2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы icon

2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы



Название2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Дата конвертации22.01.2013
Размер73.08 Kb.
ТипДокументы
источник



2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуы

Аудан бойынша 2005 жылдың тоғыз айында тауар өнімдері 109403 мың теңгеге өндірілген.

Ауданда шикізатты өңдейтін 53 цех бар, оның ішінде 13 кішігірім диірмен, 17 кшігірім наубайхана, 2 макарон цехы, 16 май жасау цехы, 2 жиһаз жасау цехы, 2 тері қабылдау бөлімі, 2 пима шығару цехы және балық ұнын, балық етін, кептірілген балық дайындайтын зауыт жұмыс істеуде.

2005 жылдың тоғыз айында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 35,8 тонна өсімдік майы, 21,2 тонна ұн, 5,4 тонна жармақ, 174 тонна балық ұны, 57 тонна балық еті, 55 тонна кептірілген балық дайындалды, 432,8 тонна нан пісірілді, 119,7 мың дана газет, 182 шаршы метр кесілген ағаш шығарылды.

Аудан бойынша 2005 жылы 16080,5 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егілді. Астық дақылдары 2704 гектар, техникалық дақылдары 4807,7 гектар жерге егілді, 1381,7 гектар жерге картоп, 749,1 гектар жерге жеміс жидек отырғызылды.

Аудан бойынша мал басының өсуі байқалады. 2005 жылдың 1 қазанына мүйізді ірі қара саны 61315 басқа жетіп, 2004 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 675 басқа немесе 1,1 пайызға, оның ішінде сиыр саны 30169 басқа жетіп, 2744 басқа немесе 10,0 пайызға, қой мен ешкі саны 180264 басқа жетіп, 3374 басқа немесе 1,9 пайызға, жылқы саны 14107 басқа жетіп, 555 басқа немесе 4,1 пайызға, құс саны 48334 басқа жетіп, 2823 басқа немесе 6,2 пайызға өсті.


Аудан бойынша бұзау алу 22221 басқа жетіп, 612 басқа немесе 2,8 пайызға өскен.

Әр 100 сиырдан 68 бұзау туылды, ол өткен жылмен салыстырғанда 5 бұзауға немесе 7,9 пайызға артқан.

Қой мен ешкі төлін алу 80903 басқа жетіп, 2,4 пайызға немесе 1874 басқа көбейген.

Әр 100 ешкі мен саулықтан 94 бас төл алынды, ол өткен жылғы көрсеткіш деңгейінде қалды.

Құлын алу 3326 басқа жетіп, 78 басқа немесе 2,4 пайызға өскен.

Әр 100 биеден 77 құлын алынған және 2004 жылдың деңгейінде қалған.

Аудан бойынша сатылған еттің көлемі 6477,9 тоннаға жетіп, 2004 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 3,3 пайызға немесе 209,5 тоннаға көбейді

Сауылған сүт 42318,9 тоннаға жетіп, 2004 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 4,5 пайызға немесе 1820,2 тоннаға көбейді.

Жұмыртқа алу 4 млн данаға жетті.

2005 жылдың 1 қазанына 292 тонна жүн қырқылып, 2004 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 3,9 пайызға немесе 11 тоннаға көбейді.

Алдын ала берілген мәліметтер бойынша 2005 жылдың тоғыз айында ауылшаруашылығының жалпы өнімі 1938,6 млн.теңгені құрап, 2004 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 3,9 пайызға немесе 72,7 млн теңгеге артты.

Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 11342 мың теңгеге 498,3 тонна, күзгі жинау жұмыстарына 6040,5 мың теңгеге 152,7 тонна арзандатылған бағамен дизель отыны берілді.

Бұхтырма шабақ өсіру шаруашылығы көлдерді балықтандыруға балық құрттарын, біржастық және бағалы екіжастық балықтарды өндірумен айналысады. 2005 жылдың тоғыз айында өсіру тоғандарына көлемі 341,3 гектарға 59,0 млн.дана карп құрттары, 240 гектарға 1,2 млн.дана бір жастағы карп шабақтары, 60 гектарға 1945 дана карп өндірушілері, 60 гектарға 3467 дана карп жөндеушілері салынған. Бұхтырма су қойнауына 1,0 млн.дана екіжасты карп балықтары жіберілді.

Инкубациялық цехта зауыттық әдіспен 74 млн.дана карп құрттары алынған, оның ішінде шаруашылық тоғандарына 59,0 млн.дана карп құрттары, су қоймасына 1,3 млн.дана біржастық карп шабақтары жіберілді, ал 2,2 млн.дана карп құрттары Шығыс Қазақстан облысының шаруа қожалықтарына сатылған. Тоғандар табандары 160 гектар көлемінде қатты өсімдіктерден тазаланды. Екіжастық балықтарды жемдеуге 126 тонна жем жұмсалды. Балық өсіру тоғандары бойынша жем қоймасын құру үшін 345 тонна көң әкелінген. Дамбылар мен су бекіністеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Аудандық бюджет түсімдер болжамы бойынша 2005 жылдың тоғыз айында 627068,0 мың теңге болжам орнына 627647,0 мың теңге түсім түсті, яғни 100,1 пайызға орындалды. Меншікті түсімдер 100,4 пайызға орындалып, 154152 мың теңге болжамның орнына 154731,0 мың теңге түсті, яғни болжамнан 579 мың теңге артық түсті.

2005 жылдың тоғыз айында бекітілген кірістер 114,4 пайызға орындалды, 18182 мың теңге болжам орнына 20801 мың теңге кірістер түсті және бұл 2004 жылмен салыстырғанда 300 мың теңгеге немесе 1,5 пайызға өсті.

Бюджеттің шығыс бөлімі нақтылануымен 2005 жылдың тоғыз айында 629409,0 мың теңге сомасында бекітіліп, 99,4 пайызға орындалды немесе 625380,0 мың теңгені құрады.

2005 жылдың тоғыз айында даму бюджетімен материалдық-техникалық базаны жетілдіруге 57323,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде:

- Білім берудің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 16997,0 мың теңге бағытталды, оның ішінде 60,0 мың теңгеге мектеп жанындағы Ақбұлақ интернатына тоқ пеш, 130,0 мың теңгеге Қаратоғай мектебіне синтезатор, 240,0 мың теңгеге әдістемелік кабинетке компьютер, 14767 мың теңгеге мектептерге мультимедиалық кабинеттер және 1800 мың теңгеге Күршім №3 орта мектебіне физика кабинеті сатып алынды, игерілуі 100 пайызды құрады;

- орта білім беру саласын ақпараттандыру жүйесіне 6221 мың теңге бағытталды, игерілуі 99,2 пайызды немесе 6169,0 мың теңгені құрады;

- мектептерді күрделі жөндеуден өткізу үшін 7328 мың теңге бөлінді, орындалуы 100 пайыз;

- Аудандық білім беру мемлекеттік мекемелеріне (ұйымдарына) оқулық сатып алуға және жеткізуге 13530 мың теңге бөлінді, игерілуі 100 пайызды құрады;

-Топтерек ауылындағы клубты қайта мектеп етіп жаңартуға 3090 мың теңге бағытталды, игерілуі 100 пайыз;

- басқару органдарының материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 5704,0 мың теңге, соның ішінде аудан Әкімінің аппаратына 1 машина және 1 компьютер, ауылдық округ аппараттарына – 3 машина, радиотелефон, екі компьютер сатып алынды; ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 1 қызмет автомашинасын және принтер; экономика және қаржы бөліміне 3 компьютер сатып алуға бағытталды. Игерілуі 98,5 пайызды немесе 5617 мың теңгені құрады;

-мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 281,0 мың теңге, соның ішінде екі жарық фонтаны және музыкалық аппаратура сатып алынды.

Республикалық бюджет қаражатынан Аманат ауылында 80 орындық орта мектеп салу жұмыстары басталды, 15 млн теңге игерілді.

2005 жылдың 1 қазан айына ауданда 55 мектеп бар, оның ішінде 24 орта, 25 орталау және 6 бастауыш мектептер. Онда 7654 оқушы және мектеп алды даярлықта 495 бала дәріс алады. Бір оқушығы кететін шығын 50388 теңгені құрады.

Білім беру ұйымдарын ұстауға 449670,0 мың теңге бағытталып, орындалуы 99,8 пайызды немесе 448741,0 мың теңгені құрады.

Ауданда 1 аудандық мәдениет үйі, 1 ауылдық мәдениет үйі, 3 ауылдық клуб, 8 кітапхана, 1 тарихи өлкетану мұражайы жұмыс істейді.

Мәдениет, спорт, ақпараттық кеңестікке 25494,0 мың теңге бағытталып, орындалуы 25300,0 мың теңгені немесе 99,2 пайызды құрады.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке 51514,0 мың теңге бағытталып, орындалуы 51230,0 мың теңгені немесе 99,4 пайызды құрады, соның ішінде мемлекеттік атаулы көмегі, тұрғын-үй көмегі 100 пайызға орындалды.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және күрделі жөндеу жүргізуге 10739 мың теңге бағытталып, 10539 мың теңгесі немесе 98,1 пайызға игерілді.

Ауылдық жерлерді абаттандыруға 6582 мың теңге жұмсалды, оның ішінде ауылдарды жарықтандыруға 3228,0 мың теңге, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 518,0 мың теңге, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеуге 231,0 мың теңге, абаттандырумен көгалдандыруға 2605 теңге жұмсалды. Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға 2815 мың теңге жұмсалды. Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен камтамасыз етуге 250 мың теңге жұмсалды.

Ауданда Күршім аудандық орталық аурухана, Теректі №1 аудандық аурухана, 11 жанұялық дәрігерлік амбулатория (оның біреуі жеке меншік), 5 фельдшерлік-акушерлік бөлімше, 34 фельдшерлік бөлімше (оның екеуі жеке меншік) және 11 жанұялық амбулатория қызметін көрсетеді.

Денсаулық сақтау саласы 2005 жылдың тоғыз айына 135457 мың теңгеге қаржыландырылды. Биылғы жылы Күршім ауданының 9 емдеу-профилактикалық ұйымдарына 11 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Оның 3950 млн теңгесі облыстық денсаулық сақтау департаментімен қаржыландырылып, игерілді. Сонымен қатар 11070,4 мың теңгеге 10 санитарлық автокөліктер, 4901,2 мың теңгеге медициналық жабдықтар (2 ИВЛ аппараты, 2 реанимациялық-хирургиялық монитор, 2 көпканалды және бірканалды ЭКГ аппараты, монитор дефибриллятор) сатып алынды.

2005 жылы тоғыз ай ішінде медициналық тексеруден 6128 ересек адамдар және 3281 оқушы өткізілді.

2005 жылдың ағымдағы мерзімінде 3506,0 мың теңге көлемінде тегін дәрі-дәрмек, соның ішінде: 1 жастан 5 жас аралығындағы балаларға 463,88 мың теңге көлемінде, 517,37 мың теңге жүкті әйелдерге арналған дәрі-дәрмек түсті.

2005 жылдың тоғыз айында 12 кәсіпкерлік объектісі, оның ішінде 6 дүкен, 1 дәріхана, 1 жанар-жағар май құятын станция, 4 дүңгершек іске қосылды.

Ауданда осы уақытқа 300 дүкен және дүңгіршектер, 17 асхана және дәмхана, 6 сауда базары, 53 шикізатты өңдеу цехтары жұмыс істеуде, 20 жанар-жағар май құятын станциялары ашылған, шағын және орта бизнес субъектілері ауданды жанар-жағар маймен, газбен толық қамтамасыз етеді, авто және жүк тасылмалдау қызметін көрсетеді.

2005 жылдың 1 қазанына шағын кәсіпкерлік субъектілерімен салық пен төлемдер 35201,1 мың теңге сомасында аударылды.

Атқарушы органдар өндірістік және жаңартпашылық бағытында кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде шағын кәсіпкершілік субъектілеріне мемлекеттік меншіктегі бос объектілер мен алаңдарды беруге, өндірісті және қызметті ұйымдастыруда жағдай жасауға, жер телімдерін бөлуге және үй-жайларды қайта жаңартуға басты көңіл бөлуде.

Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру мақсатында жер телімдерін кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне беру жүргізуде. 2005 жылдың 1 қазанына 79 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер телімдері құқығын куәландыратын құжаттар берілген.

Ауданның атқарушы органдарымен шағын бизнес кәсіпорындарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру шаралары өткізіліп жатыр. Жалпы өткізілген сатып алу шараларының сомасы 151,7 млн.теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерлер субъектілерінен тауар, еңбек және қызмет сатып алуға 79,4 млн.теңге жұмсалды.

2005 жылдың 1 қазанына несиегерлік берешек жоқ. Бюджеттік мекемелердің еңбекақысы толық төленген. Аудан бойынша 9594 адамға 452,1 млн.теңге зейнетақы мен арнаулы және мемлекеттік жәрдемақылар төленген.


2005 жылдың 1 қазанына 302 жұмыссыз адам тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 36,6 пайызға немесе 174 адамға азайды. 2005 жылдың тоғыз айына 544 жұмыссыз адам жұмыспен қамту орнына келіп, оның 307 жұмыспен қамтамасыз етілді.

Аудан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 56,4 пайызды құрады.

Жұмыссыздық деңгейінің орташа аудандық көрсеткіші 1,4 пайызды құрады.

2005 жылдың тоғыз айында жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 518 орынның, 539 жаңа жұмыс орны ашылып, 104,1 пайызын құрады.

Қоғамдық жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 500 адамның орнына 497 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 99,4 пайызды құрады.

Ауданның орташа кедейшілік деңгейі 9,8 пайызды құрады.

2005 жылдың 1 қазанына ауданда 352 бала дүниеге келіп, 280 адам қайтыс болды.

2005 жылдың 1 қазанына 114 қылмыс тіркеліп, 102–і ашылған немесе барлық қылмыстың 89,5 пайызы. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыс 18,6 пайызға азайып, ашылу пайызы 0,2 пайызға көбейді.

2005 жылдың 1 қазанына аудан халқының өз қаражатымен 13 меншік үй салынды.

2005 жылдың 1 қазанына 2005-2007 жылдарға арналған ауданның даму бағдарламасы бойынша 16445 дана ағаштар мен көшеттер отырғызу орнына 29378 ағаш, 5523 көшет отырғызылды, отырғызу жоспары 112 пайызға артық орындалды. 6807 шаршы метрге гүл зарлары отырғызылды.



Похожие:

2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2005 жылдың тоғыз айында тауар өнімдері 109403 мың теңгеге өндірілген
2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2006 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2006 жылдың тоғыз айында тауар өнімдері 96994,0 мың теңгеге өндірілген
2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКурчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Курчатов қаласының 2005 жылдың 12 айындағы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы экономиканың тұрақтанғандығын көрсетеді
2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2007 жылдың 9 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы
Ауданның 2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның...
2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКүршім ауданының 2008 жылдың бірінші жарты жылдағы әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат Ауыл шаруашылығы
Күршім ауданының 2008 жылдың бірінші жарты жылдағы әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКүршім ауданының 2006 жылдың 1 тоқсанына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2006 жылдың 1 сәуіріне тауар өнімдері 14207 мың теңгеге өндірілген
2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2007 жылдың 1 жартыжылдығында Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Аудан бойынша 2007 жылдың 1 жартыжылдығында тауар өнімдері 148570 мың теңгеге өндірілді, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда...
2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКүршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары
Аудан бойынша 2005 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдері 80072 мың теңгеге өндіріліп, өткен жылдың 1 жартыжылдығымен...
2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКүршім ауданының 2008 жылдың 1 тоқсанына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2008 жылдың 1 сәуіріне тауар өнімдері 52063 мың теңгеге, немесе 2007 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 6444 мың теңгеге...
2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2009 жылдың 1 қазанына Күршім ауданының әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы анықтама
Ауылшаруашылығының жалпы өнімінің табиғи көлем өсімі 5,8 пайызды құрап, 4894 млн теңгенің жалпы өнімі өндірілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы