Тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын ауылы «8» ақпан 2008 жыл (орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» icon

Тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын ауылы «8» ақпан 2008 жыл (орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі»



НазваниеТауарларды/ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын ауылы «8» ақпан 2008 жыл (орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі»
Дата конвертации04.11.2012
Размер161.89 Kb.
ТипДокументы
источник

Ережеге

4-қосымша


Тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді

мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт


Сайқын ауылы «8» _ақпан_ 2008 жыл

(орналасқан жері)

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан бөлім меңгерушісі Қ.Е. Рашқалиев., бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын ____________________________________________________________атынан

(өнім беруші-конкурс жеңімпазының толық атауы)

_________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

(Жарғының, ереженің және т.б.)

_____________________________________________________________________________

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден сатып алу тәсілімен) қорытындылары негізінде __________жылы ____ ______________өткен осы Мемлекеттік сатып лау туралы шартты (бұдан әрі-Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

  1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі- Шарттың бағасы) тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алды.

  2. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

    1. «Шарт» - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшамаларымен және толықтыруларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қойған азаматтық-құқықтық акт;

    2. «Шарттың бағасы» Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

    3. «Тауарлар» нәрселерді (заттарды), оның ішінде жартылай фабрикаттарды немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізатты, электр және жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелерін, сондай-ақ Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде беруге тиіс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып-алу мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтарды білдіреді;

    4. «Ілеспе көрсетілетін қызметтер» Тауарларды беруді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші қызметтер және Өнім берушінің осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;

    5. «Қызмет көрсету» - Тапрсырыс берушінің мұқтаын қанағаттандыратын, заттық нәтижеге ие емес, қызмет;

    6. «Тапсырыс беруші»-мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;

    7. «Өнім беруші»- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып лау туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер ҚР заңдарына өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).

  3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

    1. осы Шарт;

    2. сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

    3. техникалық ерекшелік,

    4. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету;

  4. Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Өнім беруші Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

    1. тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

    2. банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

  5. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір, бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

  6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу шарты бір қаржы жылынан астам мерзімге:

    1. дайындаудың технологиялық мерзімнің ұзақтығы, тауарларды келесі (кейінгі) қаржы жылында беруге себепші болатын тауарларды (мұндай фактіні растайтын әзірлеушінің анықтамасы болуға тиіс);

    2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;

    3. Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген жағдайларда, бір қаржы жылынан асатын мерзімге көрсетілетін қызметтерді саты алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін.

Бұл ретте жоғарыда көзделген жағдайларда бір қаржы жылынан астам қолдану мерзімімен мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шартты бәсекелестік негізінде жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша белгіленген өнім берушілер мен ғана жасасуға жол беріледі.

Конкурс нәтижелері бойынша жасалған Мемлекеттік сатып алу шартты өнім берушінің уәкілетті органға өтінім мен шартты баға арасындағы айырма ретінде алынған кірісті пайдалану бойынша ақпарат бергені туралы келісім шарттарын қамтуы тиіс, мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға.

  1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акциясының (үлесінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекіткен келесі (кейінгі) қаржы жылында аяқтау мерзімімен іс-шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызмттерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.

  2. Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін .

  3. Өнім беруші тауарды (көрсетілетін қызметтерді) Өнім берушінің конкурстық өтініміне және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің (конкурсты ұйымдастырушының) конкурстық құжаттамасына сәйкес санда және сапада сатуды және беруді (көрсетуге), ал Тапсырыс беруші қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.

  4. Ақы төлеу нысаны: ^ Аударым негізінде

(аударым, қолма-қол есеп айырысу, және т.б.)

Төлеу мерзімі әр айдың 20- на дейін

(мысалы: тауарды тағайындалған пунктте қабылданғаннан кейін % немесе алдын ала төлеу және т.б.)

11. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар: атқарылған жұмыстар жөнінде акт

(шот-фактура немесе қабылдау-беру актісі және т.б.)

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу талаптарын көздеуге тиіс.

Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

  1. осы тауарлар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауарлар, көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаны өзгертпеу шартымен сатып алынатын тауарлардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өзгертуге осы тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;

  2. егер өнім беруші тауарды мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау үдерісінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгертпеу шартымен, онымен жасалған тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі.

  3. егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлігінде;

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді осы тармақта көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.

  1. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.

  2. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде шарттық міндеттемелерді орындалу үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

  3. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғары да саналмаған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.

  4. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Тауарларға, егер бұл техникалық ерекшелікте айтылса, олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін растау үшін техникалық бақылау және /немесе сынақ жүргізу мүмкін. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды Өнім беруші жүктейді. Техникалық ерекшелікте Тапсырыс берушіге қандай түрдегі тексеру мен сынақ талап етілетіндігі, сондай-ақ олар қай жерде жүргізілуге тиіс екендігі көрсетіледі. Тапсырыс берушіні осы мақсаттарға арналған өзінің өкілдері туралы жазбаша түрде және уақытылы хабардар етуге тиіс.

  5. Техникалық бақылау мен сынақ Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің аумағында, тауарларды жеткізу орнында және /немесе соңғы пунктінде жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің аумағында жүргізілсе, Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға және өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық қажетті құралдар берілетін және жәрдем көрсетілетін болады.

  6. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекшелікке жауап бермесе, Тапсырыс беруші олардан бас тарта алады және Өнім беруші ақаулы тауарды не алмастырады не Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қажетті өзгерістер енгізеді.

  7. Жоғарыда көрсетілгендердің бірде бір тармағы Өнім берушіні Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

  8. Өнім беруші тауарларды оларды соңғы тағайындалған пунктіне тасымалдау кезінде зақымдануы немесе бұзылуды болдырмауға қабілетті орауға қамтамасыз етуі тиіс. Орам қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс. Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.

  9. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс беруші белгіленген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.

  10. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын Тауарлардың /Көрсетілетін қызметтердің тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес мынадай түрде жүзеге асырады.

    1. шетелден келетін Тауарлар үшін

Тауарды түсіргеннен кейін Өнім беруші Тапсырыс берушіге және сақтандыру компаниясына телекспен немесе факспен Шарттың нөмірін, тауарлардың сипататтамасын, санын, кемені, коносамент нөмірін және оның күнін, жөнелтілген портын және күнін, түсіру портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық егжей-тегжейі туралы хабардар етуге тиіс:

  1. Тауарлардың сипаттамасымен, Тауарлардың санын, бірлігінің бағасын және жалпы сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шо-фактурасының көшірмесі;

  2. көліктік жүкқұжаттың түпнұсқасы мен 3 көшірмесі;

  3. әрбір орамның құрамын көрсетіп, орау парағының көшірмесі;

  4. сақтандыру Сертификаты;

  5. дайындаушының немесе Өнім берушінің кепілдік сертификаты;

  6. уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);

  7. тауардың шыққан жері туралы сертификат.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Тапсырыс беруші Тауарлар портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуға тиіс және олар алынбаған жағдайда Өнім беруші осы шығыстарға байланысты жауапты болады.

б) Жергілікті Тауарлар үшін:

1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарларға бірлік бағаны және жалпы сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;

2) көліктік жүкқұжат , темір жол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі;

3) Дайындаушының немесе Өнім берушінің кепілдік сертификаты;

4) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);

5) тауардың шыққан жері туралы сертификат;

22. Шартқа сәйкес берілетін тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты бүлінуден немесе бұзылудан теңгемен (немесе еркін айырбасталатын валютада) толық сақтандырылуға тиіс (қажетті сақтандыру түрін көрсету). Сақтандыру полисінде Тапсырыс беруші Өнім берушімен бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде аталуға тиіс.

23. Өнім беруші Тауарларды тағайындалған пунктіне дейін беруге тиіс. Осы тауарларды тағайындалған пунктіне дейін тасымалдауды Өнім беруші жүзеге асырады және төлейді, ал оған байланысты шығыстар Шарттың бағасына қосылады.

24. Осы ШЩарттың шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетуге тиіс.

25. Тапсырыс беруші Өгнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөліктер туралы мынадай ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші сатып алу үшін Өнім берушіден таңдай алатын және оларды кепілдік мерзімі өткеннен кейін пайдалана алатын қосалқы бөліктердің құны мен номенклатурасын беруді Өнім берушіден талап етуі мүмкін.

26. Өнім беруші қосалқы бөлшектерді шығаруға тоқтатқан жағдайда:

а) Тапсырыс берушіні оған қажетті санда қажетті сатып алуда жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтатуы туралы алдын ала хабарлауға;

б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөліктерге жоспраларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.

27. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулері көрсетілген жаға не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша берілген Тауарлар Тапсырысберушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестігіне Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушінің оның (Тапсырыс берушінің ) техникалық ерекшелігінде жібергені үшін жауап бермейді.

28. Бұл кепілдік Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бөлігін нақтылы жағдайдға және оларды Шартта көрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай ___________________________________ ішінде жарамды.

(кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін)

  1. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы кепілдікке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.

  2. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші ақау шыққан Тауарды немесе оның бөлігін Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасыен шығынсыз жедел жөндеуге немесе алмастыруға тиіс.

  3. Егер Өнім беруші хабарлама алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жөндемесе, Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.

  4. Өнім берушіге берілген Тауарларға ақы төлеу осы Шарттың _____және ____-тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.

  5. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Тапсырыс берушінің конкурстық өтінімінде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.

  6. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе өнім беруші көрсететін Қызметтер және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.

  7. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі немесе сол өзгелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сауалдары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде көрсетілуге тиіс.

  8. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынгша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.

  9. Өнім беруші Тапсырыс берушіге, егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылса, осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін беруге тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы Өгнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

  10. Тауарларды беруді және Қызметтерді көрсетуді Өгім беруші бағалар ксетесінде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.

  11. Тапсырыс беруші тарапынан беруді орындауды кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою.

  12. Егер Шартты орындау кезеңінде Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері(лері) кез келген сәтте Тауарларды уақытылы жеткізуге және қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуы тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен қол қойылуы тиіс.

  13. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші Тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберіндегі әрбәр мерзімін өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

  14. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:

    1. егер Өнім беруші Тауардың бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде(дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

б. егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.

  1. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

  2. Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өгнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

  3. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өгім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберугетиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол оырнды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.

  4. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немес төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу і-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

  5. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.

  6. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс-жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

  7. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Өнім берушіге мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына ие емес.

  8. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

  9. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

  10. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескере отырып, ол ұсынған нысанда рәсімдеуге жол беріледі.

  11. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Шартты төрелікте қарау қажет қажет болған жағдайда Шарттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс.

  12. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.

  13. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін, кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

  14. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.

  15. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

  16. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.

  17. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасының қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

  18. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші осы Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін енеді.

  19. Тараптарды мекен-жайлары мен деректемелері:



^ Тапсырыс беруші Өнім беруш


«Бөкей ордасы ауданының _____________________________

ішкі саясат бөлімі» (толық атауы)

мемлекеттік мекемесі _____________________________


Батыс Қазақстан облысы, _____________________________

Бөкей ордасы ауданы,

Сайқын ауылы, _____________________________

Т.Жароков көшесі, № 5 үй (мекен-жайы)

СТН 271500210424 _____________________________

Код 4562004

ЖСК 001130804 _____________________________

БСК 195301070 (Т.А.Ә)

ҚР ҚМ ҚК

_____________________Қ.Е.Рашқалиев ______________ (қолы)

М.О. М.О.


Аумақтық қазынашылық органдарына тіркеу үшін (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін): ___________________






Похожие:

Тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын ауылы «8» ақпан 2008 жыл (орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» iconЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын селосы 2009 жыл бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының құрылыс бөлімі»
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының құрылыс бөлімі» мм
Тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын ауылы «8» ақпан 2008 жыл (орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» iconТауарларды/к өрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын
Тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын ауылы «8» ақпан 2008 жыл (орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» iconКөрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт № Орал қ 2014 ж. (Орналасқан жері) Бұдан әрі «Тапсырыс беруші»
«Өнім беруші» әрекет ететін, атынан екінші тараптан, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның (бұдан әрі Заң) және баға ұсыныстарын...
Тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын ауылы «8» ақпан 2008 жыл (орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» iconТауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт №
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын мкқК «Шұғыла» мәдениет үйі рнн 150601100312 мемлекеттік тіркеу куәлігінің
Тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын ауылы «8» ақпан 2008 жыл (орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» iconТауарларды/ қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт Ақтөбе қ. 2014 ж. Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Мұғалжар аудандық мәдениет үйі»
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Мұғалжар аудандық мәдениет үйі» мкқК атынан, директор Абилова К. Ш. бірінші тараптан
Тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын ауылы «8» ақпан 2008 жыл (орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» iconКөрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Орал қаласы сәуір 2008ж. Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы»
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы және спецификасы бойынша осы Мемлекеттік...
Тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын ауылы «8» ақпан 2008 жыл (орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» iconБөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып...
Тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын ауылы «8» ақпан 2008 жыл (орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» iconЖҰмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы Үржар ауылы 2012 жыл Бұдан әрі «Тапсырыс беруші»
Сеитканов Кусаин Бейсенұлы тұлғасында, бір тараптан және бұдан ары «Мердігер» деп аталатын (бұдан әрі Шарт) шарт жасасты және мына...
Тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын ауылы «8» ақпан 2008 жыл (орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» iconШарт жобасы шемонаиха қаласы 2013ж. Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы»
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы жылғы хаттаманың негізіндетөмендегілер...
Тауарларды/ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Сайқын ауылы «8» ақпан 2008 жыл (орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» iconТауарларды мемлекеттік сатып алу келісім шарт ы №
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Айголек» балабақшасы атынан, менгерушісі Меденова Жанагул Алимбеткызы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы