Атауы | Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме | Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы |
Жауапты орындаушы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – ҚР АШМ) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
Мақсаты | Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР) агроөнеркәсіптік кешені (бұдан әрі – АӨК) субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау |
Міндеттері | АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру: өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; астық сақтау жөніндегі қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру; АШТӨ үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру; мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыру; білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту: фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту; ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру: ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру; АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін дамыту; ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру; АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту; ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту; АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру; органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау. |
Іске асыру мерзімдері | 2013 – 2020 жылдар |
Нысаналы индикаторлар | АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылы 4,5 есе ұлғайту; АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы 300 млрд. теңгеге кемінде 8 жылға ұзарту; кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредит қаражатының көлемі 2013 – 2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін; карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылы 0,88; мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі 2020 жылы 0,4 %; электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі 2015 жылы 62 %. |
Қаржыландыру көздері мен көлемдері | Бағдарламаны 2013 – 2020 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар барлығы 3 122,2 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде: 2013 жылы*– 339,7 млрд. теңге 2014 жылы*– 466,0 млрд. теңге 2015 жылы*– 322,7 млрд. теңге 2016 жылы – 340,7 млрд. теңге 2017 жылы – 383,5 млрд. теңге 2018 жылы – 406,9 млрд. теңге 2019 жылы – 414,3 млрд.теңге 2020 жылы – 448,4 млрд. теңге |
* – сомалар тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады |