құқығына акт телнұсқасын, немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама қабылдайды, тіркейді және ХҚКО жолдайды;

7) ХҚКО-ның испекторы қабылдайды, ХҚКО ақпараттық жүйесінде белгілейді және өтінішті иесіне (тұтынушыға) тұрақты жер пайдалану құқығына акті немесе хабарлама, не болмаса дәлелді түрде жауап береді.


3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау


16.Ақпараттық қауiпсiздiк талаптары: уәкiлеттi орган және ХҚКО тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың cақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етедi.

17. Әрбір әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (үдерістің) орындалу мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр әрбiр құрылымдық-функционалдық бірлестіктерінің (бұдан әрі - ҚФБ) әкiмшiлiк iс-әрекеттері (үдерістері) реттiлiгiнiң және өзара әрекеттестігінің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы регламенттiң 1,2,3,4- қосымшаларында көрсетiлген.


4. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

     

18. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға уәкілетті орган жауапты болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапты болады.


«Тұрақты жер пайдалану құқығына

актiлердi рәсiмдеу және беру»

мемлекеттiк қызмет регламентіне

1-қосымша


Функционалдық өзара іс-қимыл схемасы (бірінші әдіс тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi рәсiмдеу және беру)


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

ҚФБ 1.

Уәкілетті органның жауапты маманы

ҚФБ 2.

«ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімінің жауапты маманы

ҚФБ 3.

Уәкілетті органның басшысы

ҚФБ 1.

Уәкілетті органның жауапты маманы





Құжаттар топтамасын қабылдайды,

оларды тіркеу журналына тіркейді және құжаттарды қабылдағандығы туралы растама береді.


«ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөліміне сұрату дайындайды және оны жолдайды.


Орындау мерзімі

1 жұмыс күн.








Құжаттарды қабылдайды,

журналға тіркейді, тұрақты жер пайдалану құқығына актіні ресімдейді, «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазқстан филиалы директорымен келіседі және уәкілетті органға жолдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе бас тартуға негіз болса, уәкілетті органға хабарлайды.


Орындау мерзімі

3 жұмыс күн.








тұрақты жер пайдалану құқығына актiге қол қояды немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама береді және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды.


Орындау мерзімі

1 жұмыс күн.








тұрақты жер пайдалану құқығына актіні қабылдайды,

тіркейді және тұтынушыға актіні немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама береді.


Орындау мерзімі 1 жұмыс күн






«Тұрақты жер пайдалану құқығына

актiлердi рәсiмдеу және беру»

мемлекеттiк қызмет регламентіне

2-қосымша


Функционалдық өзара іс-қимыл схемасы (екінші әдіс тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi рәсiмдеу және беру)



Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

ҚФБ 1.

ХҚКО-ның инспекторы

ҚФБ 3.

«ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімінің жауапты маманы

ҚФБ 4.

Уәкілетті органның басшысы

ҚФБ 2.

Уәкілетті орган бөлімінің жауапты маманы

ҚФБ 1.

ХҚКО-ның инспекторы





Құжаттарды қабылдайды,

оларды тіркеу журналына тіркейді және құжаттарды алғандығы туралы растама береді,

сканер көмегімен штрихкод белгілейді және уәкілетті органға жолдайды.




ҚФБ 2.

Уәкілетті органның жауапты маманы құжаттарды қабылдайды дайындайды және оны «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөліміне сұрату жолдайды.

Орындау мерзімі

1 жұмыс күн








Құжаттарды қабылдайды,

журналға тіркейді, тұрақты жер пайдалану құқығына актіні ресімдейді, «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімінің директорымен келіседі және уәкілетті органға жолдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе бас тартуға негіз болса, уәкілетті органға хабарлайды.


Орындау мерзімі 2 жұмыс күн








тұрақты жер пайдалану құқығына актiге қол қояды немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама береді және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды.


Орындау мерзімі

1 жұмыс күн







тұрақты жер пайдалану құқығына актіні немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама қабылдайды, тіркейді және ХҚКО жолдайды.


Орындау мерзімі

1 жұмыс күн








Қабылдайды, ХҚКО ақпараттық жүйесінде белгілейді және тұтынушыға тұрақты жер пайдалану құқығына акті немесе хабарлама, не болмаса дәлелді түрде жауап береді.


Орындау мерзімі

1 жұмыс күн






«Тұрақты жер пайдалану құқығына

актiлердi рәсiмдеу және беру»

мемлекеттiк қызмет регламентіне

3-қосымша


Функционалдық өзара іс-қимыл схемасы (бірінші әдіс тұрақты жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын беру)


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

ҚФБ 1.

Уәкілетті органның жауапты маманы

ҚФБ 2.

«ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімінің жауапты маманы

ҚФБ 3

Уәкілетті органның басшысы.

ҚФБ 1.

Уәкілетті органның жауапты маманы





Құжаттар топтамасын қабылдайды,

оларды тіркеу журналға тіркейді және құжаттарды қабылдағандығы туралы растама береді.

«ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөліміне сұрату дайындайды және оны жолдайды.


Орындау мерзімі

1 жұмыс күн.








Құжаттарды қабылдайды,

журналға тіркейді, тұрақты жер пайдалану құқығына акт телнұсқасын, «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорымен келіседі және уәкілетті органға жолдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе бас тартуға негіз болса, уәкілетті органға хабарлайды.


Орындау мерзімі

2 жұмыс күн.








тұрақты жер пайдалану құқығына актi телнұсқасына қол қояды және немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама береді және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды.



Уәкiлеттi орган бөлімінің жауапты маманы тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актi телнұсқасын қабылдайды,

тіркейді және тұтынушыға актіні немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама береді.



Орындау мерзімі

1 жұмыс күн.



«Тұрақты жер пайдалану құқығына

актiлердi рәсiмдеу және беру»

мемлекеттiк қызмет регламентіне

4-қосымша


Функционалдық өзара іс-қимыл схемасы (екінші әдіс тұрақты жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын беру)


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

ҚФБ 1.

ХҚКО-ның инспекторы

ҚФБ 3.

«ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы Шыңғырлау аудандық бөлімінің жауапты маманы

ҚФБ 4.

Уәкілетті органның басшысы

ҚФБ 1.

ХҚКО-ның инспекторы





Құжаттарды қабылдайды,

оларды тіркеу журналына тіркейді және құжаттарды алғандығын растама береді.

Штрихкод сканерінің көмегімен белгілейді және уәкілетті органға жолдайды.







ҚФБ 2.

Уәкілетті органның жауапты маманы құжаттарды қабылдайды, тіркейді дайындайды және «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалына оны жолдайды.


Орындау мерзімі

1 жұмыс күн








Құжаттарды қабылдайды,

журналға тіркейді, тұрақты жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасын, «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорымен келіседі және уәкілетті органға жолдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе бас тартуға негіз болса, уәкілетті органға хабарлайды.


Орындау мерзімі 1 жұмыс күн








тұрақты жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасына қол қояды немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе бас тартылғандығы туралы хабарлама береді және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды.





ҚФБ 2.

уәкiлеттi орган жауапты маманы тұрақты жер пайдалану құқығына акт төлнұсқасын қабылдайды, тіркейді

және ХҚКО жолдайды.


Орындау мерзімі

1 жұмыс күн








Қабылдайды, ХҚКО ақпараттық жүйесінде белгілейді және тұтынушыға тұрақты жер пайдалану құқығына актінің немесе хабарлама, не болмаса дәлелді түрде жауап береді.


Орындау мерзімі

1 жұмыс күн









Похожие:

Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41 iconАудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк қызмет регламенты
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41 iconАудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41
Осы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер...
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41 iconАудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41
«Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлерді ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет...
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41 iconАудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41
Осы «Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік...
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41 iconАудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41
Осы «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі Регламент)...
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41 iconАудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41
Осы «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлерді ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік...
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41 iconАудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41
Осы «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан...
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41 iconКөкпекті ауданының әкімдігінің Қаулы №376 21. 11. 2012 жыл
«Жұлдыз» газетінде 2012 жылғы 22 наурыздағы №23, «Новая жизнь» газетінде 2012 жылғы 22 наурыздағы №23 сандарында жарияланған аудан...
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41 icon2013 жылдың жартыжылдығына Темір ауданы әкімі мен аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне талдау анықтамасы
Талдауға жататын келесі аудан әкімінің шешімдері мен аудан әкімдігінің қаулылары
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41 iconШарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы
Маңызы аудан тұрғындарының тұрмыс деңгейінің сапасын жақсарту мақсатында, оған қарасты аумақта мемлекеттік саясатты жүзеге асыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы