«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon

«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



Название«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
страница1/3
Дата конвертации28.10.2012
Размер480.76 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2010 жылғы 13 сәуiрдегi
№ 301 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның         «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы
атауы

Әзiрлеу үшiн          «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-
негiздеме             инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014
                      жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және
                      Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр
                      жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы»
                      (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) Қазақстан
                      Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19
                      наурыздағы № 958 Жарлығы

Әзiрлеушi             Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
                      және сауда министрлiгi

Бағдарламаның         Экономиканың шикiзат емес секторларында өңiрлiк
мақсаты               кәсiпкерлiктiң орнықты және теңгерiмдi
                      өсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ қазiргi
                      тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және
                      жаңаларын құру

Бағдарламаның         1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
мiндеттерi            2. Кәсiпкерлiк секторды сауықтыру
                      3. Экспортқа бағдарланған өндiрiстердi қолдау

Iске асыру            2010 - 2020 жылдар
мерзiмi

Нысаналы              Бағдарламада қойылған мiндеттердi iске асыру
индикаторлары         мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол
                      жеткiзiлетiн болады:
                      жыл сайын кредиттердi жалпы сомасы кемiнде
                      400 млрд. теңгеге арзандату;
                      2015 жылға:
                      ЖIӨ-нiң құрылымындағы өңдеушi өнеркәсiптiң
                      үлесiн кемiнде 12,5 %-ға ұлғайту;
                      жалпы экспорт көлемдегi шикiзат емес сектордың
                      үлесiн кемiнде 40 %-ға ұлғайту;
                      шикiзат емес экспорттың көлемiн өңдеушi
                      өнеркәсiптiң жиынтық өндiрiс көлемiнiң кемiнде
                      43 %-ына ұлғайту;
                      өңдеушi өнеркәсiптегi еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде
                      1,5 есеге ұлғайту

Қаржыландыру          2010 жылға арналған республикалық бюджетте
көздерi мен көлемi    30 млрд. теңге көзделген. Республикалық
                      бюджеттен қаржыландыру көлемi жоспарлы кезеңге
                      арналған тиiстi бюджеттердi қалыптастыру
                      кезiнде нақтыланады

2. Кiрiспе

      «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарын iске асыру үшiн әзiрлендi.
      Бағдарлама Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру тетiктерiнiң бiрi болып табылады.
      Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын iске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейiнгi дамуға, қазiргi тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән берiледi.
      Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде:
      жобаларды iрiктеудi және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөнiндегi шешiмдi екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi - Банктер) Бағдарламада белгiленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
      уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен арнайы белгiленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепiлдiк беру және (немесе) мемлекеттiк қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкiндiгi бойынша шешiм қабылдайды;
      Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде мемлекет тарапынан барлық келiсулердi жергiлiктi деңгейде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның үйлестiрушiлерi орындайды.
      Акцизделетiн тауарлар шығаруды көздейтiн жобалар бойынша банктер кредиттерiнiң пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды.
      Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне (бұдан әрi - кәсiпкерге) Бағдарламаның барлық құралдары шеңберiнде кешендi қолдау көрсетiлуi мүмкiн.
      Мемлекеттiк даму институттары, сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеуге беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды алатын кәсiпкерлер кредиторы болып табылатын қарыздар субсидиялауға жатпайды.
      Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберiнде екiншi деңгейдегi банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алатын кәсiпкерлер Бағдарламаға қатысушылар болып табылуы мүмкiн.
      Жергiлiктi атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде осы Бағдарламаның ережелерiн ескеретiн болады.
      Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдар және Бағдарламада пайдаланылатын терминдер:
      Мемлекеттiк комиссия - «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 сәуiрдегi Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия;
      өңiрлiк үйлестiру кеңесi - облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi құратын және басқаратын жергiлiктi атқарушы органдардың, банктердiң, кәсiпкерлер бiрлестiктерiнiң, салалық қауымдастықтардың өкiлдерi және тәуелсiз сарапшылар қатысатын консультативтiк-кеңесшi орган (бұдан әрi - ӨҮК);
      уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi;
      жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушi - iске асыруға жауапты болатын облыстың, Алматы және Астана қалаларының әкiмi айқындайтын, кәсiпкерлер үшiн Бағдарламаны жергiлiктi жерлерде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi;
      қаржы агентi - «ДАМУ» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ, ол Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде мынадай функцияларды жүзеге асырды:
      пайыздық ставканы субсидиялау шеңберiнде банктерге қаржы қаражатын аудару;
      Бағдарлама шеңберiнде кредиттерге кепiлдiк беру;
      борышкерлер бойынша Мемлекеттiк комиссия отырыстарына берiлетiн материалдар бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
      Бағдарламаның iске асырылуын мониторингiлеу;
      кредиторлар комитетi - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы әрбiр жеке борышкер үшiн кредитор банктердiң өкiлдерiнен қалыптастыратын комиссия;
      өтiнiм берушi - Бағдарламаға қатысуға өтiнiм берген және инвестициялық жобаны Бағдарлама шеңберiнде iске асыруға мүдделi кәсiпкер;
      қатысушы - Бағдарлама шеңберiнде мемлекеттiк қолдау көрсету бойынша Банктiң, ӨҮК-тiң немесе Мемлекеттiк комиссияның оң шешiмi бар кәсiпкер;
      борышкер - кредит(тер) және басқа да мiндеттемелер бойынша мiндеттемелердi төлеу жағынан қиындыққа ұшыраған кәсiпкер;
      экспорттаушы - өндiрiлетiн өнiмнiң 10 %-дан астамын экспорттауды жүзеге асыратын кәсiпкер.
      Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар, мемлекеттiк бағдарламалар және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң:
      «Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-қимылдар жоспарын бекiту туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039;
      «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң Экономиканы және қаржы жүйесiн тұрақтандыру жөнiндегi 2009-2010 жылдарға арналған бiрлескен iс-қимыл жоспары туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулыларын асыру шеңберiнде iске асырылатын iс-шаралар.

^ 3. Ағымдағы жағдайды талдау

      Мемлекеттiк бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң өсуiн қамтамасыз ететiн оның шикiзат емес секторларын жедел дамыту көзделiп отыр.
      Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлi секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенiнiң және металлургия өнеркәсiбiнiң жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын iрi инвестициялық жобаларды iске асырумен қатар, шағын және орта кәсiпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазiргi заманғы өндiрiстер құру үшiн оларды дамыту Мемлекеттiк бағдарламаның басымдығы болып табылады.
      Шағын және орта кәсiпкерлiк халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтiк проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етедi. Жұмыс iстейтiндердiң саны бойынша, өндiрiлетiн және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң көлемi бойынша шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi жекелеген облыстарда жетекшi рөл атқарады. Сондықтан кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау проблемасы қазiргi уақытта өте өзектi болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестiң әрiптестiгi негiзiнде кәсiпкерлiк қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикiзат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етiледi.
      Осыған байланысты кредиттерге кепiлдiк беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бiр секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердiң кредиттiк және iлеспе тәуекелдер себебiнен экономиканың қандай да бiр секторына салуға асықпай отырған едәуiр қаржы қаражатын тартуға мүмкiндiк бередi.
      Шағын, орта және iрi кәсiпкерлiктiң теңгерiмсiздiгiне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсiпкерлiктi, оның iшiнде өңiрлiк кәсiпкерлiктi дамыту есебiнен мемлекеттiк қолдауды күшейту қажет.
      Кәсiпкерлерге мемлекеттiк қолдау көрсетудiң бұл құралдары бюджет заңнамасын жетiлдiру шеңберiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.
      Жаңа өндiрiстердi дамытуда кәсiпкерлiктiң бiрiншi кезекте, шағын және орта кәсiпкерлiктiң бастамаларын тежейтiн негiзгi проблемалар:
      қаржыландыруға қол жеткiзу және қарыз алу құнының жоғары болуы;
      индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
      кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының дамымауы.
      Бұдан басқа, осының алдындағы жылдары құрылған кәсiпорындарда үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсендiлiгiн шектейдi.
      Мемлекет шикiзат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейдi, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестiк жағдайларында экономиканың шикiзат емес секторларында экспортқа бағдарланған кәсiпорындар құру, көбiнесе, мемлекеттiң ынталандыру шараларының көмегiмен жүргiзiлетiнiн әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отыр.
      Әлемдiк тәжiрибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын және орта кәсiпкерлiкке мемлекеттiң барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.
      Германияда кредит берудiң мынадай жеңiлдiктi шарттары көзделген:
      темен пайыздық ставка (әдетте, кредит берудiң бүкiл мерзiмiне);
      кредит берудiң ұзақ мерзiмi (көбiнесе 10 жыл, оның үстiне кәсiпорын кем дегенде алғашқы екi жылда кез келген төлемдерден босатылады);
      алынған сомаларды кез келген уақытта қайтару мүмкiндiгi (көпшiлiк жағдайда қосымша төлемдерсiз);
      үлестiк қаржыландыру (мемлекет қаражаты есебiнен инвестициялық жобаның белгiлi бiр бөлiгiне ғана қолданылады, мысалы 50 %. Қалған жағдайда жоба инвестордың өз қаражаты немесе басқа қарыз қаражаты есебiнен қаржыландырылуы тиiс).
      Шағын және орта кәсiпорындарды қолдау үшiн Сингапурда бүкiл елге ортақ Sprind агенттiгi құрылған. Ол кәсiпкерлерге көмек көрсетудiң 100-ге жуық әртүрлi бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесiн жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсiпорындарға ғана ерекше жеңiлдiктер берiледi. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсiпорындарына жеңiлдiкпен кредит берудiң әртүрлi бағдарламалары әзiрленiп, енгiзiлген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттердi сақтандыру және субсидиялар бөлу.
      Жоғарыда жазылғандарға байланысты Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде кәсiпкерлердi қолдаудың субсидиялау және кредиттерге кепiлдiк беру, сервистiк қолдау, өндiрiстiк инфрақұрылым жүргiзу және кадрлар даярлау сияқты құралдарын Қазақстан Республикасы жағдайына бейiмдеу және пайдалану ұйғарылып отыр.

^ 4. Бағдарламаны iске асырудың мақсаты, мiндеттерi, нысаналы
индикаторлары мен нәтижелерi

4.1 Бағдарламаның мақсаты

      Экономиканың шикiзат емес секторларында өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

^ 4.2 Нысаналы индикаторлары

      Нысаналы индекаторлар:
      жыл сайын жалпы сомасы кемiнде 400 млрд. теңге болатын кредиттердi арзандату;
      2015 жылға:
      ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн кемiнде 12,5 %-ға ұлғайту;
      экспорттың жалпы көлемiндегi шикiзат емес экспорт үлесiн кемiнде 40 % деңгейiне дейiн ұлғайту;
      шикiзат емес экспорт көлемiн өңдеу өнеркәсiбiнiң жиынтық өндiрiсi көлемiнiң кемiнде 43 %-ы деңгейiне дейiн ұлғайту;
      өңдеу өнеркәсiбiндегi еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 1,5 есеге ұлғайту.
      2020 жылға дейiн индикаторлардың сандық көрсеткiштерi кейiннен Бағдарламаға толықтырулар енгiзiле отырып, Бағдарламаның бiрiншi кезеңiн iске асыру нәтижелерi бойынша айқындалады.

4.3 Мiндеттерi

      Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде мiндеттердi шешу мынадай үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
      1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
      2) кәсiпкерлiк секторды сауықтыру;
      3) экспортқа бағдарланған ендiрiстердi қолдау.
      Қойылған мiндеттердi шешу мақсатында уәкiлеттi орган нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдайды.
      Бағдарламаны iске асыру Бағдарламаға қосымша болып табылатын iс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Уәкiлеттi орган Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi және үшiншi бағыттарын iске асыру мақсатында жергiлiктi бюджетке нысаналы трансферт берудi жүзеге асырады және әрбiр облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшiн халық санына барабар есептелетiн қаржыландырудың жалпы лимитiн айқындайды.
      Жергiлiктi деңгейде Бағдарламаны үйлестiрушiлер Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi және үшiншi бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитiн бөледi және оны уәкiлеттi органмен келiседi.
      Уәкiлеттi орган мен облыстар, Алматы және Астана қалалары әкiмдерiнiң арасында мына:
      өңiрдiң шикiзат емес экспортының көлемiн ұлғайту;
      өңiрде құрылатын жұмыс орындарының саны;
      өңiр экономикасының шикiзат емес секторында еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi;
      мемлекеттiк бюджетке түсетiн түсiмдердiң ұлғаюы бойынша нәтижелер туралы үлгi келiсiмдер жасалады.
      Бағдарламаны iске асырудың екiншi бағыты бойынша қаржыландыру лимитi өңiрлер бойынша бөлiнбейдi.

      ^ Бiрiншi бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау
      Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi бағыты Мемлекеттiк бағдарламаның басымдықтарына сәйкес экономиканың шикiзат емес секторларында жобаларды iске асыру кезiнде мемлекеттiк қолдау көрсетудi көздейдi.
      Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi бағытының шеңберiнде мемлекеттiк қолдау мыналарды қамтиды:
      жобаларды iске асыру үшiн банктердiң кредиттерi бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;
      банктердiң жобаларды iске асыруға бағытталған кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру;
      өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
      бизнестi жүргiзудi сервистiк қолдау;
      кадрларды даярлау, жастар практикасы және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру (құрауыш 2011 жылдан бастап енгiзiледi).
      Бағдарламаның бiрiншi бағытына қатысушылар Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды iске асыратын және iске асыруды жоспарлап отырған кәсiпкерлер болуы мүмкiн (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және методология комитетi төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекiтiлген экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктегiшiне (бұдан әрi - ЭҚЖЖ) сәйкес).
      Минералдық шикiзатты өңдеудi жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын iрi салық төлеушiлердiң тiзбесiне енгiзiлген металлургия өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары Бағдарламаның бiрiншi бағытына қатыса алмайды.
      Жергiлiктi деңгейде Бағдарламаны үйлестiрушiлер экономиканың көрсетiлген секторлары шеңберiнде әрбiр өңiрдiң ерекшелiгiн ескере отырып, өздерiнiң басымдықтарын айқындайтын болады, айқындалған басымдықтар уәкiлеттi органмен келiсiлiп, өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдарында және жергiлiктi атқарушы органдардың сайттарында жарияланады.

      ^ Банктердiң кредиттерi бойынша пайыздық ставканы субсидиялау
      Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары
      Банктiң сыйақы ставкасын субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндiрiстi жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды iске асыру үшiн берiлетiн жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.
      Пайыздық ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттiң(тердiң) сомасы бiр қарыз алушы үшiн 3 млрд. теңгеден аспауы тиiс.
      Субсидиялау мерзiмi кейiннен 10 жылға дейiн ұзарту мүмкiндiгiмен 1 жылдан 3 жылға дейiн мерзiмдi құрайды.
      Өтiнiм берушi жобаны iске асырудың жалпы құнының 15 %-дан кем емес өз қаражатының жобаны iске асыруға қатысуын қамтамасыз етуi тиiс.
      2010 жылы пайыздық ставканы субсидиялау банктердiң сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын Бағдарламаға қатысушы төлейтiн, ал 5 %-ын мемлекет өтейтiн кредиттерi бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, банк:
      өтiнiм берушi бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруiне байланысты;
      өтiнiм берушiнiң кредит бойынша мiндеттемелердi бұзуының себебiнен өндiрiп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдердi қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бiр комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
      Бұдан әрi банктiң кредит бойынша сыйақы ставкасы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiмен бiрлесiп, бiр жылда 1 рет айқындайтын нарықтық шектi сыйақы ставкасынан жоғары болуы мүмкiн емес.
      Субсидиялау мөлшерiн 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      ^ Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетiгi
      1. Өтiнiм берушi банкке өтiнiш бередi.
      2. Банк жобаның қаржы-экономикалық тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзедi және оң шешiм болған жағдайда өтiнiм берушiге жобаға кредит беруге дайын екендiгi туралы хабарлама жiбередi.
      3. Өтiнiм берушi банктiң оң шешiмiмен осы жобаны ӨҮК қарауына шығаратын жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушiге жүгiнедi.
      4. ӨҮК жобаны Бағдарлама өлшемдерiне сәйкестiгiне қарайды және субсидиялау мүмкiндiгi (немесе мүмкiн еместiгi) жөнiнде шешiм қабылдайды. ӨҮК-нiң шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделедi.
      5. Жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушi ӨҮК субсидиялауға мақұлдаған жобалар тiзбесiн субсидиялау шарттарымен бiрге тиiстi банктерге, сондай-ақ қаржы агентiне жiбередi.
      6. ӨҮК-де қаралған барлық жобаларды жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушi олар бойынша қабылданған шешiмдермен қоса уәкiлеттi органға жiбередi. Жоба Бағдарламаның өлшемдерiне сәйкес болмаған жағдайда уәкiлеттi орган субсидиялау шарты жасалғанға дейiн ӨҮК шешiмiн тоқтата тұруға құқығы бар.
      7. Кредиттеу бойынша банктердiң және субсидиялау бойынша ӨҮК-нiң оң шешiмi бар жобалар бойынша банк, қатысушы және қаржы агентi субсидиялау шартын жасайды, оның шеңберiнде қаржы агентi мен Бағдарламаға қатысушы банкке сыйақы ставкасының тиiстi бөлiгiн төлейдi.

      ^ Банктердiң кредиттерi бойынша кепiлдiктер беру
      Банктердiң кредиттерi бойынша кепiлдiктер беру шарттары
      Жаңа жобаларды iске асыру үшiн берiлетiн кредиттер бойынша, сондай-ақ өндiрiстi жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған iске асырылатын жобалар бойынша ғана кепiлдiк берiледi.
      Кепiлдiк беру жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы бiр қарыз алушы үшiн 3 млрд. теңгеден аспауы тиiс.
      Кепiлдiк мөлшерi кредит сомасының 50 %-ынан жоғары болмауы тиiс.
      Кәсiпкерлерге кепiлдiк тегiн берiледi.
      Кепiлдiк берiлетiн кредиттiң ең жоғары мерзiмi 10 жылдан аспауы тиiс.
      Айналым қаражатын қаржыландыру негiзгi құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберiнде жүзеге асырылатын, бiрақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берiлетiн кредиттер бойынша кепiлдiк беру жүзеге асырылмайды.
      Өтiнiм берушi жобаны iске асыруда қаражатының қатысуын жобаны iске асырудың жалпы құнының 15 %-ынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуi тиiс.
      2010 жылы кепiлдiк беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердiң сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте, банк:
      өтiнiм берушi бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруiне байланысты;
      өтiнiм берушi кредит бойынша мiндеттемелердi бұзуы себептi алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдердi қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бiр комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
      Бұдан әрi кредит бойынша банктiң сыйақы ставкасы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiмен бiрлесiп, бiр жылда 1 рет айқындайтын нарықтық шектi сыйақы ставкасынан жоғары болуы мүмкiн емес.
      Жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушiсi қаржы агентiне төлейтiн кепiлдiк құны кепiлдiк мөлшерiнiң 20%-ын құрайды.

      ^ Банктердiң кредиттерi бойынша кепiлдiктер беру тетiгi
      1. Өтiнiм берушi банкке өтiнiш бередi.
      2. Банк өтiнiм берушiнiң кепiлдiктi қамтамасыз етуiне алдын ала дербес бағалауды жүргiзедi және оған өтiнiш берiлген қарыз сомасына негiзделе отырып, қажеттi кепiлдiк мөлшерiнiң есебi көрсетiлген хат бередi.
      3. Өтiнiм берушi қажеттi кепiлдiк мөлшерiнiң есебi бар банк хатын қоса бере отырып, жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушiге өтiнiш бередi.
      4. Жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушi жобаны ӨҮК-нiң қарауына шығарады.
      5. ӨҮК жобаларды Бағдарлама талаптарына сәйкестiгiн қарайды және өңiрдiң басымдықтарына сәйкес кепiлдендiрудiң мүмкiндiгi (немесе мүмкiн еместiгi) туралы шешiм қабылдайды. ӨҮК шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделедi.
      6. Жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушi қаржы агентiне және тиiстi банктерге кепiлдендiру үшiн ӨҮК мақұлдаған жобалардың тiзбесiн жiбередi.
      7. Жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушi өтiнiш берушiге жобаны ӨҮК-де қарау нәтижелерi туралы хабарлайды.
      8. Банк жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушiнiң хатын алғаннан және өтiнiш берушi құжаттардың толық топтамасын бергеннен кейiн жобаға кешендi сараптама жүргiзедi және жобаны қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      9. Банк жобаны қаржыландыру бойынша оң шешiм қабылдаған жағдайда, банк кепiлдiк беру үшiн қажеттi құжаттарды жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушiге және қаржы агентiне жiбередi.
      10. Қаржы агентi кепiлдiк беру алдындағы хатты банкке жiбередi.
      11. Банк және өтiнiш берушi арасында тиiстi кредит шарты жасалғаннан кейiн банк, қаржы агентi және өтiнiш берушi кепiлдiк шартына қол қояды.
      12. Қаржы агентi өтiнiш берушiнiң жобасы бойынша кепiлдiк бергеннен кейiн жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушi қаржы агентiне ақы төлейдi.

      Өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту
      Өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары
      Өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымның дамуы жетпейтiн инфрақұрылымды жақындатудан тұрады және өндiрiстердi жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшiн, сондай-ақ жекелеген жобалар үшiн де әрi өнеркәсiп алаңдары ұйымдары шеңберiнде де жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Қаражат бөлу тек мынадай инфрақұрылымды салу мен қайта жаңартуға бағытталуы мүмкiн: жолдар, кәрiз, жылумен жабдықтау, су құбырлары, темiржол тұйықтары, телефон орнату, кiшi электр станциялары, электр тарату желiлерi.
      Қаражат бөлу салуға немесе қайта жаңартуға арналған техникалық-экономикалық негiздеме немесе бизнес-жоспар негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.
      Жеткiлiксiз инфрақұрылымды жеткiзу бiрнеше жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн.
      Инфрақұрылымды салу (қайта жаңарту) құны жеке жоба үшiн инфрақұрылымды жақындатқан жағдайда жоба құнының 50 %-ынан аспауы тиiс.
      Өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту елдi мекендi дамытудың бас жоспарына сәйкес келуi тиiс.

      Өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетiгi
      Жеткiлiксiз өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды қамтамасыз етудi қолдау мынадай тәртiппен көрсетiлетiн болады:
      1. Кәсiпкер инфрақұрылымды жақындату немесе жақсарту қажеттiгiнiң негiздемесiн қамтитын өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтiнiммен бiрге жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушiге жүгiнедi.
      2. Жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушi қалыптастырған өтiнiмдердiң iрiктелген тiзбесi ӨҮК-ге енгiзiледi.
      3. ӨҮК өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылым салуды немесе қайта жаңартуды қаржыландыру мүмкiндiгi (немесе мүмкiн еместiгi) туралы шешiм қабылдайды.
      4. ӨҮК шешiмi Мемлекеттiк бағдарламаның сәйкестiгi тұрғысынан уәкiлеттi органмен келiсiледi және жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушiге орындауға жiберiледi.
      5. Өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды салу немесе қайта жаңарту қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      ^ Бизнес жүргiзуге сервистiк қолдау көрсету
      Бизнес жүргiзуге сервистiк қолдау көрсету шарттары
      Сервистiк қызметтер Бағдарламаға енгiзiлген жобаларды iске асыруды қолдау үшiн, сондай-ақ өңiрдiң кәсiпкерлiгiн жалпы қолдау үшiн көрсетiледi.
      Кәсiпкерге сервистiк қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiлуi мүмкiн:
      бизнестi жүргiзу бойынша қызметтер көрсету (жұмыс процестерiне қызмет көрсету);
      өнiм берушiлер мен тұтынушылар кәсiпорындарының дерекқорын қалыптастыру;
      консалтингтiк және маркетингтiк қызметтер көрсету;
      жұмыс процестерiне қызмет көрсету: орталықтандырылған бухгалтерия және заң қызметi, ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету, жұмыс процестерiн, кәсiпорындар менеджментiн реттеу бойынша қызметтер, өнiмнiң (қызметтiң) нақты түрiмен нарыққа кiру бойынша маркетингтiк зерттеулер, өнiмдердi (қызметтердi) жылжыту (брендинг) және айналдыру және басқалары;
      консультациялық қызметтер: бизнес құру және жұмыс iстеп бизнестi оңтайландыру бойынша консультациялар, қаржы және заң консультациялары, сыртқы нарықтарда бизнес жүргiзу бойынша және мемлекеттiк сатып алу конкурстарына қатысу бойынша консультациялар;
      ӨҮК ұсынымы бойынша бизнеске арналған сервистiк қызметтердiң басқа түрлерi.

      ^ Бизнес жүргiзуге сервистiк қолдау көрсету тетiгi
      1. Жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушi кәсiпкерлердiң ұсынысы бойынша қажеттi сервистiк қызметтерге мұқтаждықты айқындайды және олардың тiзбесiн ӨҮК-нiң қарауына енгiзедi.
      2. Жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушi ӨҮК мақұлдаған тiзбе бойынша сервистiк қызмет көрсетуге бағытталатын қаржы көлемiн айқындайды және конкурстық негiзде сервистiк қолдау бойынша операторды (операторларды) белгiлейдi және онымен (олармен) келiсiмдер жасасады.
      3. Сервистiк қолдау жөнiндегi оператор кәсiпкерлiкке сервистiк
қызметтер көрсету мақсатында қосалқы мердiгерлiкке басқа да сервистiк
институттарды тарта алады.
      4. Бағдарламаны үйлестiрушiлер жергiлiктi деңгейде сервистiк қызметтер көрсетудi қаржыландыруды жүзеге асырады.
      5. Сервистiк қызмет алу үшiн кәсiпкер жергiлiктi деңгейде Бағдарламаны үйлестiрушiге және сервистiк қолдау жөнiндегi операторға ӨҮК айқындаған тәртiппен өтiнiш жасайды.

      ^ Кадрлар даярлау, жастар саясаты мен әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
      Кадрлар даярлау 2011 жылдан бастап бес бағыт бойынша жүргiзiледi:
      Индустрияландыру картасының жобаларын қамтамасыз етуге жұмыспен қамту органдарының тапсырысы бойынша жобаларды iске асыру үшiн мамандар даярлау. Облыстар мен мамандықтар бөлiнiсiнде қайта даярлаудың егжей-тегжейлi жоспары әрбiр өңiр бойынша стратегияларды iске асыруды қаржыландыру бағыттары бекiтiлгеннен кейiн әзiрленетiн болады;
      Техникалық мамандықтар бойынша бар бос жұмыс орындарын толтыру үшiн қайта даярлау жүргiзу;
      Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарының (кәсiптiк лицейлер мен колледждер), сондай-ақ iрi кәсiпорындар жанындағы оқу орталықтарының мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, шетелдiк жұмыс күшiн қазақстандық кадрлармен ауыстыру;
      «Жастар саясатын» жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар;
      Әлеуметтiк жұмыс орындарын қүру жөнiндегi iс-шаралар.

      ^ Екiншi бағыт: кәсiпкерлiк секторды сауықтыру
      Бағдарламаны iске асырудың екiншi бағыты экономиканың шикiзат емес секторының кәсiпорындарын сауықтыруға бағытталған.
      Сауықтыру шеңберiнде мынадай қолдаулар көрсетiлуi мүмкiн:
      борышкерге банктердiң бар кредиттерi бойынша (мақұлдау сәтiнде) пайыздық ставканы және жобаны мақұлданғаннан кейiн пайда болатын бiр кредиттiк желi шеңберiнде жаңа берешектi субсидиялау;
      борышкерге бюджетке төленетiн салық берешегiн (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) өтеу бойынша мерзiмiн ұзартуды Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен көзделетiн өсiмпұл есептемей беру мәселесiн қарау;
      қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберiнде кәсiпорындарды сауықтыру бойынша, оның iшiнде Қазақстандық қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша iшкi кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да iс-шаралар.
      Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс iстейтiн кәсiпкерлер Бағдарламаның екiншi бағытына қатысушылар бола алады (ҚР Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және әдiснама комитетi төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекiтiлген экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiне (бұдан әрi - ЭҚТЖЖ) сәйкес).
      Мыналар жобаға қатысушылар бола алмайды:
      минералдық шикiзатты өңдеудi жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын iрi салық төлеушiлердiң тiзбесiне енгiзiлген, металлургия өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары;
      қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттер және өзге де берешектер бойынша толық ақпарат беруге келiспеген кәсiпорындар;
      кредитормен (лармен) қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын (бұдан әрi - Жоспар) келiспеген кәсiпкерлер.

      ^ Банктердiң кредиттерi бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттары
      Борышкер Бағдарламаны iске асырудың екiншi бағытына қатысуға арналған өтiнiмдi тек 2010 жылы бере алады.
      Пайыздық ставканы субсидиялауды жүзеге асыратын кредиттiң (кредиттердiң) сомасы бiр борышкер үшiн 3 млрд. теңгеден аса алмайды.
      Егер борышкердiң кредит(тер) сомасы 3 млрд. теңгеден асса, оның Бағдарламаны iске асырудың екiншi бағытына қатысуы туралы шешiмдi Мемлекеттiк комиссия қабылдайды.
      Субсидиялау мерзiмi 3 жылдан аспайды.
      Пайыздық ставканы субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12 %-ға дейiн төмендететiн кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкiн, оның iшiнде 7 %-ды борышкер төлейдi, ал 5 % мемлекет өтейдi. Бұл ретте банк:
      өтiнiм берушi бастамашылық еткен кредиттеу шарттарының өзгеруiне байланысты;
      өтiнiм берушi кредит бойынша мiндеттемелерiн бұзу себебi бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдердi қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдердi алмайды.
      Пайыздық ставканы субсидиялау бар берешекке (мақұлдау сәтiнде) және жобаны мақұлдағаннан кейiн туындайтын бiр кредиттiк желi шеңберiнде жаңа берешекке қолданылады.

      ^ Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша мерзiмiн ұзартуды ұсыну шарттары
      Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша мерзiмiн ұзарту Бағдарламаны iске асырудың екiншi бағыты шеңберiнде банктердiң сыйақы ставкасын субсидиялау үшiн мақұлданған борышкерлерге ғана берiлуi мүмкiн.
      Мерзiмiн ұзарту 2008 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаулысы қабылданған сәтке дейiн қалыптасқан, Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен көзделетiн берешек бойынша берiлуi мүмкiн.

      ^ Кәсiпорынды сауықтыру бойынша мемлекеттiк қолдаудың басқа шараларын ұсыну шарттары
      Кәсiпорындарды сауықтыруды мемлекеттiк қолдаудың басқа шаралары жеке негiзде Бағдарлама өлшемдерiне, Мемлекеттiк бағдарламаның басымдықтарына сәйкестiгiн, өңiрлер үшiн олардың қызметiнiң жүйе құраушы сипатын негiзге ала отырып, кәсiпорындарды iрiктеудi жүзеге асыратын Мемлекеттiк комиссия жанындағы арнайы жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады.

      ^ Екiншi бағытты iске асыру тетiгi
      1. Уәкiлеттi орган мен Қазақстан қаржыгерлерi қауымдастығы (бұдан әрi - ҚҚҚ) арасында Бағдарламаның екiншi бағыты шеңбердегi өзара iс-қимыл туралы меморандум жасалады.
      2. Борышкер берешегi аз банкке (егер борышкердiң бiрнеше банкте бiрдей қарыздары болса ол олардың бiреуiне өз таңдауы бойынша өтiнедi) сауықтыруға арналған өтiнiшiмен барады, оған мыналар қоса берiледi:
      Бағдарлама өлшемдерiне сәйкестiгi, қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттерi мен өзге де берешектерi бойынша ақпарат;
      төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа, салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi (мұндайлар болған жағдайда) төлеу бойынша мерзiмiн ұзартуға өтiнiш;
      кәсiпорынды қаржы-экономикалық сауықтыру бойынша үш жылға арналған жоспар (бұдан әрi - Жоспар).
      3. Борышкерден сауықтыруға өтiнiш алған банк үш күн iшiнде бұл туралы ҚҚҚ мен қаржы агентiн хабардар етедi.
      4. ҚҚҚ кредиттер бойынша кәсiпорынның 100 % берешегi бар
кредиторлар комитетiн құрады. Кредиторлар комитетi борышкердiң
қаржы-экономикалық жағдайына және оның Бағдарлама өлшемдерiне
сәйкестiгiне бағалау жүргiзедi. Бұл ретте кредиторлар комитетi борышкермен ақпаратты толық ашу туралы келiсiм жасасады.
      Егер борышкердiң тек бiр банкте немесе бiр кредиторда ғана берешегi болған жағдайда кредиторлар комитетi құрылмайды және ақпаратты толық ашу келiсiмiне тиiстi банк қол қояды.
      Борышкердiң тiлегi бойынша кредиторлар комитетiне тиiстi салалық қауымдастықтың өкiлi кiре алады.
      5. Кредиторлар комитетi борышкер ұсынған барлық құжаттарды қарап болғаннан кейiн қабылданған шешiмдi тиiстi хаттама үлгiсiнде рәсiмдейдi.
      6. ҚҚҚ (Кредиторлар комитетi) борышкер бойынша хаттама мен материалдарды қаржы агентiне жiбередi.
      7. Қаржы агентi борышкер туралы деректердi жинауды және өңдеудi жүзеге асырады, оны субсидиялау бойынша ұсыным әзiрлейдi және барлық материалды уәкiлеттi органға жiбередi.
      8. Уәкiлеттi орган Бағдарламаға әлеуеттi қатысушылардың материалдарын Жоспарларды Кредиторлар комитетiмен келiсiп, өз ұсыныстарымен бiрге Мемлекеттiк комиссияның қарауына жедел түрде шығарады.
      9. Мемлекеттiк комиссияның жанындағы арнайы жұмыс тобы Бағдарламаның шарттарына сәйкес, кәсiпорындарды сауықтыруды мемлекеттiк қолдаудың басқа да шаралары бойынша ұсынымдар әзiрлейдi және материалдарды Мемлекеттiк комиссияның қарауына шығарады.
      10. Мемлекеттiк комиссия борышкердiң мынадай сауықтыру бағдарламасына қатысуын тиiстi хаттамамен мақұлдайды:
      банктердiң кредиттерi бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;
      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) төлеу бойынша мерзiмiн ұзарту;
      Жоспар шеңберiнде басқа да шаралар бойынша.
      11. Мемлекеттiк комиссия мақұлдаған жағдайда борышкер әрбiр кредитормен борыштық мiндеттемелер бойынша шартты қайта жасасады, онда мынадай талаптар айқындалады: кредиттер бойынша пайыздық ставка 12 % деңгейде тiркеледi, оның 7 %-ын борышкер төлейдi, ал 5 %-ын мемлекет өтейдi.
      12. Мемлекеттiк комиссия мақұлдаған жобалар бойынша банк, қатысушы және қаржы агентi арасында субсидиялау шарты жасалады, соның шеңберiнде қаржы агентi мен Бағдарламаға қатысушы банкке сыйақы ставкасының тиiстi бөлiгiн төлейдi.

      Үшiншi бағыт:
      Экспортқа бағдарланған өндiрiстердi қолдау
      Бағдарламаны iске асырудың үшiншi бағыты өнiмдi сыртқы нарықтарға экспорттайтын кәсiпкерлердi қолдауға бағытталған.
      Мемлекеттiк қолдау банктерде бар кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау арқылы көрсетiлетiн болады.

      ^ Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысушыларды iрiктеу өлшемдерi
      Бағдарламаның үшiншi бағытына мыналарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында шығарылатын өнiмнiң 10 %-дан астамын экспорттайтын кәсiпкерлер қатыса алады:
      тау-кен өнеркәсiбi;
      минералдық шикiзатты өңдеудi жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын iрi салық төлеушiлердiң тiзбесiне енгiзiлген металлургия өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары.

      ^ Банктердiң кредиттерi бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары
      Пайыздық ставканы субсидиялау жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы бiр қарыз алушы үшiн 3 млрд. теңгеден аспауы тиiс.
      Субсидиялау мерзiмi одан әрi 10 жылға дейiн ұзарту мүмкiндiгiмен 1 жылдан 3 жылға дейiндi құрайды.
      2010 жылы банктердiң, Бағдарламаға қатысушылардың сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте 4 %-ды экспорттаушы төлейдi, ал 8 %-ды мемлекет өтейдi. Сондай-ақ банк:
      өтiнiш берушi бастамашылық жасайтын кредит беру шартының өзгеруiне байланысты;
      өтiнiш берушiнiң кредит бойынша мiндеттемелерiн бұзу себебi бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдердi қоспағанда қандай да бiр комиссияларды, алымдарды және/немесе кредитке байланысты өзге де төлемдердi алмайды.
      Одан әрi жылына бiр рет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң келiсiмi бойынша ЭДСМ анықтайтын кредит бойынша қаржы ұйымдарының тиiмдi пайыздық ставкасы нарықтық шектi ставкадан аса алмайды.
      Субсидиялау мөлшерi 2011 жылдан бастап банктiң сыйақы ставкасының 70 %-ын құрайтын болады.

      Үшiншi бағытты iске асыру тетiгi
      1. Экспорттаушы жекелеген тауарлар бөлiнiсiнде экспорттық жеткiзулердiң көлемдерi мен бағыттары бойынша ақпаратты қоса бере отырып, банктiң сыйақы ставкасын субсидиялауға үшiн жергiлiктi деңгейде Бағдарламаны үйлестiрушiге өтiнiш бередi.
      2. Жергiлiктi деңгейдегi Бағдарламаны үйлестiрушi субсидиялауға өтiнiш берген экспорттаушылардың тiзiмiн ӨҮК-нiң қарауына шығарады.
      3. ӨҮК Бағдарламаның шарттарына сәйкес экспорттаушы банктердiң кредиттерi бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау мүмкiндiгi (мүмкiн еместiгi) жөнiнде шешiм қабылдайды және шешiмдi тиiстi хаттамамен ресiмдейдi.
      4. ӨҮК-де қаралған барлық жобалар олар бойынша қабылданған шешiмдердi бар қоса бере отырып уәкiлеттi органға жiберiледi. Жоба бағдарлама критерийiлерiне сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi органның субсидиялау шарты жасалғанға дейiн ӨҮК шешiмiн тоқтата тұруға құқығы бар.
      5. Субсидиялау бойынша ӨҮК-нiң оң шешiмi бар жобалар бойынша, банк, экспорттаушы және қаржы агентi арасында субсидиялау шарты жасалады, оның шеңберiнде қаржы агентi мен экспорттаушы бойынша сыйақы ставкасының тиiстi бөлiктерiн банкке төлейдi.
      6. Экспорттаушы үш айда бiр рет өнiмнiң экспорты бойынша есептi тиiстi растаушы құжаттарды қоса бере отырып қаржы агентiне жiбередi.
      7. Қаржы агентi экспорттаушылардың есептерiн ұсынылған деректерге растама алу үшiн салық органдарына жiбередi.

Бағдарламаға қатысушылардың өзара iс-қимылы және оны
  1   2   3



Похожие:

«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 жылдың 01 қыркүйекке Қарабалық ауданындағы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламаның іске асыруы
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы бекітілген. Бағдарламаның...
«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020»
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?
«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылу барысы «Бизнестің жол картасы 2020»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау»; «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру»; «Валюталық несиелері...
«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconЖоба Ұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасын іске...
«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне мемлекеттік гранттар (өз бизнесін құруға) ұсыну үшін конкурстық іріктеуге қатысуға
...
«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы