«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы icon

«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы



Название«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Дата конвертации21.01.2013
Размер272.88 Kb.
ТипДокументы
источник






2009 ж. 25 желтоқсан №327


«Шығыс Қазақстан облысының

мұрағаттар және құжаттама

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің 2010-2014 жылдарға

арналған стратегиялық жоспарын

бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына, «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-ІV, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2521 шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 02-02-18/1782-и келісімін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Қоса беріліп отырған «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрі-Стратегиялық жоспар) бекітілсін.

2. «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.А. Әубәкіров):

1) Стратегиялық жоспардың оны бекіткен күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы Ғ.С. Тұрсынбаевқа жүктелсін.


^ Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ


Келісілді:


Шығыс Қазақстан облысының

қаржы басқармасының бастығы А. Құрманғалиев


Шығыс Қазақстан облысының

экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасының бастығы Е. Ясинская


Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің

2009 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 327 қаулысымен бекітілген


^ 2010-2014 жылдарына арналған «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

стратегиялық жоспары


Мазмұны


  1. Миссиясы және пайымдауы




  1. Ағымдағы ахуалды талдау




  1. Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері




  1. Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қауіптері




  1. Номативтік құқықтық актілер




  1. Бюджеттік бағдарламалар



1. Миссиясы және пайымдауы


Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) миссиясы – Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын, жинақтауын, мемлекеттік есебін жүргізуді және пайдалануды қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғаларға мұрағат ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету саласында сапалы және қол жетімді қызмет көрсету.

ПайымдауыҚазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының ақпараттық әлеуетін мәңгілік сақтау мен дамуына жағдай жасау, барлық санаттағы қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша сапалы қызмет көрсету және ақпарат алу мен қолдануға азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру.


^ 2. Ағымдағы ахуалды талдау


Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісінің дамуының талдауы мұрағат саласы қызметінде жақсару беталысын көрсетті.

Облыста 1 облыстық, 15 аудандық, Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаттары және Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы қызмет етеді. Облыстық мұрағаттар жүйесінде 369 адам жұмыс істейді, олардың 261 мұрағатшы-мамандар, 11 адам – басқарманың мемлекеттік қызметшілері, 97 адам – техникалық персонал болып табылады.

2009 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста мемлекеттік мұрағаттарды құжаттармен толықтыру көздері болып табылатын 1200 астам мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар бар. Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық мұрағат қорының көлемі 2008 жылғы 1 қаңтардан 1 миллион 184 мың сақтау бірлігінен 2009 жылғы 1 қаңтарға 2 миллион 215 мың сақтау бірлігіне өсті.

2007 жылы Басқарма мұрағат мекемелері желісінің тұрақты қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылғы 3 тамызда Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы бекіткен және сәйкес ведомстволармен келісілген «2007-2010 жылдарда «Шығыс Қазақстан облысының электрондық мұрағаттары» ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша іс-шаралар жоспарын» дайындады.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаттары жоғарыда аталған жоспарды іске асыру іс-шараларын жүргізуде. Мемлекеттік мұрағаттар компьютерлеу, автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды құру және енгізу, материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық желісіне (Интернет порталға, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайтына, өкілдік билік порталына, Электрондық қызмет көрсету орталығына шығу) Басқарманы және Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатын қосу үшін қажетті кабельді және құрылғылардың орнатылуы жүргізілді. Облыстағы барлық 18 мұрағат мекемелерінде модемдер орнатылды. 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысының веб-сайттары байқауында 1 орын алған «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайты белсенді жұмыс істеуде.

2008 жылы «Краеведы Восточного Казахстана», «С Усть-Каменогорском я что-то важное утратил...» жинақтары, облыстың басшылары туралы «Они возглавляли Восточно-Казахстанскую область 1939-2008 г.г.» өмірбаяндық анықтамалық, «Путеводитель по фондам Государственного архива Восточно-Казахстанской области и его филиалов», «Развитие горного дела в Восточном-Казахстане. XVIII в. – 40-е годы XX в.», Өскемен қаласында тұрған және тұратын 54 құрметті азаматтар туралы мақалалар кірген «Почетные граждане Усть-Каменогорска» анықтамалық басылымы шығарылды. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 жылдығына арнайы «У нас профессия пусть не заметная, но, очень нужная и очень редкая...» кітапшасы басылды.

Ведомстволық сақтаудағы мерзімі өткен құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2010-2014 жылдарда барлық жеткізушілер түрінде 200 мыңнан астам істерді мемлекеттік сақтауға қабылдау жоспарланған. Сонымен қатар, мемлекеттік сақтауға түсіп жатқан құжаттар көлемінің өсуімен және саланың кадрлық потенциалы динамикасының өсуі арасында сәйкессіздік байқалуда. Мұрағат қорының ұлғаюы барысында облыстық мұрағат мекемелерінің мемлекеттік қызметшілерінің саны сол қалыпта. Алдымен, кәсіби даярланған кадрлар қажет. Кадрларды даярлау жоғарғы оқу орындарында мұрағатшылардың біліктілігін көтеру курстарында жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта ісқағаздарды жүргізу және құжаттарды сақтау мәселелерін оқытуға көңіл бөлетін, бөлімдердің және ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметкерлеріне арнайы оқыту семинарларын өткізу үшін мемлекеттік мұрағаттардың мамандарын шақыратын мекемелердің саны өсуде. Басқарма және мемлекеттік мұрағаттардың қызметкерлері ұйымдарға істер номенклатурасын, ведомстволық мұрағаттар және сараптау комиссиялар туралы ережелерін, ісқағаздарды жүргізу, құжаттардың ғылыми-техникалық өңдеуі бойынша нұсқауларды әзірлеу және оларды мемлекеттік сақтауға тапсыру жөнінде тәжірибелік, әдістемелік, консультативтік көмек көрсетеді. Құжаттау, құжаттаманы басқару және сақтау негіздері бойынша оқыту сипаттағы семинар-отырыстары жүргізіледі.

Тарихи-мәдени құжаттық мұраға қоғамдық қызығушылықты тарту мақсатында теле-радио бағдарламаларды ұйымдастыру, қағаз және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау, қор құрушылармен тұрақты әрекет ететін облыстық семинарлар мен кездесулерді өткізу арқылы осы мұраларға қол жетімділік мүмкіндіктер кеңейтіледі. Сонымен қатар, мұрағаттық қорларға қол жетімділік мұрағаттық құжаттардың тақырыптық көрмелерді және экспозицияларды, тұсаукесерлерді, ашық есік күндерін және т.б. ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады.

2008 жылы облыстың мемлекеттік мұрағаттары 18 көрме, бұқаралық ақпарат құралдарында 113 жарияланым мен жолдаулар ұйымдастырды, мұрағаттардың оқу залдары арқылы 715 зерттеушіге қызмет көрсетілді, 56587 әлеуметтік-құқықтық және 2551 тақырыптық сипаттағы өтініштер орындалды.

Ретроспективтік құжаттық ақпаратты мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың мүддесінде қолдану мәтіндерді жариялау, оқу залдарында қажетті ақпаратты ұсыну, істерді уақытша қолдануға беру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау түрінде жүзеге асырылады. Соңғы жылдары оқу залдарында жұмыс істеу үшін облыстық мемлекеттік мұрағаттардың мұрағат қоймаларынан құжаттар мен тізімдемелердің 20000 сақтау бірлігі берілді. Облыстық мұрағат мекемелерінің қызметінде еңбек сыйымдылығы мен ауырлығының көлемі бойынша мұрағаттық анықтамаларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін және жазбаларын беру басты орындарда тұр.

Мемлекеттік мұрағаттарда бірыңғай деректер базасының және автоматтандырылған ақпараттық жүйенің жоқтығы қажетті мұрағаттық анықтама алу бойынша мемлекет өтініштерінің, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерінің уақтылы және сапалы қамтамасыз етілуіне жағымсыз әсерін тигізеді. Облыстың көпшілік мұрағат мекемелерінің барлығында дерлік құжаттарды заманауи жеткізушілерге ауыстыру және Ұлттық мұрағат қорының аса құнды бөлімі құжаттарының түпнұсқалары бүлініп немесе жоғалу жағдайына сақтандыру көшірмелерін жасау жүзеге асырылмайды.

Ведомстволық сақтау сатысында жұмыскерлердің жұмыс өтілін және олардың зейнетақылық қамтамасыздығына ақша аудару жөніндегі мәліметтерді растайтын құжаттардың сақталуының қамтамасыз етілмегендігі мұрағат мекемелеріне келіп түскен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініштердің 20 % астамының орындалмауына әкеліп соқты. Сонымен қатар, 40 % астам мемлекеттік органдардың құрылымдарында ведомстволық мұрағаттар жоқ. Тәуелсіздік пен егемендік кезеңіндегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың жоғалуының алдын алу - барлық меншік түріндегі ұйымдардың заңнаманы сақтауына бақылауды күшейтуді қажет етеді.

Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісінің және құжаттама жүйесінің қазіргі кездегі ахуалына жоғарыда жасалған талдау көрсеткендей Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясына сәйкес мұрағат ісінің және құжаттама жүйесінің үлгісін жетілдіру бойынша жоспарлы шаралар кешенін қабылдау қажеттілігі туындайды.. Мұрағат ісінің дамуындағы оң беталыстармен қатар, аталған салада мынадай ағымдағы және ықтимал проблемалар бар:

  1. өңірдің мұрағат ісі саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жоқтығы;

2) құжаттарды сақтау саласында әртүрлі дәрежедегі және меншік түріндегі

мекемелермен жұмысты үйлестірудегі жетіспеушіліктер;

3) нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуінен, мұрағат ісі саласында білікті

мамандардың тапшылығынан, құжаттарды сақтау саласы және мұрағат мекемелері жұмысының кемшілігінен көрініс тапқан мұрағат саласы инфрақұрылымының даму деңгейінің төмендігі;

4) мемлекеттік мұрағаттарда сақталудағы құжаттама көлемінің ұдайы өсуі мен

мұрағат қоймалары алаңының сәйкес келмеуі;

5) Қазақстан халқының құжаттық мұрасын зерттеу, дамыту және таныстырып

тарату деңгейінің төмендігі;

6) азаматтардың мұрағат ақпараттарына қол жетімділігін кеңейту қажеттілігі;

7) құжаттама және басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтері мен

технологияларын құру, ұйымдастыруды ресімдеу, бірегейлендіру және стандарттаудың жалпы мемлекеттік деңгейде бірыңғай қағидаларының жоқтығы;

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатына 1 млн. сақтау бірлігіне арналған арнайы мамандырылған ғимараттың құрылысы қажет.

Белгіленген мәселелердің шешімі облыста мұрағат ісі мен құжаттама жүйесінің үздік моделін құруға және мұрағат саласының тиімді қызмет атқаруына мүмкіндік бермек.


^ 3. Шығыс Қазақастан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері


Атауы

Өлш.

бір.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл

(есеп)

2009 жыл

(жоспар)

2010

жыл

2011

жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1 -стратегиялық бағыт. Шығыс Қазақстан облысы мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету.



^ 1.1.- мақсат. Ұлттық мұрағат қорының ресурстарына тұрғындардың қол жетімділігін кеңейту.

Мемлекет-тік мұрағаттар-дың қызметін пайдалана-тын адамдар саны

мың адам


57


60


70


75


80


90


100

^ 1.1.1.- міндет: Мұрағат саласындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру


Мұрағат саласында кәсіби кадрлар-мен қамтама-сыздық деңгейі


%



10


15


20


30


50


50


60

^ 1.1.2. –міндет: Ұлттық мұрағат қорының мазмұны мен құрамының сақталуын және толығуын қамтамасыз ету


Қағаз негізде қалпына келтірілген істердің саны


С.б./

бет



1000/

10000




2000/

15000




2500/

25000




2800/

30000




3000/

35000




3000/

35000




3000/

35000



Қағаз негізде аса құнды істердің анықталған саны


С.б.


1000


1200


1400


1600


1800


2000


2200

^ 1.1.3.- міндет: Мұрағат саласында бірыңғай ақпарттық жүйе құру

Мұрағат қорының сандық форматқа ауыстырыл-ған үлесі


%



1


2


4


6


9


15


20


^ 1.2.- мақсат. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын түсіндіріп тарату


Қызмет көрсету сапасына қанағаттанған тұтынушы-лар үлесі

%


60

65

70

75

80

80

80

Мұрағатт-ық ақпаратпен қолданушы-лардың қанағаттан-дырылған сұраныстар-ының үлесі

%


80

85

90

90

95

95

100

Тарихи аспектілер бойынша шығарыла-тын басылым-дар атауларын-ың саны

бірл.


3

3

3

3

4

4

5

^ 1.2.1. –міндет: Ретроспективтік ақпаратқа қажеттілік өсімін ынталандыру

Мұрағат-

тық ақпарат қолданушы-лардың қанағаттан-дырылған сұраныста-рының үлесі


%



70


80


80


90


100


100


100


^ Мемлекеттік органның даму мақсаттарының

мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына сәйкестігі


^ Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттыры мен мақсаттары

Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыратын мемлекеттік органның бағыттары

^ Нормативтік құқықтық актінің, стратегиялық құжаттың атауы

1.1 Ұлттық мұрағат қорының ресурстарына тұрғындардың қол жетімділігін кеңейту.

«Ұлттық мұрағат қоры қоғам мен мемлекеттің қажеттерін қанағаттандыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға қызмет етеді».

«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының

Заңы.

1.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын түсіндіріп тарату.

«Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар мен олардың филиалдарында сақталатын, пайдалану үшін ашылған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын тегін пайдалануға құқығы бар».

«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының

Заңы.


^ 4. Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қауіптері


Басқарманың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту үшін басқарманың кадрлық құрамының кәсіби дәрежесін нығайту және арттыру бойынша шаралар қолданылады. Жұмыскерлер қызметінің тиімділігі мен сапасына рейтингтік бағалау жүргізу арқылы Басқарманың кадрлық құрамының деңгейін көтеру және нығайту бойынша шаралар қолданылуда.

Басқарманың Интернет желісіне қатынау мүмкіндігі бар және электрондық құжатайналымы жүргізіледі.

^ Сектораралық өзара әрекеттестік


Басқарманың таңдаған стратегиялық мақсаттарға табысты қол жеткізуі, көп жағдайда, басқа мүдделі тараптармен өзара үйлесімді әрекеттестігіне тәуелді.



^ Мұрағат саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру


Мұрағаттар және құжаттама басқармасының стратегиялық жоспарының іс-шаралары

Қоса орындаушы мемлекеттік органдар


^ Салааралық өзара әрекеттестік

іс- шаралары


- Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының ресурстарына тұрғындардың қол жетімділігін кеңейту.


- Мұрағат саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру.


Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу жүргізу бөлімі


Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы


Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы


Облыстың мұрағат мекемелерінің электрондық қызмет ұсынуы, Ұлттық мұрағат қорының кезеңмен сандық форматқа ауысуы.


Мұрағат саласы қызметкерлерінің еңбек ақысын көтеру.


Мұрағат саласы мамандықтары бойынша жоғары білімі бар мамандар даярлау үшін мемлекеттік білім гранттарын бөлу.



Басқарма өз қызметі барысында бірқатар қауіптерге тап болуы мүмкін. Қауіптердің түрі мен туындау көздеріне байланысты және оларды тұрақтандыру үшін стандарттық және жағдаяттық арнайы шаралар іске асырылады. Төменде негізігі қауіптердің тізбесі келтіріледі.


^ Ықтимал қауіптер және оларды жою жолдары


Қауіптің атауы

Уақытында ден қою шараларын қолданбау жағдайында қауіптердің жағымсыз әсері


^ Басқару шаралары мен механизмдері

Жергілікті атқарушы органдардың мұрағат қызметі саласындағы жұмысының тиімсіздігі.


Бейінді мекемелер қызметін үйлестіру төмендігі.

Облыстың қалалары мен аудандары әкімдерімен Меморандумдарға қол қою.

Жергілікті атқарушы органдардан кадрлардың кетуі.

Қызмет көрсету сапасы дәрежесінің жеткіліксіздігі.

Мансаптық өсу механизмі мен қызметкерлердің мотивациясын құру (оның ішінде материалдық).

Кәсіби кадрлар даярлау аясында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасымен тиімді сектораралық өзара қарым-қатынас.


^ 5. Нормативтік құқықтық актілер


Басқарманың Стратегиялық жоспарын әзірлеуде қолданылған бағдарламалық және басқа нормативтік құқықтық актілердің тізімі:

  1. Казақстан Республикасының Конституциясы;

  2. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі;

  3. «Тарихи мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан

Республикасының Заңы;

  1. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының

Заңы;

  1. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  2. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  3. «Казақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Казақстан

Республикасның Заңы;

  1. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру

жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы;

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және

олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы;

  1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы;

  1. «Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 қаулысы;

  1. «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі

тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысы;

  1. «Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту

туралы» 2008 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 544 қаулысы;

  1. «2008 жылдың бюджеті туралы» нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік

тіркеу тізілімінде № 2464 тіркелген 2007 жылғы 14 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 3/28-ІV шешімі;

  1. «2008-2010 жылдардағы облыстық бюджет пен облыстың қалалары мен

аудандары бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер туралы» 2007 жылғы

14 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 3/29-ІV шешімі;

  1. «2010-2012 жылдардағы облыстық бюджет туралы» нормативтік-құқықтық

актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2521 тіркелген 2009 жылғы 21 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 17/222-ІV шешімі;

  1. 2008 жылғы 25 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 11

отырысында мақұлданған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарын дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар;

  1. 2007 жылғы 3 тамызда Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама

басқармасының бастығы бекіткен 2007-2010 жылдарда «Шығыс Қазақстан облысының электрондық мұрағаттары» ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша іс-шаралар жоспары.


^ 6. Бюджеттік бағдарламалар


Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі


«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Бюджеттік бағдарлама


(кіші бағдарламалар)


 259 001  «Жергілікті деңгейде мұрағат ісін басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер».

 259 006 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру».


Сипаттамасы

Мемлекет дамуының жаңа тарихи кезеңінің талаптары мен болмысына жауап беретін құжаттама жүйелерін және мұрағат ісі үлгілерінің дамуы мен ары қарай жетілуіне қалыпты жағдай құру, облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталып жатқан Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрылу механизмін жетілдіру.


Стратегиялық бағыт

1. Шығыс Қазақстан облысы мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету.


Мақсат

1.1. - мақсат. Ұлттық мұрағат қорының ресурстарына тұрғындардың қол жетімділігін кеңейту.

1.2. - мақсат. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын түсіндіріп тарату.


Міндеттер

1.1.1.- міндет: Мұрағат саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру.

1.1.2.- міндет: Ұлттық мұрағат қорының мазмұны мен құрамының сақталуын және толығуын қамтамасыз ету.

1.1.3. міндет: Мұрағат саласында бірыңғай ақпараттық жүйе құру.

1.2.1. міндет: Ретроспективтік ақпаратқа қажеттілік өсімін ынталандыру.

Көрсеткіштер





Көрсеткіш атауы

Өлш. бірл.

Есепті кезең


Жоспарлы кезең

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

Сан көрсеткіштері

Мемлекеттік мұрағаттар саны

мұр.



18



18



18



18



18



Нәтиже көрсеткіштері

Мұрағаттық ақпаратпен қолданушылар-дың қанағаттанды-рылған сұраныстар үлесі

%


80

85

90

90

95

Бағдарламаны іске асыруға жұмсалған шығындар

259001

Жергілікті деңгейде мұрағат ісін басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер


259006

Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру



Мың.

теңге

15877,2


564,3

18346


180

22988


-

26342


-

29324


-




Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Бюджеттік бағдарлама


 259 002 «Мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету».

Сипаттамасы

Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру және оны қоғам мүддесіне пайдалану.

Стратегиялық бағыт

1. Шығыс Қазақстан облысы мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету.

Мақсат

1.1. -мақсат. Ұлттық мұрағат қорының ресурстарына тұрғындардың қол жетімділігін кеңейту.

1.2. -мақсат. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын түсіндіріп тарату.

Міндеттер

1.1.1. –міндет: Мұрағат саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру.

1.1.2. –міндет: Ұлттық мұрағат қорының мазмұны мен құрамының сақталуын және толығуын қамтамасыз ету.

1.1.3. міндет: Мұрағат саласында ақпараттық бірыңғай жүйе құру.

1.2.1. міндет: Ретроспективтік ақпаратқа қажеттілік өсімін ынталандыру.

Көрсеткіштер





Көрсеткіш атауы

Өлш. бірл..

Есепті кезең


Жоспарлы кезең

2008 жыл

2009 жыл

2010

жыл

2011

жыл

2012

жыл

Сан көрсеткіштері

Облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталудағы Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының және жеке құрам бойынша құжаттардың көлемі


Мұрағаттық ақпаратпен қолданушылар-дың қанағаттанды-рылған сұраныстар үлесі


Жаңа ақпараттық технологияларды

қолдану үшін материалдық-техникалық базаны нығайту, оның ішінде темір сөрелерді орнату

Мың с.б.


%


дана


п.м.

2184


90


22


4224

2215


90


28


4368

2540


90


30


5000

2580


90


30


5000

2620


100


30


5000

Нәтиже көрсеткіштері

Қызмет көрсету сапасына қанағаттанған тұтынушылар үлесі

%


60

65

70

75

80

Бағдарламаны іске асыруға жұмсалған шығындар

Мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету

Мың.

теңге

188121,9

193169,8

222796

255420

284198

Бағдарламаны іске асыру шығындары-ның жинағы


001


006


002


Барлығы

1. Жергілікті деңгейде мұрағат ісін басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер


2. Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру


3. Мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету

Мың.

теңге


15877,2


564,3


188121,9


204563,4


18346


180


193169,8


211695,8


22988


-


222796


245784


26342


-


255420


281762


29324


-


284198


313522




Шығыс Қазақстан облысының

мұрағаттар және құжаттама

басқармасының бастығы А. Әубәкіров





Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы icon2010-2014 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы icon2011-2015 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы icon2011-2015 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы icon«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2521 шешіміне...
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылуға жататын қаулыларының тізбесі
«Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған...
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы icon«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы 10-2/106-и келісімін...
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы icon«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2125 шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия...
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы icon«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы

«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы icon«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы
«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №17/222-iv,...
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы icon«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы
«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №17/222-iv,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы