«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы icon

«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы

Название«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Дата конвертации14.01.2013
Размер98.77 Kb.
ТипДокументы
источник

«Бекітемін»

Шығыс Қазақстан облысы

әкімі аппаратының басшысы

________________ Н. Шерубаев

2010 жылғы «_____» ___________

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының

заң бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Заң бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлім туралы Ережені аппарат басшысы бекітеді.

^ 2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциясы және құқығы

4. Бөлімнің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) облыс әкімдігі, әкімі және аппарат қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

2) облыс әкімдігі мен әкімі актілерін қолдану тәжірибесін қорыту;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қолдану жөнінде түсiндiру жұмыстарын жүргізу, аппаратта жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

4) басшылықтың тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын және облыс әкімдігі, әкімі, аппараттың заңгерлік сипаттағы басқа да құжаттарын әзірлеуге қатысу.

5. Бөлім алға қойған міндеттеріне, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) басшылықтың тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын дайындауға қатысу;

2) облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша құжаттар дайындау;

3) облыс әкімдігі, әкімі актілерінің жобалары бойынша сараптаманы жүзеге асыру;

4) облыс әкімдігі, әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу. Оның нәтижелері бойынша облыс әкіміне, аппарат басшысына талдау ақпараттарын, осының ішінде норма жасау қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

5) сотта белгіленген тәртіппен облыс әкімдігі, әкімінің, аппараттың мүдделерін білдіру;

6) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша прокурорлық ден қою актілерін қарау;

7) өз құзыреті шегінде аппараттың басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, облыс әкімдігімен, облыстың мемлекеттік органдарымен іс-қимыл жасау;

6. Бөлім өзінің негізгі міндеттерін іске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік органдардың кез келген, осының ішінде құпия, ақпараттық дерек қорларын пайдалануға;

2) облыстың қала және аудан әкімдері аппараттарында, қала және аудан әкімдіктерінде, мемлекеттік органдарында облыс әкімі, оның орынбасарлары мен аппарат басшысының актілерінің және тапсырмаларының орындалуына кешенді тексерулерді ұйымдастыру және оларға қатысуға;

3) аппарат басшысының келісімі бойынша құқықтық мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу үшін аппараттың басқа да құрылымдық бөлімшелерінің, облыс басқармаларының қызметкерлерін тартуға;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

^ 3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру,

оның лауазымды тұлғаларының өкілеттігі

7. Бөлімді аппарат басшысының ұсынысы бойынша облыс әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын меңгеруші басқарады.

8. Бөлім меңгерушісі аппарат басшысының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.

9. Бөлім меңгерушісі:

1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді;

2) Бөлімнің әрбір қызметкерінің міндеттері мен лауазымдық өкілеттігін анықтайды;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Бекітемін»

Шығыс Қазақстан облысы

әкімі аппаратының басшысы

________________ Н. Шерубаев

2010 жылғы «_____» ___________

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты

заң бөлімі қызметкерлерінің

лауазымдық міндеттері

Заң бөлімінің меңгерушісі М.С. Попова

облыс әкімі аппараты басшысының тікелей басшылығымен жұмыс істейді;

бөлімнің жұмысына басшылықты жүзеге асырады;

бөлімнің жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді;

облыс әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді;

облыс әкімдігінің және облыс әкімі аппаратының іс–шараларына ұсыныстар енгізеді;

бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын енгізеді;

облыс әкімдігінің отырыстарында, облыс активтерінде қарау үшін облыс әкімдігі қаулыларының, әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеуге, бөлім жүйесі бойынша мәселелерді дайындауды ұйымдастыруға қатысады;

облыс әкімдігі қаулыларына, әкімінің шешімдері мен өкімдеріне прокурорлық ден қою актілерін қарауды қамтамасыз етеді, оларды талдауды және мониторингін қамтамасыз етеді;

әкім мен әкімдік актілері жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді;

қалалар мен аудандар әкімдерінің заңға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілерін жою туралы облыс әкіміне ұсыныстар енгізеді;

облыс әкіміне және оның орынбасарларына құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді;

бөлім қызметкерлерін ұсыну, ынталандыру және жазалау, оларға кезекті демалыс беру және оларды қызметтік іссапарларға жіберу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

заңды және жеке тұлғалардың талап арызы бойынша сотта, сондай –ақ басқа да ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде облыс әкімдігінің, әкімінің, әкімі аппаратының мүддесін көздейді;

бөлімдегі істер номенклатурасының жүргізілуін, бөлім қызметкерлерінің құпиялылық тәртібін сақтауын қадағалайды;

мемлекеттік тіркеуге жіберілетін нормативтік құқықтық актілердің барлық парақтарына қол қоюды жүргізеді;

мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерге анықтама- негіздемелерге қол қояды;

нормативтік құқықтық актілер мониторингінің Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте тұрақты негізде жүргізілуін үйлестіреді;

облыс әкімінің аппаратына түсетін нормативтік құқықтық актілердің жүйелендірілген есепке алынуына және сақталуына бақылау жасайды;

жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыруға бақылау жасайды.

Бөлім меңгерушісі жоқ болған кезде оның міндеттерін басшылықтың келісімі бойынша бөлім қызметкерлерінің бірі орындайды.

^ Бас маман-заңгер Г.М. Нұрашева

Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасын, Президенті мен Үкіметінің актілерін оқып-үйренеді, облыс әкімі аппаратының қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді;

қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

әкімдіктің жетекшілік етілетін бөлімшелері облыс әкіміне қол қоюға ұсынатын әкімдік пен әкімнің актілері жобаларының құқықтық сараптамасын жүзеге асырады, олардың барлық парақтарына қол қоюды жүргізеді;

әкімдіктің және әкімнің актілерінің жобаларын дайындауға қатысады;

прокурорлық ден қою актілерін қарауға қатысады;

әкімдік және әкім актілерінің әділет органдарына мемлекетттік тіркеуге жіберілу қажеттілігін анықтайды;

әкімнің, әкімнің орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша құжаттарды әзірлейді;

жергілікті жерлерде әкімдерге жетекшілік ететін салалардағы құқықтық мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсетумен айналысады;

жергілікті жерлерде әкімдер аппараттарының заңгерлерімен кеңес беру жұмысын жүргізеді;

жетекшілік ететін атқарушы органдардағы заңгерлік жұмысқа әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, заң қызметтерінің жұмыс тәжірибесімен алмасуын ұйымдастырады, құқықтық мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар өткізуге қатысады;

заңды және жеке тұлғалардың талап арыздары бойынша сотта, отырыстарда облыс әкімдігінің, әкімінің, әкімі аппаратының мүддесін білдіреді;

басшылықтың тапсырмасы бойынша азаматтардың, заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын қарайды және орындайды;

құқықтық мәселелер бойынша мынадай облыстық атқарушы органдарымен:

облыс әкімі аппараты;

экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы;

қаржы басқармасы;

мұрағат және құжаттама басқармасы;

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы;

денсаулық сақтау басқармасы;

тілдерді дамыту басқармасы;

ішкі істер департаментімен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді.

Бөлімнің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша әділет органдарымен хат-хабар алмасу жөніндегі істер номенклатурасын жүргізеді.

^ Бас маман-заңгер М.Е. Курилова

Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасын, Президенті мен Үкіметінің актілерін оқып-үйренеді, облыс әкімі аппаратының қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді;

қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

әкімдіктің жетекшілік етілетін бөлімшелері облыс әкіміне қол қоюға ұсынатын әкімдік пен әкім актілері жобаларының құқықтық сараптамасын жүзеге асырады, олардың барлық парақтарына қол қоюды жүргізеді;

әкімдіктің және әкімнің актілерінің жобаларын дайындауға қатысады;

прокурорлық ден қою актілерін қарауға қатысады;

әкімдік және әкім актілерінің әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу қажеттілігін анықтайды;

әкімнің, әкімнің орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша құжаттарды әзірлейді;

жергілікті жерлерде әкімдерге жетекшілік ететін салалардағы құқықтық мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсетумен айналысады;

жергілікті жерлерде әкімдер аппараттарының заңгерлеріне кеңес беру жұмысын жүргізеді;

жетекшілік ететін атқарушы органдардағы заңгерлік жұмысқа әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, осы жұмыстың жағдайын тексереді, заң қызметтерінің жұмыс тәжірибесімен алмасуын ұйымдастырады, құқықтық мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар өткізуге қатысады;

облыстың жергілікті атқарушы органдары, қалалар мен аудандар әкімдері қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын тексереді;

заңды және жеке тұлғалардың талап арыздары бойынша сотта, отырыстарда облыс әкімдігінің, әкімінің, әкім аппаратының мүддесін білдіреді;

басшылықтың тапсырмасы бойынша азаматтардың, заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын қарайды және орындайды.

құқықтық мәселелер бойынша мынадай облыстық атқарушы органдарымен:

жер қатынастары басқармасы;

ауыл шаруашылығы басқармасы;

табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы;

кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы;

туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы;

мәдениет басқармасы;

ішкі саясат басқармасымен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді.

Бөлім қызметкерлерінің жұмысқа шығуын есепке алу табелін жасайды.

Оларды одан әрі мұрағатқа тапсыруға дайындап, бөлімнің істер номенклатурасын, жинақталатын материалдарды жүргізеді.

^ Бас маман-заңгер А.М. Ауғанбаев

Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасын, Президенті мен Үкіметінің актілерін оқып-үйренеді, облыс әкімі аппаратының қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді;

қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

әкімдіктің жетекшілік етілетін бөлімшелері облыс әкіміне қол қоюға ұсынатын әкімдік пен әкім актілері жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асырады, олардың барлық парақтарына қол қоюды жүргізеді;

әкімдіктің және әкімнің актілерінің жобаларын дайындауға қатысады;

прокурорлық ден қою актілерін қарауға қатысады;

әкімдік және әкім актілерінің әділет органдарына мемлекетттік тіркеуге жіберілу қажеттілігін анықтайды;

әкімнің, әкімнің орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша құжаттар әзірлейді;

жергілікті жерлерде әкімдерге жетекшілік ететін салалардағы құқықтық мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсетумен айналысады;

жергілікті жерлерде әкімдер аппараттарының заңгерлеріне кеңес беру жұмысын жүргізеді;

жетекшілік ететін атқарушы органдардағы заңгерлік жұмысқа әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, осы жұмыстың жағдайын тексереді, заң қызметтерінің жұмыс тәжірибесімен алмасуын ұйымдастырады, құқықтық мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар өткізуге қатысады;

облыстың жергілікті атқарушы органдары, қалалар мен аудандар әкімдері қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын тексереді;

заңды және жеке тұлғалардың талап арыздары бойынша сотта, отырыстарда облыс әкімдігінің, әкімінің, әкім аппаратының мүддесін білдіреді;

басшылықтың тапсырмасы бойынша азаматтардың, заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын қарайды және орындайды;

құқықтық мәселелер бойынша мынадай облыстық атқарушы органдарымен:

құрылыс басқармасы;

жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;

ШҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы;

сәулет және қала құрылысы басқармасы;

энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы;

жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және мен жоюды ұйымдастыру басқармасы;

білім басқармасымен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді.

Нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізуді, тіркелім толтыруды, мониторинг бойынша есептер жасауды жүзеге асырады.

Қала және аудан әкімдерінің норма жасау қызметіне талдауды жүзеге асырады.

Заң бөлімі қызметкерлерінің кезекті еңбек демалысында болуы уақытында, уақытша еңбекке жарамсыздығы және өзге де заңды негіздер бойынша жұмыста болмауы кезінде лауазымдық міндеттер бөлім меңгерушісінің ұйғарымы бойынша заң бөлімінің басқа қызметкерлері арасында өзара бөлініседі.

Облыс әкімі аппараты

заң бөлімінің меңгерушісі М. Попова

Похожие:

«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Облыс әкімі аппаратының кадрлық жұмыс және награда бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық...
«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім туралы
«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы аппаратының (бұдан әрі Аппарат) құрылымдық бөлімшесі...
«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconСкбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті ШҚО әкімінің сайтында келесі ақпаратты орналастыруды сұрайды
«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық...

«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық...
«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің 2012 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы