Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат icon

Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат



НазваниеШығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат
Дата конвертации13.01.2013
Размер90.85 Kb.
ТипДокументы
источник


Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат.

Басқарма құрамына 4 бөлім кіреді: әкімшілік жұмыстар бөлімі; азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру бөлімі; аумақтық қорғаныс бөлімі; жұмылдыру дайындық бөлімі (соңғы 2 бөлім мемлекеттік құпиялары бар құжаттармен толық жұмыс істейді).

Азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру бөлімімен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат:

Азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру бөлімі (одан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды мен жоюды ұйымдастыру басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі және Басқарма Ережесіне сәйкес міндеттерді, функцияларды және өкілеттікті орындау үшін тағайындалған.

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Басқарма бастығының бұйрықтары мен өкімдерін және өзге де нормативтік актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады;

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • жергілікті атқарушы органдардың Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын ұйымдастыруды үйлестіру және бақылау;

  • өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын үйлестіру және бақылау;

  • облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің (бұдан әрі – ұйымдардың) «Азаматтық қорғаныс туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтауды және орындауды ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;

  • жергілікті атқарушы органдардың Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, күштерi мен құралдарын әзiрлеудi және дайындық жағдайында ұстауды, олардың жеке құрамымен жасақталуын, қажеттi техникамен, арнаулы жабдықпен, авариялық-құтқару өзге де кезек күттірмейтiн жұмыстар жүргiзуге арналған құралдармен жарақтандырылуын қамтамасыз етуді үйлестіреді және бақылайды;

  • жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралардың қаржыландырылуын ұйымдастырады;

  • қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолданған және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда облыс тұрғындарының тіршілік әрекетін бірінші кезекте қамтамасыз етуге кепілдік беретін облыс әкімдігі резервінің материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық өзге де ресурстарын, азаматтық қорғаныс мүліктерінің жергілікті қорларын облыстық мәслихат шешімі бойынша бөлінген қаражат шегінде құрады және пайдаланады;

  • жергілікті атқарушы органдардың көшіру іс-шараларын қамтамасыз ету бойынша кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуін үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады;

  • жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты аумақта орналасқан ұйымдардың Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындалуының ұйымдастыруын үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады;

  • бекітілген бюджеттік тағайындауларға сәйкес бөлінген ақшалай қаражат шегінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді;

  • жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою кезінде күші бар заңнамаға сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын өтеулі шарттарда тартуға қатысады;

  • жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындауды бақылайды;

  • жергілікті атқарушы органдардың өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен тұрғындар мен жұмысшыларды әлеуметтік қорғауды, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген залалды өтеуді, медициналық қызмет көрсетуді, төтенше жағдайлар аймағында тұру және жұмыс атқаруы үшін өтемақы мен жеңілдіктердің берілуін қамтамасыз етуді бақылайды.

ШҚО аумағында 2010-2011 жылдардың қысқы мерзімі мол қардың жаууынан және ұзаққа созылған төмен температураның салдарынан қатал климаттық жағдай да өтті. Шығыс Қазақстан Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметі бойынша облыстың көптеген аумақтарында қардың запастары жылдық орташа мөлшерінен 2-3 есеге, ал өзге аудандарда 6 есеге артты. Облыс аумағында 2011 жылғы желтоқсан айынан бастап орнаған және минус 40-45º дейін жеткен қатты ұзаққа созылған аяз облыс өзендерінде айтарлықтай мұз қабаты пайда болуына әкелді.

Су тасқыны қауіпті кезеңіне алдын ала дайындық мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаев 2011 жылғы 18 қаңтарда көктем кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету бойынша алдын алатын іс-шаралар кешенін өткізу мәселесі жөнінде мәжіліс өткізді.

Облыстың барлық аумағында көктем мезгілінде қатты су тасқыны жағдайының туындау қатері ескеріліп, Шығыс Қазақстан облысы аумағында су тасқынына қарсы 2011 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту бойынша облыс әкімдігінің 2011 жылғы 4 ақпандағы № 12 қаулысы қабылданды.

Жергілікті атқарушы органдар қолда бар күштер мен мүмкіндіктер шегінде ықтимал су тасқынын алдын алу және елді мекендер мен өмірлік маңызды инженерлік құрылыстарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қажетті алдын алу шараларын қабылдады. Қалалар мен аудандар әкімдері тікұшақтарды пайдалану бойынша қызметтер көрсетуге, сондай-ақ, жарылыс жұмыстармен айналысатын ұйымдармен шарт жасасты.

«Жұмыс тобын құру туралы» облыс әкімінің 2011 жылғы 1 ақпандағы №1-05-ө өкімі негізінде облыстық басқармалар басшыларының басшылық етуімен мамандардан жұмыс топтары құрылды, олар су шаруашылығы объектілердің жай-күйіне және көктем мерзімінде төтенше жағдайлар туындайтын әлеуетті-қауіпті жерлерге тексеру жүргізді. Тексерулердің нәтижесінде су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қызметтеріне талдау жасалды және айқындалған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар берілді. Елді мекендерді су басуды болдырмау мақсатында су тасқынына қарсы жұмыстарға барлық әкімдіктер мен төтенше жағдайлар қызметтері тартылды. Облыс әкімінің резервінен елді мекендерді су басу қатерін жою үшін Тарбағатай ауданына қосымша 20 млн. теңге және Көкпекті ауданына 2 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Мәслихат сессиясының 2011 жылғы 11 наурыздағы № 27/336-4 шешімімен облыстық бюджеттен Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында Көктерек өзенінің арнасын реттеуге 12,7 млн. теңге бөлінді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 51 қаулысына сәйкес ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жанында коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша функцияларды қамтамасыз ету үшін «Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

Қабылдаған шаралар нәтижесінде елді мекендерді су басуды және материалдық зардаптарды болдырмау жағдайы туындады.

Шығыс Қазақстан облысында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі облыс әкімнің 2011 жылғы 3 мамырдағы мәжілісіндегі № 1/2055 тапсырмаларына сәйкес бірнеше іс-шаралар жүргізілді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовқа облыста қазіргі заманға сай төрт сандық сейсмикалық станция салуға және Өскемен қаласында жиі қозғалыстың 10 пунктін орнатуға тиісті министрліктер арқылы 290 млн. теңге бөлу мәселесі жөнінде облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың қолы қойылған хаттар жолданды. «АЕS Өскемен СЭС» ЖШС, «АЕS Шүлбі СЭС» ЖШС және «АЕS Бұқтырма СЭС» ЖШС басшыларына сейсмикалық жағдайды бақылау үшін сейсмологиялық мониторингті үзбей жүргізуді және күшті сейсмикалық құбылыстарды туындататын су жүйелерін пайдаланудан техногендік генезисті жер сілкінісінің пайда болу үрдістерін айқындау үшін су қоймасы айналасына сейсмикалық станцияларды ұйымдастыруға ұсыныстар жолданды. Сейсмикалығы жоғары аймақтарға жататын қалалар мен аудандарда ағымдағы жылғы 15 шілдеден бастап сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Ағымдағы жылғы 20-30 маусым аралығында облыс аумағында 2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен су тасқыны қауіпті кезеңінің зардаптарын жоюға бөлінген қаражаттың қолданылуын бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің инспекторлар тобы жұмыс атқарды. Жұмыстың нәтижесі бойынша аталған қаражатты нысаналы пайдалану туралы актісі жасалды.

Облыс аумағында өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғарыш мониторингі жүйесі арқылы орман және дала өрттерінің ошақтарына тұрақты бақылау мен мониторинг орнатылды. Ағымдағы жылы ұзаққа созылған жауынсыз ауа райына байланысты көптеген дала және облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттері туындады. 2011 жылғы 12 қыркүйекте Күршім ауданында жалпы ауданы 700 га, оның ішінде 200 га орман алқабында ірі табиғи өрттер орын алды. 2011 жылғы 20 қыркүйекте Риддер орман шаруашылығы аумағында жалпы ауданы 282 га, оның ішінде 259 га орман алқабында өрт шықты. Тишин және Лесхоз кентінің төтенше жағдай аймағынан 260 астам адам көшірілді, өрттің нәтижесінде үш тұрғын үй өртенді және қуаты 6 кВ, ұзындығы 8 шақырым электр таратқыш желісі толықтай істен шықты. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін көзделген облыс әкімінің төтенше резервінен аталған объектілерді қалпына келтіруге 40 млн. теңге бөлінді. 2011 жылғы 13 наурыз және 5 маусымда дауылды желдің нәтижесінде Үржар ауданында 12 мектептің шатыры, 1 дәрігерлік амбулатория және 4 көпір қирады. Осы объектілерді қалпына келтіруге облыс әкімінің резервінен 37 млн. 874 мың 400 теңге бөлінді. 2011 жылғы 13 тамызда Күршім ауданында аусыл ауруының ошағы анықталды, оның салдарынан 648 ірі қара және ұсақ қара мал қырылды. Аусыл ауруының ошағын жою іс-шараларын жүргізу үшін облыс әкімінің резервінен 2 млн. 371 мың теңге бөлінді. Аягөз ауданында 2011 жылы 1-8 тамыз аралығында орын алған жылдамдығы 34 м/с дейін жеткен қатты желдің нәтижесінде 4 әлеуметтік объетінің шатыры қирады. Объектілердің шатырын қалпына келтіру үшін облыс әкімінің резервінен 14 млн 427 мың 600 теңге бөлінді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жедел тобы Шымкент қаласында өткен Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысты. Оқу-жаттығудың барысында Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ықтимал қиратушы жер сілкінісінің зардаптарын жою үшін облыстың құрамаларын жіберу жөніндегі іс-шаралар пысықталды. Оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божконың оң бағасын алған облыс әкімінің жылжымалы басқару пункті барды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің операциялық жоспарына сәйкес 2011 жылғы 15-16 қараша аралығында облыстың басқару органдары «Қыс кезеңі жағдайында төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде құтқару және өзге де күттірмейтін жұмыстарды дайындау мен жүргізу» тақырыбы бойынша «Қыс-2011» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысты. Оқу-жаттығуда басқару органдарының, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың, АҚ және ТЖ қызметтері басшыларының алдына қойған міндеттер толықтай атқарылды.

2011 жылғы 29 қарашада Глубокое ауданының Секисовка ауылында «Секисовское» тау-кен кәсіпорны ЕЖШС, «Алтай Кен-Байыту» ЖШС қалдықтар сақтайтын қоймада техногендік сипаттағы төтенше жағдай орын алды, № 3 тазарту секциясына (қалдықтар сақтайтын қойма) өндірістік сынақ жүргізген кезде сүзiлуге қарсы экран жарылып кетті, соның салдарынан технологиялық судың дренажы басталып, аварияға қарсы бөгеттерді бұзды. Ластанған су төңірек бойымен Волчевка мен Секисовка өзендеріне құйылды. Авариялық жағдай туралы ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар кідірмей әрекет етті. Авария болған жерде жедел штаб құрылып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техногендік аварияның салдарын жою жөніндегі іс-шаралар белгіленді.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өткізген тексеру нәтижесі бойынша аварияның туындау себептері туралы акті жасады. Ертіс экология департаменті қоршаған ортаға тигізген зардабы жөнінде қорытынды дайындады. «Секисовское» тау-кен кәсіпорны ЕЖШС және «Алтай Кен-Байыту» ЖШС Волчевка бұлағының, Секисовка, Кіші Уба, Уба өзендерінің арнасын және өзге де су айдындарын ластанудан тазарту, қоршаған ортаға, тұрғындарға, кәсіпорын мен ұйымдарға тигізген залалды өтеу бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын әзірледі және оны іске асыруда.

Ағымдағы жылғы 15 қарашада уәкілетті органдардың өкілдері Секисовка және Малоубинка ауылдарында тұрғындармен жиын өткізді. Жиында тұрғындар «Секисовское» тау-кен кәсіпорны ЕЖШС және «Алтай Кен-Байыту» ЖШС қалдықтарды сақтайтын қоймада техногендік аварияны жоюда атқарылған жұмыс және зардабын жою жөніндегі алдағы іс-шаралар туралы ақпарат алды. Тұрғындар қойған барлық сауалдарға толық жауаптар берілді.

Қазіргі уақытта Секисовка және Малоубинка ауылдарындағы барлық мемлекеттік мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар күнделікті режимде жұмыс істеуде. Улану жағдайлары жән ауыл тұрғындарынан денсаулықтың нашарлауы шағымдар тіркелмеген. Елді мекендерде әлеуметтік жағдай тұрақты.

2011 жылы Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында басшы құрамның біліктілігін арттырудың республикалық курстарда 66 адам оқудан өтті, жоспар бойынша 67, оның шінде басшы құрам 17 адам, жоспар бойынша 19. Оқу жоспарын орындау орташа 91,4% құрады.

Облыс жолдарында туындайтын шиеленіс жағдайларға дер кезінде әрекет ету мақсатында және қызметтердің жұмыстарын үйлестіру үшін 2011 жылғы 31 қазанда облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Таукебаев облыс жолдарында қолайсыз ауа райы шарттарда және төтенше жағдайларда қалалар мен аудандар әкімдерінің, АҚ және ТЖ қызметтерінің, ішкі істер департаменті мен жол ұйымдарының бөлімшелері дербес құрамның бірлескен іс-қимыл жоспарын бекітті.

Шығыс Қазақстан облысында 2011-2012 жылдары күз-қыс кезеңінде тұрғындардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін нысандардың тұрақты жұмыс істеуін, жолдарда көліктердің қозғалысын үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында «2011-2012 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын тұрақты жұмыс істеуге әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жоспары» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 252 қаулысы қабылданды.



Похожие:

Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат iconКонкурстық ҚҰжаттама газқағарлар сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу Тапсырыс берушi: Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы мм
Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының...
Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат icon2006 жылғы 15 ақпандағы №59 қаулысына 2-қосымша
«Қостанай облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы»...
Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат iconТәртіптік кеңестің мәжілісі
Аталған отырыста Ұлан ауданының мемлекеттік органдарында және Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және...
Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат iconЖұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылдың i-тоқсанына арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы мәлімет

Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат icon2009 жылғы оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің № қаулысымен бекітілді
ОҢТҮстік қазақстан облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру...
Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат iconОблыстық басқармалар
ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы
Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат iconОблыстық басқармалардың ҚҰжат айналымындағЫ
ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы
Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат iconМемлекеттік тілдің Қолданылу деңгейі
ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы
Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат iconМемлекеттік тілдің Қолданылу деңгейі
ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы
Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасымен 2011 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпарат iconОблыстық басқармалардың ҚҰжат айналымындағЫ
ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы