Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқының Ассамблеясы icon

Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқының Ассамблеясы



НазваниеҚазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқының Ассамблеясы
Дата конвертации13.01.2013
Размер87.81 Kb.
ТипДокументы
источник






Қазақстан Республикасы

Президентінің әкімшілігі

Қазақстан халқының Ассамблеясы




2011 жылдың 1 тоқсанындағы

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан

халқы Ассамблеясы хатшылығының

жұмысы туралы


Шығыс Қазақстан облысы Ассамблеясы хатшылығының жұмысы біздің облысымызда тұратын барлық ұлттарды біріктіру, Қазақстан халқының Ел бірлігі Доктринасын жүзеге асыру бойынша еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев алдыға қойған мақсаттарды атқаруға бағытталған.

Шығыс Қазақстан облысы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді, индустриалды-инновациялық дамуды, Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясында берілген тапсырмаларды, Қазақстан Республикасының 20-жылдығын абыройлы қарсы алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруда.

Облыста тұратын ұлттар арасындағы тұрақтылық пен келісімді жүзеге асыруға алты Достық үйінің жұмысы бағытталған. Бүгінгі күні Курчатов қаласы мен Бородулиха ауданында Достық үйлерінің ашылуына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Этномәдени бірлестіктердің түрлі мәдени іс-шараларын өткізу үшін облыстық Достық үйіне 2011 жылы– 46,8 млн. теңге қаржы бөлінді (2010 жылы - 34,5 млн. тенге), өсім 16 пайызды құрады.

Тәуелсіздіктің жиырма жылдық мерейтойы жылы облыстың этномәдени бірлестіктерінің Рождество Христово мерекесін өткізуінен басталды. Облыстық Достық үйі ұйымдастырған мерекелік іс-шараға облыс әкімі Б.М. Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы В.И. Ахаев, Өскемен шіркеу округінің лауазымды өкілі игумен Митрофан, бас имам – Қондыбай қажы, облыстың және қаланың атқарушы органдарының басшылары қатысты. Барлық мерекеге қатысушыларды облыс әкімі және дін өкілдері құттықтады. Мерекелік концертке тек славян этномәдени бірлестіктерінің мүшелері ғана емес, басқа ұлттардың да шығармашылық ұжымдары қатысты. Аталмыш іс-шара облыстың барлық қалалары мен аудандарында өткізілді.

28-ші қаңтар күні облыстың барлық Достық үйлерінде еліміздің Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын ұжымдық тыңдау ұйымдастырылды. Мемлекет Басшысының Жолдауы этномәдени бірлестіктер арасында үлкен қолдауға ие болды. Облыстық Достық үйінің директоры Э. Төлеубековтың, белорус этномәдени бірлестігінің басшысы В.Магазинщиковтың, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Л. Шиктің Президент Жолдауына арналған үндеулері облыстық баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі міндеттерді түсіндіру шеңберінде ақпараттық-насихаттық топтардың жұмыстары ұйымдастырылды.

2011 жылғы 18 ақпанда жұмыс тобы Бородулиха ауданында болып қайтты. Кездесу барысында мынадай мәселелер көтерілді: шаруашылықты дамытудың жолдары, этномәдени білестіктердің, үйірмелердің жұмысын дамыту. Ақпараттық-насихаттық жұмысты жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдағы ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтудағы рөлі аталып өтті.

Барлық Достық үйлерге, этномәдени бірлестік басшыларына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына Жолдауының жинақтары таратылды. Сонымен қатар жаңадан ашылған Зырян ауданының Достық үйіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде әдістемелік материалдары жіберіліп, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е.М. Аязбаев іссапармен барып, әдістемелік көмек көрсетті.

Жыл сайын этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламамен аймақтарға барып, ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жалғастыруда.

Ассамблея жұмысының басты бағыттарының бірі қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Осы жұмысты жүзеге асыру шеңберінде 6-шы ақпанда Достық үйіндегі белорусс тілі, тарихы және мәдениетін оқыту сыныбында «Радіму да сэрца тулю» «Отаныма жүрегіммен берілемін» тақырыбында Қазақстан және Белорусс ақындары мен жазушыларының шығармаларынан ашық сабақ болып өтті.

Сабаққа дайындық барысында оқушылар белорусс және орыс тілдерінде шығарма жазды. Шығармалардың ішінде Г.А.Жанпейсованың (Кравченконың) «Сен менің жүрегімде Қазақстан» тақырыбында, белорусс тілінде жазған шығармашылық жұмысы және осы тақырыпта орыс тілінде жазылған А.М. Щемердің жұмыстары ерекше қызықты болды. Сонымен қатар, Г.А. Борисовичтің «Мой родны кут, як ты мне мілы» белорусс тілінде жазылған шығармасы да тартымды жазылған. Ашық сабақта ең үздік шығармашылық жұмыстардан үзінділер оқылды.

Отан тақырыбындағы белорусс ақындарының өлеңдері сабақ барысында кеңінен ұсынылды. Ұлы Абайдың өлеңдерінің ішінен «Жайнаған туың жығылмай» өлеңін Р.Т. Лущаева белорусс тіліне аударып, оқыды. Сабақта белорусс, қазақ, орыс тілдерінде әндер шырқалып, оны «Улыбка» хореографиялық би ансамблі «Лвоніха» белорусс биімен аяқтады.

Тұрғындарды, әсіресе жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуді нығайту мақсатында облыстық Достық үйі жанынан «Азаматтық Отансүйгіштікке тәрбиелеу» атты лекторий ашылды. Дәрісті оқуға облыстың танымал оқытушылары, жазушылар, шығармашылық интеллигенция тартылды. Дәрісті тыңдаушылар: оқу орындарының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың орынбасарлары, қоғамдық тәртіптің, мектептер мен білім саласының оқытушылары. Дәрістер айына екі рет өткізіледі, олар техникалық құралдармен, слайдтар көрсету және әлеуметтік нәтижелері бойынша жүргізіледі. Алынған білім сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар мен жастарға беріледі. Есептік мерзімде 6 дәріс өткізілді.

2011 жылғы 17-ші ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту және топ мүшелерінің міндеттерін бекіту жөніндегі отырысы болып өтті.

Ассамблея жұмысының басты бағыттары, этномәдени бірлестіктердің мәселелері Ассамблея сессияларында, сонымен қатар, дәстүрлі тоқсан сайынғы облыс әкімінің және қалалар мен аудандар әкімдерінің этномәдени бірлестіктер басшылары және белсенділерімен кездесулерінде талқыланады, ол ұлттық мәдени орталықтардың жағдайынан хабардар болуға және көптеген мәселелер жөнінде ортақ шешімдер жасауға үлкен мүмкіндік береді.

2011 жылғы 24 ақпанда облыс әкімі Б.Сапарбаев этномәдени бірлестіктердің басшылары және белсенділерімен кезекті кездесуін өткізді. Этномәдени және діни бірлестіктердің басшылары өз сөздерінде этномәдени бірлестіктердің дамуы, мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және дәстүрлі діни ағымдарға ұстанымдары туралы айтты. Сонымен қатар, олар әкіммен шешілетін бірқатар мәселелерді де атап өтті. Атап айтқанда, «Түлету» мектебіне үй-жай бөлу, Гагарин бульварына алғашқы ғарышкер Ю. Гагариннің мүсінін орнату туралы мәселелер көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевты қолдау үшін этномәдени бірлестіктердің қоғамдық сайлау алды штабын құру туралы ұсыныс түсті. Штаб облыстың этномәдени бірлестіктері арасында белсенді түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

2011 жыл – Қазақстандағы Корей жылы болып жарияланды. Өткізілетін іс-шаралар шеңберінде кәрістер ассоциациясының мүшелері (Солнал) Жаңа жыл мерекесін атап өтті. Шығыс Қазақстанда Сонал мерекесін кәріс диаспорасы 21-ші рет қарсы алуда.

Биылғы жылы бұл мереке 3 сәуірге сәйкес келді. Кәрістер ассоциациясының мүшелері Солнал мерекесінде өздерінің барлық салт-дәстүрлерін сақтауға тырысты.

Корей халқының түрлі тағамдары дайындалған бұл мереке ата-бабаларға құрмет белгісі ретінде өз салт жоралғысын сақтап, ерекше маңыздылықпен өтті. Аталмыш мереке корей халқының санғасырлық салт-дәстүрін басқа ұлттардың танып білуіне өз ықпалын тигізді.

Облыстың барлық этномәдени бірлестіктері өз ұлтының мәдениеті мен дәстүрін насихаттау жөнінде үлкен жұмыстар жүргізуде. Бірінші тоқсанның ағымында олар түрлі іс-шаралар – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған ұлттық мерекелер, конкурстар, концерттер өткізді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай 2011 жылғы 5-ші наурызда облыстық Достық үйінде Халықаралық әйелдер күні аталып өтті. Мерекеге қаланың барлық этномәдени бірлестіктеріндегі әйелдер қауымы шақырылды. Мерекеге байланысты этномәдени бірлестіктердің белсенділеріне сонымен қатар, мәдениет басқармасы этномәдени бірлестіктерінің «Русская песня», «Майглекхен», «Ладушки», «Кохання», «Улыбка», «Зоар», «Вдохновение», «Сарман», «Ичкерия», «Арарат», «Азери», «Мечта» шығармашылық ұжымдарына алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар берілді. Мерекеге барлық этномәдени бірлестіктер, әсіресе жастар белсенді түрде қатысты.

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар барлық Достық үйлерінде өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар Наурыз мерекесін қарсы алумен жалғасын тапты. Облыстық Достық үйі бұл мерекені «Мұсылман әйелдері» ҚБ, «Алтын арқау» ҚБ, барлық этномәдени бірлестіктердің қолдауымен өткізді. Мерекеде қазақ халқының сал-дәстүрі «Бойжеткенді ұзату тойы» көрсетілді, этномәдени бірлестіктері мерекелік концерт ұйымдастырды. Аталмыш мерекелік іс-шаралар облыстың барлық Достық үйлерінде болып өтті, оған 1,5 мыңнан аса халық жиналды.

Наурызды мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара 2011 жылғы 25-наурызда жалғасын тапты. Өскемен қаласының Спорт сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев және облыстағы этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Наурыз – бейбітшілік пен гүлдену мерекесі» атты үлкен эстрадалық қойылым болып өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың этномәдени бірлестіктердің және ұлттық қолөнер шеберлерінің «Қала шеберлері» көрмесін аралауынан басталды.

Өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев «біздің елімізде 140 этнос пен 46 конфессия тұрады. Қашанда достық пен өзара түсіністік – басты құндылық және біз оны өзіміздің балаларымыз бен немерелерімізге жеткізуіміз қажет» деп атап айтты.

Барлық шығысқазақстандықтардың атынан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Ресей Федералды кеңесінің мүшесі, бұрынғы жерлесіміз Валентина Драгункина алғыс сөзін айтып, ескерткіш ретінде Георгий Победоносецтың мүсіншесін сыйға тартты.

Эстрадалық қойылымға облыстың этномәдени бірлестіктерінің барлық шығармашылық ұжымдары қатысты, сонымен қатар Ресей әншісі Татьяна Острягина еліміздің Президентіне және барлық қатысушылдарға арнап «Ах, Самара-городок!» әнін орындады.

Достықты, келісім мен бейбітшілікті, еліміздің жарқын болашағына деген сенімді нығайту үшін елімізде жүргізіліп жатқан саясатқа барлық этномәдени бірлестіктердің атынан татар этномәдени бірлестігінің басшысы Габдулхай Ишмуратов, орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Людмила Королева, еврей этномәдени бірлестігінің басшысы Владимир Лебедев өз алғыстарын білдірді, еврей этномәдени бірлестігінің басшысы «Бейбітшілік пен келісімінің жол картасын» құруды ұсынды.

29 наурызда облыс әкімі Б. Сапарбаев облыстық Достық үйінде этномәдени бірлестіктер басшыларымен және мүшелерімен кездесіп, барлығына мерекеге белсенді түрде ат салысқаны үшін алғыс білдірді және 2011 жылғы мамыр айынан бастап іс-шараларды этноауыл аумағында өткізу, ұлттардың түрлі заттары қойылған этноауылды жабдықтау жөнінде этномәдени бірлестік басшыларының алдына міндеттер қойды.

Соңынан этномәдени бірлестік басшылары мен мүшелер «Қазақстанның бейбітшілігі мен келісімінің жол картасын» талқылады. Барлық қатысушылар осы бастаманы қолдап, өз ойларын ортаға салды. Барлық ұсыныстар акцияны өткізу жөніндегі концепцияны әзірлеуде ескерілетін болды.

Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар электронды және баспа түріндегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Сонымен, есептік мерзімде облыстық «Рудный Алтай» газетінде 9, «Дидар» газетінде 6 мақала жарық көрді. «Ассамблея Жаршысы» - «Вестник Ассамблеи» газетінің ағымдағы жылғы алғашқы нөмірі жарық көрді. Облыстық телеарнада аймақтағы ұлтаралық келісімді насихаттайтын «Вместе» телебағдарламасының 6 шығарылымы көрестілді. Облыс әкімінің сайтына осы тақырыпта 14 материал жарияланды.

Барлық өткізілген іс-шаралар аймақта тұратын ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйренуге, танып-білуге бағытталған, нәтижесінде облыста тұрақты әлеуметтік саяси жағдайдың сақталуына ықпал етуде. Сайлау алдындағы мерзімде этномәдени бірлестіктердің сайлаушыларының белсенділігі байқалады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.


Б.Сапарбаев


орын. Е.Аязбаев

тел: 8(7232) 262306

орын.Т.Черненко

тел: 8(7232) 241308




Похожие:

Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқының Ассамблеясы iconҚазақстан республикасы президентінің жарлығЫ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасы Конституциясының нормаларын іске асыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін жетілдіру мақсатында Қаулы етемін
Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқының Ассамблеясы iconШығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы туралы ереже бұл ереже «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы»
Бұл ереже «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға сәйкестендіріліп, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының...
Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқының Ассамблеясы iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқының Ассамблеясы iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқының Ассамблеясы iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқының Ассамблеясы icon1. Сот оқуы стратегиясының паспорты
Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты,...
Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқының Ассамблеясы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»
Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқының Ассамблеясы iconА санаттарының тобы Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі
...
Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқының Ассамблеясы iconА санаттарының тобы Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі
...
Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқының Ассамблеясы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы