Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  icon

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн

НазваниеАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
страница9/26
Дата конвертации13.04.2014
Размер3.69 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты

^ 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары (бұдан әрi – инспекциялар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабының 1-тармағы 29) тармақшасының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнiң «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары» кiшi бөлiмiнде және инспекциялардың стендтерiнде орналастырылады. Стендтер мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды қағаз тасығыштағы келiсу (бұдан әрi – келiсу) не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi – бес жұмыс күнi;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;
      3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;
      4) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзiмi – екi жұмыс күнi iшiнде.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген мерзiмдерде келiсу берiлмеген немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап ұсынылмаған жағдайда келiсу берiлген деп есептеледi және екi жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыға берiлуге жатады.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақысыз түрде көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушылар мыналарды ұсынады:
      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) су тарту құрылыстарының балықты қорғау құрылғыларына арналған жобалық құжаттама.
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiш бланкiсiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерiнен алуға болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерiне тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмiрiн және күнiн;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттар санын және атауларын;
      4) мемлекеттiк қызметтi алу күнiн (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
      5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      6) мемлекеттiк қызмет алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке тұлға үшiн) немесе атауын (заңды тұлға үшiн), байланыс деректерiн көрсете отырып, қажеттi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға немесе сенiмхат бойынша уәкiлеттi тұлғаға жеке келген кезде берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай жағдайларда:
      1) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғылары балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су тарту және гидротехникалық құрылыстарға түсуiнiң алдын алуы қамтамасыз iлмесе;
      2) су тарту құрылыстарының балықты қорғау құрылғыларының жобалық құжаттамасында мынадай мiндеттi ережелер: қорғалатын балықтардың ең кiшi өлшемiн көрсете отырып, балық қорғау құрылғысының түрлiк және өлшемдiк құрамы, балықтардың сүңгу және көшу кезеңi, балықтардың тiгiнен және көлденен таралуы, уылдырық шашу және қыстау қамбаларының орналасу орындары, қорғалатын балық құртшабақтары үшiн ағынның ағызып әкету жылдамдығы көзделмесе;
      3) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын уылдырық шашу, қыстау қамбалары аудандарында, балықтардың қарқынды көшу және балаңқұрттары мен құртшабақтары көп шоғырланған учаскелерде, қорықтық аймақтарда орнату көзделсе;
      4) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын су тарту және гидротехникалық құрылыстарға судың есептiк шығысын берудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермесе бас тартылады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде инспекциялардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) қызмет көрсету мерзiмдерiн және күту уақытын қысқарту үшiн күш салу;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы белгiленген мерзiмдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн инспекциялардың жұмысы олар бойынша бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Инспекциялардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесудi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылық комитетi төрағасының атына Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 13-кiреберiс, 367-кабинет, электронды поштасы: fisher@minagri.kz, телефоны: 8 (7172) 74-17-43 мекенжайы бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      22. Сыпайы қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым тиiстi инспекция басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      23. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндерi осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.
      Шағымда мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күнi және мемлекеттiк қызмет алушының қолы көрсетiледi.
      Шағым берiлген кезде әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, жүгiну себептерi және талаптар көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерiнде тiркеледi. Шағым қабылдануының растамасы шағым данған мемлекеттiк қызмет алушыға күнi және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиiстi ұйым кеңсесiнiң лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттiк қызмет алушы қосымша ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.

«Су тарту құрылыстарының балық  
қорғау құрылғыларын орнатуды келiсу»
мемлекеттiк қызмет стандартына  
1-қосымша              

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекцияларының мекенжайлары

Р/с

Аумақтық инспекциялар

Заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта адресi

1

2

3

4

1.

Ақмола

Көкшетау қ-сы, Громов к-сi, 21-үй

тел.:
8–716–2–31–55–87;
8–716–2–31–57–11;
электрондық поштасы:
akmolles@mail.ru; ohota_koksh@mail.kz.

2.

Ақтөбе

Ақтөбе қ-сы, Набережная к-сi, 11-үй

тел.:
8–713–2–21–01–09;
8–713–2–21–01–09;
электрондық поштасы:
aktobe.otiloh@mail.ru

3.

Атырау

Атырау қ-сы, Кұбаш Медеубайұлы к-сi, 33-үй

тел.:
8–712–2–28–04–35;
8–712–2–28–02–51;
электрондық поштасы:
lesohothoz@mail.ru

4.

Алматы

Талдықорған қ-сы, Лесная поляна к-сi, 1-үй

тел.:
8–728–2–27–01–03;
8–728–2–27–23–15;
электрондық поштасы:
pihta_tkorgan@mail.ru

5.

Шығыс Қазақстан

Өскемен қ-сы, Тоқтаров к-сi, 40-үй

тел.:
8–723–2–26–31–80;
8–723–2–26–31–80;
электрондық поштасы:
bioresursy@mail.ru

6.

Жамбыл

Тараз қ-сы, Әл-Фараби к-сi, 11-үй

тел.:
8–726–2–34–12–84;
8–726–2–34–12–84;
электрондық поштасы:
tarazcontrol@minagri.kz

7.

Батыс Қазақстан

Орал қ-сы, Аманжолов к-сi, 75-үй

тел.:
8–711–2–51–40–76;
8–711–2–50–79–22;
электрондық поштасы:
Batyswood_59@mail.ru

8.

Қарағанды

Қарағанды қ-сы, Крылов к-сi, 20-үй

тел.:
8–721–2–41–58–69;
8–721–2–41–58–73;
электрондық поштасы:
upravlenie@topmail.kz

9.

Қызылорда

Қызылорда қ-сы, Абай к-сi, 48-үй

тел.:
8–724–22–3–55–20;
8–724–22–3–50–87;
электрондық поштасы:
turebaev_lesohot@mail.ru

10.

Қостанай

Қостанай қ-сы, Гагарин к-сi, 85 А-үй

тел.:
8–714–2–54–30–60;
8–714–2–54–28–34;
электрондық поштасы:
les_kst@mail.ru

11.

Маңғыстау

Ақтау қ-сы, 3-ш.а., 67-үй

тел.:
8–729–2–52–40–06;
8–729–2–52–40–08;
электрондық поштасы:
mangistau.leshoz@mail.ru

12.

Павлодар

Павлодар қ-сы, Ворушин к-сi, 92-үй

тел.:
8–718–2–57–10–39;
8–718–2–57–37–96;
электрондық поштасы:
kedrOTI@yandex.ru

13.

Солтүстiк Қазақстан

Петропавл қ-сы, Ж. Жабаев к-сi, 241-үй

тел.:
8–715–2–42–57–70;
8–715–2–42–57–79;
электрондық поштасы:
Les_petropavl@mail.ru

14.

Оңтүстiк Қазақстан

Шымкент қ-сы, Лесхоз кентi

тел.:
8–725–2–57–03–31;
8–725–2–57–15–84;
электрондық поштасы:
gosnadzor_99@mail.ru

«Су тарту құрылыстарының балық  
қорғау құрылғыларын орнатуды келiсу»
мемлекеттiк қызмет стандартына  
2-қосымша              

                ________________________________________
                аумақтық балық шаруашылығы инспекциясына
                     (аумақтық инспекцияның атауы)

_____________________________________________________________________
        (тегi, аты, әкесiнiң аты, заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________________________
               (мекенжайы, телефон және факс нөмiрi)

Өтiнiш

_____________________________________________________________________
_________________________________________ келiсiм беруiңiздi сұраймын
cу тарту құрылысың түрi _____________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (қысқаша сипаттамасы)
Балық қорғау құрылғысының түрi: _____________________________________
_____________________________________________________________________
                         (қысқаша сипаттама)
Су объектiсiнiң орналасқан жерi _____________________________________
_____________________________________________________________________
Балықты қорғау құрылғысын орнату күнi/мерзiмi _______________________

Басшы ____________             ______________________________________
         (қолы)                      (тегi, аты, әкесiнiң аты)

Мөр орны (заңды тұлғалар үшiн)
20___ жылғы «____» _________________
Өтiнiш 20___ жылғы «____» _______________________ қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
(өтiнiштi қабылдаған жауапты тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)

«Су тарту құрылыстарының балық  
қорғау құрылғыларын орнатуды келiсу»
мемлекеттiк қызмет стандартына  
3-қосымша              

^ Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептiк жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3.2. Электронды форматта қолжетiмдi қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесi)

4. Шағымдану процесi

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекiре балық түрлерi уылдырығының саудасына арналған марка бекiту және оны Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

^ 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна және флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк орган (бұдан әрi – Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк орган) көрсетедi.
      Қазақстан Республикасындағы Әкiмшiлiк орган Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 13-кiреберiс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi – Комитет) болып табылады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының
      2) «Қазақстан Республикасында iшкi және сыртқы сауда үшiн бекiре тұқымдас балықтар уылдырығын таңбалау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2004 жылғы 31 тамызындағы № 462 бұйрығының
      3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетiне және Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiне Қазақстан Республикасындағы СИТЕС Әкiмшiлiк органының құзыреттерiн ұсыну туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2009 жылғы 24 тамызындағы № 472 бұйрығының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнiң «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары» кiшi бөлiмiнде, сондай-ақ Комитеттегi стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi:
      1) Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сатуға арналған марка;
      2) Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында сатуға арналған марканы бекiту туралы қағаз тасығыштағы бұйрық
      3) мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi – күнтiзбелiк отыз күн iшiнде;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
      3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты – отыз минуттан артық емес;
      4) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзiмi – екi жұмыс күнi iшiнде.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген мерзiмдерде Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сатуға арналған марка берiлмеген немесе Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында сатуға арналған марка бекiтiлмеген не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап ұсынылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сатуға арналған марка берiлген, ал Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында сатуға арналған марка бекiтiлген деп есептеледi және екi жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыға берiлуге жатады.
      8. Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сатуға арналған марка беру кезiнде мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi. Бiр марканың құнын Комитет тиiстi жылы дайындауды ескере отырып айқындайды және Комитеттiң www.fisher.minagri.kz сайтында көрсетедi. Марканың құны банкi және банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы Комитеттiң сайтында көрсетiлген деректемелер бойынша ақша аудару жолымен қолма-қол ақшасыз нысанында төленедi. Марканың құны осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды Комитетке бергенге дейiн төлеуге жатады.
      Сыртқы нарықта сатуға арналған марканы Комитеттiң бұйрымен бекiту кезiнде мемлекеттiк қызмет ақысыз түрде көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

Похожие:

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы