Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  icon

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн

НазваниеАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
страница19/26
Дата конвертации13.04.2014
Размер3.69 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

^ Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептiк жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3.2. Электронды форматта қолжетiмдi қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесi)

4. Шағымдану процесi

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiн басқару жүйелерiн субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй мекенжайы бойынша көрсетедi.
      Осы стандартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) халықаралық стандарт – стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың кең ауқымына қол жетiмдi стандарт;
      2) бағдарлама – 051 «Ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiн басқару жүйелерiн субсидиялау» республикалық бюджеттiк бағдарлама.
      3) комиссия – Министрлiктiң құжаттарды қарау, мемлекеттiк қызмет алушыларды – бағдарламаға қатысушыларды айқындау және субсидияларды бөлу үшiн құрылатын комиссиясы;
      4) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган – сәйкестiктi растау бойынша жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
      5) тартылған консультант – халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгiзу жөнiндегi консалтингтiк (консультациялық) қызметтердi жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 6-бабының 1-тармағы 7) тармақшасының, 9-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының және 11-бабының
      2) «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының
      3) «Ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiн басқару жүйелерiн субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 679 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнiң «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары» кiшi бөлiмiнде, сондай-ақ Министрлiкдегi стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылады.
      Министрлiк мемлекеттiк қызмет туралы ақпаратты әлеуметтi мемлекеттiк қызмет алушыларға барлық қол жетiмдi тәсiлдермен қосымша жеткiзедi: ақпаратты құжаттарды қабылдау – тиiстi жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмдi көрсете отырып, жергiлiктi атқарушы органдарға, салалық қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ консалтингтiк компанияларға жолдайды.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi субсидиялар не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының резиденттерi және агроөнеркәсiп кешенiнiң субъектiлерi болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      мемлекеттiк қызмет алушылардың өтiнiмдерiн қарау нәтижелерi бойынша комиссияның шешiм қабылдауы – мемлекеттiк қызмет алушылардан құжаттар қабылдау мерзiмi аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде;
      Министрлiктiң мемлекеттiк қызмет алушылардың шоттарына субсидияларды аударуы – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген мерзiмдерде;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;
      3) өтiнiмдi қайтару себептерi көрсетiлген негiзделген жауапты ұсыну қызметi – комиссия отырысының хаттамасы жасалған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақысыз түрде көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушылар мыналарды ұсынады:
      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызмет алушының халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгiзуi және оған (оларға) сәйкестiгiн сертификаттау жөнiндегi шығындарын субсидиялауға өтiнiмi;
      2) заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктерiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi және жеке тұлғалар үшiн дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктерiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мiндеттi түрде ұсынылған кезде олардың көшiрмелерi;
      3) қызметiн бiрiккен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын заңды тұлға және жеке кәсiпкер үшiн бизнес сәйкестендiру нөмiрiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi немесе қызметiн меншiктi кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын жеке тұлға, соның iшiнде дара кәсiпкер үшiн жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мiндеттi түрде ұсынылған кезде олардың көшiрмелерi;
      4) мемлекеттiк қызмет алушы мен сәйкестiктi растау жөнiндегi орган арасындағы сертификаттауды жүргiзу туралы шарттың түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы мiндеттi түрде ұсынылған кездегi оның көшiрмесi не оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы мен тартылған консультант (консультант тартылған жағдайда) арасында жасалған шарттың түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы мiндеттi түрде ұсынылған кездегi оның көшiрмесi не оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      6) тартылған консультант (консультант тартылған жағдайда) және мемлекеттiк қызмет алушы қол қойған орындалған жұмыстар (бухгалтерлiк) актiсiнiң (актiлердiң) түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мiндеттi түрде ұсынылған кезде оның (олардың) көшiрмесi не оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      7) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган және мемлекеттiк қызмет алушы қол қойған сертификаттау жөнiндегi орындалған жұмыстар (бухгалтерлiк) актiсiнiң (актiлердiң) түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мiндеттi түрде ұсынылған кезде оның (олардың) көшiрмелерi не оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      8) тартылған консультанттың (консультант тартылған жағдайда) және сәйкестiктi растау жөнiндегi органның қызметтерi үшiн мемлекеттiк қызмет алушының ақы төлегенi туралы мемлекеттiк қызмет алушының қолы мен мөрi қойылған төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың көшiрмелерi не қызметтердiң төленгенiн растайтын өзге құжаттардың көшiрмелерi;
      9) салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мiндеттi түрде ұсынылған кезде сәйкестiк сертификатының (сертификаттарының) көшiрмелерi, не оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшiрмелерi.
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiм бланкiсiн Министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан немесе Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 1407-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-59-94 мекенжайы бойынша алуға болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша орналасқан комиссия хатшысына тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алушы құжаттарды тапсыруының растамасы тапсырылған құжаттардың тiзiлiмi бар мемлекеттiк қызмет алушының өтiнiмiнiң немесе iлеспе хатының көшiрмесi немесе екiншi данасы болып табылады, онда құжаттар мен өтiнiмдi тiркеу күнi мен нөмiрi көрсетiледi.
      15. Мемлекеттiк қызмет нәтижесi – субсидиялар мемлекеттiк қызмет алушының банктiк шотына аударылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық емес көлемде ұсыну, сондай-ақ осы стандарттың 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсыну мерзiмiн бұзу болып табылады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде Министiрлiктiң лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) қызмет көрсету мерзiмдерiн және күту уақытын қысқарту үшiн күш салу;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы белгiленген мерзiмдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Министрлiктiң лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Министiрлiктiң лауазымды тұлғаларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесудi Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 1034-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Министiрлiктiң заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң атына Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-63, электронды поштасы: info@minagri.kz мекенжайы бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң блогында баяндалуы мүмкiн.
      22. Сыпайы қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң атына Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 301-кабинет, телефон: 8 (7172) 55-57-63, электронды пошта: info@minagri.kz мекенжайы бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң блогында баяндалуы мүмкiн.
      23. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндерi осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.
      Шағымда мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күнi және мемлекеттiк қызмет алушының қолы көрсетiледi.
      Шағым берiлген кезде әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, жүгiну себептерi және талаптар көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерiнде тiркеледi. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттiк қызмет алушыға күнi және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиiстi ұйым кеңсесiнiң лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттiк қызмет алушы қосымша ақпаратты Министiрлiктен Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 301-кабинет мекенжайы бойынша немесе Министiрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурстарынан ала алады.

«Ауыл шаруашылығы өнiмдерi 
өндiрiсiн басқару жүйелерiн 
субсидиялау» мемлекеттiк   
қызмет стандартына      
1-қосымша           

Халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгiзу бағдарламасына қатысушылардың шығындырын субсидиялауға және оған (оларға) сәйкестiгiн сертификаттауға өтiнiм

20___ жылғы «___» ________________

      051 «Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiретiн басқарма жүйесiн
субсидиялау» республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша
республикалық бюджеттен өтiнiм берушiнiң мына № _____________________
есеп-шотына (банк атауы) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Министрлiгiнен _______________________ бағдарламасының қатысушысы осы
өтiнiм арқылы ______________ теңге көлемiнде қаржы аударуды сұрайды.

_________________________________ м.о _______________________________
       (кәсiпорын атауы)             (бiрiншi басшының Т.А.Ә., қолы)

Өтiнiмге жауапты: ____________________________
                  (өтiнiм толтырушының Т.А.Ә.)

Телефон: _____________________________________

«Ауыл шаруашылығы өнiмдерi 
өндiрiсiн басқару жүйелерiн 
субсидиялау» мемлекеттiк   
қызмет стандартына      
2-қосымша           

^ Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептiк жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3.2. Электронды форматта қолжетiмдi қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесi)

4. Шағымдану процесi

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Ветеринариялық зертханалар беретiн сараптама актiсiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

^ 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан облыстық және аудандық филиалдары (бұдан әрi – зертханалар) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 1-бабы 40) тармақшасының
      2) «Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижесiнде ветеринариялық зертханалардың сараптау актiсiн беру туралы ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 399 бұйрығының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнiң «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары» кiшi бөлiмiнде, сондай–ақ зертханалардың стендтерiнде орналастырылады. Стендтер мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз тасығыштағы сараптама актiсi болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттар мен зерттелетiн материалдарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi бес жұмыс күнiнен аспау керек.
      Жануарлардың ауыруын диагностикалау кезiнде сараптама актiлерi микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, вирусологиялық, микологиялық, серологиялық, биохимиялық, химиялық-токсикологиялық және радиологиялық зерттеулер нәтижелерiнiң негiзiнде жасалады;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;
      3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;
      4) ұсынылған құжаттар мен материалдардың толықтығын тексеру мерзiмi – зертханалар осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар мен материалдарды қабылдаған сәтте көрсетiледi.
      8. Мемлекеттiк қызмет олардың тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi № 407 қаулысымен бекiтiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларын диагностикалау жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, зертханалардың бағаларының прейскурантына сәйкес ақылы түрде көрсетiледi.
      Зертханалардың баға прейскурантын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетiнiң келiсiмi бойынша «Республикалық ветеринарлық зертхана» республикалық мемлекеттiк кәсiпорын белгiлейдi. Төлем банктер немесе банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару қолма қол ақшасыз нысанда немесе зертханалардың кассаларына қолма- қол ақшамен жүргiзiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

Похожие:

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы