«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



Название«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
страница1/9
Дата конвертации24.10.2012
Размер1.45 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Әкімдіктің

2012 жылғы «25» шілде

№ 340 қаулысына қосымша


«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Қостанай қаласы, 2012 жыл


Мазмұны


1. Миссиясы және пайымдау.......................................................................................................................................................3

2. Ағымдағы ахуалды талдау және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында даму үрдісі ...............3

3. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтижелер көрсеткіштері.........................................................................................................................................................................13

4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту..............................................................................................................................26

5. Ведомствоаралық өзара әрекет жасау...................................................................................................................................27

6. Қауіп-қатерлерді басқару.......................................................................................................................................................29

7. Бюджеттік бағдарламалар......................................................................................................................................................31



  1. ^ Миссия және пайымдау


Миссия - Қостанай облысы халқының әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыру мақсатымен еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында өңірлік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

Пайымдау - әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды, оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектердің өмір сүру сапасын, тұрмысы төмен отбасылардың әл-ауқатын жақсарту, тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы балансын теңестіру, жұмыссыздық деңгейін төмендету.


2. Ағымдағы ахуалды талдау және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында даму үрдісі


1-стратегиялық бағыт. Халықты жұмыспен қамту тиімділігін қамтамасыз ету

1.1. Саланың дамуының негізгі параметрлері

Халықты өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын» іске асыру шеңберінде өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздестіру және іріктеу, жұмыссызды, өз бетінше жұмыспен қамтылғанды және тұрмысы төмен халықты даярлау және қайта даярлау, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жастар мен әйелдерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, аға ұрпақ пен мүгедектерге және басқаларға кепілдікті әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдауды көрсету пайдаланылады.

Атап айтқанда, 2010 жылдың 1 қаңтарына облыста 18,8 мың жұмыс орны, оның ішінде Жол картасы аясында – 6,0 мың жұмыс орны құрылды.2011 жылдың 1 желтоқсанына 12,5 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 6,1 мың – тұрақты (48,8%).

Жұмыс іздеп жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 19529 мың азамат арасынан 2010 жылы 85,7 % немесе 16742 адам жұмысқа орналастырылды, 2596 жұмыссыз, оның ішінде Жол картасы аясында - 1945 адам кәсіптік оқытуға жіберілді.


2011 жылдың 11 айы ішінде жұмысқа орналасуға жәрдем сұрап жұмыспен қамту органдарына 10173 адам, олардың ішінен 7995 адам, немесе 78,6 % жұмысқа орналастырылды, кәсіптік даярлыққа жергілікті бюджет есебінен 411 жұмыссыз азамат жіберілді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде жаңадан құрылған Жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған және тұрмысы төмен халық санынан 4,5 мың адамға жуық өтініш жасаған, олардың ішінде 2,2 мыңы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларымен қамтылған.

2010 жылы ішінде жұмысқа орналасуға жәрдем сұрап жұмыспен қамту органдарына 10356 әйел өтініш жасады, олардың ішінен 8710 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға қатысқандар - 3503 әйел, кәсіптік даярлық пен қайта даярлаудан өткен – 1237 адам.

2011 жылы әлеуметтік көмек іс-шараларымен өңірлік жұмыспен қамту шеңберінде 7885 әйел қамтылды, 1057 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларымен қамтылды.

Қоғамдық жұмыстарға 2010 жылы 4,9 мың жұмыссыз азамат, 2011 жылы 4,5 мыңға жуық адам қатысты. Жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына 2010 жылы 0,5 мың жұмыссыз азамат, 2011 жылы 1,1 мыңға жуық адам орналастырылды.

Одан басқа Жол картасы шеңберінде 2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына 7,1 адам орналастырылды, 2011 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1,0 мың адам орналастырылды, Бизнестің Жол картасы 2020 шеңберінде жастар практикасына шағын және орта бизнестің кәсіпорындарына 468 адам жіберілді.

2011 жылғы 1 желтоқсанға жұмыспен қамту органдарында 2250 жұмыссыз азамат есепте тұр, оның ішінде 1352 адам немесе 60,0 % әйелдер, 892 адам немесе 40,0 % - жастар.

Бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және жұмыссыздарды жұмысқа орналастырылуын жақсартуға ықпал етеді. 2010 жылдың 12 айы ішінде облыс аймақтарында бос орындардың 34 жәрмеңкесі өткізілді. Оларға 204 ұйым мен кәсіпорын қатысты. 2929 адам бос орындар жәрмеңкелеріне қатысты, олардың ішінен 908 адам өздерінің жұмысқа орналасу мәселесін шеше алды. Бос орындар жәрмеңкелерін өткізу барысында 2158 адам еңбек заңнамасының әр түрлі мәселелері бойынша консультациялар алды.

2011 жылы 3548 адам қатысқан 37 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 836 адам жұмысқа орналастырылды, 2497 адам консультация алды.

Өңірлік жұмыспен қамту, Жол картасы, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы, Бизнестің жол картасы 2020 іс-шараларының шеңберінде облысымызда жалпы жұмыссыздықтың деңгейі 2009 жылдың 6 %-нан 2011 жылғы үшінші тоқсанның қорытындылары бойынша 5,2 %-ға дейін, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі – 6,9 %-дан 6,0 %- ға дейін, жастар жұмыссыздық деңгейі – 5,1 %-дан 4,2 %- ға дейін төмендеді. Тиісінше халықты жұмыспен қамту деңгейі өсті (2009 жылы ол 93,7 % құрды, 2011 жылғы үшінші тоқсанында – 94,8 %.

Облыстың жұмыс берушілері тартатын шетел азаматтарының саны мардымсыз. 2010 жылы 18 шетел азаматын тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттар берілді, оның ішінде бірінші және екінші санат бойынша – 14, үшінші санат бойынша, яғни білікті жұмысшылар - 4. 2011 жылғы 1 желтоқсанға облыстың 9 кәсіпорнында рұқсат бойынша 91 адам жұмыс істейді, оның ішінде бірінші санат бойынша – 6 адам (бір уақытта құрылтайшылар – 3 адам), екінші санат бойынша – 14 адам, үшінші санат бойынша – 71 адам.

^ 1.2. Негізгі проблемаларды талдау

Облыстың еңбек рыногында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы теңгерімсіздігінің мәселесі өткір күйінде қалуда. Жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарының жеткілікті санымен қажетті кәсіптер мен мамандықтардың өкілдері жоқ. Мысалы, медициналық қызметкерлерге (дәрігерлер, медбибілер, фельдшерлер) деген қажеттілік болса да жұмыссыз азаматтар арасынан ұсыныстар жоқ.

Бұдан басқа, қажетті бос орындар бар болған жағдайда, жұмыссыз азаматтар біліктілігі бойынша жұмыс берушілердің талаптарына (разрядтың, белгілі дағдылардың, жұмыс тәжірибесінің және т.б. болуы) сай келмейді. Сонымен қатар, жыныстық белгілері бойынша сұраныс пен ұсыныстың сай келмеу себебі бойынша қиындықтар пайда болады, өйткені жұмыспен қамту органдарының тіркеуінде негізінен әйелдер тұр, ал жұмыс берушілер негізінен «ерлер мамандықтары» бойынша бос орындарға өтінім береді.

^ 1.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Ішкі факторлар. Халықты тиімді жұмыспен қамтуға жылдамдатылған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру аясында құрылатын жаңа жұмыс орындары себепші болады, жұмыс күшінің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру, кадрларға деген экономиканың болжамды қажеттілігін анықтау, еңбек рыногында сұраныстың өзгерістерін айқындау және қадағалау, өз бетімен жұмыспен қамтылған азаматтардың кәсіпкерлік саласына ауысуы үшін жағдайлар жасау.

Еңбек рыногының дамуына ықпал ететін сыртқы факторлар мыналар болып табылады: халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша заңнамалық базаны жақсарту, шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелерінде ішкі еңбек рыногын реттеу, төмен білікті шетел жұмысшылары мен мамандарын әкелуге жол бермеу.

Осындай жағдайда халықты жұмыспен қамту тиімділігін қамтамасыз ету, Басқарма қызметінің орташа мерзімдік перспективаға бірінші стратегиялық бағыты болып табылады.

2-стратегиялық бағыт. Мүгедектерді, қарт азаматтарды және қиын тұрмыстық жағдайға тап болған азаматтарды әлеуметтік қолдау және өмір сүру сапасын жақсарту

    1. ^ . Дамыту саласының негізгі параметрлері

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру, қиын тұрмыстық жағдайға тап болған азаматтардың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету, тіршілік ету және қоғамға біріктіру үшін оларға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында оларды қолдау және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Тиісті қаржы жылына мәлімделген қажеттіліктерге сәйкес мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлоқұралдармен, кресло-арбалармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

2011 жылғы 1 желтоқсанға мүгедектер саны 22844 адам құрды, оның ішінде 2167 мүгедек бала.

2010 жылы 50,1 миллион теңге сомасына Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектігі бар тұлғаларға – 539 мүгедекке, 2011 жылы – 53,7 миллион теңге сомасына 659-дан астам мүгедекке протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда бұйымдардың жалпы саны 9 %-ға өсті.

Орташа алғанда жыл сайын 700-ге жуық мүгедек тифлотехникалық және сурдотехникалық бұйымдармен, 140 мүгедек арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалармен) қамтамасыз етіледі.

Оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектер жыл сайын санаторлық-курорттық сауықтырудан өтеді. Солай, 2010 жылы 2083 адам санаторлық-курорттық емделуден өтті, осы мақсаттарға облыстық бюджетте 118,1 млн. теңге көзделген. 2011 жылы 2228 адамға санаторлық-курорттық емделу бойынша қызметтерді көрсетуге 126,4 млн. теңге көзделген, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғыс ардагерлеріне теңестірілген мүгедектер мен мүгедек балалар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 %-ға көбірек.

2010 жылы облыстық бюджеттен 8,4 миллион теңге жалпы сомасына оқуға төлем жасауға 96 мүгедек студентке әлеуметтік көмек көрсетілді. 2011 жылы осы іс-шараларды жүзеге асыруға 149 мүгедек студентке әлеуметтік көмек көрсетуге 16,6 миллион теңге бөлінді, 2011 жылғы 1 желтоқсанға 139 мүгедек студентке сомасы 15,6 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

2010 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Қостанай облыстық ұйымы - «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалы және «Зағиптардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қостанай облыстық ұйымы» филиалы негізінде көру бойынша 132 мүгедекті және есту бойынша 177 мүгедекті әлеуметтік оңалту бойынша жұмыс жүргізілді, сондай-ақ 4,1 миллион теңге жалпы сомасына «Үміт-Надежда» тірек-қозғалыс жүйесінің қызметі бұзылған мүгедектерді ақпараттық қолдау бойынша 16 іс-шара және қоғамдық бірлестік («Радуга» ҚБ) мүгедек балалардың аналарын ақпараттық қолдау бойынша 30 іс-шара өткізу ұйымдастырылды. 2011 жылы бұл жұмыс жалғастырылды, осы мақсаттарға облыс бюджетінен 5,7 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 39 %-ға көбірек. Ағымдағы жылы мүгедектер үшін әлеуметтік-құқықтық көмектесу мен жұмысқа орналасуға қолдау және кресло-арбаларды жөндеу бойынша қызмет көрсетілді, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «Мир без границ» облыстық шығармашылық фестивалі ұйымдастырылды.

Жалпы алғанда соңғы жылдары мүгедектерді әлеуметтік қолдауға бағытталған бағдарламаларды бюджеттен қаржыландыру көлемінің өсу серпінділігі байқалады. Сонымен, 2011 жылы мүгедектерді әлеуметтік қолдауға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 19 %-ға өсті.

Әлеуметтік саясаттың басты міндеті арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту, сондай-ақ қиын тұрмыстық жағдайға тап болған тұлғаларға сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша шаралар қабылдау болып табылады.

2011 жылғы 1 қаңтарға облыс аумағында:

1656 адам тұратын 11 медициналық-әлеуметтік мекемесінде, соның ішінде 17 мүгедек бала және психоневрологиялық сырқатымен ауратын 10 мүгедек барып жүрген күндізгі болу бөлімшелерінде;

сауығудан 1945 мүгедек өткен, Қостанай және Жітіқара қалаларында орналасқан 2 оңалту орталықтарына;

әлеуметтік қызмет көрсетілумен 2740 адам қамтылған, соның ішінде 2141 қарт, 148 мүгедек, 400 мүгедек бала және 18 жастан асқан психоневрологиялық сырқатымен ауратын 51 адам, аудан және қала әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанындағы 26 әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетулер ұсынылады.

2011 жылға арналған медициналық-әлеуметтік ұйымдардың бюджет көлемі 1780,1 млн. теңге сомасын құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,1 % көбірек (1470,2 млн. теңге), оның ішінде МӘМ ұстауға – 1667,1 млн. теңге, оңалту орталықтарында мүгедектерді оңалтуға 113,0 млн. теңге қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі өткізіліп жатқан реформаның аясында облыста, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында стандарттарды кезең-кезеңімен енгізілді:

2009 жылы психоневрологиялық ауруымен ауратын балалар үшін;

2010 жылы психоневрологиялық интернаттардағы жобалық қуаттылық 817 койко-орындықтан 905 койко-орындыққа дейін көбейтілген, 18 жастан асқан психоневрологиялық паталогиялары бар азаматтар үшін.

Қостанай психоневрологиялық интернат үйінің және Рудный психоневрологиялық интернат үйінің базасында 10 орындық жобалық қуаттылығындағы және психоневрологиялық паталогиялары бар мүгедек балаларға арналған 20 орындық жобалық қуаттылығындағы Қостанай балалар психоневрологиялық интернат үйінің базасында 18 жастан асқан азаматтарға арнап алғашқы рет күндіз болу бөлімшелері ашылды.

2011 жылы, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлерінде халықты әлеуметтік қорғау саласында Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарының енгізілуі басталды, ондағы жобалық алымдылық 607 керует-орыннан 635 керует-орынға дейін көбейтілді.

Қазіргі таңда 2011 жылға жоспарланған іс-шаралар шеңберінде:

- республикалық бюджет есебінен сомасы 54,9 млн. теңгеге 78 мүгедек бала үшін Арқалық, Лисаков, Рудный және Жітіқара қалалары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің базасында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балаларға арналған күндізгі бөлімшелері ашылды;

- «Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ мемлекеттік емес сектордағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде республикалық бюджет есебінен сомасы 5,3 млн. теңгеге жартылай стационар және үйдегі қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша қызметті іске асырады, ол жерде күндізі болу бөлімшесіне психоневрологиялық патологиясы бар 15 мүгедек бала барады және үйдегі қызмет көрсету жағдайында әлеуметтік қызметпен 1 және 2- топтың 10 мүгедегі қамтылған.

    1. ^ Негізгі проблемаларды талдау

Мүгедектердің еңбекке деген құқықтарын іске асыру тетігінің жоқтығы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында маңызды проблемалардың бірі болып табылады, протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек көрсету бойынша қызметтерді уақытылы көрсетуде мүгедектердің қажеттілігі толығымен қанағаттандырылмайды. Қызметтердің осы түрлерін көрсету мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу мерзіміне тоқтатылады, бұл мүгедектер тарапынан наразылық тудырады. Осы проблеманы шешу протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмекті көрсету бойынша қызметтерді Мемлекеттік сатып алу Заңының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тізбесіне кіргізу болып табылады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін кеңейту бойынша қабылданған шараларға қарамастан, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің қол жетімділігін кеңейту және сапасын арттыру әлеуметтік қорғаудың негізгі міндеттері болып табылады. Қазіргі уақытта қолданылатын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекеттік қатысудың басымдылығымен сипатталады, бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігіне және сапасына ықпал етеді, жеке сектордың дамымағанына байланысты қызметтерді алушыларда қызметтерді жеткізушіні таңдау құқығы жоқ. Осыған орай арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің баламалы түрлерін және жеке сектор арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету рыногын дамыту қажет.

^ 2.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Әлеуметтік саланың дамуына ықпал ететін ішкі факторлар – арнаулы әлеуметтік қызметтерді, негізінен ауылдық жерде тікелей көрсететін білікті кадрлардың жетіспеушілігі болып табылады. Осыған орай әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру қажет.

^ Сыртқы факторлар. Әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж мүгедектердің саны жыл сайын өседі.

Тұрғылықты жері бойынша азаматтарды қызметтермен қамтамасыз ету және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің енгізілетін стандарттарына сәйкес көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдарға тең мүмкіндіктер беру өзекті міндеттерінің бірі болып табылады.

Осыған орай арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша жеке сектордың қызметін белсендіру қажет.

Әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде әрі қарайғы өзгерістер қажеттілігі екінші стратегиялық бағытты таңдауға себепші болды - мүгедектерді, қарт азаматтарды және қиын тұрмыстық жағдайға тап болған азаматтарды әлеуметтік қолдау және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру.

3-стратегиялық бағыт. Белгіленген табалдырықты деңгейден төмен табыстары бар халықтың әлсіз жіктеріне әлеуметтік көмек көрсету

3.1. Саланы дамытудың негізгі параметрлері

Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыру аясында, облыста халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерін қолдау бойынша жұмыс жүргізледі.

2010 жылдың бюджетінде негізгі әлеуметтік төлемдерге 1,3 млрд. теңге жоспарланды. 2011 жылдың 1 қаңтарына негізгі әлеуметтік төлемдер (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған балалар жәрдемақылары) бойынша бюджеттің шығыстары 1,3 млрд. теңгені құрады.

2011 жылдың бюджетінде негізгі әлеуметтік төлемдерге 0,9 млрд. теңге жоспарланды. 2011 жылдың 1 желтоқсанына негізгі әлеуметтік төлемдер (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған балалар жәрдемақылары) бойынша бюджеттің шығыстары 0,9 млрд. теңгені құрады.

Осылайша, 2011 жылдың 1 желтоқсанына жан басына шаққандағы табысы кедейлік деңгейінен төмен 7603 тұрмысы төмен азаматтарға 168,3 млн. теңге сомасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалды. Осы жәрдемақы түрін алушылардың саны өткен жылдың ұқсас мерзіміне қарай 19,3 %-ға немесе 1816 адамға (2010 ж. – 9419 алушы) азайды. 2010 жылмен (162,7 млн. теңге) салыстырғанда төлемдердің жалпы сомасы 5,6 млн. теңгеге азайды. Жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін пайдалану есебінен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде жұмыссыз азаматтардың саны азайды. Сонымен, есеп беру мерзімі ішінде жұмыссыз азаматтардың үлесі 7,2 % құрады, бұл өткен жылдың салыстырмалы мерзімінен (2010 жыл – 9,5 %) 2,3 пайыздық тармаққа азырақ.

18 жасқа дейінгі балалары бар тұрмысы төмен отбасылардың табысын көбейту мақсатында айлық жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасыларға тағайындалады. Бір балаға жәрдемақы бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде тағайындалады. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақылар 2011 жылдың 1 желтоқсанына 450,3 млн. теңге жалпы сомасына 38137 балаға тағайындалған. 2010 жылмен салыстырғанда (486,3 млн. теңге) балалар жәрдемақыларының жалпы сомасы 36,0 млн теңге сомасына азайды.

Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жасауға шығыстардың рұқсат етілетін үлесі отбасының жиынтық табысына қарай 15 % артатын тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегі төленеді. 2011 жылдың 1 желтоқсанына тұрғын үй жәрдемақыларымен 253,0 млн. теңге жалпы сомасына (2010 ж. 1 желтоқсанына – 503,1 млн. теңге сомасына 26529 отбасына) 16792 отбасы қамтылды. Отбасылар саны 9737-ге және 250,1 млн. теңге сомасына азайды, бұл өткен жылдың ұқсас мерзіміне қарай 50,3 % құрады.

Жергілікті бюджет және бизнес құрылымдар қаражатынан тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлерін көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі.

2011 жылдың 11 айы ішінде 29,6 млн. теңге сомасына (2010 ж. – 38,6 млн. теңге сомасына 3960 адам) 3155 адам тегін тамақтандыруды алды.

18,5 млн. теңгеге (2010 ж. – 210, млн. теңге сомасына – 3802 алушыға) 2869 тұрмысы төмен азаматқа қайырымдылық көмек көрсетілді. Көмек тұрмыстық қажеттіліктерге заттай және ақшалай түрінде көрсетілді.

Басқа нақты шаралармен 15,8 млн. теңгеге (2010 ж. – 44,4 млн. теңге сомасына 4277 адам) 1586 адам қамтылды.

366 тұрмысы төмен азамат жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 231 адам, қоғамдық жұмыстарға жіберілгендердің саны 432 адамды құрады.

Жұмыссыз азаматтарды өз бетімен жұмыспен қамтуын дамыту мақсатында облыс аймақтарында жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қайырымдылық көмек тұқым, үйдегі мал мен құсқа жем-шөп және астық қалдықтары түрінде берілді, ірі қара мал мен құсты алуға заттай және ақшалай түрде көмек көрсетілді. 2011 жылдың 1 желтоқсанына 2,3 млн. теңге сомасына 161 отбасы көмек алды.

2011 жылдың 1 желтоқсанына қаржыландырудың барлық көздерінен көрсетілген көмектің сомасы бір тұрмысы төмен азаматқа 33331,4 теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас мерзімінен (31021,6 теңге) 2309,8 теңгеге көбірек.

2011 жылдың 1 желтоқсанына тұрмысы төмен азаматтардың саны 5924 адамды (1713 отбасы) құрады, бұл 2010 жылдың көрсеткішінен (2455 отбасыда 8684 адам) 742 (30,2 %) алушыға азырақ.

Бұдан басқа, облыстың дәріхана және дәріханалық пункттерінде азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік препараттар 15 %-дық жеңілдікпен жіберілді. Нарық бағасынан 10-15 %-ға төмен бағасымен, немесе өндіруші бағалары бойынша негізгі тауарларды өткізетін 32 әлеуметтік дүкен және 203 сауда нүктесі жұмыс істейді. 2011 жылдың 11 айы ішінде 4479 адамға қызмет көрсетілді.

Жалпы, кедейлікті төмендету бойынша өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде, оның деңгейі облыс бойынша есеп беру күніне 0,7% құрады (2010 ж. – 1,0 %).

Облыс тұрғындары табыстарының өсуі аясында табыстары күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесінің төмендеуі байқалады, оның көрсеткіші 2011жылдың екінші тоқсанында 4,1 % (соңғы статистикалық деректер бойынша) құрады.

^ 3.2. Негізгі проблемаларды талдау

Халықты әлеуметтік қолдау жүйесін ұйымдастыруда өзгерістерге қарамастан, ол жетіспеушіліктер мен проблемалардың бір қатарына орай әрқашан тиімді болмайды, олардың бірі ұзақ уақыттан бері жұмыссыз болғанына орай толық немесе ішінара біліктілігін жоғалтқан тұлғалардың басымдығы болып табылады. Оқу орындарын бітірушілердің және біліктілігі төмен, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген тұлғалардың еңбек рыногында талап етілмеуі және бәсекеге қабілетті еместігі жұмыссыздық себептерінің бірі болып табылады. Жыныстық-жастық, кәсіби және біліктілік тұрғысында сұраныс пен ұсыныстың сапалық сипаттамаларының айырмашылығы да зейнеталды жасындағы адамдардың, әсіресе әйелдердің жағдайын қиындатады.

Әлеуметтік көмек алушыларда отбасының жағдайы, табыстары және шығыстары туралы дұрыс мәліметтерді беруінен басқа мемлекет алдында басқа міндеттемелері жоқ. Өзара міндеттемелердің жоқтығы және көмекті шартсыз беру тәртібі еңбекке деген ынтаны жоғалтуға және арқа сүйеушілік идеологияның пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Ең төменгі рұқсат етілетін деңгейде қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік көмектің жекеленген түрлері бірін-бірі толықтырушы болып табылмайды, бұл әлеуметтік қолдау түрлерінің жүйелігі мен оңтайландыруына қайшы келеді.

Әлеуметтік көмектің көлемі мен түрлерінде маңызды өңірлік саралау орын алады. Бір қатар жағдайларда халықтың жекелеген әлеуметтік әлсіз санаттары бірдей әлеуметтік бағыттағы бірнеше жәрдемақылардың (РБ-тен және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органы шешімі бойынша) алушылары болады.

^ 3.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Ішкі факторлар. Облыстағы әлеуметтік-демографиялық процестердің талдауы өндірісті дамыту деңгейі, төлемге қабілетті сұраныс, демографиялық ахуал, жұмыссыздықтың болуы, инфляция сияқты факторлардың өмір сүру деңгейінің әсеріне көрсетеді. Облыста табыстардың және сатып алу қабілетінің өсу серпінділігі республика аймақтарына қарағанда төменірек, осыған орай Қостанай облысы үшін кедейлік проблемасы өзекті болып қалуда. Кедейлік деңгейі соңғы бірнеше жыл ішінде төмендеп келсе де, оның үлестік салмағы әлі де жоғары болып қалуда.

Халықтың өмір сүру деңгейін төмендетуге әсер ететін жоғарыда аталған факторларды есепке ала отырып, 2015 жылға дейінгі облыстың әлеуметтік саясаты:

жұмысқа орналастыру арқылы жұмыспен қамту саясатының белсенді шараларын кеңінен пайдалануына, қоғамдық жұмыстарды дамытуына, жұмыссыздардың кәсіби оқытуына, өз бетімен жұмыспен қамтуын дамытуына;

халықтың тұрмысы төмен жіктерін әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуіне;

кедейлікті төмендету бойынша жұмысқа билік органдарының және мемлекеттік емес ұйымдарының үйлестірілген іс-әрекеттеріне;

бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталады.

^ Сыртқы факторлар. Мемлекет өткізетін экономикалық реформалар, біріншіден бағалардың өсуі, қаржы дағдарысы адамдардың болашақта тұтыну негізі, ертеңгі күнге деген сенімділік ретіндегі жинаған ақшаларынан айырды. Өмір сүру деңгейінің төмендеуі жұмыс істейтін халық арасында да кеңінен таралады. Өндірістің тұрып қалуына байланысты қызметкерлерді қысқарту, ішінара жұмыспен қамтуға жіберу, кедейлікті және жұмыссыздықты көбейтуге әкеп соқтыруы мүмкін. Осыған орай, әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде әрі қарайғы өзгерістер қажеттілігі үшінші стратегиялық бағытты таңдауға себепші болды – белгіленген табалдырықты деңгейден төмен табыстары бар халықтың әлсіз жіктеріне әлеуметтік көмек көрсету.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі...
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2012 жылғы 28 мамыр №453 Қызылорда облысының жұмыспен
«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға...
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2012 жылғы 6 тамыз №526 Қызылорда облысының
«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға...
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) – бұл облыстың әлеуметтік-экономикалық...
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconМаңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Жұмыспен қамтуды катамасыз ету, жұмыссыздар санын қысқарту, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы