Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  icon

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн

НазваниеАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
страница5/26
Дата конвертации13.04.2014
Размер3.69 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

^ Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiш

_____________________________________________________________________
___________________________________________ бойынша балық шаруашылығы
        (су айдындары, учаскелерi)
су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегi
конкурсқа қатысуға рұқсат етудi және қажеттi конкурстық құжаттаманы
берудi сұраймын.
1. Өтiнiш берушi туралы мәлiметтер (заңды тұлғаның атауы,
ведомстволық тиiстiгi (болған кезде), жеке тұлғаның тегi, аты,
әкесiнiң аты, деректемелерi, мекенжайы) _____________________________
_____________________________________________________________________
2. ________________ облысы әкiмдiгiнiң 20__ жылғы «____»___________ №
___________________________________ қаулысына және __________________
___________________________ аумақтық бөлiмшесiмен жасалған 20__ жылғы
«__» _______ № _____ шартқа сәйкес бұрын бекiтiлiп берiлген су айдыны
және (немесе) учаске ________________________________________________
3. Өтiнiш берiлетiн балық шаруашылығы су айдыны және (немесе)
учаскесi_____________________________________________________________
Өтiнiш берiлген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесiн
бекiтiп беру мерзiмi_________________________________________________
________________________________________________________________ жыл.
4. Конкурстық құжаттамамен танысқанымды және жалған ақпарат ұсынғаным
үшiн жауапкершiлiк туралы хабардар етiлгендiгiмдi растаймын.

      Берiлген күнi 20___ жылғы «___» ___________________

      Өтiнiш берушi _____________________________        ____________
                    (Т.А.Ә. немесе ұйымның атауы)   МО        қолы

«Облыстың жергiлiктi атқарушы   
органдарының жануарлар дүниесiн  
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар 
мен балық шаруашылығы су     
айдындарын және (немесе) учаскелерiн
бекiтiп беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттiлiктерi 
үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде
шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк 
қызмет стандартына        
7-қосымша            

^ Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегi конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегi конкурсқа қатысушыларға мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жұмыстар тiзбесi мен көлемiн, оларды орындау мерзiмдерiн және қаржыландыру көздерiн көрсете отырып, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) белгiлеген үлгiлiк нысан бойынша жасалған мемлекеттiк қызмет алушының басшысы бекiткен Балық шаруашылығын дамыту жоспарының болуы;
      2) ағымдағы (алдыңғы қаржылық) жылғы 1 қаңтарға салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы;
      3) мемлекеттiк қызмет алушының бiрiншi басшысының қолы қойылған жазбаша мiндеттемемен расталған уәкiлеттi органның ведомствосына және оның аумақтық бөлiмшелерiне бақылаулы аулауды, жеке және заңды тұлғаларға ғылыми-зерттеулiк аулауды, жеке тұлғаларға әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшiн сервитутты ұсыну;
      4) Арал, Каспий теңiздерiнiң, Зайсан, Балқаш көлдерiнiң, Алакөл көлдер жүйесiнiң, Бұқтырма, Шүлбi, Шардара, Қапшағай су қоймаларының және Қиғаш, Iле, Сырдария, Жайық өзендерiнiң балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi үшiн:
      шаруашылық қызметi бағыттарының бiрi балық шаруашылығын жүргiзу және (немесе) онымен байланысты өндiрiс болуы тиiс;
      балық аулау (олжалау) және көлiктiк флотының, кәсiпшiлiк аулау құралдарының болуы;
      балық аулау өнiмдерiн қайта өңдеу мен сақтауға арналған өндiрiстiк базасының, ағымдағы мелиорацияны жүргiзу мен шабақтарды құтқаруға арналған техникалық құралдарының болуы;
      5) жергiлiктi маңызы бар балық қырылу қаупi бар су айдындары және (немесе) учаскелерi үшiн – аулау құралдарының, ағымдағы мелиорациялық жұмыстарды жүргiзу үшiн жүзу құралдары мен материалдық-техникалық базасының болуы;
      6) салина артемиясы цисталарын аулау перспективасы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi үшiн:
      салина артемиясы цисталарын жинауға және бастапқы өңдеуге арналған құралдарының болуы;
      түпкi өңдеу (жуу және кептiру жабдығы), сақтау (тоңазытқыш жабдығы) үшiн жабдықтарының болуы;
      өндiрiлетiн шикiзатты сапалы талдау үшiн зертхананың болуы;
      7) басқа да балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi үшiн - жүзу құралдары мен аулау құралдарының болуы.

«Облыстың жергiлiктi атқарушы   
органдарының жануарлар дүниесiн  
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар 
мен балық шаруашылығы су     
айдындарын және (немесе) учаскелерiн
бекiтiп беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттiлiктерi 
үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде
шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк 
қызмет стандартына        
8-қосымша            

^ Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептiк жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3.2. Электронды форматта қолжетiмдi қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесi)

4. Шағымдану процесi

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Дала кемiргiштерiн жою кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының iндетi жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар әлемi объектiлерiн аулауға келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты

^ 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары (бұдан әрi – инспекциялар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 14-бабының 3-тармағы 10) тармақшасының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнiң «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары» кiшi бөлiмiнде, сондай-ақ инспекциялардың стендтерiнде орналастырылады. Стендтер мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi дала кемiргiштерiн жою кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының iндетi жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып жануарлар әлемi объектiлерiн аулауға қағаз тасығыштағы келiсу (бұдан әрi – келiсу) не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi – үш жұмыс күн;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
      3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген мерзiмдерде келiсу берiлмеген немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап ұсынылмаған жағдайда келiсу берiлген деп есептеледi және екi жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыға берiлуге жатады.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақысыз түрде көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:
      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының iндетi жағдайларында – жануарлар дүниесi объектiлерi ауруларының диагнозы қойылған мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық қадағалау органы актiлерiнiң (сараптамасының) көшiрмелерi.
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiш бланкiсiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерiнен алуға болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерiне тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмiрiн және күнiн;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттар санын және атауларын;
      4) мемлекеттiк қызметтi алу күнiн (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
      5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      6) мемлекеттiк қызмет алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке тұлға үшiн) немесе атауын (заңды тұлға үшiн), байланыс деректерiн көрсете отырып, қажеттi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға немесе сенiмхат бойынша уәкiлеттiк берiлген тұлғаға жеке келген кезде берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiз өтiнiште немесе жануарлар дүниесi объектiлерi ауруларының диагнозы қойылған мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық қадағалау органы актiлерiнiң (сараптамасының) көшiрмелерiнде мiндеттi деректердiң толық емес көлемде көрсетiлуi болып табылады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде инспекциялардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) қызмет көрсету мерзiмдерiн және күту уақытын қысқарту үшiн күш салу;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы белгiленген мерзiмдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

^ 4. Жұмыстың нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн инспекциялардың жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Инспекциялардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесудi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының атына Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 5 -кiреберiс, 611-кабинет, электронды поштасы: fauna@minagri.kz, телефоны: 8 (7172) 74-33-15 мекенжайы бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      22. Сыпайы қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым тиiстi инспекция басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      23. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндерi осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне ие лауазымды тұлғаның атына жолданады.
      Шағымда мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күнi және мемлекеттiк қызмет алушының қолы көрсетiледi.
      Шағым берiлген кезде әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, жүгiну себептерi және талаптар көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерiнде тiркеледi. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттiк қызмет алушыға күнi және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиiстi ұйым кеңсесiнiң лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттiк қызмет алушы қосымша ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерiнде, сондай-ақ www.minagri.gov.kz, www.fhc.kz интернет-ресурстарынан ала алады.

«Дала кемiргiштерiн жою кезiнде, сондай-ақ
жануарлардың құтыруы мен басқа да   
ауруының iндетi жағдайларында улы   
химикаттарды қолдана отырып, жануарлар 
әлемi объектiлерiн аулауға келiсу»   
мемлекеттiк қызмет стандартына     
1-қосымша                

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекцияларының мекенжайлары

Р/с

Аумақтық инспекциялар

Заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта адресi

1

2

3

4

1.

Ақмола

Көкшетау қ-сы, Громов к-сi, 21-үй

тел.:
8–716–2–31–55–87;
8–716–2–31–57–11;
электрондық поштасы:
akmolles@mail.ru; ohota_koksh@mail.kz.

2.

Ақтөбе

Ақтөбе қ-сы, Набережная к-сi, 11-үй

тел.:
8–713–2–21–01–09;
8–713–2–21–01–09;
электрондық поштасы:
aktobe.otiloh@mail.ru

3.

Атырау

Атырау қ-сы, Кұбаш Медеубайұлы к-сi, 33-үй

тел.:
8–712–2–28–04–35;
8–712–2–28–02–51;
электрондық поштасы:
lesohothoz@mail.ru

4.

Алматы

Талдықорған қ-сы, Лесная поляна к-сi, 1-үй

тел.:
8–728–2–27–01–03;
8–728–2–27–23–15;
электрондық поштасы:
pihta_tkorgan@mail.ru

5.

Шығыс Қазақстан

Өскемен қ-сы, Тоқтаров к-сi, 40-үй

тел.:
8–723–2–26–31–80;
8–723–2–26–31–80;
электрондық поштасы:
bioresursy@mail.ru

6.

Жамбыл

Тараз қ-сы, Әл-Фараби к-сi, 11-үй

тел.:
8–726–2–34–12–84;
8–726–2–34–12–84;
электрондық поштасы:
tarazcontrol@minagri.kz

7.

Батыс Қазақстан

Орал қ-сы, Аманжолов к-сi, 75-үй

тел.:
8–711–2–51–40–76;
8–711–2–50–79–22;
электрондық поштасы:
Batyswood_59@mail.ru

8.

Қарағанды

Қарағанды қ-сы, Крылов к-сi, 20-үй

тел.:
8–721–2–41–58–69;
8–721–2–41–58–73;
электрондық поштасы:
upravlenie@topmail.kz

9.

Қызылорда

Қызылорда қ-сы, Абай к-сi, 48-үй

тел.:
8–724–22–3–55–20;
8–724–22–3–50–87;
электрондық поштасы:
turebaev_lesohot@mail.ru

10.

Қостанай

Қостанай қ-сы, Гагарин к-сi, 85 А-үй

тел.:
8–714–2–54–30–60;
8–714–2–54–28–34;
электрондық поштасы:
les_kst@mail.ru

11.

Маңғыстау

Ақтау қ-сы, 3-ш.а., 67-үй

тел.:
8–729–2–52–40–06;
8–729–2–52–40–08;
электрондық поштасы:
mangistau.leshoz@mail.ru

12.

Павлодар

Павлодар қ-сы, Ворушин к-сi, 92-үй

тел.:
8–718–2–57–10–39;
8–718–2–57–37–96;
электрондық поштасы:
kedrOTI@yandex.ru

13.

Солтүстiк Қазақстан

Петропавл қ-сы, Ж. Жабаев к-сi, 241-үй

тел.:
8–715–2–42–57–70;
8–715–2–42–57–79;
электрондық поштасы:
Les_petropavl@ mail.ru

14.

Оңтүстiк Қазақстан

Шымкент қ-сы, Лесхоз кентi

тел.:
8–725–2–57–03–31;
8–725–2–57–15–84;
электрондық поштасы:
gosnadzor_99@mail.ru

«Дала кемiргiштерiн жою кезiнде, сондай-ақ
жануарлардың құтыруы мен басқа да   
ауруының iндетi жағдайларында улы   
химикаттарды қолдана отырып, жануарлар 
әлемi объектiлерiн аулауға келiсу»   
мемлекеттiк қызмет стандартына     
2-қосымша                

                      ________________________
       аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясына
                   (аумақтық инспекцияның атауы)
_____________________________________________________________________
          (заңды тұлғаның атауы не тегi, аты, әкесiнiң аты)
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Похожие:

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы