«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon

«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



Название«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/7
Дата конвертации01.02.2013
Размер1.13 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7


Ұлан ауданы әкімдігінің

2011 жылғы «5» желтоқсандаы

745 қаулысымен бекітілді


«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


Мазмұны

1. Миссиясы және пайымдауы

3 бет







2. Ағымдағы жағдайды және қызметтің тиісті салаларының даму үрдісін талдау

3 бет







3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері

11 бет







3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері

11 бет







3.2. Стратегиялық бағыттар мен мақсаттардың мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі

26 бет







4. Функционалдық мүмкіндіктерін дамыту

28 бет







5. Ведомствоаралық өзара әрекеттесу

29 бет







6. Қауіптерді басқару

32 бет







7. Бюджеттік бағдарламалар

34 бет







7.1. Бюджеттік бағдарламалар

34 бет







7.2. Бюджеттік шығыстар жиынтығы

41 бет



1. Миссиясы және пайымдауы

Экономика және қаржы бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) миссиясы – бұл экономикалық саясатты, сонымен бiрге, ауданның бәсекелестікке қабілетті сапалы жаңа деңгейге қолжеткізуіне және тұрақты әлеуметтiк-экономикалық өсуіне себепшi болатын мемлекеттiк жоспарлаудың және басқарудың тұтас, тиiмдi жүйесін iске асырулар.

Тікелей және түпкі нәтижелерге қолжеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқару.

Заңды тұлғалар туралы мәліметтерді, олардың мүлкi және қаржылық-шаруашылық қызметтерінің есептіліктерін ескере отырып, мемлекеттік коммуналдық меншік активтерін есепке алудың толық, сенімді ақпараттық базасын құру.

Пайымдауы – Ұлан ауданының облыстың барынша қарқынды дамыған өңірлері санатына кіруіне себепші болатын өңір экономикасының тұрақты өсуі.


^ 2. Ағымдағы жағдайды талдау


1. Стратегиялық бағыт - Өңір экономикасының қарқынды дамуы

    1. Өңір экономикасын дамытудың негізгі өлшемдері

Ұлан ауданының экономикасы ауыл шаруашылық бағытын ұстанады. Өңір агроөнеркәсіп саласында басымырақ мамандандырылған.

Ауданның агроөнеркәсіп саласы 1195 ауылшаруашылық құрылымдарын біріктіреді, соның ішінде: 1171 – шаруа қожалығы, 5- коммандитті серіктестік, 16 – ЖШС, 2 - ӨК, 1 – АҚ.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 5,8%-ға төмендеп, 2010 жылы 12714,4 млн.теңгеге жеттi, Физикалық көлем индексі 94,9% құрады.

Ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнiм көлемiнiң төмендеуiне негiзгi себеп өсiмдiк шаруашылығындағы өндiрiс көлемiнiң төмендеуі болып табылады. Ауа райының қолайсыздығынан, көктемнің суық және ұзақ, жауын-шашынды болуынан, сонымен бiрге егiстiк жерлердегі ылғалдылықтың жоғары болуынан өткен жылғы егіс науқанының жұмыстары қиындап, жоспардағы 104, 6 мың га игерілген жоқ. Ұлан ауданы бойынша егiн себетiн жер 95, 5 мың гектарды немесе жоспардағының 91,3%-н құрады. Дәндi дақылдардың орташа өнiмдiлігi өткен жылмен салыстырғанда 30% төмендеді және 11 ц/га құрады, ал облыс бойынша орташа өнiмдiлік - 12,5 ц/га.

Өткен жылдың қорытындылары бойынша өсiмдiк шаруашылығының жалпы өнiмінiң көлемi 2917, 5 млн.теңгені немесе 78,8% физикалық көлем индексімен жалпы көлемінің 22,9% құрады, соның ішінде: астық өндiру 2009 жылмен салыстырғанда тек 39,5% ғана, күнбағыс өндіру - 92, 3%, көкөнiстер - 93% құрады.

Мал шаруашылығы өнiмiнiң көлемi 9797,0 млн.теңгені немесе физикалық көлем индексінің 104,5%-мен 77, 1% құрайды.

Жыл қорытындысында ет және сүт өндiрiсі бойынша, сәйкесiнше, 106% және 101,1% өсу байқалғанымен де, жекелеген ауылдық округтерде осы көрсеткіш өткен жылғы 90%-дан төмен.

Атап айтқанда, 2009 жылмен салыстырғанда Саратов ауылдық округінде ет өндірісі -29,6%, Таврия ауылдық округінде - 79,1%, Өскемен қаласында - 58,8%, Огневкада – 61,5%.ғана құрады.

Сауындық мал басының азаюына байланысты, Багратион ауылдық округінде 607 тонна сүт алынбаған немесе 13,7% төмендеген, Каменка а/о – 196,4 тонна немесе 9,6%, Саратов а/о – сауын 199,4 тоннаға немесе 9,7% төмендеді, Таврия а/о - 520,5 тонна, бұл 23, 7% құрайды.

2010 жылы ірі қара мал басы 42764 немесе 2009 жылғы деңгейдің 97,6 % құрады.

ІҚМ басының төмендеуіне жол берген а/о: Аблакетка және Алмасай ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары мал басының санын 343 дейін азайтты; Багратион а/о халқы мал басының санын 261 дейін азайтты, ш/қ – 79 мал басын, Саратов және Таврия а/о халықтың ІҚМ басы 390-ға, Асубұлақ және Ақтау а/о халқы – 107 мал басын азайтқан.

Жылқы, шошқа, қой және ешкі малдары басының өсуі байқалады.

Жұмыртқа өнімі 0,2% төмендеп, 17176,8 дананы құрады. Негізгі себебі – төмендегі ауылдық округтердегі жұмыртқа табатын тауық саны

Гагарин а/о - 27,7%-ға;

Айыртау а/о - 62,4%-ға;

Таврия а/о - 24,1%-ға;

Бозанбай а/о – 17,3%-ға азайған.

Айналымдағы қаражаттың жетіспеушілігінен Айыртау а/о («Колос» Ш/Қ) тауық саны 2,0 иың басқа азайды.

Аудан өнеркәсібінде 9458,3 млн.теңгеге өнім өндірілді, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 39%-ға көп және жалпы облыс бойынша дәл осындай көрсеткіштен 10% жоғары, физикалық көлем индексі 109,3% құрады.

Жалпы көлемнің 75% құрайтын өңдеуші өнеркәсіпте 7085,2 млн. теңге сомасына өнім өндіріліп, 2009 жылмен салыстырғанда 35,5%-ға өскен. Бұл көрсеткіш облыстық деңгейден 6,5% -ға жоғары.

Тау-кен өндірісінде 1520,7 млн.теңге сомасына өнім өндірілген, 2009 жылмен салыстырғанда 54,4% құрады, бұл жалпы облыс көрсеткішінен 22% жоғары.

Электрмен жабдықтау өндірісінде 796,4 млн. теңге өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 45,3% -ға өскен.

Кәріз жүйесінің сумен қамту желісінде 56,0 млн. теңгеге өнім өндіріліп, 2009 жылмен салыстырғанда 36,4%-ға өскен.

Инвестициялық қызмет. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 2065,4 млн.теңгені құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 30,3%-ға өскендігі байқалады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1309,2 млн.теңгені, құрылыс жұмыстарының ФКИ - 392,9% құрады.

Ауданы халына пайдалануға берген тұрғын үй ғимараттарының жалпы көлемі 3997 шаршы метрді немесе 2009 жылмен салыстырғанда 30,8% құрайды. 2009 жылы Молодежное кентінде жалға берілетін үй пайдалануға берілді.

Шағын бизнес. Ауданда 97 кәсіпорын тіркелген. Белсенді шағын бизнес кәсіпорындарының өсу қарқынына қарамастан - 119,1%, аудандағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорын саны 65 немесе 67%.

2010 жылдың басынан бері Ұлан ауданы бойынша 36 жаңа кәсіпкерлік субъект қызмет көрсетеді: 8 дүкен, 2 дәмхана, 1 шаштараз, 2 аяқ-киім жөндеу орны, 1 шағын наубайхана, 1 дөңгелек жөндеу орны, 1 мал бордақылау цехы және 7 мал бордақылау алаңы, 2 мал жемдеу алаңы, 2 сүт-тауар фермасы, 3 ауылдық тұтынушылық кооперативі, 3 жылыжай, 1 қымыз сататын орын, 1 ЖҚС, 1 демалыс базасы.

Бюджет.

Аудан бюджеті 2010 жылы 2496823,3 мың теңгені құрады, соның ішінде меншік табысы 551759,2 мың теңге немесе 22,1%. Бюджетке түсетін салық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны (республикалық + жергілікті) 2009 жылмен салыстырғанда 139,5% құрады.

Болжанған сомадан 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайда 21159 мың теңге артық немесе 104% түскен. Бюджеттің салық және салықтық емес түсімдері бойынша меншікті табыс көлемінің өсу қарқыны 2009 жылмен салыстырғанда 117% құрады.

Аудан бюжетінің шығыстар бойынша орындалуы 2465359,5 немесе 99,6% құрайды. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы 31466,8 мың теңгені құрады, оның 8305,5 мың теңгесі республикалық бюджеттен, 23158,3 мың теңгесі жергілікті бюджеттен.

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау.

Әлеуметтік қорғалушы азаматтарды қолдау мақсатында, ауданда жұмыспен қамту бағдарламасы іске асырылып, мынадай нәтижелерге қолжеткізілді:

жоспардағы 450 адам орнына 1410 адам жұмысқа орналастырылды;

жоспардағы 505 орнына 747 жұмыс орнын құрылды;

жоспардағы 70 адам орнына 76 адам оқытылды;

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жоспарланған 11 адамның орнына 19 адам жолданды, 7 адам – жұмысқа орналастырылды;

әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам жіберіліп, оның 9-ы жұмысқа орналастырылды.

2011 жылғы жағдай бойынша есепте тұрған жұмыссыздардың жалпы саны 160 адамды құрады немесе бұл халықтың экономикалық белсенді санының 0,7%.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 650 жұмыссыз адам жіберіліп, оларға 30080,0 мың теңге төленді.

«Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 38 жоба іске асырылып, 411 жұмыс орны құрылды.

Саратов ауылшаруашылық колледжінің негізінде 157 жұмыссыз азамат оқытылып, оның 41 адамы жұмысқа орналастырылды.

Ауданның әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарын қолдау мақсатында, 2010 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 160867 мың теңге сомасына әлеуметтік көмек көрсетілді.

Жедел мәліметтер бойынша, орташа айлық жалақы - 51040 теңге, 2009 жылмен салыстырғанда 17,3% өскені байқалады, облыстық деңгеймен салыстырғандағы арақатынасы 87,6% құрайды.

Халықтың бір адамға шаққандағы орташа номиналды ақша табысы 26158 теңгеге бағаланады немесе 2009 жылмен салыстырғанда 115,9%, облыстық деңгейдегі арақатынасы – 75%.

Кедейшілік деңгейінен төмен жағдайда тұрып жатқандар саны 2009 жылмен салыстырғанда 5% азайып, 1627 адамды құрады.

Білім беру. Қазіргі уақытта ауданда 35 жалпы білім беретін мектеп, 4 балабақша, 30 шағын орталық, сондай-ақ балаларға арналған музыкалық мектеп және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жұмыс істейді.

Мектептер Интернет желісімен 100% қамтылған, 9 мектептің спутникті жүйесі бар.

Ауданға 25 жас маман келді. 729 мұғалім тегін медициналық тексерулерден өтті.

Барлық 1-4 сыныптың және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтылған балалар санының өсуі 128,5% құрады.

Балалардың мәдени-сауықтыру іс-шараларымен қамтылуы 33% құрады, облыстық деңгейден 7% жоғары.

ҰБТ қорытындысының орташа баллы 80,6, бұл 2009 жылға қарағанда 9,3 баллға жоғары көрсеткіш. Колледждер мен ЖОО-ға 423 мектеп бітіруші түсті, 15 мектеп түлегіне облыс әкімінің гранты бөлінді.

Мектептерді күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 140574 мың теңге, пәндік және мультимедиалық кабинеттер сатып алуға – 22250 мың теңге, оқулықтар сатып алуға – 10256 мың теңге жұмсалды.

«Жол картасы» шеңберінде мектептерге ағымдағы жөндеулер жүргізу бойынша 162248,4 мың теңге сомасында жұмыстар атқарылды, 181 жұмыс орны құрылды.

Денсаулық сақтау. Аудан халқына стационарлық көмекті Ұлан ауданының медициналық бірлестігі көрсетеді. Оның құрамына Таврия ауылындағы орталық аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана, оларға тіркелген учаскелері бар 11 ауылдық дәрігерлік амбулатория кіреді.

Аудан халқына дәрігерге дейінгі көмекті 24 медициналық пункт және бөлме-жайсыз 4 медицина жұмыскері көрсетеді. Дәрігерлердің жалпы саны - 44.

2010 жылы ауданға 4 дәрігер және 8 орта буынды медицина жұмыскерлері келді. Ниет білдірушілер көтермелі жәрдемақымен және үй сатып алуға берілетін жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз етілді.

«Жол картасы» шеңберінде орталық аудандық аурухананың өрт дабылнамасына жөндеу жүргізілді және Ізғұтты Айтықов ауылындағы медициналық пунктіне, Жаңа Қанай ауылындағы фельдшерлік пунктіне ағымдағы жөндеулер жүргізіліп, ұңғыма бұрғылай отырып, тереңдік су сорғылары орнатылды.

2009 жылы 17 нәресте шетінеген болса, бұл сан 2010 жылы 18-ге жетті. Жас нәрестелер шетінеуінің негізгі себебі перинаталдық патологиялар және туа біткен аномалиялар болып отыр, ал бұл әйелдердің денсаулықтарына байланысты. 2010 жылы сәбилердің шетінеу көрсеткішінің өсуі Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының тірі туудың жаңа өлшемдеріне ауысуына байланысты неонаталдық өлімнің өсуінен болған.

Ауданда аналар өлімі жоқ.

Аудан бойынша туберкулез ауруымен ауырғандар саны өсіп отыр, 2009 жылы 47 адам ауырса, 2010 жылы халықтың денсаулығын тексеру нәтижесінде бұл көрсеткіш 50 адамға өскен. Туберкулез ауруы деңгейінің өзгеруі 113% құрады, бұл көрсеткіш облыстық деңгейде 100,7%-ға тең.

Жүйелі түрде денешынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны 122,3% құрады. Осындай оң көрсеткіштің болуы спорттық-бұқаралық және денешынықтыру-сауықтыру іс-шараларының көбеюіне байланысты болып отыр.

2010 жылы аудан көлемінде 320 жалпы қылмыстық істер тіркелген, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 11,2% жоғары. 2009 жылға қарағанда қылмыстардың ашылу үлес азайғандықтан, қылмыстың бетін ашу деңгейі 96,3% құрады.

Орташа ауыртпалықтағы қылмыс 38% (212-ден 290-ға дейін) өскендігі байқалады, өзгенің мүлкін ұрлау - 37,3% (161-ден 221-ге дейін), соның ішінде мал ұрлау 71,4% ( 42-ден 72% дейін), автокөлік ұрлау 33,3 % (6-дан 8-ге дейін), қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 22,2 % (9-дан 11-ге дейін), кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 14,3% (14-тен 16-ға дейін).

Жыл өткен сайын нашақорлық проблемасы және есірткінің заңсыз айналымы үдеп барады. Есірткімен әуестенушілер саны өсуде, соның ішінде, кәмелетке толмағандар және жастар арасында. 2010 жылы 14 нашақорлық қылмыс анықталды (2009 жылы – 14). 2010 жылдың басынан бері салауатты өмірді насихаттау тақырыбында 49 дәріс оқылды.

Ұлан ауданының ауылдық округтерінде жедел-алдын алу іс-шаралар жүргізу кезеңінде «Бейне+» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесіне 1 мың 401 адам енгізілді.

Қылмыстың алдын алу жұмысында құқыққорғау бағытында жұмыс істейтін «Сарбаз» қоғамдық бірлестіктері айрықша рөл атқарады, олар ауданның әр ауылдық округінде бар. Олардың құрамына 37 адам тартылған.

Жоғарыда баяндалғанды қорытындылағанда, осы онжылдықтағы негізгі міндет - Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2011 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауында қойылған басымдықтарды ескере отырып, Қазақстанның және оның өңірлерінің экономикасын дағдарыстан кейінгі дамыту болып табылады.

Сонымен, ауданның 2010 жылғы экономикасы мен әлеуметтік саласындағы жалпы даму үрдісі оң қарқын алып отыр. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өткен жылдың дәл осы кезеңдегісінен жоғары.

^ Аудан экономикасының негізгі проблемасын талдау

Өңір экономикасының негізгі проблемалары:

  1. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу үлесінің төмен болуы.

  2. Өнеркәсіп өндірісін әртараптандыру деңгейінің біршама төмен болуы.

  3. Нақты кәсіпорын аясында өндірілетін өнімнің шектеулі сұрыпталымы.

  4. Негізгі қорлардың нақты сектордағы тозу деңгейінің жоғарылығы.

  5. Ғылыми жоғары технологиялық өндірістің болмауы.

  6. Өнеркәсіп өндірісіндегі қосымша құн салығының біршама төмен болуы.

  7. Өндірілетін өнімнің энергияны көп қажет ететіндігі

  8. Ауылдың инфрақұрылымдық әлеуетінің бірқалыпсыздығының жоғары дәрежеде болуы

Аталған проблемалар: өндірілетін өнімнің бәсекелестік қабілеттілігінің төмендігінен экономиканың даму қарқынының төмендеуіне, қатаң климаттық жағдайларға байланысты аграрлық сектордың даму тұрақтылығының төмендеуіне, экономиканың тиісті және құрылымдық салаларының дамымауынан немесе жеткіліксіз дамуынан ішкі нарықтың импортқа тәуелділігіне, сондай-ақ, тұтыну тауарлары мен қызметтер құнының қазіргідей өсу қарқыны сақталған жағдайда халықтың өмір сүру сапасының төмендеуіне әкеп соғады.

    1. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

    2. Өз жұмысының барысында, бөлім, жүргізіп отырған экономикалық саясатқа әсерін тигізетін бірқатар факторларға тап болуы мүмкін.

    3. Бөлім жүргізіп отырған экономикалық саясатқа біршама әсерін тигізетін сыртқы факторларға мыналар жатады:

  • инфляция деңгейі.

Инфляциялық процестерді бақылау жөніндегі аудандық штаб мүшелері аудан көлемінде бірқатар жұмыстар атқаруда және сауда нүктелерінің басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Аудан штабы бүгінгі күні 12 отырыс өткізді.

Сонымен бірге, ауданда азық-түлік өнімдері мен ЖЖМ бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіледі.

2011 жылдың 1 қаңтары жағдайында, бірінші кезектегі қажетті негізгі азық-түлік өнімдеріне 10 % үстемеақы қосу туралы 215 меморандум жасалды.

Ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын реттеу мақсатында, аудан штабының 2010 жылдың 29 қаңтарындағы отырысында демалыс күнгі жәрмеңкелер өткізудің жыл сайынғы кестесі әзірленді және аудан әкімімен бекітілді.

Осы кестеге сәйкес, 2010 жылы Ұлан ауданы бойынша демалыс күнгі 49 жәрмеңке өткізілді.

Бүгінгі күні ауданның наубайханаларының басшыларымен әңгімелер жүргізіліп, меморандумдарға қол қойылуда. Атап айтқанда, ауданның наубайханалары 1-ші сұрыпты нанды 38-40 теңгемен өткізсе, сауда орындары өз кезегінде 3 теңге үстемеақымен сататын болады. Нан-тоқаш өнімдерінің инфляциялық процестерін ұстау және ауданның наубайханаларына қолдау көрсету мақсатында, облыстың тұрақтандыру бюджетінен 70,7 тонна әлеуметтік 1-ші сұрыпты ұн бөлінді және таратылып берілді.

Сонымен бірге, бөлімнің жұмысы төмендегідей бірқатар ішкі факторларға да тәуелді:

- білікті кадрлардың тапшылығы экономика қызметінің кәсіби мүмкіндігінің төмендеуіне – олардың экономкалық дамудың негізгі міндеттерін орындай алмауына әкеп соғады;

- ауданның тиісті жергілікті органдарының стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарды сапасыз іске асырулары, өз кезегінде, салалық және өңірлік дамудың белгіленген өлшемдеріне қолжеткізбеушілікке себеп болуы мүмкін;

- Еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясымен және Мемлекеттік бағдарламалармен белгіленген көптеген нысаналы индикаторлар бойынша статистикалық ақпараттың болмауы экономика саласындағы қолжеткізушіліктер барысын мониторингілеуді және бағалауды қиындатады.


^ 2. Стратегиялық бағыт - мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу

2009 жылдан бері Қазақстан Үкіметі түпкі нәтижелерге қолжеткізуге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін әзірлеу және енгізу жұмыстарын жүргізуде.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі – елдің ұзақ мерзімді (5 жылдан аса), орташа мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін) және қысқа мерзімді (1 жылға дейін) кезеңдердегі дамуын қамтамасыз ететін және мемлекеттік жоспарлау қағидаларынан, құжаттарынан, процесстері мен қатысушыларынан құралатын өзара байланыстағы элементтер кешені.

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізудің мақсаты - стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау рәсімдерін стратегиялық мақсаттар мен түпкі нәтижелерге қолжеткізуге бағдарлау.

Бюджеттік жоспарлау практикасын жетілдіру мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру тетігі болып табылады. Мемлекеттік жоспарлаудағы жаңа бағыттар бюджетті мемлекеттік саясат мақсаттары мен міндеттеріне сүйене отырып қалыптастыруға және бюджет ресурсын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері араларында стратегиялық мақсаттарға, міндеттерге, басымдықтарға сәйкес нақты нәтижелерге қолжеткізуді ескере отырып бөлуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі мемлекеттік органдар жұмысының және олардың бюджет қаражатын пайдалануының ашықтығына және қоғам бақылауында болуына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік жоспарлауға жаңа бағыттар енгізу мақсатында, 2007 жылдың желтоқсанында Үкіметтің қаулысымен Нәтижелерге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу тұжырымдамасы бекітілді. 2008 жылы үш пилоттық министрліктерде және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің негізгі элементтері енгізіле бастады. Дәл осы жылы Қазақстан тарихында 2009-2011 жылдарға арналған алғашқы үшжылдық бюджет қабылданды, нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа үлгісінің негізі қаланған Қазақстан Республикаксының Бюджеттік кодексі әзірленді және қабылданды.

2009 жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы бекітілді. 2010 жылдан бастап Қазақстанның барлық орталық және жергілікті атқарушы органдары жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшулері тиіс.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мыналар жатады:

1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы;

2) Қазақстан Республикасы дамуының 10 жылға арналған стратегиялық жоспары, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды сұлбасы;

3) 5-10 жылға арналған мемлекеттік бағдарлама;

4) әлеуметтік-экономикалық дамудың 5 жылға арналған болжамы;

5) аумақ дамуының 5 жылға арналған бағдарламасы;

6) мемлекеттік органдардың 5 жылға арналған стратегиялық жоспарлары;

7) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың (әрі қарай – ұлттық компаниялар) дамуларының 10 жылға арналған стратегиялары және 5 жылға арналған даму жоспарлары;

8) салалық бағдарламалар;

9) 3 жылға арналған республикалық (жергілікті) бюджет.

Ұлан ауданының бекітілген Әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарына және фискальды саясатына сәйкес, шығыстардың тиімділігін арттыру есебінен өңірдің қаржылық мүмкіндігін кеңейтетін мемлекеттік басқарудың институционалдық негіздерін нығайту және жетілдіру арқылы экономикалық өсуіне ықпал ету қажет.

Бөлім, қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, жергілікті бюджеттер түсімдеріне, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына, республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылуына мониторинг жүргізеді, сонымен бірге, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатын Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің талаптарына, тиісті нормативтік-құқықтық актілер ережелеріне сәйкес пайдалануларына талдау жүргізеді.

Бюджетті орындау қорытындысы бойынша, ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын аудан әкімінің не болмаса әкімнің орынбасарының төрағалық етуімен, ауылдық округтер мен кент әкімдерінің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының қатысуларымен аудан бюджетін орындау мәселесіне қатысты кеңестер өткізіледі және олардың қорытындысы бойынша, бюджеттің толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс-шаралар белгіленген шешімдер қабылданады.

Бөлім, мемлекеттік басқарау жүйесінің маңызды тетігі ретінде, бюджеттің тиімді орындалуына және аудандық мемлекеттік активтердің сапалы басқарылуына ықпал етеді.

Меншікті басқару жүйесін қалыптастыру (коммуналдық меншікке қатысты меншік құқығын жүзеге асыру, коммуналдық меншік объектілерін тиімсіз пайдалануды анықтаудың мемлекеттік активтерін тексеру, ондай активтерді бәсекелестік ортаға немесе басқа пайдаланушыларға өткізу, мемлекеттік мүлікті сату және басқалар) стратегиялық жоспарда Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тізілімі және кешенді мониторинг нәтижелері енгізілген толық ақпараттық база құрумен ұсынылған.

Ағымдағы жағдай бойынша, Тізілімде иесіз объектілер және заңды тұлғалардың пайдаланылмайтын мүліктері туралы мәліметтер толық көрсетілмеген, ал бұл объектілерді жалға беруден немесе коммуналдық меншікке сатудан бюджетке түсетін түсімдер көлеміне нақты әсерін тигізеді.

Соңғы кезеңде байқалып отырғандай, жоғарыда көрсетілген түсімдердің оң қарқынына қарамастан, аталған мәселелердің шешімі осы түсімдердің көлемін барынша өсіруге мүмкіндік берер еді.

Осы айтылғандарды ескере отырып, коммуналдық меншікті басқару жөнінен жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, бөлім жұмысында кездесетін және төменде көрсетілген іс-шараларды іске асыру жолымен шешімін табатын келесі проблемаларды айқындап алу қажет:

- мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік басқару органдарындағы қаржылық-шаруашылық қызметтердің жоспарларын жасау, олардың орындалуын талдау және Қаржы министрлігі бекіткен мерзімде оларды нақтылау жөніндегі жұмыстарды атқарушылық тәртібінің нашарлығы;

- мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың теңгерімінде пайдаланылмайтын мүліктің болуы, ал оны коммуналдық меншіктегі басқа ұйымға жалға беруді, теңгерімге тапсыруды, есептен шығаруды не болмаса бәсекелестік ортаға тапсыруды қарастыру мүмкіндігі бар;

- мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың теңгерімінде тіркелмеген мүліктердің болуы;

- теңгерім ұстаушылардың коммуналдық мүлік туралы мәліметтерді, түсімдер мен шығулар туралы мәліметтерді, мүлікті тіркеу және пайдалану туралы мәліметтерді тиісінше сапалы қалыптастырмаулары.

Жоғарыда көрсетілген проблемалар меншікті басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, қаржылық және басқарушылық ақпаратпен қамтылу көрсеткішін арттыру жолымен шешуді талап етеді.

  1   2   3   4   5   6   7



Похожие:

«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері
«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconҰлан аудандық әкімдігінің 2011 жылғы «04» қараша №692 қаулысына
«Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015...
«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Бөлімнің стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері, мақсатты индекаторлары, іс
«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемелекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Сәйкес келетін сала орта қызметінің даму беталасы және ағымдағы жағдайдың талдауы
«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға...
«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconБөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері
«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Рбір баланың өмір сүруге және жанұяда тәрбиеленуге құқығы арқылы әлеуметтік жетімдіктің деңгейін азайту
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы