«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon

«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары



Название«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
страница1/5
Дата конвертации24.10.2012
Размер0.67 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5


Көкпекті ауданы әкімдігінің

2011 жылғы «____» _______

№ ______ қаулысымен бекітілген


«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары


Көкпекті ауылы

2011 ж


1. «Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және пайымдауы


Миссия – тұрғын үй коммуналды кешені саласының дамуына және көлік пен коммуникациялар дамуына ықпал ету.

Пайымдау – өңір тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыратын коммуналдық шаруашылықтың бәсекеге қабілетті, дүние жүзілік стандарттарға сай, тиімді және дамыған жүйесі.

^ 2. Ағымдағы ахуалды талдау


Көкпекті ауданында 56 елді мекен есептелген ауданның орталығы – Көкпекті ауылы. 2008 жылы «Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесі селолық округ әкімдерімен бірлесіп жылу көздері және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне түгелдеу жұмыстарын жүргізген. Жүргізілген талдау жұмыстарының орташа тозуы қазандық жабдықтарына - 70%, жылу жүйелеріне - 65%, су құбыры тораптары мен канализация жүйелеріне - 85% көрсетті. Нақты шығындарға бекітілген тарифтердің сәйкессіздігінен ауданның коммуналдық кәсіпорындары өзін-өзі ақтамайды және инженерлік тораптар мен жабдықтарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қаражат жоқ.

2010 жылы Көкпекті көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның табысын ұлғайту үшін осы ұйым арқылы ауданның жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5,0 млн. теңге табыс кіргізілді, ал Самар көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорныменжол картасы бойынша 30557,0 мың теңге сомасына жұмыстар жүргізіліп, табыс 1,5 млн. теңгені құрады және ол еңбекақы мен электр энергиясына қарызын өтеуге жұмсалды.

Сондай-ақ коммуналдық кәсіпорындардың әдеттегі жұмысының ең маңызды проблемаларының бірі материалдық-техникалық базаны күшейту, арнайы техника сатып алу болып табылады. Ассенизатор машиналар, эксковаторлар, арнайы техника аса қажет.

2011 жылы Көкпекті және Самар көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарымен «Жол картасы» бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр. Екі кәсіпорынның жиналған қарызын қаңтар айында төлеуге және тұрғындарға қызмет көрсету саласын кеңейту есебінен өз шығынын өзі өтеуге ауыстыру жөнінде шешімі қабылданды.


1. Стратегиялық бағыты 1. Сумен қамту және суәкеткі жүйелерін дамыту және қызметін қамтамасыз ету

1.1) Дамудың негізгі параметрлері

Сумен жабдықтау

Көкпекті ауданының аумағында жалпы саны 34,905 мың адам тұратын 56 елді мекен бар. 4 елді мекеннің тұрғындары орталықтандырылған суды, 52-сі жергілікті санитарлық нормаларға сай су көздерін пайдаланады. Өңір тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамту жүйесінің қамтамасыздығы – 34,6%, орталықтандырылмағандары - 65,4% құрайды.


^ 2007-2009 жылдардағы аудан тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамту жүйесін және тораптардың ұзындығын қамтамасыз ету туралы ақпарат



^ Сумен қамтамасыз етілген, %

Барлығы су құбыры тораптарының ұзындығы, км

Соның ішінде ауыстыруды қажет етеді

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Барлығы, км

Жалпы ұзындығына %

34.6

34.6

34.6

88.1

61.8

70


Аудан бойынша елді мекендердің сумен қамту және суәкеткі жүйелерінің жағдайы көкейкесті болып отыр. Көкпекті ауылының сумен қамту жүйесі Көкпекті көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның теңгерімінде тұр, ұзындығы 21,6 шақырымды құрайды. Су құбыры тораптарының тозуы 50 пайыз.

Самар ауылының су құбыры тораптары 44 км, канализация жүйесі 18,6 км құрайды, Самар көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның теңгерімінде тұр. Су құбыры тораптары және канализация жүйесінің тозуы 70 пайыз.

Новотимофеевка (16.5 км) және Палатцы (6,0 км) елді мекендерінің су құбыры тораптары және су айдауыш мұнарасы Самар көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның теңгерімінде тұр, тозуы 90 пайыз.

2010 жылы коммуналдық кәсіпорындармен тұрғындарды сумен қамтамасыздығын жақсарту бойынша біршама жұмыстар атқарылған. Су тасқыны зардаптарына қарамастан Көкпекті, Самар, Новотимофеевка, Палатцы ауылдарының тұрғындарына үздіксіз ауыз су берілді. 2010 жылы су құбырының жұмысына 10,0 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Сапалы сумен қамту саласындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін Новотимофеевка және Палатцы ауылдарындағы су құбыры тораптарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Самар және Көкпекті елді мекендерін сумен қамтамасыз ету бойынше жобалауға қаражаттың жоқтығынан, жобалық-сметалық құжаттама дайындауға инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізу керек.

Көкпекті ауданының тұрғындарын қажетті көлемде және кепілдендірілген сапада ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін Тассай, Казнаковка, Үлгілімалшы, Бастаушы, Теректі, Белое, Көкжайық, Преображенка, Үлкенбөкен, Ажа ауылдарында сумен қамту жүйелерінің құрылысы және қайта құру жұмыстарына бағытталған ауданның селолық елді мекендерінде инвестициялық жобаларды іске асыру қажет.

Суәкеткі

Ауданда орталықтандырылған суәкеткі жүйесі Самар ауылында жұмыс істейді. Канализация тораптары 22,1 км құрайды, тораптардың тозуы 70%. Суәкеткі тарифі 36,1 теңге/м3. 2009 жылы Көкпекті ауылының канализация тораптарының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, құны 305,0 млн. теңге.


^ 2007-2009 жылдарға аудан тұрғындарының суәкеткі қызметтерімен қамсыздандырылу деңгейі:







2007

2008

2009

Тұрғындарды суәкеткі қызметтермен қамсыздандырылу деңгейі

%

6,6

6,6

6,6

Канализация тораптарын жөндеу

км

-

-

-

Тазарту құрылыстарын күрделі жөндеу

дана




-

-


1.2) негізгі мәселелердің анализі

Сумен жабдықтау

Аудан тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық сумен жабдықтау жүйесінде 61,8 шақырым су құбыры бар. Тораптардың жағдайы нашар, мұның себебі тұрғындармен тораптарға су шығынының қайтарылмайтын зор көлемі және су тұтынудың меншікті нормаларын ұлғайту болып табылады.

Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT анализ жүргізілген:

Күшті жақтары:

1. тұщы жер асты су қорының жеткілікті деңгейі;

2. ауыз суға жоғары мұқтаждығы;

3. жұмыс істеп тұрған сумен жабдықтау жүйелерінің бары;

4. тұрғындардың сапалы ауыз суға 62,9 пайызға дейін қол жеткізу көрсеткішіне жетуі;

5. жұмыс істеп тұрған пайдалану қызметтерінің бары;

Нашар жақтары:

1. қолдағы бар тұщы жер асты суларын жеткіліксіз пайдалану;

2. сумен жабдықтау объектілері және тораптарында апаттық жағдайлар, шығындар, ауыз су сапасының төмен деңгейі секілді тозудың бар болуы;

3. негізгі өндіріс қорының оны жаңартудан қарағанда тозу процесі өте тез қарқынмен жүруде;

4. жаңа сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы және қолдағы бар жүйелерді қайта құруға мемлекеттік және меншік инвестициялардың жетіспеушілігі;

5. жұқпалы аурулардың туындау қаупі;

6. ауданда берілетін судың сапасына бақылау жүргізетін зертханалардың жоқтығы.

Қатерлері:

1. табиғи тозуына байланысты жабдықтан бас тарту мүмкіндігі, қоршаған ортаға келеңсіз әсер ету қаупі;

2. ұзақ мерзім бойы пайдалану салдарынан туындаған сумен жабдықтау объектілерінің қанағаттандырылмаған техникалық жағдайы;

3. тұрғындар денсаулығының нашарлауына әкеп соғатын ескірген су дайындау технологиялары қолданылады;

4. апаттың өсуі.

Мүмкіндіктері:

1. тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

2. сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, су және су дайындау технологияларын тазарту шығындарын өсіру;

3. қазіргі заман талабына сай тиімді технологияларды еңгізу мүмкіндігі;

4. материалдық-техникалық базасын жарақтандыру жолымен пайдалану қызметін жетілдіру.

Суәкеткі

Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT анализ жүргізілген:

Күшті жақтары:

Нашар жақтары:

1. канализация тораптарының 70% нашар жағдайда тұр және ауыстыруды қажет етеді.

Мүмкіндіктері:

1. Суәкеткі, канализация жүйелері, тазарту құрылыстары және канализация тораптарын жөндеу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру тұрғындардың суәкеткі қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қатерлері:

1. Суәкеткі, канализация жүйелері, тазарту құрылыстары және канализация тораптарының объектілерін жөндеу бойынша жобалардың мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыруы объектілерді іске қосуға еңгізу мерзімдерін үзуі мүмкін және тұрғындардың санитарлық-экологиялық салауаттылығына келеңсіз әсер етеді.

1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сумен жабдықтау

Сумен жабдықтау жүйесін дамытуға сыртқы факторлар сияқты ішкі факторларда ықпал етті.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз етуді шешу жолы 2010-2015 жылдарға арналған «Ауыз су» өңірлік бағдарламасында көрсетілген. Әрекет етіп отырған «Ауыз су» бағдарламасы шегінде 2007 жылдан 2009 жылға дейін бюджет қаражатынан 199,215 млн. теңге, республикалық бюджеттен 174,615 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 24,6 млн. теңге игерілген (2 кестені қараңыз).

2003-2010 жылдар аралығында Көкпекті және Самар ауылдарының сумен жабдықтау жүйелерінде күрделі жөндеу жұмыстары, сыйымдылығы 25 текше метр су құбыры мұнарасына және 0,6 км Көкпекті ауылының су құбыры тораптарына ағымдағы жөндеу жұмыстары іске асырылып, 8,6 км Самар ауылындағы айдамалы су құбырына қайта құру жұмыстары жүргізілген.


«Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде бюджеттен игерілген қаражат көлемінің өзгеру динамикасы





2007-2009

2007

2008

2009

Барлығы, млн.теңге:

199,215

101,615

0,600

97,0

РБ

174,615

101,615

-

73,0

МБ

24,600

-

0,600

24,0



Суәкеткі

70 жылдары салынған тазарту құрылыстары өз пайдалану ресурстарын әлдеқашан істеп шығарды, құрылыстың жобалық қуаттылығы жеткіліксіз, осының салдарынан ауданның өзеніне жеткіліксіз тазаланған шаруашылық-тұрмыстық, өндіріс ағынды сулары мен жауын-шашын сулары төгіледі.

Себебі тазарту құрылыстарының кешені шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды тазалауға арналған, өндіріс ағынды сулары түскен кезде биологиялық тазалау қиындайды (микрофлора өледі), қоршаған ортаға нұқсан келтіріледі. Нәтижесінде ауданның су шаруашылық жүйелерінде нормативтік техникалық шығындардың орташа деңгейі 30-35 пайызды құрайды.

2. Стратегиялық бағыты 2. Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

2.1) Дамудың негізгі параметрлері

Ауданның елді мекендерінде автокөлік апатының төмендеуі және жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі.

2.2) Негізгі мәселелердің анализі

Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін мақсатында алдын алу және жөндеу жұмыстарын дер кезінде жүргізу арқылы жол қозғалысын реттеуді қамтамасыз ететін құрылғылардың тиісті дәрежедегі техникалық жағдайын қамтамасыз ету қажет.

2.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Қойылған мақсатқа қол жеткізу және белгіленген міндеттерді шешу үшін техникалық талаптарға сай бағдаршамды уақытында күтіп ұстау және қажетті жөндеу жұмыстары іске асырылатын болады, нәтижесінде бағдаршамның жұмыс істемей тұрған уақыты азаяды, 2009 жылдың деңгейінен 2013 жылға 2,5 сағат және 2015 жылға 2 сағат.

Тазарту құрылыстарын тым сапалы пайдалану және істен шығуына жол бермеу мәселелерін шешу мақсатында канализация тораптарына жөндеу жұмыстары қажет.

3. Стратегиялық бағыты 3. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының саласында мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде жүзеге асыру бойынша қызметтер

3.1) Дамудың негізгі параметрлері

Мемлекеттік орган жұмыстарының жетістіктері бірінші кезекте кадрлардың кәсіби дайындығына байланысты.

Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруға бөлімнің қажеттілігін қанағаттандыру бойынша біріңғай мемлекеттік кадрлар саясатын іске асыру мақсатында, мемлекеттік қызметті кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру Ережелерін бекіту туралы» №1457 Жарлығына сәйкес жүргізіледі.

Алдына қойылған міндеттердің барлық кешенін тиісті деңгейде шешуге қабілетті кәсіби кадрларды іріктеу және орналастыруға қатты көңіл аударылады.

2011 жылдың 1 қаңтарына бөлімнің штаттық саны 5 бірлікті құрайды.

3.2) Негізгі мәселелердің анализі

Коммуналдық сала, жол тораптары, инженерлік коммуникация объектілерінің тиісті дәрежедегі жағдайда тұруына байланысты өтініштер мөлшері және оны дер кезінде қарау, жауап қайтару үшін мемлекеттік қызметкерлердің үнемі біліктілігін арттыру көкейтестілігі артты.

2009-2010 жылдардың есеп беру кезеңіне азаматтардан түскен өтініштердің тиісінше 65-70 пайызы қанағаттандырылды, бұл стратегияға бағытталған жоспарды дамытуға жеткіліксіз.

Басты мақсат – орындаушылық және еңбек тәртібін, жұмыс сапасын тиісті деңгейге көтеру, ұжымда дұрыс моральдық-психологиялық климатты қамтамасыз ету, басшылық пен қызметкерлер арасында өзара құрметтеу және сенім білдіруге негізделген басқарудың қазіргі заманға сай формалары мен әдістемесін енгізу. Осының негізінде аппараттың тиімді қызметіне қол жеткізу.

3.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

2009-2010 жылдардың есеп беру кезеңіне азаматтардан түскен өтініштердің тиісінше 65-70 пайызы қанағаттандырылды, бұл стратегияға бағытталған жоспарды дамытуға жеткіліксіз.

Сонымен қатар бөлімнің қызметі ішкі факторлардың мынандай қатарына да байланысты:

- мемлекеттік қызметтің кәсіби мүмкіндігінің күрт төмендеуіне әкеп соғатын білікті кадрлардың тапшылығы – дамытуға арналған міндеттерінің жолын орындауға қабілетсіздігі;

Тұрғын үй коммуналды шаруашылық саласы, көлік және жол саласының спецификасына байланысты, бөлімге азаматтардан көптеген өтініштер түседі, туындаған мәселені жою бойынша өтініштерді қарап, тиісті шаралар қабылдау керек. Сонымен қатар, бөлімнің мамандарымен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу жұмыстары, объектілерде, соның ішінде 2009-2010 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шегінде өте көп орындалған жұмыс көлемін құраған жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына бақылау жүргізіледі. Ауданның жылумен, сумен жабдықтау және суәкеткі жүйелерінің ескіруіне байланысты күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын және уақыт өтуіне байланысты үлкен шығынды қажет етеді, Бөліммен іске асырылатын көптеген бюджеттік бағдарламалар осыған байланысты. Соңғы жылдары ақпараттың көп түсуі 5-6 есеге өскенін атап айту керек, ал барлық жұмысты 3 маман жүргізеді. Барлық түскен ақпаратты толық көлемде және уақытында орындауға мүмкіндік жоқ.


4. Стратегиялық бағыты 4. Жеке санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету

4.1 Саланы дамытудың негізгі параметрлері

2011 жылдың 1 қаңтарына Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға №1 тізім бойынша кезектілігі (әлеуметтік қорғалған топтағы тұрғындар) 176 отбасыны, №2 тізім бойынша кезектілігі (мемлекеттік қызметкерлер, бюджет саласының жұмысшылары, әскери қызметшілер) 72 отбасыны құрайды. Ауданда мемлекеттік, кредиттік және жалға беру пәтерлері салынбайды. 2009 жылы облыстық бюджет қаражатынан Көкпекті ауылында 36 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жерін бекітумен жобалық-сметалық құжаттама жасалған, ауданды дамыту жоспары бойынша құрылысы 2011 жылға жоспарланған.

^ 4.2 негізгі мәселелердің анализі

2009-2010 жылдары ауданда бюджет қаражатынан кредиттік және жалға беру пәтерлерінің құрылысы жүзеге асқан жоқ. . 2009 жылы облыстық бюджет қаражатынан Көкпекті ауылында 36 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жерін бекітумен жобалық-сметалық құжаттама жасалған, ауданды дамыту жоспары бойынша құрылысы 2011 жылға жоспарланған.

Әлеуметтік шиеленісушілікті төмендету мақсатында тұргын үйлерге сұранысты қанағаттандыру, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру саласының кәсіби кадрларын орнықтыру үшін 2011 жылы коммуналдық пәтерлер сатып алу жоспарланып отыр.

^ 4.3 Негізгі сыртқы және ішкі факторлады бағалау

2010 жылдың есеп беру кезеңінде 4 пәтер сатып алынды. Бөлінген қаражат 100 пайызға игерілді.

Жоспардың одан әрі орындалуын қамтамасыз ету үшін «Жеке санаттағы азаматтарды пәтермен қамтамасыз ету» 004 бағдарламасы бойынша 2011-2013 жылдарға қаржыландыру қарастырылған.


5. Стратегиялық бағыты 5. Ауданның елді мекендерінің тазалығын қамтамасыз ету

5.1) Дамудың негізгі параметрлері

2010 жылы ауданның елді мекендеріндегі көшелерді жарықтандыруға аудан бюджетінен 6000,0 мың теңге бөлінген, елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына 16337,7 мың теңге, сондай-ақ ауданның елді мекендерінің тазалығын қамтамасыз етуге 7847,0 мың тенге бөлініп, игерілді.

Көкпекті ауылында көріктендіру бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар шеңберінде «Жеңіс» серуентоғайын бөлу және көріктендіру жұмыстары, сондай-ақ ауданның барлық елді мекендерінде көріктендіру жұмыстары жүргізілді, жұмыс барысында 60 км көшелер мен жолдар, 10 га серуентоғайлар, гүл бақтары және алаңдар, 9020 тұрғын үй ауласының аумақтары, мектеп, балабақша оқу орындарының және мәдениет мекемелерінің 70 аумағы тазаланды. Қатты – тұрмыстық қалдықтарды кәдеге асыру үшін 3 полигонның жағдайы ретке келтірілді, 5500 текше метр қоқыс шығарылды, 65,6 км су құбыры тораптарын тексеру және зарарсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. 6700 ағаштар, 1400 қума метр бұталар, 2000 м2 гүлзарлар отырғызылды. 8 ескерткіштер және қоса берілген аумақтарына көріктендіру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан үшін көріктендіру мәселелерінің бірі қатты тұрмыстық қалдықтар орнын күтіп ұстау болып табылады. Жылдан жылға қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы кейіңге қалдырылып келеді. Елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарға ұйымдастырылған қоқыс тастайтын жерлер бар, ауылдық округтармен қоқысты өндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Жол картасы» бойынша жобаны іске асыру барысында 2010 жылы төмендегі жұмыстар жүргізілген:

1). Көкпекті ауылында Аухадиев, Би-Боранбай, Абай көшелерін жарықтандыру 4 км.

2). Казнаковка ауылының көшелерін жарықтандыруға ағымдағы жөндеу 1,6 км.

3). Самар ауылындағы жаяу жүретін көпірлерді, көшелерді, қоршауларды жарықтандыру, серуентоғай құрылғыларына ағымдағы жөндеу.

«Жол картасы» жобасын іске асыру бойынша 2011 жылы төмендегі жұмыстарды жүргізу қарастырылған:

1) 5891,0 мың теңге сомасына Самар ауылындағы Горохов көшесіндегі тротуарға орташа жөндеу.

2) 20000,0 мың теңге сомасына Самар ауылының көшелерін көріктендіру.

3) 7468,0 мың теңге сомасына Үлкенбөкен ауылын жарықтандыру.

4) 4571,0 мың теңге сомасына Преображенка ауылын жарықтандыру.

5.2) Негізгі мәселелердің анализі.

Өткізілген SWOT –анализі негізінде саланың келесі негізгі проблемалары анықталды.

1. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула аумақтарының 80 пайызы, ең алдымен өтетін жерге және балалар алаңы мен спорт алаңдарына жөндеу жұмыстарын, жасыл көшеттерді түгелдеу, ескі ағаштарды алып тастау жұмыстарын қажет етеді.

2. Орман алаңдарының қысқаруына байланысты елді мекендерді көгалдандыру, жол шетіне орман жолақтарын құру жұмыстарын жалғастыру қажеттілігі туындайды.

3. Аумақтарды көгалдандыру және көріктендіру бойынша конкурс өткізу үшін жыл сайын ауданның бюджетінен қаражат бөлуді қарастыру керек.

4. Аудан үшін көріктендіру мәселелерінің бірі қатты тұрмыстық қалдықтардың орнын күтіп ұстау болып табылады. Қоқыс экологиялық кодекстің талаптарына жауап бермейтін және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына ресми мәртебесі жоқ ұйымдастырылмаған қоқыс тастайтын жерлерге шығарылып, өнделеді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша арнайы кәсіпорындар жеткіліксіз.

5.3) Саланы дамытудың негізгі сыртқы және ішкі факторларын бағалау

Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT анализ жүргізілген:

^ Күшті жақтары:

1. Көшелер мен жолдар, серуентоғайлар, алаңдар аумағын, тұрғын үй ауласының аумақтарын, кондоминиум объектілерін, мектеп және мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілетін аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру жөнінде іс-шаралар жоспарын жыл сайын өткізу.

^ Нашар жақтары:

1. аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру бойынша іс-шараларды жеткіліксіз қаржыландыру.

Мүмкіндіктері:

1. Аумақтарды көріктендіру, қасбеттер, аула аумақтарын, гүл бақтарын, серуентоғайларды және т.б. жөндеу бойынша мемлекеттік-меншік әріптестігінің келешегі;

Қатерлері:

1. Ауданның елді мекендерінің нашар санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы, елді мекендердің жарамсыз бейнесі, шатырлар, қасбеттер жағдайының нашарлығы секілді тұрғын үй қорының, көркейту элементтерінің қарқынды ескіруі.


Жылумен жабдықтау

Ауданда орталық от жағу жүйесі жоқ, бірақ 42 ұсақ бюджет қазандықтары есептеледі, соның ішінде қатты отынмен 21 қазандық, сұйық отынмен 3, электр жүйесімен 18 қазандық.

Жылу тораптары мен қазандық жабдықтарының техникалық жағдайы қанағаттандырарлық. Қазандық жабдықтарының орташа тозуы 60,0%. Мәселені шешу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу қажет.

Білім беру объектілері бойынша жылыту жүйелері іске қосылған кезден бастап ауыстырылмаған, осыған байланысты ауданның 10 мектептерінің жылыту жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және қазандықтарын ауыстыру қажет. Жөндеу жұмыстарына шамамен 50.0 млн.теңге керек, сондай-ақ 70,0 млн. теңге сомасына Самар ауылындағы №1 аудандық аурухананың жылыту жүйесі және қазандығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Сонымен қатар, ауданда Көкпекті ауылындағы көп пәтерлі тұрғын үйлер және бюджет саласы объектілерінің қосылуымен орталық қазандық құрылысы, сондай-ақ қазіргі заманға сай энергия технологияларын, соның ішінде білім беру объектілерінде жылу насос қондырғыларын енгізу жоспарланып отыр.

Электрмен жабдықтау

Көкпекті аудандық электр станциясымен 2010 жылы электрмен үздіксіз қамтамасыз етуге 237,2 км электр беру желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді, 41 дана ТП/КТП жөнделді. 889 км, 666 дана ТП/КТП электр беру желілеріне пайдалану қызметтері жүргізілді. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде ВЛ 0,4 кВ және ВЛ 10 кВ электр беру желілерінде апаттық жағдайлар қысқарды. Көкпекті ауданының энергиямен жабдықтау ұйымы жоғары өткізгіштік техникалары бар ұйымдармен келісімшарт жасады, нәтижесінде елді мекендерде апатты жою уақыты қысқарды.


Газбен жабдықтау

Аудан бойынша орталық газбен жабдықталған тұрғын үйлер жоқ. Ауданның тұрғындары балон газды қолданады. Қазіргі уақытта балонның орташа құны: 27 литрі – 1600 теңге, 50 литрі – 3200 теңгені құрайды.


Тұрғын үй қоры

Ауданда барлығы тұрғын үйлер – 9507. Көп пәтерлі үйлер – 58, жалпы алаңы 19,1 мың м2. Тіркелген кондоминиумдар жоқ.

Қазіргі уақытта аудан бойынша инженерлік инфрақұрылымның тозуы 40-80%. Жалпы, коммуналдық қызмет көрсетіп отырған кәсіпорын өзін өзі ақтамайды. Сатып алушының өз құнынан артып кеткен тарифтер бойынша қызметтерге төлем жүргізудің төмен дайындығы және техникалық қызмет көрсетуді жеткіліксіз қаржыландыру.

Жалпы, аудан бойынша инженерлік инфрақұрылым объектілерін қалпына келтіру, қайта құру және жаңғырту бойынша дамыту мәселесі дереу шешуді талап етеді.

2011 жылы 6,0 млн. теңге сомасына Самар ауылындағы 6 коммуналдық пәтерлерді жөндеу жоспарланған.


6. Стратегиялық бағыты 6. Ауданның автожол инфрақұрылымын дамыту

6.1) Реттеуші саланы дамытудың негізгі параметрлері

Автожол саласының инфрақұрылымын дамыту деңгейін ұлғайту жөнделген жолдардың жеке көлемінің артуы.

6.2)Негізгі мәселелердің анализі

Ауданның аумағы бойынша 149 км республикалық маңызы бар жолдар, 221 км облыстық маңызы бар жолдар созылып жатыр,

Ауданда жергілікті маңызы бар жолдар 489 км құрайды, соның ішінде асфальт-бетон жамылғысымен 12 км (2,5%), қара қиыршық тас жамылғысымен 134,6 км (27,5%), қиыршық ұсақ тас жамылғысымен 321,9 км (65,8%), қара жол 20,5 км (4,2%). Жаңа автожолдардың құрылысы 2011-2015 жылдарға жоспарланбаған.

6.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Автомобиль жолдары және қоса берілген құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету және жағдайын жақсартудың негізгі бағыттары республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарына үлесін қосу негізінде инвестициялық жобалар, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, барлық селолық елді мекендерде көлікке қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Жол жамылғысының шығынға ұшырау қабілеті жол шаруашылығының басты мәселесі болып тұр.

2010 жылы «Жол картасы» бойынша Көкпекті өзені арқылы өтетін көпір үсті және Көкпекті ауылының Аухадиев, Абылайхан, Әуезов, Абай, Астана көшелерімен жүретін жерлеріне 111840 мың теңге сомасына орташа жөндеу жұмыстары бойынша 4 жоба іске асырылды.

Өскемен-Тарғын-Самар автожолдарына күрделі жөндеу жұмыстары, 6,8 км асфальт-бетон жамылғысы жүргізілген, сондай-ақ Көкпекті-Самар автожолдарына күрделі жөндеу жұмыстары және 5052 м2 көлемінде Көкпекті-Самар-Васильевская су өткеліне шұңқырды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жүзағаш өзені арқылы бұзылған көпірді қалпына келтіру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 82059 мың теңге сомасында ақша қаражаты «Парыз» қоғамдық қорынан бөлінді. 5,7 км жергілікті маңызы бар автожолдардың шайып кеткен телімдерінде 8 млн. 705 мың теңге сомасына қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 7,0 млн. теңге сомасына Көкпекті ауылындағы 0,4 км Абай және 0,4 км Аухадиев көшелерін асфальттау жұмыстары жүргізілген.

2010 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұсталуына 10650,0 мың теңге бөлінген, бірақ ауа-райының қиын жағдайынан (қардың жиі жаууы, боран) нақты жұмыс көлемі 57000,0 мың теңге сомасына орындалды. Қазіргі уақытта жол ұйымдарының алдында қарызы 13 млн. 368 мың теңге сомасында төленген.

2011 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұсталуына 16135,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінген. Ауданды дамыту өңірлік бағдарламасын іске асыру жоспары бойынша 2011 жылы «Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы» км 27-54 автожолдарына орташа жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Жолдарды күтіп ұстау нормаларын қатаң сақтау кезінде ғана күні бұрын бұзылуын тоқтату мүмкін.

Бұл біріншіден, қайта құру және оңалтудан өткен жол телімдеріне қатысты. Сонымен қатар, қаражаттың жетіспеушілігі күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын орындау бойынша жөндеу аралық мерзімдерді сақтамауға әкеледі. Нәтижесінде автожолдар жылдан жылға жөнделмей қалып отырады, бұл келесі жолы толығымен қайта құру жұмыстарын жүргізуге әкеп соғады.

Ауданның автожол саласын дамыту үшін автомобиль жолдарына қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін жөндеу аралық мерзімдерді сақтау негізгі және маңызды факторлардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, мемлекеттік-меншік әріптестігінің механизімін дамыту керек. Автожол саласына халықаралық стандарттардың сапасын басқаруды енгізу қажеттілігі бар.

Аталған саланың тұрақты дамуына кедергі болатын қатерлер мыналар болып саналады:

  1. Сыртқы және ішкі конъюнктураның нашарлау мүмкіндігімен байланысты макроэкономикалық қатер;

  2. Бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

  3. Бағалы қатерлер;

  4. Заңнамалық қатерлер;

  5. Техногенді және экологиялық қатерлер;

  6. Кадрлар қаупі.


  1   2   3   4   5



Похожие:

«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров, 2009 жыл Мазмұны
Жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconҰлан аудандық әкімдігінің 2011 жылғы «04» қараша №692 қаулысына
«Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары
Келісілді: «ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мм а. С. Шерубаев «ШҚО жолаушы көлігі және
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon6 января 2011 года №13/1
Качир ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 2011-2015...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған
«Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын...
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon1 2011–2015 жылға арналған Көкпекті ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Стратегиялық бағыттар, мақсат, міндеті,мақсаттық индикаторы. іс-шаралар және нәтижесінің көрсеткіштері
«Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау -2009 жыл Мазмұны
«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы