|
Орал қаласы №5-1 7 желтоқсан 2012 жыл Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №36-1 «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 қарашадағы №51-V «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 сәуiрдегi № 461 «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара iс-қимылды iске асыруға 2012 жылға арналған қаражатты бөлу туралы», 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1469 «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1428 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» қаулыларына сәйкес, облыстық мәслихат ^ 1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №36-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3075 тіркелген, 2011 жылғы 15 желтоқсандағы «Приуралье» газетінде №145-146 және 2011 жылғы 15 желтоқсандағы «Орал өңірі» газетінде №144-145 жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: 1) тармақшадағы «86 303 394» деген сан «86 146 350» деген санмен ауыстырылсын; «59 418 196» деген сан «59 261 152» деген санмен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «86 311 857» деген сан «85 953 733» деген санмен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы: «таза бюджеттік кредиттеу» жолындағы «6 478 834» деген сан «6 493 634» деген санмен ауыстырылсын; «бюджеттік кредиттерді өтеу» жолындағы «791 245» деген сан «776 445» деген санмен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы: «қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо» жолындағы «312 500» деген сан «487 500» деген санмен ауыстырылсын; «қаржы активтерін сатып алу» жолындағы «312 500» деген сан «487 500» деген санмен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы «-6 799 797» деген сан «-6 788 517» деген санмен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы «6 799 797» деген сан «6 788 517» деген санмен ауыстырылсын; «қарыздарды өтеу» жолындағы «470 314» деген сан «481 594» деген санмен ауыстырылсын; 3-тармақта: 1) тармақшадағы «33 445 113» деген сан «33 282 981» деген санмен ауыстырылсын; екінші абзацта «68 597» деген сан «63 597» деген санмен ауыстырылсын; алтыншы абзацта «122 910» деген сан «122 820» деген санмен ауыстырылсын; сегізінші абзацта «178 518» деген сан «169 957» деген санмен ауыстырылсын; оныншы абзацта «472 476» деген сан «433 478» деген санмен ауыстырылсын; он екінші абзацта «21 747» деген сан «11 959» деген санмен ауыстырылсын; он үшінші абзацта «1 125 898» деген сан «1 317 545» деген санмен ауыстырылсын; он төртінші абзацта «2 395 524» деген сан «2 347 035» деген санмен ауыстырылсын; он бесінші абзацта «671 120» деген сан «667 021» деген санмен ауыстырылсын; он алтынші абзацта «123 031» деген сан «122 011» деген санмен ауыстырылсын; он тоғызыншы абзацта «35 187» деген сан «187» деген санмен ауыстырылсын; жиырма бірінші абзацта «405 659» деген сан «381 380» деген санмен ауыстырылсын; жиырма екінші абзацта «338 275» деген сан «391 755» деген санмен ауыстырылсын; жиырма төртінші абзацта «461 873» деген сан «504 228» деген санмен ауыстырылсын; жиырма алтынші абзацта «102 267» деген сан «99 832» деген санмен ауыстырылсын; жиырма жетінші абзацта «658 583» деген сан «491 444» деген санмен ауыстырылсын; жиырма тоғызыншы абзацта «845 999» деген сан «745 999» деген санмен ауыстырылсын; отызінші абзацта «1 134 088» деген сан «1 463 835» деген санмен ауыстырылсын; отыз алтынші абзацта «426 297» деген сан «397 222» деген санмен ауыстырылсын; қырық бірінші абзацта «2 447 630» деген сан «2 090 852» деген санмен ауыстырылсын; қырық сегізінші абзацта «1 400 000» деген сан «1 450 000» деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы елуінші абзацпен толықтырылсын: «2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарлама аясында бостандықтан айыру орындарында отырған және босап шыққан тұлғалар арасында АҚТҚ- инфекциясының алдын-алуға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыруға – 1 390 мың теңге»; 3) тармақшадағы «1 378 647» деген сан «1 379 350» деген санмен ауыстырылсын; 3-1 тармақта: «2 367 125» деген сан «2 430 928» деген санмен ауыстырылсын; «1 250 563» деген сан «880 461» деген санмен ауыстырылсын; «1 116 562» деген сан «1 550 467» деген санмен ауыстырылсын; 4-1 тармақта «180 383» деген сан «180 343» деген санмен ауыстырылсын; 5-тармақта: «791 245» деген сан «776 445» деген санмен ауыстырылсын; «678 495» деген сан «655 686» деген санмен ауыстырылсын; 11-тармақта «307 739» деген сан «175 825» деген санмен ауыстырылсын; аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Сессия төрағасы Б. Тұманов Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар |