Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  icon

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн

НазваниеАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
страница16/26
Дата конвертации13.04.2014
Размер3.69 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26

«Астықты экспорттаушыға астықтың мемлекеттiк ресурстарына астық жеткiзу бойынша мiндеттемелердi астықты экспорттаушылардың сақтауы туралы растамауды беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

^ 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi (бұдан әрi – Комитет) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2) тармақшасының және 12-3-бабының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнiң «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары» кiшi бөлiмiнде, сондай–ақ Комитетiндегi стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi астықты экспорттаушыға мемлекеттiк астық ресурстарына астықты жеткiзу бойынша мiндеттемелердi астықты экспорттаушының сақтауы туралы қағаз тасығыштағы растама (бұдан әрi – растау) не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiм тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi – бес жұмыс күнi iшiнде;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
      3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген мерзiмдерде растау берiлмеген немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап ұсынылмаған жағдайда растау берiлген деп есептеледi және екi жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыға берiлуге жатады.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақысыз түрде көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
     10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушылар растау беруге арналған өтiнiмдi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген нысан бойынша ұсынады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiм бланкiсiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан немесе Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 706-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-13 мекенжайы бойынша орналасқан Комитеттiң кеңсесiнде алуға болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша орналасқан Комитеттiң кеңсесiне тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алушыға:
      1) өтiнiмдi қабылдау нөмiрiн және күнiн;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттар санын және атауларын;
      4) мемлекеттiк қызметтi алу күнiн (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
      5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      6) мемлекеттiк қызмет алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке тұлға үшiн) немесе атауын (заңды тұлға үшiн), байланыс деректерiн көрсете отырып, өтiнiмдi қабылдау туралы қолхат берiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға немесе сенiмхат бойынша уәкiлеттiк берiлген тұлғаға жеке келген кезде берiледi.
      16. Растамада көрсетiлген астықты жеткiзу көлемi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған экспортталатын астық көлемiне пайыздық қатынаста есептелетiн мөлшерден кем болса, мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартылады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде Комитеттiң лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) қызмет көрсету мерзiмдерiн және күту уақытын қысқарту үшiн күш салу;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы белгiленген мерзiмдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн Комитеттiң жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Комитеттiң лауазымды тұлғаларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесудi Астана қаласы, Кенесары көшесi 36, 710-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-59-03 мекенжайы бойынша орналасқан Комитеттiң заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң атына Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-63, электронды поштасы: info@minagri.kz мекенжайы бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң блогында баяндалуы мүмкiн.
      22. Сыпайы қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 703-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-59-61 мекенжайы бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      23. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндерi осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне ие лауазымды тұлғаның атына жолданады.
      Шағымда мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күнi және мемлекеттiк қызмет алушының қолы көрсетiледi.
      Шағым берiлген кезде әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, жүгiну себептерi және талаптар көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерiнде тiркеледi. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттiк қызмет алушыға күнi және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиiстi ұйым кеңсесiнiң лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттiк қызмет алушы қосымша ақпаратты осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша орналасқан Комитеттiң кеңсесiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.

«Астықты экспорттаушыға астықтың  
мемлекеттiк ресурстарына астық жеткiзу
бойынша мiндеттемелердi астықты   
экспорттаушылардың сақтауы      
туралы растамауды беру»       
мемлекеттiк қызмет стандартына    
1-қосымша              

       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
      Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi
_____________________________________________________________________
         (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

Өтiнiм

      Мемлекеттiк астық ресурстарына астықты жеткiзу бойынша
мiндеттемелердi _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________ тонна көлемiнде сақтау туралы растама беруiңiздi сұраймын.
(цифрлармен
және жазумен)

      Өтiнiм берушiнiң мекенжайы: ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (индекс, аудан, облыс, қала (ауыл), көше, үй №, телефон)

      Қоса берiлген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      _________________            ______________________
            (қолы)                        (Т.А.Ә.)

М.О. (заңды тұлға үшiн) 20___ жылғы «___» ________________

      Өтiнiм 20___ жылғы «___» ___________ № _____ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
          (өтiнiм қабылдаған жауапты тұлғаның Т.А.Ә., қолы)

«Астықты экспорттаушыға астықтың  
мемлекеттiк ресурстарына астық жеткiзу
бойынша мiндеттемелердi астықты   
экспорттаушылардың сақтауы      
туралы растамауды беру»       
мемлекеттiк қызмет стандартына    
2-қосымша              

^ Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептiк жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3.2. Электронды форматта қолжетiмдi қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесi)

4. Шағымдану процесi

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

^ 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы органдар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi алушыда электрондық цифрлық қолының (бұдан әрi – ЭЦҚ) болу шарты кезiнде www.e.gov.kz «электронды үкiмет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-1 бабының 1-тармағы 2) тармақшасының
      2) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 25-бабы 2) тармақшасының
      3) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының
      4) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызмет көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қыркүйектегi № 769 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және жергiлiктi атқарушы органдардағы мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылған стендтерде;
      3) порталда орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкiн.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi:
      1) жергiлiктi атқарушы органда – астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны (бұдан әрi – лицензия) қағаз тасығышта жергiлiктi атқарушы органның уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында (www.elicinse.kz порталында) беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттiк қызметтi көрсетiлуден бас тарту туралы дәлелдi жауап;
      2) www.elicense.kz порталында – лицензияны жергiлiктi атқарушы органның уәкiлеттiк берiлген тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында беру не мемлекеттiк қызметтi көрсетiлуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмде көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы жергiлiктi атқарушы органға не порталға өтiнген сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
      лицензияны беру үшiн – он бес жұмыс күнiнен кеш емес;
      лицензияны қайта ресiмдеу үшiн – он жұмыс күнi iшiнде;
      лицензияның телнұсқасын беру үшiн – екi жұмыс күнi iшiнде;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
      3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
      4) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап лицензияны беру үшiн ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру екi жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi.
      Егер белгiленген мерзiмдерде лицензияны берiлмеген не лицензияны беруден дәлелдi бас тарту берiлмеген жағдайда, оларды беру мерзiмi аяқталған күннен бастап лицензия берiлген деп есептеледi.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету (лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру) үшiн мемлекеттiк қызмет алушы жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығына ие болу үшiн бюджетке 6 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi лицензиялық жарнаны қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсiлмен төлейдi.
      Портал арқылы лицензияны алуға электронды сұрау салу берiлген жағдайда төлем «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
      9. Жұмыс және мемлекеттiк қызметтi көрсету жұмыс кестесi:
      1) жергiлiктi атқарушы органдарда – жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      3) порталда – тәулiк бойы.
      10. Жергiлiктi атқарушы органдарда мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.
      Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы көрсеткен кезде қызмет мемлекеттiк қызмет алушының порталдағы жеке кабинетiнде көрсетiледi.

^ 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мыналарды ұсынады:
      Жергiлiктi атқарушы органдар арқылы:
      лицензияны беру үшiн:
      1) өтiнiш;
      2) мемлекеттiк қызмет алушы жарғының және заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмелерi – заңды тұлға үшiн;
      3) мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi – жеке тұлға үшiн;
      4) мемлекеттiк қызмет алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi – дара кәсiпкер үшiн;
      5) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшiрмесi;
      6) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшiрмесi;
      7) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес құжаттар;
      лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:
      1) өтiнiш;
      2) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
      3) лицензияның көшiрмесi;
      лицензияның телнұсқасын беру үшiн:
      1) лицензияны жоғалтқаны не бүлдiргенi туралы өтiнiш;
      2) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
      портал арқылы:
      лицензияны беру үшiн:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) жарғы (заңды тұлға үшiн) – сканерленген көшiрмесi электрондық сұрау салуға қоса берiледi;
      3) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес құжаттар – сканерленген көшiрмелерi электрондық сұрау салуға қоса берiледi;
      4) мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәлiметтерi – жеке тұлға үшiн;
      5) мемлекеттiк қызмет алушыны заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң мәлiметтерi – заңды тұлға үшiн;
      6) мемлекеттiк қызмет алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң мәлiметтерi – дара кәсiпкер үшiн;
      7) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органына есепке қою туралы куәлiктiң мәлiметтерi;
      8) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленгенi туралы мәлiметтерi.
      Мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк ақпарат жүйелерiнен ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
      лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң мәлiметтерi;
      3) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленгенi туралы мәлiметтерi;
      4) лицензияның деректерi (www.elicense.kz порталында болған кезде) не лицензияның сканерленген көшiрмесi түрiнде (лицензия қағаз тасығышта болған кезде) электрондық сұрау салуға қоса берiледi.
      Мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк ақпарат жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
      лицензияның телнұсқасын беру үшiн:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң мәлiметтерi;
      3) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленгенi туралы мәлiметтерi.
      Мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк ақпарат жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiш бланкiсiн жергiлiктi атқарушы органдардың осы стандартқа 1-қосымша көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан кеңселерiнен не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz және жергiлiктi атқарушы органдардың осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген интернет-ресурстарында алуға болады.
      Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы алу үшiн электрондық сұрау салу нысанын толтыру қажет.
      13. Қызмет жергiлiктi атқарушы органдар арқылы көрсетiлген кезде құжаттар жергiлiктi атқарушы органдардың кеңселерiне осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша тапсырылады.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау мемлекеттiк қызмет алушының жеке кабинетiнде жүзеге асырылады.
      14. Қызмет жергiлiктi атқарушы органдар арқылы көрсетiлген кезде мемлекеттiк қызмет:
      1) құжаттарды қабылдау нөмiрiн және күнiн;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттар санын және атауларын;
      4) мемлекеттiк қызметтi алу күнiн (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
      5) құжаттарды қабылдаған сараптамалық ұйымның жауапты тұлғасының тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      6) мемлекеттiк қызмет алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке тұлға үшiн) немесе атауын (заңды тұлға үшiн), байланыс деректерiн көрсете отырып, қажеттi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      Портал арқылы ықылас бiлдiргенде, мемлекеттiк қызмет алушының «жеке кабинетiнiң» порталына ескерту жiберiледi – мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiмдi қабылдағаны жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсетудiң күнi мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттiк қызмет нәтижесi туралы есеп.
      15. Қызмет жергiлiктi атқарушы органдар арқылы көрсетiлген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға электрондық поштамен жолданады не мемлекеттiк қызмет алушының талабы бойынша оған жеке келген кезде басылған түрiнде берiледi.
      Портал арқылы өтiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетiне жолданады.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiз:
      1) осы субъектiлер санаты үшiн қызмет түрiмен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
      2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда жеке қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленбеуi;
      3) мемлекеттiк қызмет алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;
      4) мемлекеттiк қызмет алушыға лицензияны беруi тиiс мемлекеттiк органмен келiсiлмеуi;
      5) мемлекеттiк қызмет алушыға қатысты оған жеке қызмет түрлерiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнiң болуы;
      6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде соттың мемлекеттiк қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салуы;
      7) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негiздер негiз болып табылады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттiк қызмет алушы жергiлiктi атқарушы органда не порталдағы жеке кабинетiнде электрондық құжат түрiнде алады.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26

Похожие:

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы