«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon

«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Название«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
страница2/4
Дата конвертации13.04.2014
Размер0.67 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4

«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. ^ Жалпы ережелер




  1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

  3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші – www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



  1. ^ Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:

лицензия беру – 15 (он бес) жұмыс күні;

қайта ресімделген лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Лицензияны, қайта ресімделген лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен расталады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алымның мөлшерлемелері мынаны құрайды:

1) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ы, бірақ 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтініш берілген жағдайда, төлемді «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асыруға болады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) заңды немесе жеке тұлға үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер және құжаттар:

4) осы мемлекеттік көрсетілетін стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;

5) төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы;

6) телерадиохабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы;

7) жерсеріктік оператор ұсынған жерсеріктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (жерсеріктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда);

8) метрологиялық сипаттамалары мен олардың тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын құжаттарды (сертификаттардың көшірмелері) көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тізбесі.

Мыналар:

1) қызмет түрінің атауы және (немесе) кіші түрі;

2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

3) дара кәсіпкер, оның атауы және мекенжайы;

4) бірігу, қосылу, бөлініп шығу және қайта өзгеру нысанында заңды тұлға;

5) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, лицензия қайта ресімделеді.

Құжаттар ауыстырылған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге мынадай құжаттарды береді:

1) заңды немесе жеке тұлға үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде төлнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін төлнұсқаларды алушыға қайтарады.

Лицензия алу үшін порталға өтініш берген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;

2) лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда) құжаттың электрондық көшірмесі;

3) біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар:

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;

5) төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы – электрондық көшірме түрінде;

6) телерадиохабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы – электрондық көшірме түрінде;

7) жерсеріктік оператор ұсынған жерсеріктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (жерсеріктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда) – электрондық көшірме түрінде;

8) метрологиялық сипаттамалары мен олардың тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын құжаттарды (сертификаттардың көшірмелері) көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тізбесі – электрондық құжат түрінде;

9) өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын сертификаттар – электрондық көшірмелер түрінде.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар сұранысқа электронды түрде тіркелуге тиіс.

Мыналар:

1) қызмет түрінің атауы және (немесе) кіші түрі;

2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

3) дара кәсіпкер, оның атауы және мекенжайы;

4) бірігу, қосылу, бөлініп шығу және қайта өзгеру нысанында заңды тұлға;

5) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, лицензия қайта ресімделеді.

Құжаттар ауыстырылған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге мынадай құжаттарды береді:

1) лицензияны қайта ресімдеу туралы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;

2) лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы бюджетке төленгені туралы ақпарат немесе лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.

Портал арқылы өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

Қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензиат лицензияны қайтадан ресімдеген кезде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттармен бірге, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде береді.

10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;

2) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленбеуі;

3) біліктілік талаптарының көрсетілетін қызметті алушы қызметіне сәйкес келмеуі;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензия алуға тыйым салынуы.

3. ^ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi


11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметі берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.




^ 4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар


13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


_________________________


«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша


^ Лицензия алу үшін заңды тұлғаның

өтiнiші


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетіне___
  (лицензиардың толық атауы)
______________________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

Қазақстан Республикасының аумағында теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі (-лері) көрсетiлсiн)

Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________

____________________________________________________________________ (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

Электрондық почта______________________________________________

Телефоны ___________________________________________________

Факс __________________________________________________________

Банктік шоты __________________________________________________
               (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жері)

Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

___ парақ қоса беріліп отыр

Осы арқылы:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.

Басшы _________ _______________________________________________ (қолы)   (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
    

Мөрдің орны Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________________

^ Лицензия алу үшін жеке тұлғаның

өтiнiші


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетіне___
  (лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

Қазақстан Республикасының аумағында теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі (-лері) көрсетiлсiн)

Жеке тұлғаның тұратын мекенжайы ____________________________________________________________________ (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

Электрондық почта______________________________________________

Телефоны ___________________________________________________

Факс __________________________________________________________

Банктік шоты __________________________________________________
               (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

___ парақ қоса беріліп отыр


Осы арқылы:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.


      Жеке тұлға _________ _____________________________________________

(қолы)   (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
    

Мөрдің орны (бар болса) Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» __________


____________________


«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша


^ Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы

мәліметтер нысаны


1. Қызметкерлер саны _______________

Инженер-техник мамандар саны________________;

мамандығы бойынша жұмыс өтілі:

1 жылға дейін ________________;

бір жылдан астам ________________.


Маманның тегі

Маманның аты

Маманның әкесінің аты

Мамандығы

Жоғары білімі туралы дипломның №

Диплом берілген күн

Жоғары оқу орнының атауы

Мамандағы бойынша жұмыс өтілі

Лауазымы
























































2. Мыналарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер:

телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар бағдарламасының техникалық сапасын: иә/жоқ;

төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыруды: иә/жоқ.

3. Техникалық мәліметтер:

1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/ кабельдік/ жерсеріктік;

2) хабар таратумен қамту аумағы_______________;

3) желі типі _______________;

стандарт атауы_______________;

стандарт нөмірі _______________;

4) таратылатын теле-, радиоарналардың тізімі _______________;

даму кезеңдері бойынша тізбе_______________;

қысқаша сипаттама _______________;

5) пайдаланған жағдайда, шартты қолжетімділік жүйесі ___________;

6) желіні басқару және пайдалану желісін ұйымдастыру қағидаттары;

7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны, оның ішінде даму кезеңдері бойынша;

МГц көлемі _______________;

қосылушылар саны_______________;

8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс желілерімен өзара іс-қимыл:

шарттың нөмірі_______________;

шарт жасалған күн_______________;

шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _______________;

9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып, станцияаралық байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:

меншікті техникалық құралдар бойынша _______________;

басқа желілердің жалға алынған арналары бойынша _____________;

шарттың нөмірі_______________;

шарт жасалған күн _______________;

шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _____________;

10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне қосуды ұйымдастыру тәсілі:

шарттың нөмірі_______________;

шарт жасалған күн _______________;

шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) ____________;

11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы ______________;

12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу көздері мен тәсілдері;

студияның орналасқан жері _______________;

пайдаланылатын желінің типі_______________;

13) жиілік берілген жабдықтың санитарлық паспортының болуы:

нөмірі және берілген күні _______________;

паспортты берген органның атауы _______________;

паспорттың қолдану мерзімі _______________;

14) жердің жасанды жерсеріктері (жерсеріктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда):

атауы _______________;

тиесілігі _______________;

орналасқан жері _______________;

қызмет көрсету аймағы _______________;

жиіліктің орналасқан белдеуі _______________;

арнаның жылдамдығы _______________;

жерсеріктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы _______________.

4. Құқық иеленуші теле-, радиокомпаниялармен (көп бағдарламалы хабар тарату үшін) ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттар:

шарттың нөмірі ________;

жасалған күні _____________________;

шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _____________;

шартта көрсетілген арналардың тізбесі _____________________.

5. Техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған үй-жайлар мен алаңдардың болуы:

жалға алынған алаң ______________;

жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ______________;

жалға алу шартының нөмірі____________;

жалға алу шартының жасалған күні ______________;

шарт кіммен жасалды ______________.

6. Әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайлар мен алаңдардың болуы:

жалға алынған алаң ______________;

жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ______________;

жалға алу шартының нөмірі____________;

жалға алу шартының жасалған күні ______________;

жалға алу шарты кіммен жасалды ______________.

7. Халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар мен алаңдардың болуы:

жалға алынған алаң ______________;

жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ______________;

жалға алу шартының нөмірі____________;

жалға алу шартының жасалған күні ______________;

жалға алу шарты кіммен жасалды ______________.


_________________________


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

1   2   3   4



Похожие:

«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік...
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon1. Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
«Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік...
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
«Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»мемлекеттік...
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconҚайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
«Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін...
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconҚайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру мемлекеттік қызмет регламенті
Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру мемлекеттік қызметінің...
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconШетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке қою, телнұсқа беруді жүзеге асыруды) сұраймын
Теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы мiндеттемесi
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы