Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  icon

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн

НазваниеАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
страница18/26
Дата конвертации13.04.2014
Размер3.69 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Қаржы институттарын айқындау және субсидиялар сомасын бөлу үшiн қаржы институттары Министрлiкке мыналарды ұсынады:
      1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаның (қаржы институтының) мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      2) банктiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесi (лизингтiк компаниялардан басқа);
      3) тиiстi жылға арналған субсидиялау бағдарламасына қатысу үшiн осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм;
      Өтiнiмге оның ажырамас бөлiгi ретiнде мыналар қоса берiледi:
      1) кредиттi (лизингi) өтеу және ол бойынша пайыздарды төлеу кестесi қоса берiлген, қаржы институты мен мемлекеттiк қызмет алушы арасында жасалған кредиттiк келiсiмнiң және (немесе) алдын ала кредиттiк келiсiмiнiң қаржы институты куәландырған көшiрмесi;
      2) кредиттiң (лизингтiң) мақсатты пайдаланылуын растайтын тиiстi құжаттардың (шарттар, келiсiмшарттар, актiлер) қаржы институты куәландырған көшiрмелерi;
      3) қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнiмiнiң меншiктi өндiрiсiнiң көлемi туралы мемлекеттiк қызмет алушының анықтамасы;
      4) кредит (лизинг) алғаны туралы мемлекеттiк қызмет алушының несие шотынан алынған үзiндiнiң қаржы институты куәландырған көшiрмесi немесе қарызды, лизинг мәнiн алғанын растайтын құжат;
      5) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызмет алушының қысқаша сипаттамасы;
      6) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызмет алушы жобасының қысқаша сипаттамасы;
      7) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызмет алушының әрбiр кредитi (лизингi) бойынша сыйақы есебi;
      8) мемлекеттiк қарыз алушының салықтық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) болуы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысанындағы анықтамасының көшiрмесi. Анықтаманы беру күнi айқындау өткiзiлген күннiң алдындағы үш айдан артық болмауы, оған осы салық органының мөрiмен бiрге бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылуы тиiс;
      9) комиссия отырысының қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушымен кредиттiк келiсiмдер жасасуы және мемлекеттiк қызмет алушыларға кредит беруi туралы қаржы институтының жазбаша мiндеттемесi;
      10) өтiнiмге қаржы институтының бiрiншi басшысы қол қоймаған жағдайда басқа тұлғаның қол қою құқығы берiлген сенiмхаттың немесе бұйрықтың көшiрмесi.
      Мемлекеттiк қызмет алушының қысқаша сипаттамасына, жобаның қысқаша сипаттамасына, мемлекеттiк қызмет алушының анықтамасына мемлекеттiк қызмет алушының бiрiншi басшысы қол қояды және оның мөрiмен куәландырылады. Мәлiметтердi мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсететiн қаржы институты (немесе оның филиалы) растайды (қаржы институтының бiрiншi басшысының қолы және мөрi). Мемлекеттiк қызмет алушының қысқаша сипаттамасының, мемлекеттiк қызмет алушы жобасының қысқаша сипаттамасының, сыйақы есебiнiң, анықтамасының көшiрмесi немесе сканерленген көшiрмесi ұсынылған жағдайда олар қаржы институтының түпнұсқа мөрiмен және соған уәкiлеттiк берiлген тұлғаның қолымен куәландырылады.
      Өтiнiм мен барлық қоса берiлетiн құжаттар бiр пакетке тiгiлуi, беттерi нөмiрленуi тиiс, соңғы бетiнiң артқы жағындағы жiптiң ұшы «__ парақ тiгiлдi және нөмiрлендi. Күнi 201_ жылғы «___» ______» деген сөздер жазылған қағаз жапсырылуы, лауазымды тұлғаның қолы қойылуы және қаржы институтының мөрiмен бекiтiлуi тиiс. Конвертте тiгiлмеген жеке құжаттардың болуына жол берiлмейдi, мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және қаржы институтына қайтарады. Қаржы институты бiрден артық өтiнiм берген жағдайда барлық өтiнiмдер ретiмен нөмiрленуге жатады.
      Қаржы институты бiр уақытта бiрнеше өтiнiмдi ұсынған жағдайда қаржы институты бiр уақытта басқа өтiнiмдерге көрсетiлген құжаттары тиiстi өтiнiмге қоса берiлгендiгi туралы қаржы институтының құжатын қоса берiп, өтiнiмдердiң бiрiне осы тармақтың 9) және 10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоса бередi.
      Заңды тұлғаның (қаржы институтының) БСН көрсетiлген мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң және банктiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясының (лизингтiк компаниялардан басқа) нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн қаржы институттары бөлек мөрмен жабылған конвертте ұсынады, онда:
      1) қаржы институтының толық атауы және мекенжайы;
      2) Министрлiктiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, 1402-кабинет;
      3) мынадай:
      039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бағдарламасы бойынша қаржы институттарын айқындау»;
      «Қаржы институттарын айқындауды өткiзгенге дейiн ашылмасын» деген сөздер көрсетiледi.
      Құжаттар тапсырудың түпкi мерзiмi – қаржы институттарын айқындауды өткiзу күнi 12 сағат 00 минутқа дейiн.
      12. Осы стандартқа барлық қосымшалардың бланкiлерiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан немесе Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 1402-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-79, электронды поштасы: wool@minagri.gov.kz мекенжайы бойынша алуға болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша орналасқан комиссия хатшысына тапсырылады.
      14. Қаржы институты құжаттарды тапсыруының растамасы тапсырылған құжаттардың тiзiлiмi бар қаржы институты өтiнiмiнiң немесе iлеспе хатының көшiрмесi немесе екiншi данасы болып табылады, онда құжаттар мен өтiнiмдi тiркеу күнi мен нөмiрi көрсетiледi.
      15. Мемлекеттiк қызмет нәтижесi – субсидиялар мемлекеттiк қызмет алушының банктiк шотына аударылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну;
      2) мемлекеттiк қызмет алушыда салық органының анықтамасын беру күнiне мерзiмi өткен (3 айдан артық) салықтық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болуы;
      3) мемлекеттiк қызмет алушының ауыл шаруашылығын қолдауға берiлген кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидасын тиiстi жылға бекiтетiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен белгiленетiн субсидиялауға жататын басым бағыттарға сәйкес болмауы, кредиттiң (лизингтiң) мақсатты бағыттары жөнiндегi талаптарға сәйкес болмауы, кредит (лизинг) сомасының сыйақы ставкасының мөлшерiне, лимитке сәйкес болмауы;
      4) қаржы институтының өтiнiмiне қоса берiлетiн және осы стандарттың 11-тармағының 1)–7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген құжаттарда мемлекеттiк қызмет алушы, қаржы институты мөрiнiң және (немесе) қолының болмауы болып табылады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде Министiрлiктiң лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) қызмет көрсету мерзiмдерiн және күту уақытын қысқарту үшiн күш салу;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы белгiленген мерзiмдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

^ 4. Жұмыстың нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Министрлiктiң лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Министiрлiктiң лауазымды тұлғаларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесудi Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 1034-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Министiрлiктiң заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң атына Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-63, электронды поштасы: info@minagri.kz мекенжайы бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң блогында баяндалуы мүмкiн.
      22. Сыпайы қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң атына Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-63, электронды поштасы: info@minagri.kz мекенжайы бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң блогында баяндалуы мүмкiн.
      23. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндерi осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.
      Шағымда мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күнi және мемлекеттiк қызмет алушының қолы көрсетiледi.
      Шағым берiлген кезде әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, жүгiну себептерi және талаптар көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерiнде тiркеледi. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттiк қызмет алушыға күнi және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиiстi ұйым кеңсесiнiң лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттiк қызмет алушы қосымша ақпаратты Министiрлiкте Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 1402-кабинет, телефон: 8 (7172) 55-57-79 мекенжайы бойынша немесе Министiрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурстарынан ала алады.

«Ауыл шаруашылығын қолдауға 
берiлетiн кредиттер бойынша 
сыйақы ставкасын субсидиялау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша          

ӨТIНIМ

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 20___ жылғы «___» __________
№ ________ қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн
кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын қарап, ___
_____________________________________________________________________
                  (қаржы институтының толық атауы)
cубсидияларды алуға 039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн несие
бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бюджеттiк бағдарламасын iске асыруға
қатысуға ниет бiлдiредi.

      Осы өтiнiм қарыз алушылардың өтiнiмдер портфелi туралы
мәлiметтердi қамтиды

Р/с

Заңды тұлғаның, кәсiпорынның толық атауы

Мекен-жайы

Негiзгi қызмет түрi

Кредиттiң мақсаты

Кредит сомасы, млн теңге

Кредиттiң қолданылу мерзiмi, ай

      Бiрiншi басшы ____________________ (Т.А.Ә)
                          (қолы)

      М.О. (Күнi)

«Ауыл шаруашылығын қолдауға 
берiлетiн кредиттер бойынша 
сыйақы ставкасын субсидиялау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша          

Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы*

      1. Толық атауы, ұйымдастырушының-құқықтық нысаны ______________
_____________________________________________________________________
      2. Меншiк нысаны ______________________________________________
      3. Заңды, нақты және электрондық мекенжайлары, телефондары,
факс нөмерлерi ______________________________________________________
      4. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi (ЖСН), куәлiктi берген
орган (нөмiрi, күнi мен берiлген орны) ______________________________
      5. Бiрiншi басшының Т.А.Ә., қызметтiк және үй телефондары _____
_____________________________________________________________________
      6. Негiзгi қызмет түрлерi (ӘҚЖЖ бойынша), кәсiпорынның қуаты __
_____________________________________________________________________
      7. Пайдаланылатын жабдықтардың негiзгi түрлерi және олардың
өнiмдiлiгi (ауысымда тонна, литр, дана)______________________________
_____________________________________________________________________
      8. 039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн несие бойынша
сыйақы ставкасын өтеу» бюджеттiк бағдарламасы бойынша субсидиялар
алуға қаржы институттары берген кредиттер «Бизнестiң жол картасы
2020» бағдарламасы шеңберiнде және басқа сыйақы ставкасын субсидиялау
бағдарламаларына қатыспаған.

      Кәсiпорынның бiрiншi басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)
              (лауазымы)                   (қолы)

      М.О. (күнi)
      ________________________________________ туралы мәлiметтердi **
               (кәсiпорынның атауы)
растаймын: _________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрi)
                      (қолы)

      Ескертпе:
      * Әрбiр қарыз алушы бойынша жеке толтырылады
      ** Мәлiметтер қаржы институты немесе қарыз алушыға қызмет
көрсетiлетiн филиалы басшысының қолымен және мөрiмен куәландырылады.

«Ауыл шаруашылығын қолдауға 
берiлетiн кредиттер бойынша 
сыйақы ставкасын субсидиялау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
3-қосымша          

Қарыз алушы жобасының қысқаша сипаттамасы*

      1. Қарыз алушының атауы _______________________________________
      2. Кредиттiң (лизинг) сомасы, теңге/АҚШ долл./евро ____________
      3. Кредит (лизинг) беру мерзiмi, айы __________________________
      4. Сыйақы ставкасы, % _________________________________________
      5. Жобаның мақсаты ____________________________________________

Р/с

Сатып алынатын ауыл шаруашылығы шикiзатының, материалының жабдықтарының және т.б. атауы

Бағасы

Саны

Сомасы

      Кәсiпорынның бiрiншi басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)
              (лауазымы)                   (қолы)

      М.О. (күнi)
      ________________________________________ туралы мәлiметтердi **
               (кәсiпорынның атауы)
растаймын: _________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрi)
                      (қолы)

      Ескертпе:
      * Қарыз алушының әрбiр кредитi бойынша жеке толтырылады
      ** Мәлiметтер қаржы институты немесе оның қарыз алушыға қызмет
көрсететiн филиалы басшысының қолымен және мөрiмен куәландырылады.

«Ауыл шаруашылығын қолдауға 
берiлетiн кредиттер бойынша 
сыйақы ставкасын субсидиялау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
4-қосымша          

Қаржы институты субсидиялауға берген кредит бойынша сыйақы есептемесi
_______ жылғы __________ № _______
(кредиттiк келiсiм/шарттың нөмiрi және күнi)

Айы

Кредиттiң сомасы/2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға байланысты кредит (лизинг) бойынша несие берешегiнiң қалдығы, теңге/АҚШ долл./евро

Кредит (лизинг) бойынша сыйақы ставкасының мөлшерi %

Негiзгi борышты өтеу сомасы, теңге/АҚШ долл./евро

Сыйақыны өтеу сомасы, теңге/АҚШ долл./евро

Бiрiншi

Екiншi

Үшiншi

Төртiншi

Бесiншi

Алтыншы

Жетiншi

Сегiзiншi

Тоғызыншы

Оныншы

Он бiрiншi

Он екiншi

Жиыны:

      Қаржы институты филиалының
      бiрiншi басшысы ________________________________ (қолы, Т.А.Ә.)
      Күнi М.О.

      Кәсiпорынның бiрiншi басшысы ___________________ (қолы, Т.А.Ә.)
      Күнi М.О.

«Ауыл шаруашылығын қолдауға 
берiлетiн кредиттер бойынша 
сыйақы ставкасын субсидиялау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
5-қосымша          
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

Похожие:

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы