Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  icon

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн

НазваниеАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
страница15/26
Дата конвертации13.04.2014
Размер3.69 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

^ Бiлiктiлiк талаптары

      Пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметтiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық тәсiлмен қолдануға арналған меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi арнайы техника мен жабдықтың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда өндiрушi зауыт берген арнайы техника мен жабдық паспорттарының, аккредиттелген машина сынау станциясы берген қорытындылардың нотариалды расталған көшiрмелерi, сондай-ақ өтiнiм берушiнiң қолы қойылған және мөрiмен бекiтiлген арнайы техника мен жабдықтың тiзiмдемесi);
      2) пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға арналған арнайы техника мен жабдық үшiн пайдаланылатын меншiк құқығындағы немесе басқа да заңды негiздегi көлiк құралдарының немесе тракторлардың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар берген көлiк құралының немесе трактордың техникалық паспорттарының тiркелгенi туралы куәлiктерiнiң нотариалды расталған көшiрмелерi, сондай-ақ өтiнiм берушiнiң қолы қойылған және мөрiмен бекiтiлген негiзгi құралдардың тiзiмдемесi);
      3) меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалық үй-жайларының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда құқық белгiлейтiн құжаттардың немесе тиiстi құқығын растайтын өзге де құжаттардың нотариалды расталған көшiрмелерi);
      4) қауiптi жүктердi тасымалдау құқығына (қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде) берiлген лицензияның немесе қауiптi жүктердi тасымалдау құқығына берiлген лицензиясы (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тиiстi лицензияны қоса бере отырып қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi көлiк қызметiн көрсетуге арналған лицензияның немесе шарттың нотариалды расталған көшiрмелерi) бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалған қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша көлiк қызметiн көрсетуге арналған шарттың
      5) тиiстi бiлiмi (басшылар үшiн – жоғары техникалық немесе агрономиялық бiлiм, мамандар үшiн – жоғары немесе орта арнаулы (техникалық немесе агрономиялық бiлiм), мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi (басшылар үшiн – 2 жылдан кем емес, мамандар үшiн – 1 жылдан кем емес) бар техникалық басшылардың (2 адамнан кем емес) және мамандардың (2 адамнан кем емес) бiлiктi құрамының (өтiнiм берушiнiң қолы қойылған және мөрiмен бекiтiлген тегiн, атын, әкесiнiң атын, мамандығы бойынша бiлiмiн, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын штат кестесiнен және жиынтық кестеден үзiндi) болуын қамтиды.

«Аэрозольдық және фумигациялық 
тәсiлдермен пестицидтердi (улы 
химикаттарды) қолдану жөнiндегi
қызметтi жүзеге асыруға лицензияны
беру, қайта ресiмдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттiк 
қызмет стандартына      
3-қосымша           

^ Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептiк жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3.2. Электронды форматта қолжетiмдi қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесi)

4. Шағымдану процесi

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Шиттi мақта сапасы куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi «ҚазАгрЭкс» акционерлiк қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрi – сараптамалық ұйым) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 10-бабының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнiң «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары» кiшi бөлiмiнде, сараптамалық ұйымның www.kazagrex.kz интернет-ресурсында, сондай–ақ сараптамалық ұйымдағы стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi шиттi–мақта сапасы туралы қағаз тасығыштағы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк) болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiм тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi – бес жұмыс күнiнен артық емес;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан артық емес;
      3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақысыз түрде көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушылар осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген нысан бойынша өтiнiм ұсынады.
      Мемлекеттiк қызмет алушының өтiнiмiн тiркегеннен кейiн сараптамалық ұйымның маманы мемлекеттiк қызмет алушының не оның өкiлiнiң және мақта өндеу ұйымы өкiлiнiң қатысуымен шиттi мақта сынамаларын iрiктеудi жүргiзедi. Сынамаларды iрiктеу нысанын сараптамалық ұйым бекiтетiн сынамаларды iрiктеу актiсiмен ресiмделедi.
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiм бланкiсiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz және сараптамалық ұйымның www.kazagrex.kz интернет-ресурстарынан немесе сараптамалық ұйымның кеңселерiнде осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша алуға болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi өтiнiм осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан сараптамалық ұйымның кеңселерiне тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алушыға:
      1) өтiнiмдi қабылдау нөмiрiн және күнiн;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттар санын және атауларын;
      4) мемлекеттiк қызметтi алу күнiн (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
      5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      6) мемлекеттiк қызмет алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке тұлға үшiн) немесе атауын (заңды тұлға үшiн), байланыс деректерiн көрсете отырып, өтiнiмдi қабылдау туралы қолхат берiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға немесе сенiмхат бойынша уәкiлеттiк берiлген тұлғаға жеке келген кезде берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiздер жоқ.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде сараптамалық ұйымның лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) қызмет көрсету мерзiмдерiн және күту уақытын қысқарту үшiн күш салу;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы белгiленген мерзiмдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Сараптамалық ұйымның лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Сараптамалық ұйымның лауазымды тұлғаларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесудi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан сараптамалық ұйымның заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 703-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-59-61 мекенжайы бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      22. Сыпайы қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым сараптамалық ұйым басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      23. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндерi осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне ие лауазымды тұлғаның атына жолданады.
      Шағымда мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күнi және мемлекеттiк қызмет алушының қолы көрсетiледi.
      Шағым берiлген кезде әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, жүгiну себептерi және талаптар көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерiнде тiркеледi. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттiк қызмет алушыға күнi және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиiстi ұйым кеңсесiнiң лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттiк қызмет алушы қосымша ақпаратты сараптамалық ұйымның кеңсесiнде, сондай-ақ www.minagri.gov.kz және www.kazagrex.kz интернет-ресурсынан ала алады.

«Шиттi мақта сапасы куәлiгiн беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына 
1-қосымша            

«ҚазАгрЭкс» акционерлiк қоғамының және оның филиалдарының мекенжайлары

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмiрi

1

2

3

«ҚазАгрЭкс» акционерлiк қоғамы

Астана қ-сы, Республика д-лы, 64/3-үй

тел.: 8 (7172) 397647

Алматы облыстық филиалы

Талдықорған қ-сы, Балпык-би к-сi, 84-үй

тел.: 8 (7282) 270185

Актөбе облыстық филиалы

Актөбе қ-сы, Заводская к-сi, 21-үй

тел.: 8 (7132) 213555

Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Өскемен қ-сы, Ушанов к-сi, 27-үй

тел.: 8 (7232) 260891

Жамбыл облыстық филиалы

Тараз қ-сы, Абай к-сi, 164-үй

тел.: 8 (7262) 462662

Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Орал қ-сы, Толстой к-сi, 48-үй

тел.: 8 (7112) 505629

Қарағанды облыстық филиалы

Қарағанды қ-сы, Резник к-сi, 14а-үй

тел.: 8 (7212) 512051

Қостанай облыстық филиалы

Қостанай қ-сы, Дулатов к-сi, 68а-үй

тел.: 8 (7142) 540769

Қызылорда облыстық филиалы

Қызылорда қ-сы, Байтұрсынов к-сi, 42-32-үй

тел.: 8 (7242) 271712

Павлодар облыстық филиалы

Павлодар қ-сы, Победа а-ңы, 17-үй

тел.: 8 (7182) 321794

Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы

Петропавловск қ-сы, Ульянов к-сi, 59-үй

тел.: 8 (7152) 344446

Оңтүстiк Қазақстан облыстық филиалы

Шымкент қ-сы, Майлы қожа к-сi, 203-үй

тел.: 8 (7252) 577741

«Шиттi мақта сапасы куәлiгiн беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына 
2-қосымша            

20___ жылғы «___» ________________

^ Шиттi мақтаның сапасына сараптама жүргiзуге
№ _____ өтiнiм

_____________________________________________________________________
         (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
Мекенжайы ___________________________________________________________
Телефон, факс _______________________________________________________
      __________________________ мақта өңдеу ұйымында сақтауда тұрған
               (атауы)
____________________________________________________________ арналған
                    (мақсаты көрсетiледi)
массасы _______________________________________________________ тонна
                       (жазбаша түрде)
шиттi мақта партиясының сапасына сараптама жүргiзудi сұраймын.

      Сынақтар мынадай сынақ көрсеткiштерi мен әдiстерi бойынша
жүргiзiледi:

___________________  ______________________________  ________________
(көрсеткiш атауы)   (стандарттың нөмiрi және күнi)       (норма)

___________________     _____________________________________________
       (қолы)                             (Т.А.Ә.)

М.О. (заңды тұлға үшiн)

Сараптамалық ұйымның ________________________________________________
_____________________________________ маманына орындау үшiн жолданды.
             (Т.А.Ә.)
Орындалуы туралы белгi: _____________________________________________

___________________

«Шиттi мақта сапасы куәлiгiн беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына 
3-қосымша            

^ Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептiк жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3.2. Электронды форматта қолжетiмдi қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесi)

4. Шағымдану процесi

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен  
бекiтiлген     
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

Похожие:

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы