|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекцияларының мекенжайлары
«Бекiтiлген лимит негiзiнде жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялардың мекенжайлары
«Бекiтiлген лимит негiзiнде жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттiк қызмет стандартына 3-қосымша ______________________________________ аңшылық шаруашылығы үшiн аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерi бойынша олжалау квотасын алуға Өтiнiм
Берiлген күнi МО Аңшылық шаруашылығы субъектiсi басшысының Т.А.Ә. қолы «Бекiтiлген лимит негiзiнде жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттiк қызмет стандартына 4-қосымша Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар әлемi объектiлерiн алып қоюға ӨТIНIМ 1. Балық шаруашылығы субъектiсiнiң атауы ______________________ 2. Бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенiң атауы ____________________________________________ _____________________________________________________________________ аумақтық бөлiмшесiмен жасалған Балық шаруашылығын жүргiзуге арналған ______ жылғы «___» ________ № ____ шарт 3. Ағымдағы жылы балық ресурстарының өсiмiн молайтуға жұмсалған қаржы қаражатының көлемi, (мың/теңгемен) ____________________________ _____________________________________________________________________ 4. Аулау және көлiк флотының болуы, соның iшiнде: 1) қуаты 40 а/к және одан жоғары балық аулау кемелерi (бiрлiк) _______________________________________________________________ 2) моторлы қайықтар (бiрлiк) __________________________________ 3) көлiк кемелерi (бiрлiк) ____________________________________ 5. Балық аулау қағидаларына сәйкес келетiн балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау құралдары: 1) жылымдар (дана) ____________________________________________ 2) торлар, қабадандар (дана) __________________________________ 3) басқа да аулау құралдары (дана) ____________________________ 6. Ағымдағы жылы бөлiнген квотаның нақты игерiлуi (тн) ________ 7. Балықшылардың саны (адам) __________________________________ Берiлген күнi МО Балық шаруашылығы субъектiсi Қолы басшысының Т.А.Ә. «Бекiтiлген лимит негiзiнде жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттiк қызмет стандартына 5-қосымша ^
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекiтiлген «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) қызметiн жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты ^ 1. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы органдар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi алушыда электрондық цифрлық қолының (бұдан әрi – ЭЦҚ) болу шарты кезiнде www.e.gov.kz «электронды үкiмет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттiк қызмет: 1) «Өсiмдiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 9-бабы 5) тармақшасының 2) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 14-бабы 2) тармақшасының 3) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 4) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 тамыздағы № 757 қаулысының негiзiнде көрсетiледi. 4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында; 2) жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және жергiлiктi атқарушы органдардағы мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылған стендтерде; 3) порталда орналастырылады. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкiн. 5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi: 1) жергiлiктi атқарушы органда – пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) қызметiн жүзеге асыруға лицензияны (бұдан әрi – лицензия) қағаз тасығышта жергiлiктi атқарушы органның уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында (www.elicinse.kz порталында) беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттiк қызметтi көрсетiлуден бас тарту туралы дәлелдi жауап; 2) www.elicense.kz порталында – лицензияны жергiлiктi атқарушы органның уәкiлеттiк берiлген тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында беру не мемлекеттiк қызметтi көрсетiлуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады. 6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi. 7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмде көрсетiледi: 1) мемлекеттiк қызмет алушы жергiлiктi атқарушы органға не порталға өтiнген сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi: лицензияны беру үшiн – он бес жұмыс күнiнен кеш емес; лицензияны қайта ресiмдеу үшiн – он жұмыс күнi iшiнде; лицензияның телнұсқасын беру үшiн – екi жұмыс күнi iшiнде; 2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты отыз минуттан аспауы керек; 3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек; 4) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап лицензияны беру үшiн ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру екi жұмыс күнi iшiнде көрсетiнедi. Егер белгiленген мерзiмдерде лицензияны берiлмеген не лицензияны беруден дәлелдi бас тарту берiлмеген жағдайда, оларды беру мерзiмi аяқталған күннен бастап лицензия берiлген деп есептеледi. 8. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету (лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру) үшiн мемлекеттiк қызмет алушы жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығына ие болу үшiн бюджетке 6 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi лицензиялық жарнаны қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсiлмен төлейдi. Портал арқылы лицензияны алуға электронды сұрау салу берiлген жағдайда төлем «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. 9. Жұмыс және мемлекеттiк қызметтi көрсету жұмыс кестесi: 1) жергiлiктi атқарушы органдарда – жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады. 3) порталда – тәулiк бойы. 10. Жергiлiктi атқарушы органдарда мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi. Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы көрсеткен кезде қызмет мемлекеттiк қызмет алушының порталдағы жеке кабинетiнде көрсетiледi. ^ 11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мыналарды ұсынады: Жергiлiктi атқарушы органдар арқылы: лицензияны беру үшiн: 1) өтiнiш; 2) мемлекеттiк қызмет алушы жарғының және заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмелерi – заңды тұлға үшiн; 3) мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi – жеке тұлға үшiн; 4) мемлекеттiк қызмет алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi – дара кәсiпкер үшiн; 5) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органына есепке қою туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi; 6) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi; 7) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес құжаттар; лицензияны қайта ресiмдеу үшiн: 1) өтiнiш; 2) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi; 3) лицензияның көшiрмесi; лицензияның телнұсқасын беру үшiн: 1) лицензияны жоғалтқаны не бүлдiргенi туралы өтiнiш; 2) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi; портал арқылы: лицензияны беру үшiн: 1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) жарғы (заңды тұлға үшiн) – сканерленген көшiрмесi электрондық сұрау салуға қоса берiледi; 3) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес құжаттар – сканерленген көшiрмелерi электрондық сұрау салуға қоса берiледi; 4) мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәлiметтерi – жеке тұлға үшiн; 5) мемлекеттiк қызмет алушыны заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң мәлiметтерi – заңды тұлға үшiн; 6) мемлекеттiк қызмет алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң мәлiметтерi – дара кәсiпкер үшiн; 7) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органына есепке қою туралы куәлiктiң мәлiметтерi; 8) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленгенi туралы мәлiметтерi. Мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк ақпарат жүйелерiнен ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады; лицензияны қайта ресiмдеу үшiн: 1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң мәлiметтерi; 3) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленгенi туралы мәлiметтерi; 4) лицензияның деректерi (www.elicense.kz порталында болған кезде) не лицензияның сканерленген көшiрмесi түрiнде (лицензия қағаз тасығышта болған кезде) электрондық сұрау салуға қоса берiледi. Мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк ақпарат жүйелерiнен ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады; лицензияның телнұсқасын беру үшiн: 1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органына есепке қою туралы куәлiктiң мәлiметтерi; 3) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленгенi туралы мәлiметтерi. Мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк ақпарат жүйелерiнен ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады. 12. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiш бланкiсiн жергiлiктi атқарушы органдардың осы стандартқа 1-қосымша көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан кеңселерiнен не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz және жергiлiктi атқарушы органдардың осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген интернет-ресурстарында алуға болады. Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы алу үшiн электрондық сұрау салу нысанын толтыру қажет. 13. Қызмет жергiлiктi атқарушы органдар арқылы көрсетiлген кезде құжаттар жергiлiктi атқарушы органдардың кеңселерiне осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша тапсырылады. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау мемлекеттiк қызмет алушының жеке кабинетiнде жүзеге асырылады. 14. Қызмет жергiлiктi атқарушы органдар арқылы көрсетiлген кезде мемлекеттiк қызмет: 1) құжаттарды қабылдау нөмiрiн және күнiн; 2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрiн; 3) қоса берiлген құжаттар санын және атауларын; 4) мемлекеттiк қызметтi алу күнiн (уақытын) және құжаттарды беру орнын; 5) құжаттарды қабылдаған сараптамалық ұйымның жауапты тұлғасының тегiн, атын, әкесiнiң атын; 6) мемлекеттiк қызмет алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке тұлға үшiн) немесе атауын (заңды тұлға үшiн), байланыс деректерiн көрсете отырып, қажеттi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi. Портал арқылы ықылас бiлдiргенде, мемлекеттiк қызмет алушының «жеке кабинетiнiң» порталына ескерту жiберiледi – мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiмдi қабылдағаны жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсетудiң күнi мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттiк қызмет нәтижесi туралы есеп. 15. Қызмет жергiлiктi атқарушы органдар арқылы көрсетiлген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға электрондық поштамен жолданады не мемлекеттiк қызмет алушының талабы бойынша оған жеке келген кезде басылған түрiнде берiледi. Портал арқылы өтiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетiне жолданады. 16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiз: 1) осы субъектiлер санаты қызмет түрiмен айналысуға үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы; 2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда жеке қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленбеуi; 3) мемлекеттiк қызмет алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы; 4) мемлекеттiк қызмет алушыға лицензияны беруi тиiс мемлекеттiк органмен келiсiлмеуi; 5) мемлекеттiк қызмет алушыға қатысты оған жеке қызмет түрлерiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнiң болуы; 6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде соттың мемлекеттiк қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салуы; 7) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негiздер негiз болып табылады. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттiк қызмет алушы жергiлiктi атқарушы органда не порталдағы жеке кабинетiнде электрондық құжат түрiнде алады. |