|
2013 жылғы «06» __06___ №100 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. Осы «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет беру регламенті (бұдан әрі - регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі ҚР заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес әзірленді. 2. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) тегін Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша сәулет және қала құрылысы, автомобиль жолдары саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиал мен бөлімдері (бұдан әрi – орталық) арқылы баламалы негізде Стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетіледі. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңы, «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысымен бекітілген, Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 қаулысы (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі елді мекендерге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) немесе облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіне сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға паспорт (бұдан әрі - паспорт) беру, немесе қағаз тасығышта рұқсат, не паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінділері) бар стенділермен жабдықталған, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкілетті органдардың ғимараттарында Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен, күту залымен жабдықталған мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтың ғимараттарында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызмет: 1) Уәкілетті орган жүгінген кезде: уәкілетті органдардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады; 2) Орталыққа жүгінген кезде: Орталық белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетіледі. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету барысы туралы ақпаратты Стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органдар мен орталық алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Стандарттың 4-тармағында көрсетілген. 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 1) Уәкілетті орган жүгінген кезде: уәкілетті органдардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады; 2) Орталыққа жүгінген кезде: Орталық белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетіледі. 12. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес болмауы мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде бас тартудың негіздемесі болып табылады. 13. Мемлекеттік қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет алу туралы өтініш қабылданған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету сатылары: Уәкілетті орган арқылы рұқсат немесе паспорт алу үшін: 1) мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға мемлекеттік қызмет Стандартының 11-тармағында тізбесі көрсетілген құжаттар пакетiмен бірге өтініш береді; 2) маман құжаттарды қабылдап алады және құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, оларды тіркеу журналына құжаттарды тіркейді және басшыға жолдайды; 3) басшы қарап танысқан соң бұрыштама қояды және құжаттарды жауапты орындаушыға тапсырады; 4) жауапты орындаушы мемлекеттік қызметті алушыдан келіп түскен өтінішті қарап танысуды жүзеге асырады, рұқсат/паспорт не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, одан кейін басшыға қол қоюға жолдайды; 5) басшы рұқсат/паспорт не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және маманға жолдайды; 6) маман мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін береді. Орталық арқылы рұқсат немесе паспорт алу үшін: 1) мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет Стандартының 11-тармағында тізбесі көрсетілген құжаттар пакетiмен бірге орталық өтініш береді, орталық инспекторы құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді; 2) Орталық инспекторы өтінішті тіркеуді жүргізеді, сосын құжаттар уәкілетті органға жөнелтіледі. Құжаттар пакетін жөнелту фактісі мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін сканер штрихкодтың көмегімен тіркелінеді; 3) маман орталықтан қабылданған құжаттарды тексереді, оларды тіркейді, бұрыштама қою және жауапты орындаушыны анықтау үшін уәкілетті орган басшысына жолдайды, содан кейін жауапты орындаушыға жолданады; 4) жауапты орындаушы орталықтан келіп түскен өтінішті қарап танысуды жүзеге асырады, рұқсат/паспорт не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, одан кейін басшыға қол қоюға жолдайды; 5) басшы рұқсат/паспорт не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және маманға жолдайды; 6) маман орталыққа мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін жолдайды. Уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін қабылдау кезінде орталыққа келіп түскен құжаттарды сканер штрихкодтың көмегімен белгілейді; 7) орталық мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін береді. 14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әр сатысында құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкер құрайды. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде келесі ҚФБ іске қосылған: уәкілетті орган арқылы рұқсат немесе паспорт алу үшін: 1) маман (ҚФБ - 1); 2)басшы (ҚФБ - 2); 3)жауапты орындаушы (ҚФБ - 3). Орталық арқылы рұқсат немесе паспорт алу үшін: 1) орталық инспекторы (ҚФБ - 1); 2) маман (ҚФБ - 2); 3) басшы (ҚФБ - 3); 4) жауапты орындаушы (ҚФБ - 4). 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау 16. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. 17. Тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты беру Стандарттың 14-тармағына сәйкес жүргізіледі. 18. Әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір құрылымдық – функционалдық бірліктің (бұдан әрі – ҚФБ) әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген. 19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-қимылды бейнелейтін сызба осы Регламенттің 4-қосымшасында келтірілген. 20. Шағымдану тәртібі Стандарттың 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-тармақтарымен белгіленген. 4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі 21. Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданған шешімдер мен іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін жауап береді. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымша Әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылын сипаттау 1 кесте. ҚФБ іс-қимылын сипаттау Уәкілетті орган арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс Уәкілетті орган арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс Уәкілетті орган/жергілікті атқарушы орган арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 4-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ үдерісіндегі әкімшілік іс-қимылының қисын кезектілігі арасындағы өзара байланысын бейнелейтін сызбалар Уәкілетті орган арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін
|