«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты icon

«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты



Название«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
Дата конвертации21.01.2013
Размер85.18 Kb.
ТипДокументы
источник





Шығыс Қазақстан

облысы әкімдігінің

2008 жылғы «08» 04_

№ _527__ қаулысына

1 қосымша


«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»

мемлекеттік қызметін көрсету

стандарты


  1. Жалпы ережелер


1. Осы стандарт Шығыс Қазақстан облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою тәртібін айқындайды.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабы 2) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiнің 3-тармағының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекенжайы бойынша «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) көрсетеді. Қызмет көрсету туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz веб-сайтында орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) тарату үшін мәлімделген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы анықтама беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Шығыс Қазақстан облысының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға (филиалдарға немесе өкілдіктерге) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулер мерзімдері:

1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы анықтама тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде беріледі;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп жол берілетін уақыты 30 минут;

3) анықтаманы алу кезінде кезекте күтудің ең көп жол берілетін уақыты 30 минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz веб-сайтында орналастырылады, ресми ақпарат көздерінде (облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде) жарияланған, Департаменттің ақпараттық стендінде орналастырылған.

10. Мемлекеттік қызмет сенбі мен жексенбіден басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау жалпы кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қызмет Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратында көрсетіледі, оған кіретін жерде бақылау-өткізу пункті орналасқан, сондықтан тұтынушыға өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат алып жүру қажет.

Департаменттің толтырылған бланктер үлгілерімен ақпараттық стенді, күтуге арналған креслолар бар.


  1. ^ Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі




  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы ұсынады:

1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы арызды, онда көрсетілуі тиіс:

- арыз берілетін жергілікті атқарушы органның атауы;

- таратушының мәртебесі (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға), оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, атауы (тегі, аты және әкесінің аты), тұрған жері (тұратын жері);

- Шығыс Қазақстан облысының аумағында таратылатын шетелдік БАҚ атауларының толық тізбесі;

- шетелдік БАҚ-тың таратылу аумағы;

- таратылатын шетелдік БАҚ-тың тілі (тілдері);

- таратылатын шетелдік БАҚ-тың негізгі тақырыптық бағыты;

- мерзімдік баспа басылымының таратылатын даналарының болжанып отырған саны, шетелдік БАҚ хабарларын ретрансляциялау көлемі;

2) жеке тұлға – таратушы үшін –кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты растайтын құжаттың көшірмесі;

3) заңды тұлға (филиал немесе өкілдік) – таратушы үшін - заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

  1. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы анықтама беруге арыз нысаны Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz веб-сайтында орналасады, арыз бланкін Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, 244-кабинет мекенжайы бойынша Департаменттен алуға болады.

  2. Құжаттарды қабылдауды Департаменттің жауапты лауазымды тұлғасы (ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің бастығы немесе маманы, олар болмаған жағдайда қабылдау бөлмесінің инспекторы) жүзеге асырады, 244 кабинет.

15. Тұтынушыға тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні жазылған қолхат беріледі.

  1. Тұтынушыға анықтама беруді Департаменттің уәкілетті лауазымды

тұлғасы (ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің бастығы немесе маманы) күнделікті 238 немесе 244- кабинетте берілген қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде тұтынушының жеке келуі арқылы (не болмаса сенімхат бойынша) жүзеге асырады.

  1. Департамент тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуы мүмкін:

1) егер осы стандарттың 12-тармағында қарастырылған қажетті құжаттардың барлығы тапсырылмаса;

2) егер осы стандарттың 12-тармағында қарастырылған құжаттарда толық емес немесе шынайы емес ақпарат көрсетілсе.

3) егер шетелдік БАҚ материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігін әлсіретуді, соғысты, әлеуметтік, тектік-таптық, діни, нәсілдік, ұлттық және рулық артықшылықты, қатыгездікті, зорлыққа табынуды және порнографияны насихаттауды немесе үгіттеуді қамтыса;

4) егер таратушыға қатысты оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешімі болса;

5) егер шетелдік БАҚ өнімдеріне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімі болса.

Шетелдік БАҚ-ты есепке алудан бас тартылған кезде таратушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жазбаша түрде дәлелді бас тарту беріледі.

Таратушы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзған жағдайларда, Департаменттің шетелдік БАҚ-ты есепке алу туралы анықтаманы сот тәртібімен тоқтата тұруға не болмаса кері қайтарып алуға құқығы бар.


  1. ^ Жұмыс қағидаттары


18. Департаменттің қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін сақтау;

2) сыпайылық;

3) жан-жақты және толық ақпарат беру;

4) ақпараттың қорғалуы және құпиялығы.


4. Жұмыс нәтижелері


19. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.


^ 5. Шағымдану тәртібі

21. Мемлекеттік қызмет ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда шағым Департамент директорының атына беріледі. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне/әрекетсіздігіне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты және шағым дайындауда жәрдем көрсетуді 235-кабинеттен және 8 (7232) 26-42-54 телефоны арқылы алуға болады.

22. Шағым Департаменттің қабылдау бөлмесіне 235-кабинетке, сондай-ақ dvp_vko@rambler.ru электрондық мекенжайына беріледі

23. Тұтынушыға шағымның екінші данасы тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып қайтарылады. Берілген шағымға жауапты не болмаса шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты тұтынушы тікелей Департаменттің қабылдау бөлмесінен (235-кабинет) немесе 8 (7232) 26-42-54 телефоны арқылы ала алады.


^ 6. Байланыс ақпараты


24. Департаменттің пошталық мекенжайы: 070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40.

«Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, телефондар – 8 (7232) 26-42-54 (қабылдау бөлмесі), 8 (7232) 26-47-07 (ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі).

Электрондық мекенжайы: dvp_vko@rambler.ru

Жұмыс тәртібі: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері – сенбі және жексенбі.

Департамент директорының қабылдау күні - дүйсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін, директор орынбасарының қабылдау күні – сәрсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін.


Шығыс Қазақстан облысының

ішкі саясат департаментінің директоры Т.Түсіпбеков


«Шетелдік бұқаралық ақпарат

құралдарын есепке қою»

мемлекеттік қызметін көрсету

стандартына қосымша


Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәндері



^ Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері



Көрсеткіштің нормативтік мәні,

%

Көрсет-кіштің 2008 жылғы нысаналы мәні

Көрсет-

кіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақыттылығы


1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді ұсыну жағдайларының % (үлесі)

100

98

95

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылар % (үлесі)

100

98

95

2. Сапасы


2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95

92

90

2.2. Құжаттардың (жүргізілген есептеулердің, есеп айырысулар-дың және т.б.) дұрыс ресімделген жағдайларының % (үлесі)

100

98

95

3. Қол жетімділігі


3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

82

80

3.2. Тұтынушының құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған жағдайларының % (үлесі)

80

75

70

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50

40

30

^ 4. Шағымдану үдерісі


4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлес)

0,5

0

0

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

100

95

90

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәрбіне қанағаттанған тұтынушы-лардың % (үлесі)

100

95

90

4.4. Шағымдану мерзімдеріне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

95

90

5. Сыпайылық


5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

100

95

90



Похожие:

«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты icon«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті
Интернет және басқалары wев-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты icon«Қостанай облысының аумағында таратылатын шет ел бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызметін көрсетудің стандарты
«Қостанай облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты iconҚостанай облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы
Сізден Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды сұраймын
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты icon«Облыстардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты

«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты icon"Облыс аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
...
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты icon"Ақтөбе облысының аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою" электрондық мемлекеттiк қызметiнiң регламентiн бекiту туралы
Ақтөбе облысының аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою электрондық мемлекеттiк қызметiнiң регламентiн...
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты icon«Алматы облысы аумағында таралатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алудың» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Мерзімді баспасөз басылымы, радио және телебағдарламалар, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшіліктің қолы жететін телекоммуникациялық...
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты icon"Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу жұмыс табуға ықыласы бар және жұмысқа орналастырып, кейін оларды есепке қоюға жәрдемдесуге...
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты iconБекітілді «Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу жұмыс табуға ықыласы бар және жұмысқа орналастырып, кейін оларды есепке қоюға жәрдемдесуге...
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты iconҚазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу Мемлекеттік қызмет көрсету органдар
БАҚ-тар мерзiмдi баспасөз басылымдарының таратылатын даналарының болжамды саны, хабарларын тарату көлемi
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы