Конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі icon

Конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі



НазваниеКонкурсты өткізу талаптары мен тәртібі
Дата конвертации26.09.2014
Размер111.29 Kb.
ТипКонкурс
источник



  1. Жалпы ережелер


1. Осы Қағидалар «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалдарында (бұдан әрі - филиал) бос лауазымдарды иеленуге конкурс өткізу (бұдан әрі - конкурс) талаптары мен тәртібін анықтайды.

2. Қағидалар Қазақстан Республикасының Конституциясына, еңбек заңнамасына және «ХҚКО» РМК-ның ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.

3. Конкурс филиалдардың директорлары мен олардың орынбасарларының лауазымдарын қоспағанда, барлық бос лауазымдарға өткізіледі.

4. Конкурсты тиісті лауазымдарға филиалдың қорда тұрған қызметкерлерінің тізімін қарағаннан кейін бос лауазымдары бар «ХҚКО» РМК филиалы өткізеді.

5. Филиалда бос лауазымды иеленуге үміткерлер іріктеуді жүзеге асыруға өкілеттік берілген конкурстық комиссия құрылады.

6. Конкурстық комиссияның шешімі бос лауазымды иеленуге немесе лауазымды иеленуден бас тарту үшін негіз болып табылады.


  1. Конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі


7. «ХҚКО» РМК бас директорының бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысуға құқылы.

8. Мына азаматтарға конкурсқа қатысуға жол берілмейді:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;

2) заңды күшіне енген соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылғандар, белгілі бір лауазымдарды алу құқығынан айрылғандар.

9. «ХҚКО» РМК филиалдарына қажетті құжаттарды тапсырған азаматтар конкурстың қатысушылары болып табылады.

10. Тестілеуге жіберілген конкурстың қатысушылары конкурстық комиссия шешімінің негізінде бос лауазымға орналасуға үміткерлер (бұдан әрі - үміткерлер) болып табылады.

11. Конкурстық комиссия конкурстың қатысушылары тапсырған құжаттарды, оларды тестілеуден өткізудің қорытындыларын қарайды, үміткерлермен әңгімелесулер жүргізеді және бос лауазымдарды иеленуге үміткерлерді соңғы рет іріктеуді жүзеге асырады.

12. Конкурс бірқатар бірізді кезеңдерді қамтиды:

1) Конкурс өткізу туралы хабарландыруды «ХҚКО» РМК-ның www.con.gov.kz интернет ресурсына және облыстық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

2) конкурстық комиссияны құру;

3) конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау;

4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуын алдын-ала қарау;

5) «ХҚКО» РМК-да бекітілген тәртіпте үміткерлерді тестілеу;

6) конкурстық комиссия үміткерлермен өткізетін әңгімелесулер;

7) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

Конкурсқа қатысу бойынша шығындарды азаматтар өз қаражаттарының есебінен жүргізеді.
^ 3. Конкурс туралы хабарландыру
13. «ХҚКО» РМК филиалы бос орын пайда болған кезде «ХҚКО» РМК-ның орталық аппаратымен алдын ала жазбаша келісіп, бос орын туралы ақпаратты www.con.gov.kz интернет ресурсына және облыстық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралына мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.

14. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мына мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) Орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефон мен факстің нөмірлері көрсетілген «ХҚКО» РМК аумақтық филиалының атауын;

2) жұмыс берушінің актілеріне сәйкес негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен талаптары көрсетілген бос лауазымдардың атауы;

3) біліктілік талаптарына сәйкес конкурстың қатысушысына қойылатын негізгі талаптар;

4) құжаттарды қабылдау мерзімі (конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялаған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн);

5) үміткерлердің дайындалуына қажетті нормативтік құқықтық актілердің тізбесі.

Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін.
^ 4. Конкурстық комиссияны құру
15. Тұрақты әрекет ететін конкурстық комиссияның құрамы жыл сайын филиал директорының бұйрығымен бекітіледі.

16. Конкурстық комиссия төрағадан, хатшыдан (қызметкерлерді дамыту қызметінің өкілі) және комиссия мүшелерінен құралады.

17. Конкурстық комиссияның құрамына филиалдың түрлі бөлімшелерінің басшылары енгізіледі.

17-1. Конкурстық комиссияның құрамына тиісті бос лауазымды иелену үшін конкурсқа қатысушы кіре алмайды.

5. Құжаттарды қабылдау
18. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар конкурсты өткізіп жатқан «ХҚКО» РМК филиалына мына құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш (1 қосымша);

2) түйіндеме;

3) жеке куәліктің көшірмесі;

4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

19. Азаматтар өздерінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби деңгейі мен беделіне (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың, ғылыми дәреже мен атақтар беру туралы құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми басылымдардың көшірмелері және т.б.) қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.

20. Комиссия үміткерлердің конкурсқа қатысуға келіп түскен өтінімдерін талдайды.

21. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, конкурстық комиссияның материалдары конкурстық комиссияның хатшысында сақталады, ал конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың құжаттары азаматтарға қайтарылады.
^ 6. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
22. Конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау аяқталысымен конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

23. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіне талдау жүргізеді.

24. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды талдау негізінде белгіленген талаптардың тиісті лауазымға сәйкестігі туралы және конкурсқа қатысушыны тестілеуге жіберу туралы шешім қабылдайды, ол хаттама түрінде ресімделеді және оған комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды. Конкурстық комиссия шешім қабылданғаннан кейін рұқсат алмаған конкурс қатысушыларын бұл туралы хабардар етеді.

25. Тестілеуге жіберуге рұқсат беру туралы шешім үміткерлердің тізбесі ретінде өткізілетін әрбір конкурс бойынша ресімделеді, оны конкурстық комиссия бекітеді.

26. Конкурстық комиссия хабарландыруды жариялау кезеңінде «ХҚКО» РМК қызметкерлерді басқару департаментінің келісімі бойынша тестілеу өткізудің кестесін жасайды. Конкурстық комиссия кестеге сәйкес тестілеу өткізудің орны мен уақыты туралы үміткерлерді хабардар етеді.
7. Үміткерлерді тестілеу
27. Үміткерлердің білімі мен қабілеттерін әділ бағалау тестілеудің мақсаты болып табылады.

28. Тестілеуге жіберілген үміткерлер, сондай-ақ ХҚКО қызметінде қолданылатын мемлекеттік деректер қорына қол жеткізбей, өтеусіз негізде екі апталық танысу тәжірибесінен өтуге тілек білдірген (өтініштері бар болған жағдайда) үміткерлер құжаттарды қабылдау аяқталысымен он жұмыс күні ішінде тестілеуден өтеді.

29. Бос лауазымдарға кәсіби білімін бағалау үшін тест сұрақтарын лауазымдардың біліктілік сипаттарын талдауға қарай «ХҚКО» РМК орталық аппараты әзірлейді.

29-1. Қызметкерлерді басқару департаментінің қызметкерлері тест сұрақтарының жалпы санынан әр нақты лауазым үшін базалық кәсіби білімін бағалау бойынша тест сұрақтарының тізбесін қалыптастырады.

29-2. Тестердің мазмұны қатаң құпиялық сипатқа ие және оны таратуға жатпайды және/немесе үміткерлерге, көлденең адамдарға беруге болмайды.

29-3. Кәсіби білімін тестілеу қорытындыларының әділдігі барлық үміткерлер үшін тиісті бос орынға тестілеу өткізудің бірыңғай талаптарымен, ұзақтығымен (60 минут), сондай-ақ санымен (60 сұрақ) қамтамасыз етіледі.

29-4. Тестілеудің қорытындылары тестілеудің қорытындылары туралы анықтама түрінде ресімделеді және оған тестілеудің әкімшісі, сондай-ақ тестілеуден өткен тұлға қол қояды.

30. Лауазымға қарай «ХҚКО» РМК тестілеудің түрлі бағдарламаларын белгілейді.

31. Тестілеу мыналарды қамтиды:

1) қолданыстағы заңнаманы білуге тестілеу;

2) мемлекеттік тілді білуге тест (қосымша 20 минут бөлінеді);

32. Тестілеудің әкімшісі болып табылатын Қызметкерлерді дамыту қызметі тестілеуді өткізеді.

33. «ХҚКО РМК филиалы тестілеуден өткен конкурсанттарға тестілеудің қорытындысын береді.

34. Әңгімелесуге тестілеуден өту кезінде осы лауазым санаты үшін «ХҚКО» РМК белгілеген шекті мәннен кем емес баға алған үміткерлер жіберіледі.

Мемлекеттік тілді білуге арналған тест қорытындылары тестілеудің нәтижесіне әсер етпейді.

Тестілеу қорытындылары шекті мәннен төмен үміткерлер әңгімелесуге жіберілмейді.
8. Үміткерлермен әңгімелесу
35. Үміткерлердің кәсіби және жеке дара қасиеттерін бағалау әңгімелесудің мақсаты болып табылады.

35-1. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны тестілеу өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде өтеді.

36. Конкурстық комиссия үміткерлердің кәсіби және жеке дара қасиеттерін бағалау кезінде біліктілік талаптары мен тиісті лауазымның лауазымдық нұсқаулықтарын ескереді.

36-1. Әр үміткермен әңгімелесу барысы жеке хаттама түрінде ресімделеді.

Үміткермен әңгімелесу хаттамасына конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері, үміткер, сондай-ақ хаттама жүргізген хатшы қол қояды.

37. Конкурстық комиссия әңгімелесуден өткен үміткерлердің құжаттарын оның қорытынды отырысында қарайды.
^ 9. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы
38. Әңгімелесу өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде өткізілуі керек қорытынды отырыста конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың тестілеу қорытындысы мен өткізілген әңгімелесудің негізінде үміткерлерді бағалайды және олардың ішінен бос лауазымды иеленуге іріктеуді жүзеге асырады.

39. Конкурстық комиссияның шешімі үміткерсіз дауыс беру жолымен қабылданады.

40. Егер отырысқа конкурстық комиссия құрамының 2/3 бөлігі қатысса, ол заңды болып есептеледі.

41. Егер үміткерге комиссия құрамынан қатысушылардың басым көпшілігі дауыс берсе, ол оң қорытынды алды. Дауыстардың тепе-теңдігі кезінде дауыс беру барысында конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

42. Конкурстық комиссия әңгімелесуден өткен 3 үміткерді кадрлық қорға енгізуге құқылы.

Кадрлық қордың саны филиал қызметкерлерінің жалпы штат санының 5 %-нан аспауы тиіс. Кадрлық қорды жылына 4 реттен асырмай (қаңтар, сәуір, шілде, қазан) толықтырып отыруға жол беріледі.

Лауазымдардың белгілі бір санаты үшін белгіленген кадрлық қорға енгізілген үміткердің тесті бойыншы тестілеудің қорытындысы тестілеуден өткен сәттен бастап 1 жыл ішінде жарамды болады.

43. Талқылау барысы мен конкурстық комиссия қабылдаған шешім хаттама түрінде ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

44. Егер конкурстың нәтижесінде конкурстық комиссия ұсынылған бос лауазымдарға үміткерлерді анықтамаса, «ХҚКО» РМК филиалы қайта конкурс жариялай алады.

45. Конкурстық комиссия әңгімелесуден өткен үміткерлерді конкурстың қорытындысы туралы ол аяқталған күннен бастап 5 күн ішінде хабарландырады. Сондай-ақ конкурстың қорытындысы www.con.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады.

46. Конкурстық іріктеуден өтпеген үміткер үш ай өтісімен филиалдың бос лауазымын иеленуге қайта үміткер бола алады.
10. Үміткердің лауазымды иеленуі
47. Филиал директоры конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткерді жұмысқа қабылдауға міндетті.

48. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған азаматтың жұмысқа қабылдау кезінде көрінеу жалған ақпарат немесе құжат бергендігі анықталса, бұл тиісті бос лауазымға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

49. Жұмысқа қабылдау туралы оң шешім қабылданған үміткер Қызметкерлерді дамыту қызметіне жұмысқа қабылдау туралы өтінішті ұсынады.

50. Егер қызметкердің келісімі бойынша филиалдың құжаттарды жұмыс берушіде сақтау немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген рәсімдерді орындау үшін оларды уақытша қалдыру жағдайында Қызметкерлерді дамыту қызметі қызметкерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме береді.

51. Жұмысқа қабылдау туралы өтінішке үміткердің іріктеудің барлық кезеңдерінен өткендігін растайтын құжаттары қоса беріледі.

52. Қызметкер 2 (екі) айдан аспайтын сынақ мерзімімен еңбек шартының негізінде жұмысқа қабылданады.

53. Жұмысқа ресімдеу кезінде мынадай міндетті рәсімдер орындалады:

  1. үміткер 1-қосымшаға сәйкес берген, белгіленген үлгідегі жұмысқа қабылдау туралы өтінішке қызметкер жұмысқа алынып отырған құрылымдық бөлімшенің және қызметкерлерді дамыту қызметінің басшысы бұрыштама қояды.

  2. тараптар еңбек шартын жасасқаннан кейін «ХҚКО» РМК филиалының директоры жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады, бұл қызметкерге үш күндік мерзімде қол қойғыза отырып мәлімет ретінде жеткізіледі;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тараптар ҚР Еңбек кодексінің 168-бабына сәйкес толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасады.

54. Еңбек шартын жасасқаннан кейін қызметкер қол қоя отырып мынадай ішкі құжаттармен танысуы тиіс:

  1. қызметкердің құқықтары мен міндеттері айталатын лауазымдық нұсқаулықпен;

  2. осы Ережелермен;

  3. филиалдың қызметін регламенттейтін ішкі құжаттармен.


^ 11. Шағымдану тәртібі
55. Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурсты өткізу күнінен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде «ХҚКО» РМК-ның қызметкерлерді басқару департаментіне немесе сот тәртібімен конкурстық комиссияның шешіміне шағымдануға құқылы.

56. «ХҚКО» РМК-ның қызметкерлерді басқару департаменті конкурстық комиссия шешіміне қатысты келіп түскен шағымды қарайды және осы Ережелердің бұзылуын анықтаған жағдайда конкурстық комиссияға қабылданған шешімді жоюды ұсынады.

57. Конкурстық комиссия «ХҚКО» РМК-ның қызметкерлерді басқару департаментінің ұсынысын өз отырысында бұрынғы құрамда қарастырады. Бұл отырыста конкурстық комиссия бұдан бұрын қабылданған шешімді жояды және жаңасын шығарады немесе оны өзгеріссіз қалдырады. Конкурстық комиссия шағым берген үміткерді шешім қабылданған сәттен бастап он күн мерзім ішінде қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

58. Конкурстық комиссияның бұдан бұрын қабылданған шешімді жоюы және жаңасын шығаруы филиал директорының тиісті шешім шығаруы немесе өзгертуі үшін негіз болып табылады.

59. Егер де конкурстық комиссия бұдан бұрын қабылданған шешімді өзгеріссіз қалдырса, шағым берген үміткер аталған шешімге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.




Похожие:

Конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі iconӨткізудің тәртібі мен орындарын қосымша реттеу туралы
Заңына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы №2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,...
Конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі iconЖоба арал ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі мен орындарын қосымша реттеу туралы
Заңына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы №2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,...
Конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі iconКонкурстық негізде микрокредит беру тәртібі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №819 қаулысымен бекітілген, конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, кредиттік...
Конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі icon«кемсітуді білмейміз – БӘрімізде бірдейміз»
Осы ереже мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың арасындағы республикалық конкурсты ұйымдастыру және...
Конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі iconЖиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы №2126 «Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар...
Конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі iconПавлодар облысы білім беру басқармасының 20 жылғы
Ереже «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі мен міндеттерін...
Конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі iconМемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі n 453 Заңы мазмұны 1-тарау. Жалпы ережелер
«А» корпусы – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті...
Конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі iconМемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі n 453 Заңы мазмұны 1-тарау. Жалпы ережелер
«А» корпусы – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті...
Конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі icon«Дарындар шұғыласы» қалалық хореографиялық конкурсты өткізу ережесі. Конкурсты ұйымдастырушылар
Конкурс «Халық биі», «Осы заманғы би» (эстрадалық, стилді) болып екі номинация бойынша өтеді. Әр топ, жас категориясына сәйкес номинациялар...
Конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі iconМемлекеттік қызмет туралы
«А» корпусы – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеудің және конкурстық іріктеудің ерекше тәртібі,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы