Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды icon

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды



НазваниеҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды
Дата конвертации26.10.2012
Размер26.04 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды


2012 жылғы сәуірде Халықаралық банкнота қоғамдастығы (IBNS) конкурсының қорытындылары шығарылды, онда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстанның ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды.

Халықаралық банкнота қоғамдастығы – бүкіл дүние жүзінен банкнота жинаушылардың тәуелсіз бірлестігі, олар жыл сайын өздерінің theibns.org. сайтында интернет-дауыс беру арқылы жылдың үздік банкнотасын таңдайды.

Бұл коммерциялық емес білім беру ұйымының мақсаты білім беру, ғылыми және тарихи аспектілерде бүкіл дүние жүзінен банкноттар мен қағаз ақшасын зерделеу. Қоғамдастық мүшелері 90-нан астам елдердің сарапшылары болып табылады. Бүгінгі күні қоғамдастықтың 2 000 астам мүшесі бар.

Марапаттың маңыздылығы жеңімпазды таңдаудың қандай да болмасын банкнотаны алға шығаруға мүдделі емес адамдардың жүзеге асыруында және ол дизайнның эстетикалық әсеріне, басып шығару сапасына және қолдан жасаудан қорғау тәсілдеріне негізделеді.

Халықаралық банкнота қоғамдастығы әлемнің ондаған жаңа банкноталарының ішінде Қазақстанның банкнотасын жеңімпаз ретінде таңдай отырып, купюраның дизайны мен идеологиясын, сол сияқты оның техникалық тұрғыдан орындалуы мен қорғалуын үздік деп таныды.

Банкнота 2011 жылғы шілдеде шығарылды және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған. Ең жоғары номиналды бұл банкнотаның дизайнын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дизайнерлері шетелдік әріптес De La Rue компаниясымен бірлесіп жасады. Банкнота Қазақстан Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасында басып шығарылды.

Ескерткіш банкнотаның дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде дайындалды: бет жағындағы бейнелері негізінен тігінен, сырт жағында – көлденең орналасқан. Басым түсі – күлгін көк.

Банкнотаның бет жағында «Қазақ Елі» монументінің бейнесі орналасқан, ол Астана қаласының он жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды және Қазақстан тәуелсіздігін бейнелейді. Банкнотаның төменгі оң бөлігінде үйлесімді, бейбітшілік пен келісімді білдіретін ұшып жүрген кептерлер бейнеленген.

Дизайны алдыңғы қатарлы қорғаныш элементтерінің ауқымды жиынтығын қамтиды, мысалы, Optiks қорғаныш жібі, StripeChrome және SPARK қорғаныш бояуы.

Сырт жағында банкнотаның ортасында негізгі бейне «Ақ Орда» Президент сарайы орналасқан. Жоғарғы сол бұрышында «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ЖИЫРМА ЖЫЛ» деген жазу бар, оның астында Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу логотипі орналасқан. Банкнотаның сырт жағында бірқатар қорғаныш элементтер бар: мөлдір орын және ескерткіш жазбаның астында жарыққа тосып қарағанда «ОН» сөзі түрінде көрінетін жасырын бейне. Сонымен қатар банкнотаны қолдан жасаудан қорғау үшін сырт жағындағы бөліктері жарыққа тосып қарағанда бет жағындағы бөліктермен тұтас суретті құрайтын бейне орналасқан.









Қазақстан банкноталары осыған дейін де халықаралық наградалармен марапатталды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноталарының жаңа сериясы Халықаралық Валюта Қауымдастығы (IACA) тағайындаған, жылдың үздік жаңа сериясы үшін жүлдені жеңіп алды.

2007 жылы Бангкокта «Optiks» элементі бар номиналы 10 000 теңгелік банкнота «Ең үздік жаңа банкнота» номинациясында бірінші орынға ие болды.

2008 жылы Теңгенің 15 жылдығына арналған номиналы 5000 теңгелік банкнотада «SPARK» қорғаныш элементі үздік деп танылды.


Толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Батыс Қазақстан филиалына мына мекенжай бойынша Орал қ. Досмұхамедов көшесі, 16 үй, 9.00 – 17.00 сағат аралығында немесе 50-97-68 телефоны арқылы хабарласуға болады.



Похожие:

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ескерткіш монеталарды айналысқа шығару туралы
«proof» сапасымен жасалған номиналдық құны 50 000 теңгелік ескерткіш алтын монетаны, «proof» сапасымен жасалған номиналдық құны 5...
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған іс-шаралар
Белокаменка негізгі мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған акция өткізілді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 –жылдығына арналған жас музыканттар 11 қалалық сайысы өткізу туралы ақпарат
...
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды icon14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер!
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды icon«Есік көсемі» және «Өскемен» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 23 қыркүйектен бастап «Республика игілігі»
«proof» сапасымен жасалған номиналы 500 теңгелік «Есік көсемі» ескерткіш күміс монетасын және «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан...
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Әскери-патриоттық клубтардың төртінші республикалық слетiн өткiзу туралы
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және...
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды iconБекітемін көкпекті ауданының әкімі Д. М. Мусин
Көкпекті ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды iconҚр тәуелсіздігінің 20 – жылдығына арналған мектеп оқушылар арасындағы спартакиада 24 қыркүйек күні, сағат 10: 00 – де «Курчатов қаласы бойынша ШҚо бжсм»
Р тәуелсіздігінің 20 – жылдығына арналған мектеп оқушылар арасындағы спартакиада өткізілді. Аталған спартакиадаға №1 және №3 қала...
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік Қазақстан ескерткіш банкнотасы «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп танылды iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным!»
«Менің Қазақстаным!» аудандық халық көркемөнерпаздар шығармашылығының байқауын өткізу туралы ереже
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы