Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан icon

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан



НазваниеШығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан
Дата конвертации13.01.2013
Размер71.4 Kb.
ТипДокументы
источник

“Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті” мемлекеттік мекемесінің 2005 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат  

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан. Ол 28,3 гектар жерді алып жатыр және 7 табиғи аймаққа орналасқан: биік таулы егіндік аймақ, альпілік-тундралық шалғындық аймақ, ормандық аймақ, ормандық далалық аймақ, далалық аймақ, шөлдік-далалық аймақ, шөлдік аймақ. Жергілікті жердің бедері әртүрлілігімен және күрделілігімен ерекшеленеді.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының аумағы 3 миллион 627 мың 554 гектарды құрайды, орман жамылғаны – 1 миллион 762 мың 580 гектар. Соның ішінде, Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры 2 миллион 187 мың 787 гектар, орман жамылған алқабы 1 миллион 132 мың 434 гектар. Аңшылық аумақтарының көлемі – 24400 мың гектар. Аңшылықты пайдаланушыларға бекітіліп берілген аң аулау алқаптарының көлемі – 24,4 миллион гектар.

Облыс гидрографикалық желісінің жақсы дамуымен сипатталады, оның қалыңдығы мен суының молдығы таулы аудандарға теңестіріледі. Облыстың өзендері Ертіс бассейніне құяды және негізінен солтүстік және солтүстік-батыс бағыттарында тиісінше жердің ылғиына қарай ағады. Өсімдіктер сүректік, бұталық және шөптесін ассоциациялардан құралған. Орманды құрайтын негізгі түрлер – майқарағай, қарағай, балқарағай, көктерек, қайың.

Облыстың аумағында сүтпен қоректенушілердің 109 түрі (Қазақстандағы түрлердің жалпы санының 61,2 пайызы), құстар – 375 (76,5 пайыз), бауырымен жорғалаушылар 17 түрі (34,7 пайыз) мекен етеді.

Орман қорын қорғау, күзету, ұдайы өндіру, ресурстық және экологиялық әлеуетін көтеру бойынша міндеттерді шешумен, оларды ұтымды пайдаланумен 01 шілдедегі штаттық саны – 1087 бірлік Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің 40 орманшылығы бар орман шаруашылығының 13 мемлекеттік мекемесі мен өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі жедел отряды айналысады. Орман шаруашылықтарының мемлекеттік мекемелерінің қызметтеріне жалпы штаттық саны 38 бірлік Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті басшылық жасауды жүзеге асырады.

Қазіргі кезде мемлекеттік мекемелер 2005 жылғы өрт қауіптілігі жоғары маусымға дайындық бойынша жұмыстарын аяқтады. Мемлекеттік мекемелердің барлығымен телефон байланысы орнатылды және саны 123 дана радиостанция тартылды, олардың: стационарлығы-38, мобильділері-32, тасымалданатыны–10.

Өрт сөндіру – химиялық станцияларында және орманшылықтарда өртке қарсы мүкәммәл бар. Мемлекеттік мекемелердің барлығында жанар-жағармайдың қоры құрылған. Ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік мекемелермен “Орман өрттерін өшірудің жедел жоспары” әзірленді және әкіммен бекітілді, ол бойынша қажет жағдайда өрттерді өшіруге 204 трактор, 131 автомобиль мен жергілікті елді мекеннен 2122 адамды тартуға болады. Орман шаруашылықтарының мекемелерімен 2005 жылға жоспарланған өртке қарсы ескертпе іс-шаралар орындалды (жыртылған жолақ салу – 395 шақырым; жыртылған жолаққа күтім жасау – 1200 шақырым; өрт сөндіруге арналған жолдар салу – 115 шақырым; өртке қарсы тақырыптарға арналған аншлагтарды орнату 430 дана; дем алу және шылым шегу орындарын жасау – 40 дана; тікұшақ қонатын алаңқайларды салу – 36 дана; жеткізулерді қабылдау және өртке қарсы мүкәммәлдің шоғырлануы – 36 дана).

Алдын алу іс-шаралары ретінде 366 рейд пен “Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігінің ережелерін” сақтау бойынша 187 тексеру жүргізілді, олардың барысында орман күзетінің қызметкерлері 375 бұзушылықты анықтады, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 375 хаттама жасалды, сомасы 447,0 мың теңгенің айыппұлы салынды. Өртке қарсы тақырыптарға арналған 340 аншлаг орнатылды. Мекемелер мен ұйымдарға “Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігінің ережелерін” сақтау бойынша 372 жазбаша өкімдер берілді.

Өртке қарсы тақырыптарға арналған 550 үнпарақ таратылды. Ұйымдар мен оқу орындарында өртке қарсы тақырыптарға арналған – 385 әңгіме, семинар, лекция жүргізілді. “Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігінің ережелерін” сақтау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 22 хабар ұйымдастырылды, олардың ішінде теледидар бойынша – 2 және газеттерде 20 мақала жарияланды.

Орман шаруашылықтары мемлекеттік мекемелерінің негізгі бағыттарының бірі - орманды заңсыз шабумен күрес болып табылады. Ағымдағы жылы осы мәселе бойынша 528 рейд пен 130 тексеру жүргізілді, оның барысында көлемі 361,2 текше метр орманды заңсыз шабудың 213 жағдайы анықталды, олар бойынша сомасы 868,9 мың теңгенің шығыны келтірілді, 60 материал сот орындарына тапсырылды, 51 іс қаралды. 116 адамға сомасы 177,8 мың теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды. Сомасы 521,5 мың теңгенің шығынын өндіру үшін талаптар қойылып, 144,3 мың теңге өндірілді. Жалпы алғанда орман күзетінің қызметкерлері орман заңнамасын бұзудың 889 жағдайын анықтады, олар үшін сомасы 982,5 мың теңгенің айыппұлы салынды және сомасы 1401,6 мың теңгенің талабы қойылды.Орман шаруашылығының мекемелері бойынша сүрек дайындауға арналған 12 лот-өтінімді әзірледі. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен лот-өтінімдерді қарау және келісу рәсімінен кейін тендерлік комиссия мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша тендерді өткізу күнін тағайындады. Тендерлік өтінімі бар конверттерді ашу 2005 жылғы 22 маусым күні жүргізілді. 12 лотқа 22 тендерлік өтінім түсті. Тендерге қатысушылардың ұсыныстары тендерді жүргізудің шарттарымен сәйкес келмеуіне байланысты тендерді жүргізу тоқтатылды. Оны қайтадан өткізу көзделуде.

2003-2004 жылдар бойы бірінші кезектегі - мәселе орманды қалпына келтіру үрдісі болып табылды. Орман шаруашылықтарын коммуналдық меншікке қабылдау кезеңінде бұрын жұмыс істеген 20 тұқымбақтың тек қана 9 қалыпты жағдайға келтірілді.  2003 жылы 47 гектар жерге, 2004 жылы 32 гектар жерге, 2005 жылы 220 гектар жерге орман дақылдарын отырғызу жүргізілді. Шығыс өңірінің аумағында жалпы көлемі 289,5 мың гектар төрт мемлекеттік қорықша бар, Кұлынжүн мен Тарбағатай мемлекеттік қорықшалары; Нижный Тургусун мен “Қаратал құмдары” мемлекеттік ботаникалық қорықшалары, оларды қорғауға қаржылай қаражат бөлінбеген және орман күзетінің штаттық кестесі бекітілмеген.

2005 жылдың бірінші жарты жылдығында орман күзетінің қызметкерлері жабайы жануарлардың Қызыл кітаптық түрлерін қорғау бойынша 53 рейд жүргізді. 185 аң аулау тәртібін бұзу мен 442 балық аулау тәртібін бұзу анықталды. Аң аулау тәртібін бұзу бойынша сомасы 880 600 теңгенің 114 айыппұлы салынды, олардың 94 өндірілді, сомасы 501100 теңге. 25 талап қойылды, сомасы 2 745 400 теңге, өндірілгені 10, сомасы 521100 теңге. Табиғат қорғау заңнамаларын бұзғандардан 73 бірлік аңшылық қару тәркіленді, олардың 71 тегіс оқпанды және 2 ойындылы.

Балық аулау тәртібін бұзу бойынша сомасы 289 100 теңгенің 346 айыппұлы салынды, олардың 344 өндірілді, сомасы 278 800 теңге. Сомасы 109 700 теңгенің 27 талабы қойылды, 19 өндірілді, сомасы 72300 теңге. Бұзушылардан балық аулау құралы – 349 ау тәркіленді.

Жергілікті тұрғындардың арасында табиғат қорғау тақырыптарына арналған түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұрады: бұқаралық ақпарат құралдарында 11 мақала жарық көрді. Орман шаруашылықтарының мемлекеттік мекемелерінің аңшылық мамандарымен әуесқой аңшылармен жануарларды қорғау тақырыптарына, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, аң мен балық аулау тәртібін қорғау саласында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарын түсіндіру бойынша 1153 әңгіме жүргізілді.

Облыстық ішкі маңызы бар балық шаруашылықтарының тізімі мен жобаға қосымша ретінде “2005-2006 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы” жасалды.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің орман шаруашылықтарының мемлекеттік мекемелері мен өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі жедел отрядының ашқан құқық бұзушылықтың хабары мен динамикасы жасалды.

Қазіргі уақытта жабайы құстардың өлім-жітімге ұшырауы мен құс тұмауының белгілері байқалған жоқ. Есеп беру аралығында орман күзетінің қызметкерлері мынадай биотехникалық жұмыстарды жүргізді: 863 қаңғыбас ит; 69 қасқыр; суда жүзетін және орман құстарының ұя салған орындарының маңынан 1914 сұр қарға атылды. Жаңадан 100 аншлаг дайындалды және алқаптарға орнатылды, 97 жаңартылды және қайта жөнделді, 58 тұз салатын науа орнатылды және жаңартылды, 3920 килограмм тұз салынды.Жабайы жануарлар санының қысқы маршруттық есебі 2005 жылғы 15 ақпаннан бастап 2005 жылғы

15 наурыз бойынша жалпы көлемі 207,7 мың гектар жерде жүргізілді. Түрлердің тығыздығының санағы жүргізілді және жабайы жануарлардың саны мекендеу алаңының барлығына ауыстырумен есептелді. Саналған аңдарды еркек, ұрғашы, биыл туғандарына бөлу тұяқты жануарлар бойынша ғана жүргізілді, басқа түрлері бойынша осылай бөлу мүмкін болмады.15 ақпаннан бастап 15 наурыз бойынша орман шаруашылықтарының мемлекеттік мекемелерінің аумақтарында (2187,8 мың гектар) жабайы аңдардың аңшылық түрлерінің санына маршруттық санақ жүргізілді. Орман шаруашылықтарының мемлекеттік мекемелерінің алқаптарында аюлардың, 2005 жылғы 01 мамырдан бастап 15 маусым бойынша борсықтың, суда жүзетін құстардың, суырлардың санына есеп жүргізілді.Динамиканы жасаған кезде мына жануарлардың: тиін, ақ қоян, сібір елігі, түлкі, бұлан, американдық қара күзен, саршұнақ пен құрдың сандарының кенет өзгеруі анықталды. Кеміргіштер: тиін, ақ қоян, сондай-ақ құрдың санының кенет өзгеруі азықтық база мен климаттық жағдайға байланысты болуы мүмкін, солай болды да: 2003-2004 жылдардағы самырсын жаңғағының мол өнімі тиін санының бірден көбюіне алып келді; 2004-2005 жылдардағы қыс кезіндегі қолайлы жағдай («жылы», «қары аз қыс»), сонымен қатар жыртқыштардың – қызыл түлкінің азаюы 2004 жылғы азаюынан кейін ақ қоян мен құрдың санының көбеюіне әкелді. Сібір елігінің санының азаюы олардың мемлекеттік орман қорының аумағынан облыстың далалық аудандарына көптеп көшуіне байланысты. Бұлан санының өсуі олардың Ресей аумағынан көшуіне байланысты.

Табиғат қорғау бағдарламалары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы: «Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды өткізу», «Су қорғау аймақтары мен су объектілерінің жолағын және су шаруашылығының ғимаратын орнату» екі бюджеттік бағдарламаны қаржыландыруда. Табиғат қорғау бағдарламалары бөлімімен бағдарламаның шеңберінде сомасы 110 006, 288 мың теңгенің 37 келісімі жасалды, бірінші жарты жылдықта сомасы 57 734, 5 мың теңгенің екі келісімі бойынша жүзеге асыру орындалды. Экологиялық сараптама бөлімі 157 жобаны қарады, олардың 21 келісім берілмеді. Су ресурстарын реттеу, пайдалану және қорғау бөлімі 2005 жылға арналған су ресурстарын пайдалану үшін төлем ставкасын бекітуге арналған материалдарды дайындады, ол облыстық мәслихаттың ХІ сессиясының шешімімен бекітілді, республика аумағында Ертіс өзені бассейнінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау кестесінің негізгі жағдайын келісу бойынша мәжіліс өткізді, өңірлік инвестициялық форумның көрмесіне қатысу үшін экологиялық жобаны дайындады, «Өскемен қаласының экологиялық проблемаларын шешу перспективалары және қазіргі заманғы жағдайы» экологиялық форумы үшін ақпараттық материалдар әзірлеуде.



Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан icon2007 жылдағы Шығыс Қазақстан облысының демографиялық аспектілері
Шығыс Қазақстан облысы республиканың шығысында орналасқан. Өңірдің құрамына 19 әкімшілік бірлік кіреді. Облыс аумағында 10 қала,...
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан iconОблыс халқының саны
Шығыс Қазақстан облысы республиканың шығысында орналасқан. Өңірдің құрамына 19 әкімшілік бірлік кіреді. Облыс аумағында 10 қала,...
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қаңтардағы №2 қаулысы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының
Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы...
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан icon«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты»
«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі әкім аппараты)...
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі №91 қаулысы Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Жалпы өңірлік өнім өндірісінде ең үлкен үлесті Алматы қаласы – 18,9%, ал ең аз үлесті Солтүстік-Қазақстан облысы – 1,7% алады. ЖӨӨ-ң...
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан icon«КӨкпекті ауданының жер қатынастары бөлімі» мм мекен-жайы: 071000 ШҚО, Көкпекті ауданы
Көкпекті ауданы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында орналасқан, 1930 жылы құрылған
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан icon«КӨкпекті ауданының жер қатынастары бөлімі» мм мекен-жайы: 071000 ШҚО, Көкпекті ауданы
Көкпекті ауданы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында орналасқан, 1930 жылы құрылған
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан iconСолтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты
Мақсат Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің және әкімдігінің қызметтерін қамтамасыз ету
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы