2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon

2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары



Название2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары
Дата конвертации13.01.2013
Размер254.67 Kb.
ТипДокументы
источник

2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы

мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары


Облыстағы мұрағат ісін дамытуды мемлекеттік реттеу.


2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпараттар министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін, сонымен қатар, «1994-2010 жылға арналған Шығыс Қазақстан және Семей облыстарындағы мемлекеттік мұрағаттарда сақтаулы ҰМҚ сақталуын ұйымдастыру және сақталуын қамтамасыз етуді дамыту және жетілдіру», «2006-2008 жылдарға мұрағат құжаттар мен басылымдар жарияланымдары тақырыптарының тізбесі», «Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдарда қолданылу аясын кеңейту туралы» орта мерзімді салалық бағдарламалар мен жоспарларды, «Электрондық әкімдік» және «электрондық мұрағат» бағдарламаларын жасауды, Мемлекеттік қызмет көрсетуде ИСО-9000 басқаруда халықаралық сапа стандартын енгізуді, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің, қалалар мен әкімдердің шешімдері мен өкімдерін, облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының өз бұйрықтарын орындауға бағытталады.

Облыс мұрағат мекемелері жоспарындағы жетекші орынды шет ел мұрағаттары мен ғылыми мекемелеріндегі ҚР үшін тарихи және мәдени құндылығы бар ХV-ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттар іздестіру және олардың көшірмелерін алу жөніндегі бағдарламаны орындау, еліміздің тарихи-мәдени құжаттық мұрасын сақтау және жан-жақты пайдалану, сонымен қатар, облыс мемлекеттік мұрағаттарындағы материалдық-техникалық базаны жетілдіру және Шығыс Қазақстан облысы «электрондық әкімдігі» бағдарламасын жасау, оның ішінде «Шығыс Қазақстан мұрағаттары» меншікті сайтын, мұрағаттар басқармасында электрондық жеке жүйе жасау, ИСО-9000 сапа халықаралық стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында облыс мұрағат мекемелері үшін бағдарламалық қамсыздандыру алу бойынша ісшаралар алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 ақпандағы №183 «Ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік және ведомствалық мұрағаттардың пайдалану ережесін бекіту туралы» Қаулысын; Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару бойынша комиттетің 12.06.200 жылғы №44 «Мұрағат ісін дамытудың нормативтік-құқықтық және ғылыми-әдістемелік базасы туралы»; 11.04.2000 жылғы №47 «ҚР ҰМҚ құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттік есебі туралы нұсқауды бекіту туралы»; 11.09.2000 ж. №56 «Мемлекеттік мұрағаттардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың іс жүргізу және мұрағат қызметі қызметкерлерінің іс жүзіндегі біліктілігін арттыру курстары жұмысын ұйымдастыру туралы» бұйрықтарын іс жүзінде орындау жалғасуда.

Облыс мұрағатшылары Қазақстан Республикасы және Шығыс Қазақстан облысы айтулы күндері мен естелікті даталарын мерекелеуге арналған іс шараларға белсенді қатысуды, бұл оқиғаларға шолулық ақпараттарды анықтау және пайдалану, құжаттар жинағын әзірлеу, көрмелер өткізу, мүдделі органдарды, қоғамды Ұлттық мұрағат қоры құжаттар мен мазмұны туралы ақпараттандыру бойынша жұмыстарды арнауды жоспарлап отыр.

2010 жылға дейін есептелген Тілдердің қызмет етуі және дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс шараларды орындау жалғаса бермек. Барлық деңгейдегі әкімдер аппараттарымен өзара әрекет аясында облыстағы мұрағат ісін дамыту сұрақтары бойынша (оның ішінде облыс Әкімі сайты арқылы) және мұрағат қызметінің барынша көкейтесті сұрақтары бойынша: құжаттандыруды бақылау, ведомствалық сақтау кезеңіндегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды мемлекеттік сақтауға өз уақытында мемлекеттік мұрағаттарға өткізу, облыс, қалалар, аудандар мемлекеттік мұрағаттарының өзіндегі құжаттарды сақтау жағдайы және проблемалары жөнінде ақпараттандыру жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру бойынша жұмыстар, оның ішінде арнайы ғимараттар құрылысы және қолда бар мұрағат жайларын кеңейту, облыс мемлекеттік мұрағатына арналған сыйымдылығы 1 млн.сақтау бірлігі ғимарат құрылысы бойынша жұмыстар жетілдіріледі.

2007 жылы мемлекеттік ұйымдар әрекеті барысында пайда болатын сақталу мерзімі көрсетілген тұрпатты құжаттар тізбесін іс жүзіне ендіру бойынша жұмыстар, мемлекеттік және орыс тіліндегі мұрағатқа арналған әдістемелік база жасау, оның ішінде «электрондық мұрағат» жасау бағдарламасының аясында облыс мемлекеттік мұрағаттарының тақырыптық мәліметтер базасын жасау бағыттарын кеңейту бойынша жұмыстар жалғасын таба бермек. Облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау көздері болып табылатын ұйымдардың тізімін және жиынтық тізімді анықтау бойынша жұмыстар және іс жүргізу қызметтері қызметкерлеріне арналған біліктілікті көтеру курстарын жүргізу, Комитеттің тапсырмасы бойынша кешенді текеру өткізу, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарындағы құжаттандыру, құжаттаманы басқару және құжаттардың сақталуына бақылаулы тексеру жүргізу, сонымен қатар, осы сұрақтар бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарда тақырыптық тексерулер жүргізу жоспарланып отыр.

ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы жыл ішінде ведомствалық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілік жасауды, ведомствалық сақтау кезеңіндегі құжат жасалу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша тексерулер жасау, заңды тұлғалар құжаттамаларын басқару қызметтеріне кеңес беру көмегін жасау көздеуде. Бұл сұрақтарды барынша тиімді шешу үшін ведомствалық мұрағаттар меңгерушілерінің, заңды тұлғалардың құжаттандыру жағдайы мен құжаттаманы басқаруға жауапты тұлғалардың есептерін тыңдау, бірлескен семинарлар өткізу, тексерулер жасау, сондай-ақ мүдделі тұлғаларды осы сұрақ бойынша тұрақты тұрде ақпараттандыру жоспарлануда, облыс мұрағат мекемелерінің жұмыстары облыс мұрағат мекемелерінің дирекциясы, СТК, ҒӘК сияқты алқалы органдар шешімдерінде баяндалып отырылады.

2007 жылы облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК және ЖТҚО СТҒӘК жұмыстары дәстүрлі түрде жоспарланып отыр, атап айтқанда: басқарма құжаттамалары, жеке бас текті құжаттар, ғылыми-техникалық құжаттама, кино-фото-фоно-бейне-сюжеттер тізімдемелерін қарау және бекіту; аса бағалы істер мен құжаттарды анықтау, сонымен қатар, жинақтардың жоспар-проспектілерін әзірлеу, көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарларын жасау барысы, мұрағат әрекетінің маңызды бағыттары бойынша әдістемелік кеңестер, оның ішінде мемлекеттік тілдегі, қорлдарды жетілдіру мен қайта өңдеу қорытындыларын қарау, ведомствалық СК төрағаларының, Семей қаласы бойынша салық комитеті, құрылыс колледжі, Семей қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, Ұлттық ядролық орталықтың ведомствалық мұрағаттарының және т.б. меңгерушілерінің есептерін тыңдау.

Мұрағаттар басқармасы СТК және ЖТҚО СТҒӘК бекіткен тізімдемелер көлемі келесідей болмақ: басқарма құжаттамаларының 14000 с.б., ғылыми-техникалық құжаттамалардың 300 с.б., жеке бас текті құжаттардың 675 с.б., кино 25 есеп бірлігі, бейне сюжеттер 34 есеп бірлігі, фото 370 с.б., фоноқұжаттар 6 есеп бірлігі.

Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету саласы бойынша жылда орындалып келе жатқан істер мен құжаттардың бар-жоғын және жағдайын тексеру, қағаз негіздегі құжаттар мен істердің физикалық жағдайын жақсарту, өшуге айналған мәтіндерді қайта басу және компьютерлік технологияны қолдана отырып, құжаттарды қалпына келтіру сияқты жұмыс түрлерін орындау жоспарланып отыр. Ерекше бағалы құжаттар мен істерді анықтау, оның ішінде аудиобейне құжаттарды анықтау, сақтандыру қорларын жасау және оларды жеке сақтауды қамтамасыз ету, тарихи-мәдени объектілерге жататын ҚР ҰМҚ құжаттарын анықтау бойынша жұмыстар жалғастырылады. «Архивный фонд» бағдарламалық кешенін ендіру бойынша жұмысты аяқтау көзделіп отыр.

Облыс мұрағат мекемелері әрекеттеріндегі жетекші орындардың бірін шолулық ақпаратты қолдану, фотоқұжатты көрмелер әзірлеу, мүдделі органдар мен қоғамды Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы ақпараттандыру, Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазқастан облысының естелікті және айтулы күндері бойынша жұмыстар алатын болады. Жеке бас текті құжаттарды жинақтау бойынша, облыстық маңыздағы айтулы оқиғаларға бейнетүсірілімдер жасау, жергілікті газеттерге мақалалар мен жарияланымдар әзірлеу, экскурсиялар мен мектеп сабақтарын өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстары жалғасады.

Жыл ішінде облыс мұрағат мекемелерінің басшылары мен мұрағатшылары республикалық мәжілістерге, семинарларға, ҚР Мәдениет және ақпараттар министрлігінің алқасына, жақын шетелдердің мемлекеттік мұрағаттарға, сонымен қатар, облыс мемлекеттік мұрағатының филиалдары мен ЖТҚО-на, аудандық мұрағаттарға іс әрекет сұрақтары, тексеру жасау, мұрағат әрекетінің барлық бағыттары бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету бойынша іссапарлар жасайды.


1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.


Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат құжаттарының

сақталуын қамтамасыз ету.


«1994-2000 жылдарға және 2010 жыл кезеңіне дейін арналған мемлекеттік мұрағаттарда сақтаулы ҚР ҰМҚ сақталуын және сақталуын қамтамасыз етуді дамыту және жетілдіру» ұзақ мерзімді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс мұрағат мекемелері істердің сақталуын қамтамсыз ету және физикалық жағдайын жақсарту саласында дәстүрлі жұмыстарды атқарады. 2007 жылы қалыпты тіршілік жағдайын қамтамасыз ету үшін су, жылы жүйесін, электрмен қамсыздандыру жүйелеріне қажетті жөндеу және бүлінудің алдын-алу бойынша жұмыстар, оларға маусымдық бақылау жасау, ғимараттардың өндірістік және қызметтік жайларына ағымдағы жөндеу жүргізу, кондиционерлер, өртке қарасы және т.б. құралдар алу және орнату жұмыстары жүргізіледі.

2007 жылы 1 млн. сақтау бірлігігіне арналған ШҚО мемлекеттік мұрағаты құрылысы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттамалар жасау бойынша жұмысты аяқтау, жыл ішінде 20 млн. теңге ақшаны игеру көзделіп отыр.

Облыс мемлекеттік мұрағаты Крылов көшесіндегі ғимаратты ақтау, мұрағат қоймаларын және жұмыс кабинеттерін бояу, қосалқы шығаберіс баспалдағын ауыстыру, цокольді жөндеу, ғимарат маңайын қоршаған қорғанды ауыстыру бойынша жұмыстарды жоспарлап отыр. Потанин көшесі, 12 ғимаратында төбені ауыстыру және қабатаралық жабындарды мықтау жоспарлануда. Облыс мемлекеттік мұрағатының барлық үш корпусында жыл ішінде мемлекеттік өрт қадағалау қызметінің ескертулерін жою бойынша ісшаралар жүргізілмек, атап айтқанда: желдету жүйесін қалпына келтіру және құрау, электр желісі мен су жүйесінің пайдаланылуына бақылау жасау, ағаш стеллаждарды өрттен сақтайтын қоспамен өңдеу, электр желісінің төзімділігін өлшеу, өрт сөндіргіштердің өлшенуі мен қайта толтырылуын бақылау және т.б. Зырян филиалында Горький көшесі, 33 ғимаратындағы подвалды, ғимарат іргесіндегі отмостка мен кіреберісті кезекті жөндеу, терезе рамаларын ауыстыру, Горький көшесі, 48 ғимаратында кезекті жөндеу жұмыстары, бірінші қабаттың жылу жүйесін тексеру, су жүйесі құбырларын ауыстыру жоспарланып отыр. 2006 жылы филиалға жойылған Зырян қорғасын комбинатының жеке құрам бойынша құжаттарын қабылдау және сақтауға арналған Молодежный көшесі, 11 ғимаратын қайта құру және жөндеу жұмыстары жалғастырылады. Облыс мемлекеттік мұрағатының Жарма филиалында кезекті жөндеу жүргізіледі. Лениногор филиалында Фрунзе көшесі, 44 ғимаратындағы жайларға кезекті жөндеу жұмыстары және Семенова көшесі, 13 ғимаратындағы мұрағат қоймаларын жөндеу, сонымен қатар ағаш стеллаждарды металл стеллаждарға ауыстыру және өртке қарсы шараларды орындау жоспарлануда.

2007 жылы мемлекеттік сақтаудағы және қабылдау сәтіндегі құжаттар үшін мұрағат қоймаларында тиімді жағдай жасау бойынша бақылаулық алдын-алу шаралар міндетті кешенін, атап айтқанда: құжаттарды бейімдеу, дезенфекция, дезинсекция (арнайы қызметтер көмегімен 233828 іс өңделеді), құжаттарды шаңнан тазалау, мұрағат қоймаларындағы құжатарға тиімді температуралық-ылғалдық және санитаралық-гигиеналық сақтау режимдерін орындау жалғаса береді. Реставрация, құжаттарды тігу, өшуге айналған мәтіндерді қалпына келтіру, тозған қораптар мен жапсымаларды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2007 жылы құжаттардың физикалық жағдайын жақсарту үшін облыс мұрағат мекемелері 28879 іс тігеді (құжатарды реставрациялаудан, өшуге айналған мәтіндерді қалпына келтіру, сканерлеу, құжаттарды көшірмелеу, бастауыш партия ұйымдары қорларын қайта өңдеуден кейін). 2007 жылы сақтаудағы 30700 құжат бетін қалпына келтіру жоспарланып отыр («Халық депутаттарының Өскемен қалалық кеңесі және оның атқару комитеті», «Лениногор полиметалл комбинаты», «Лениногор нотариалды конторасы», «Семгубисполкомының Әкімшілік бөлімі», «Иртышгэсстрой», «Большевичка» Семей тігін фирмасы», Жарма ауданының совхоздары және т.б.), облыс мемлекеттік мұрағатында бастауыш партия ұйымдары қорларын қайта өңдеуден соң 20250 бетті қайта номерлеу, Аягөз филиалында – 1350 бет, Жарма филиалында – 3640 бетті, Зырян филиалында – 6750 бетті қайта номерлеу жоспарланды.

Облыс мұрағат мекемелері 2007 жылы 24800 істі картондайды, 3875 қорап қолмен әзірленбек. Облыс мемлекеттік мұрағатында бастауыш партия ұйымдары қорларын қайта өңдеуден кейін 3900 с.б. қайта картондалыпп, 1200 қорапты қайта шифрленеді, 1365 тозған жапсырма ауыстыралады. Аягөз филиалы 1050 жапсырма дайындайды және шифрлейді, Жарма филиалы – 616 қорап, Зайсан филиалы – 190 қорап, Зырян филиалы 210 қорап, 1050 жапсырма әзірлеп, 420 жапсырманы жапсыруды көздеуде.

Өшуге айналған мәтіндердің 665 бетін қалпына келтіру (2630 қор - «Қазақстан Компартиясы Еңбек Қызыл Ту орденді СССР 60 жылдығы атындағы Зырян қорғасын-мырыш комбинатының партия комитетінің», 63 қор «Халық депутаттарының Марқакөл аудандық кеңесі және оның атқару комитеті», 54 қор «Верх-Уба сельсоветы және оның атқару комитеті») жоспарланып отыр. Лениногор филиалы өшуге айналған мәтіндерді анықтау мақсатында сельсоветтің сегіз қорынан 3101 бетті қарауды жоспарлауда.

Облыстың мұрағат қоймаларында жыл бойы 215000-ден астам іс шаңнан таразтылмақ. Зайсан филиалы құрғақ көгеру іздері бар 60 с.б., 120 бет, Алексеевка, Боран, Чердояк сельсоветтері құжаттарын формалинмен өңдеуді жоспарлауда. Облыс мемлекеттік мұрағаты 52 қор – «СССР Промстройбанкінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының» 160 ісіне, 421 қор – «ШҚ Облатқарукомитетінің Қаржы бөлімінің» 1163 ісіне, 808 қор – «Иртышгэсстрой» Басқармасының» 94 ісіне құжаттардың санитарлық-биологиялық жағдайын тексеруді көздеп отыр, жиыны 1417 іс қаралады.

2007 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты 1999-2000 жылдары мемлекеттік сақтауға түскен 1 және 2 санаттағы 28 қор бойынша ЕБҚ анықтау бойынша жұмысты жалғастырады, атап айтқанда, «Рудный Алтай» қоғамдық-саяси газеті, Шығыс Қазақстан облыстық соты, Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің тілдер бойынша басқармасы, Өскемен ет комбинаты ААҚ, Коншин Николай Яковлевич – саяси жер аударылушы, халық еріктісі, өлкетанушы, Дала өлкесін зерттеуші. 99 ЕБҚ тізімдемеленеді. Тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаты 381 істі, Лениногор филиалы 808 істі қарайды. Облыс ЖТҚО ЕБҚ анықтау мақсатында қағаз негіздегі 174 с.б. қарайды.

ЕБҚ анықтау мақсатында облыс мемлекеттік мұрағатының филиалдары келесі жұмыстарды: Аягөз филиалы №200 қор Аягөз аудандық статистика бөлімінің 1117 ісін қарауды, Жарма филиалы №72 Жарма ақпараттық-статистика орталығының статистика тобының 323 с.б. бет бойынша қарауды, Лениногор филиалы Шеммонаиха райсоветінің 363 с.б., Зайсан филиалы №204 қор фотопозитивтердің 200 сеқтау бірлігін, Зырян филиалы Зырян РИВС және Большенарым аудандық статистика бөлімінің 47 с.б. қарауды жоспарлап отыр.

ЕБҚ анықтау қорытындысы бойынша есептік құжаттарға өзгерістер енгізіледі, істер мен қораптарға ОЦ-ЕБ белгісі қойылады. Барлығы облыс бойынша қағаз негіздегі 28625 с.б. қаралатын болады.

2007 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты ШҚО статистикалық басқармасының қорының (1350 бет) 39 ЕБҚ лазерлі дискдегі сақтандыру қорын жасамақ; облыс ЖТҚО Семей облаткомының құжаттарына - 2 с.б., 300 бетке сақтандыру қорын жасайды.

Жыл бойынша қағаз негіздегі 159517 істің бар жоғы түгенделіп, физикалық жағдайы тексеріледі. Бұдан басқа, 2006 жылы пайдалануда болған 37622 іс тексеріледі. Түгендеу және физикалық жағдайды тексерумен бір мезгілде істердің физикалық жағдайын есепке алу карточкалары жасалады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты, Аягөз, Зайсан және Лениногор филиалдары және аудандық мемлекеттік мұрағаттар 173 қорға есептік құжаттар жинағын салыстырып тексеру жүргізбек.

2007 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты сақтандыру көшірмесі жасалған және пайдалану қоры бар (оның ішінде ЕБҚ) 39 с.бірлігінің құжаттарын басу бойынша жұмысты жалғастырмақ, олар келесі қорлар: ШҚО статистика басқармасы; Аягөз филиалы аз пайдаланылатын 6 қорды, Зайсан филиалы – 323 с.б., 17 қорды, Зырян филиалы 385 с.б. басуды жоспарлауда.

Әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық сипаттағы сұраныстарды орындау үшін, қорлардың ҒАА жетілдіру үшін, ЕБҚ анықтау үшін 236 000 іс және 21600 тізімдеме беру, заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға – 420 іс беру көзделуде. Облыс мұрағат қоймаларында құжаттарды қабылдау барысында тиімді орналастыру және жылту жүргізілмек: облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарында 3700 с.б., 11387 қораптың, 6286 буманың орны ауыстырылады. Шемонаиха аудандық мұрағаты жеке құрам бойынша 500 істің орнын ауыстыруды жоспарлап отыр.


1. ҚР Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебі.


Мұрағат мекемелерінің 2007 жылғы мемлекеттік есеп саласындағы жұмысы ҚР ҰМҚ құжаттарының мемлекеттік есебі кесімінің аясында іске асырылады. Осыған орай есептік құжаттарға қор құрамы мен көлеміне өзгерістер енгізу, жаңадан түскен қорларға санат беру бойынша жоспарлы жұмыстар жалғаса бермек.

Жаңа қорлардың түсуін есепке алу кітабы – 108, Қор тізімдері – 46, Бейне және фотофоноқұжаттардың түсуін есепке алу журналы жүргізіледі, Қор карточкалары мен парақтары жасалады – 60, қор карточкалары менбеттеріне өзгерістер енгізіледі – 114, қор көрсеткілері карточкалары -50, қор бойынша және стеллаж бойынша топографиялық көрсеткі- 1200.

2007 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттары «Архивны» фонд» бағдарламалық кешенін аяқтауды көздеп отыр. Облыс мемлекеттік мұрағатының Зырян филиалы 40 қорға, Аягөз филиалы – 150 қорға, Зайсан филиалы – 130 қорға мәліметтер енгізеді. Облыс мемлекеттік мұрағаты 610 қорға, Жарма филиалы 5 қорға өзгеріс енгізеді. Облыс мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалы жазатын СD-RW бар компьютер алады, яғни «Архивный фонд» бағдарламалық кешенін енгізу бойынша жұмыс жүргізілген істен шыққан компьютердің жүйелік блогінің аналақ платасы ескірді.

ЕБҚ тізімдемелері облыс мұрағаттар басқармасы СТК мәжілісінде бекітілуіне орай ЕБҚ тізімдемелерінің тізіліміне енгізіліп отырады. Облыс мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік сақтауға құжаттар қабылдауға және стеллаж бойынша, қор бойынша топграфиялық көрсеткілерді анықтауға байланысты мұрағат қоймалары паспорттарын анықтау жұмыстарын жоспарлап отыр.


2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомствалық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық және мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыру. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс.


2007 жылы мемлекеттік сақтауға ведомствалық сақтау мерзімі өткен 14600 с.б. басқарма құжаттамаларын, 300 с.б. ҒТҚ, 25 с.б. киноқұжаттар, 24 с.б. бейнеқұжаттар, 439 с.б. фотоқұжаттар, 6 с.б. фоноқұжаттар, 739 с.б. жеке бас текті құжаттар, 22619 с.б. жеке құрам бойынша құжаттарды қабылдау жоспарланды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты келесі құжат ұстаушылармен жеке бас текті құжаттарме жабдықтау бойынша жұмысты жалғастырады: Шығыс Қазақстан мәслихатының хатшысы В.И. Ахаев; Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайының директоры Г.Н. Пуссеп, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, мемлекеттік сыйлық лауреаты К.О. Бітібаева, жазушы О. Елубай, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы Б.Б. Бородин, С. Жунусов, М. Мухамадиев, В.М. Головко, А. Мустафин; суретші өлкетанушы, Риддер тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушы Ю.Г. Хабаров; ғалым-абайтанушы, әуезовтанышы К.М. Мухаметкан; Қаз. ССР еңбек сіңірген әртісі Т. Исова; эколог, Зырян орман өнеркәсіп шараушылығының аға инженері Е.А. Втюрин; ақын В.М. Исламов және т.б.

2007 жылы ведомствалық сақтаудағы құжаттардың құндылығына сараптама жасау бойынша жұмыстар жалғаса береді, оның ішінде құпия іс жүргізу құжаттар кіреді. Облыс мұрағаттар басқармасының СТК басқарма құжаттамаларының 14000 с.б., 300 с.б. ғылыми-техникалық құжаттама, 25 с.б. киноқұжаттар, 34 с.б. бейнеқұжаттар, 370 с.б. фотоқұжаттар, 6 с.б. фоноқұжаттар, 675 с.б. жеке бас текті құжаттар тізімдемелерін бекіту жоспарланып отыр. Ведомствалық мұрағаттар қызметкерлеріне облыс мұрағаттар басқармасының СТК ұсынуға арналған тұрақты және ұзақ мерзімді сақталатын істер тізімдемелерін әзірлеу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі. 2007 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты «Казгипроводхоздың» Өскемен филиалының 250 ісінің ҒТҚ тәртіпке келтіреді; облыс ЖТҚО «Семей қаласының коммуналдық меншік басқармасы, мемлекеттік сатып алулар» ММ-нің 50 с.б. ҒТҚ тәртіптейді.

2007 жылы жиыны облыс мұрағат мекемелері тұрақты сақтау бойынша 11887 істі тәртіпке келтіруде жоспарлайп отыр, оның 7700 ісін облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдары, оның ішінде ақылы қызмет есебінен жасалған келісім шарттарға сәйкес 1005 іс; ғылыми-техникалық құжаттамалардың 250 ісін, 31 бейне, 270 фотоқұжат тәртіпке келтірмек.

Мемлекеттік мұрағатқа түскеннен кейін қалалар мен аудандар Әкімдерін сайлау бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясының, ШҚО және Өскемен қаласы Әкімдеріі аппараттарының, ШҚО тарифтері бойынша Басқарманы, ШҚО бойынша көші-қон Комитеті Басқармасының, ШҚТУ «Казнедра», жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, ауыл шаруашлығы және жет қатынастары, Семей қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, ауыл округтері Әкімдерінің және т.б. құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жасау жүргізіледі. Облыс мемлекеттік мұрағаты «Студия Реал-Тайм» ЖШС-мен, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпарациясы» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен мұрағатты аудиобейнеқұжаттармен жабдықтау бойынша жұмыс жалғастырылады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты жыл ішінде өз күшімен композитор-ән жазушы Б.О. Есдәулетовтың туғанына 55 жыл толуына арналған, ақын Г.С. Габдуллиннің туғанына 70 жыл толуына арналған, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Бажов атындағы сыйлықтың лауреаты, жазушы М.Ш. Мусиннің 80 жылдығына арналған шығармашылық кештерді кешті, профессор, тарих ғылымдарының докторы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан және ТМД елдерінің тарихы кафедрасының меңгерушісі С.К. Игібаевпен сұхбатты және т.б. бейне таспаға түсіруді көздеп отыр. Зырян филиалы «Заря Востока» қоғамдық-саяси газетпен, Зырян қаласндағы «Алва» ЖШС-нің қайырымдылық орталығымен бейнефотофоноқұжаттармен жабдықтау бойынша жұмыстарды жалғастырады.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарын ашық және құпия ісжүргізу құжаттарымен жабдықтау көздері-мекемелер тізімдерін анықтау бойынша жұмыс, облыс бойынша Жиынтық тізімді қайта жасау бойынша жұмыстар жоспарланып отыр.

2007 жылы ҚР Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының және облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау көзі-ұйымдарың ведомствалық сақтауындағы жеке құрам бойынша құжаттардың мемлекеттік есебі жүргізіледі.

Мұрағаттарды жабдықтау көздері болуға мүмкіндігі бар дерек көздері тізіміне енггізілген мемлекеттік емес меншік түрінің ұйымдарымен келісім жасау бойынша жұмыстар, сонымен қатар, әрекет мерзімі аяқталған келісім шарттарды ұзарту бойынша жұмыстар жалғастырылады. Келесі ұйымдармен келісім шарттар мерзімі ұзартылмақ: «ТұрақӘлемБанкі» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы, Қызыл Крест және Қызыл Жарытай қоғамының Шығыс Қазақстан филиалы , «БанкЦентрКредит» АҚ Семей филиалы, «Шығыс», «Таза-Су», «Зайсан сулары» ЖШС, Аягөз ауданының жеке нотариусы және т.б. жиыны 14 келісім шарт. Облыс мемлекеттік мұрағаты мұрағатты жабдықтау көздері болып табылатын 28 заңды тұлғаға құжаттарына ғылыми-техникалық қажеттігі туралы хат жолдайды, олар келесі ұйымдары: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан монета сарайы» РМК, Жануарлар және өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақалау ШҚ облбасқармасы, Өскемен жұмыспен қамту орталығы, ауыл округтерінің Әкімдер апппараты және т.б.

2007 жылы мемлекеттік емес меншік түрлерінің ұйымдарына арналған істер номенклатурасы жасау жоспарланып отыр, олар мына ұйымдар: «БанкЦентрКредит» АҚ Семей филиалы, құрылыс колледжі, «Риддер аграрлық-техникалық колледжі» және т.б.

2007 жылы ҚР мемлекеттік ұйымдарындағы құжаттандыру және құжаттаманы басқару Тұрпатты ережелерін, СТРК 1042-2001 «Ұйымдастыру-өкімдік құжаттамалар, Құжаттардың хатталуына қойылатын талаптар» мемлекеттік стандартын, Сақтау мерзімі көрсетілген мемлекеттік ұйымдар әрекеті барысында пайда болған тұрпатты құжаттар тізбесі, ИСО-9000 басқару сапасы стандарты.

Мекемелер мен кәсіпорындар іс жүргізуіндегі құжаттамалардың ұйымдастыруылуы мен ведомствалық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік кеңес дәстүрлі түрде жүргізіліп, мұрағаттар, ОСК, СК туралы ережеле жасау, істер номенклатурасын, оның ішінде құпия іс жүргізу номенклатурасын жасау бойынша көмек көрсетіледі. Қызмет барысында құпия құжаттама қалыптасатын ұйымдармен жұмыс жоспарлануда.

Облыс мұрағат мекемелері келесі мекемелерде іс жүргізу және мұрағат жұмысы сұрақтары бойынша мәжілістер мен семинарларға қатысады: Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері Шығыс Қазақстан облыстық мұражайы, гуманитарлық-заңгерлік және бухгалтерлік колледжде, Аягөз ауданы ауыл округтерінің және Аягөз қаласы мекемелерінің мамандарымен, Жарма, Зайсан аудандарының, Зырян, Риддер қалаларының іс жүргізу қызметтерінің қызметкерлерімен.

Облыс мұрағаттар және құжатама басқармасының СТК мәжілісінде келесі ұйымдардың СК төрағалары мен ведомствалық мұрағаттардың меңгерушілерінің есебін тыңдау көзделіп отыр: «Казцинк» АҚ; «Үлбі металлургиялық зайыты» АҚ, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Шығыс Қазақстан филалы, «Шығыс ғылыми-зерттеу Түсті металлдардың тау-металлургиялық институты», «Семей қаласының салық комитеті» ММ, «Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, құрылыс колледжі, Ұлттық ядролық орталық және т.б.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүйесінің мекемелеріндегі құжаттандыру және құжаттарды сақтау жағдайына бақылаулы тексеру жасау және келесі мекемелердің ведомствалық мұрағаттарында осы іспеттес бақылау жасау жоспарлануда: «Семей орманы» Мемлекеттік табиғи орман қоры», Невзоровтар жанұясы атындағы бейнелеу өнерінің Шығыс Қазақстан облыстық мұражайы, «Семей қаласының мамандырылған әкімшілік соты» ММ, «Ауылшаруашылық дақылдарының сұрып сынау бойынша Жетісу аймақтық инспектурасы» және т.б.

Құжаттамамен қамттамасыз ету және ведомствалық мұрағаттар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаты және облыс ЖТҚО ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі жүесінің және қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінің құжаттама басқарма қызметтерінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізуді жоспапрға енгізді.


3. Ақпараттық-іздестіру жүйесін жасау, ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.


2007 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттары келесі тұлғалардың жеке бас текті құжаттарын тізімдемелеумен айналысады: «Аударма» типографиясының директоры, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі К. Назыровтың, Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы А.А. Аубакировтың, Геологяи-минералогия ғылымдарының кадидаты, Өскемен педагогикалық институтының жаратылыс тану факультетінің деканы В.Е. Попов пен география ғылымдарының кандидаты, УКПИ физикалық география кафедрасының меңгерушісі К.И. Попованың; филология ғылымдарының кандидаты Э.З. Юфаның, СССР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Каз.ССР халыққа білім беру ісінің үздігі, УКПИ тарих факультетінің деканы В.И. Петровтың, «Спартак» Семей облыстық ДСО басшысы Т.Ж. Жумабековтың, Ұлы Отан соғысына қатысушы Б.Б. Бородиннің, С. Жунусовтың, М. Мухамадиевтың, ақын журналист, ҚР жазушылар Одағының мүшесі Т. Абдрахманның құжаттары тізімдемеленеді. Жиыны 739 с.б. тізімдемеленбек.

--2007 жылдың ішінде барлығы 300 с.б. ҒТД («Казгидроводхоз» институтының Өскемен филиалы, «Семей қаласының мемлекеттік сатып алулар, коммуналдық меншік басқармасы» ММ), 25 с.б. киноқұжаттар, 34 есеп бірлігі бейнеқұжаттар, 370 с.б. фотоқұжаттар, 6 с.б. фоноқұжаттар тізімдемеленеді.

Облыс мемлекеттік мұрағатында 1 санатты партия және комсомолдың 6 қорына, 2 санныт 14 қорға ҒАА картотекасын жасау бойынша жұмыстар жалғастырылады.

2007 жылы облыс мемлекеттік мұрағатында Тарбағатай, Шемонаиха аудандарының және Серебрянск және Лениногорск қалаларының бастауыш партия ұйымдарының аз көлемді қорларына қайта өңдеу жасалады. Бұл 183 қордың 6000 с.б.. Аудандық мұрағаттар жеке құрам бойынша 1102 с.б. қайта өңдеу жүргізуді жоспарлады (Глубокое аудандық мұрағаты – 1946-1998 жылдардағы Ертіс полиметалл комбинатының қорына, Шемонаиха аудандық мұрағаты – «Химстрой» трестінің Первомайка құрылыс басқармасы қорына).

Обыс ЖТҚО Семей Су қорғау және құтқару қызметінің облыстық басқармасының, Семей қалалық экономика бойынша комитет, Семей облыстық соты қорларына 3 тарихи анықтама жасауды жоспарлап отыр.

Аягөз филиалы Үшарал және Сериогополь ауыл кеңестерінің тұрақты сақтау істерінің (1179 с.б.), Жарма филиалы Көкпекті ауылдық Кеңесі істерінің (442 с.б.), Зайсан филиалы Зайсан қаржы бөлімі мен Зайсан аудандық Кеңесі істерінің (2116 с.б.) және жеке құрам бойынша 407 істің, Лениногор филиалы – Риддер қаласы денсаулық сақтау бөлімі істеріне (785 с.б.) және жеке құрам бойынша 1837 ісі тізімдемелеріне ҒАА жетілдіру жүргізеді. Бородулиха уадандық мұрағаты төрт ауылдық кеңестің тұрақты сақтау құжаттарын (2160) және жеке құрам бойынша 126 істі жетілдіруді көздеп отыр.

Облыс бойынша жиыны тұрақты сақтау құжаттарының 6682 ісі және жеке құрам бойынша 2370 іс жетілдіріледі.

2007 жылы жиыны облыс мұрағат мекемелері басқарма құжаттамаларының 2801 с.б. (3057 карточка), жеке бас текті 172 с.б. (170 карточка), ғылыми-техникалық 80 с.б. (80 карточка), фотоқұжаттардың 300 с.б., фоноқұжаттардың 6 с.б. каталогтандырады. Бұлар Шығыс Қазақстан обком партиясының, Халық депутаттарының Өскемен және Лениногор қалалық Кеңестері, Жаңа-Семей ауданы, Семей қаласы, Аягөз қаласы, Жарма және Зайсан аудандары Әкімдерінің аппараттары, Зырян қорғасын комбинаты құжаттары, филилогия ғылымдарының кандидаты, профессор, тілтанушы-тюрколог С. Аманжоловтың, жазушы-драматург, Семей қаласындағы ағайынды Трусовтардың реврлюциялық қозғалысына қатысушы О. Бөкеевтің, Бейсенбаевтар отбасының, мұрағат ісінің ардагері С. Бейсенбаеваның жеке бас текті құжаттары.

Лениногор филиалы «Лениногорская правда», «ЛЗ сегодня», «Вечорка» газеттеріне каталогизация жасауды жалғастырады, жиыны 120 карточка жасалады.

Барлық жасалған карточкалар (3672) каталогқа енгізіледі.

2007 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты «Облыс мемлекеттік мұрағаты және филиалдары бойынша жол көрсеткін»» толықтыру жұмыстары жалғастыру бойынша аңдатпаны, облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарының қорларына сипаттаманы редакциялау, ғылыми-анықтамалық аппарат жасау: алғысөз, көрсетікілер және т.б. жасау жұмыстарын атқарады, өлкетанушының 165 жылдығына арналған «Шығыс Қазақстан өлкетанушылары. Е.П. Михаэлис» құжаттар жинағы баспаға әзірленеді, ономастика бойынша маман, «Словарь русских личных имен», Б.Г. Герасимовтың еңбектерінің факсимальді басылымыың авторы, ғалым, өлкетанушы Н.А. Петровскидің өмірі мен қызметі туралы құжаттар жинағы бойынша жұмыс жалғасады; «Олар Шығыс қазақстанды басқарған» биографиялық анықтамалық (облыстың бірінші басшылары) әзірленеді. Шығыс Қазақстан облысының құрылуына 75 жыл толуына арнап ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік сала қызметкерлердің еңбек сіңірген қызметкерлерінің тізімі, партия қызметкерлерінің жеке істерінің атаулық көрсеткіштері жасалады.

Облыс ЖТҚО «Шығыс Қазақстан: тарих, экономика, мәдениет» құжаттар жинағының екінші бөліміне, «Шығыс Қазақстанның кенөндіріу өнеркәсібінің дамуы. 18-20 ғасырлар» құжаттары жинағына құжаттарға археографиялық өңдеу жасауды жоспарлап отыр.Қаз.ССР еңбек сіңірген дәрігері А.А. Козбагаровтың әскери және еңбек жолына арналған «В жизни, как в бою» кітапшасы жарияланады.

Лениногор филиалы 2007 жылы «СССР Жазушылар Одағының мүшесі, Лениногорск қаласының құрметті азаматы В.Н. Петровтың туғанына 80 жыл» плакатының макетін әзірлеп, оны басып шығарудыжоспарлауда.

«Семей облысының мемлекеттік мұрағаты» (ЦДНИ) қорлары бойынша мәліметтер базасына жаңа құжаттардың түсуіне орай өзгерістер енгізіледі. Жабдықтау көздері мемкемелерімен жұмысты есепке алатын карточкалармен «Картотека» бағдарламасы бойыша жұмыс жалғаса береді.

Мұрағат құжаттарын пайдалану саласындағыжұмыстар келесі маңызды оқиғаларды қамтиды: Шығыс Қазақстан облысы құрылуының 75 жылдығы, Орыс Географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің құрылуының 105 жылдығы, Жоғары Ертіс өзен параходтығы құрылуының 105 жылдығы, Үлбі ГЭС-інің іске қосылуының 70 жылдығы, Өскемен педагогикалық институтының (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ) негізінің қалануына 55 жыл толуы, Семей ұнтартукомбикорм комбинаты құрылуының 65 жылдығы, Семей медициналық академисының 50 жылдығы, Семей көлік колледжінің ашылуына 45 жыл толуы сияқты оқиғалар. Мерейтойылық даталарға байланысты келесі ісшалар жүргізіледі: өлкетанушы, ғалым-бағбан Д.Г. Панкратьевтің туғанына 140 жыл толуы, өлкетанушы, Орыс Географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің құрылтайшысы , өлкетанушы Б.Г. Герасимовтың туғанына 135 жыл толуы, жазушы Г.Д. Гребенщиковтың туғанына 125 жыл толуы, жазушы, мұғалім А.Н. Белосюдовтың туғанына 120 толуы, қазақ әдебиеті классигі М.О. Әуезовтың 11 жылдығы, еңбек сіңірген геолог П.П. Буровтың 105 жылдығы, жазушы, өлкетанушы, СССР Жазушылар Одағының мүшесі Д.Ф. Черепановтың туғанына 100 жыл толуы, ҚазССР еңбек сіңірген мұғалімі, Ұлы Отан соғысына қатысушы К.К. Жаманбаевтың туғанына 95 жыл толуы, Совет Одағының Батыры Ізғұтты Айтықовтың туғанына 85 жыл толуы, СССР Журналистер Одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Шығыс Қазақстан облыстық мәдение басқармасының бұрынғы бастығы О. Малдыбаевтың 85 жылдығы, жазушы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Бажов атындағы сыйлықтың иегері М.Ш. Мусиннің туғанына 80 жыл толуы, ҚР жазушылар Одағының мүшесі, ақын Т. Нукаевтың туғаныа 70 жыл толуына арналған арналған ісшаралар.

Бқл оқиғаларға 16 құжаттар көрмесі, 11 радиохабарлар, 54 мақала мен құжаттар іріктемесі, 26 ақпараттық хат әзірленеді.

2007 жылдың төртінші тоқсанында облыс ЖТҚО Семей мединалық қауымының қатысуымен Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі А.А. Козбагаровтың туғанына 85 жыл толуына арналған қалалық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті тарих факультетінің студенттері үшін мұрағат практикасы өткізіледі, «Заман» кадрларды кәсіби дайындау орталығының, колледждердің, қалалар мен аудандар мектектерінің оқушылары үшін мұрағат қорлары құрамы мен мазмұны туралы шолулық экскурсия жүргізіледі. Дәстүрлі түрдегі Шығыс Қазақстан тарихы, басқа айтулы оқиғалар бойынша мектеп сабақтары, лекциялар мен мұрағатқа экскурсиялар өткізу жоспарланып отыр. 2007 жылы өлке тарихын зерттейтін зерттеушілермен оқы залдары арқылыжұмыс істеу жалғасады. Облыс мұрағат мекемелері қызметінің әр түрлі бағыттарыбойынша аса қызықты жұмыстар «Архивы Казахстана» бюллетенінде және жергілікті БАҚ беттеріндегі мақалалар мен ақпараттарда көрініс табатын болады.

Мұрағатшылардың А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханамен шығармашылық ынтымақтастығы жалғаса бермек: облыс мемлекеттік мұрағаты «ертіс жеріндегі із» шығармашылық кешіне және «2008 жылға арналған Шығыс қазақстанның айтулы күндері» күнпарағын әзірлеуге, облыс ЖТҚО Семей аймағы бойынша ісшараларға қатысады.

Облыс мұрағат мекемелері 2007 жылы 30000 әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныс, мекемелер, кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдар үшін 500 тақырыптық сұраныс, сонымен қатар ҚР ІІМ тарапынан түскен сұраныстарды орындауды жоспарлап отыр.

4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың біліктілігін арттыру. Ұжымның әлеуметтік дамуы.


Облыс мемлекеттік мұрағаттарының практикалық әрекетін ақпаратпен қамтамасыз етуді арттыруға 2007 жылы облыс мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Шығыс Қазақстан облысы бойынша электрондық әкімдігінің бағдарламашасын іске асыру шаралары жол ашады. Бұл шароалар аясында келесі жұмыстар жоспарланып отыр: ақпараттық-талдау орталығын жасау, қызметкерлерді әкімдіктің ақпараттық орталық базасында мемлекеттік органдармен электрондық өзара әрекет негіздерін басқаруға үйрету, тұрпатты шешімдер базасында әкімдікпен электрондық құжатайналымы жүйесін жасау және дамыту, облыс мұрағаттар басқармасында жеке жүйе жасау және оны кеңейту.

«Электрондық мұрағат» Бағдарламасын жасау бойынша облыс мемлекеттік мұрағатында ақпараттық технология бөлімін құру және оны соңғы модификациялы компьютерлер мен серверлер, сканерлер ала отырып, бөлімнің материалдық-техниалық базасын қамтамасыз ету жоспарлануда. Қағаз тасымалдаушыдағы құжаттарды электронды түрге айналдыру, қажетті мәліметтер базасын жасау үшін бағдарламалық қамсыздандыруға қол жеткізу көзделуде. «Электрондық мұрағаттың» жасалуы іс жүргізу процесстерін автоматтандыруға, электрондық құжат айналымын енгізуге, жабдықтау көздері мекемелермен жұмысты ұйымдастыруға, электрондық мұрағатты электрондық тасымалдаушыдағы құжаттармен жабдықтауға жол ашады. 2007 жылдың 1 тоқсанында мұрағаттар мен құжаттама басқармасының «Шығыс қазақстан облысының мұрағат қызметі» «Web-сайтын» жасау жоспарланып отыр, онда Web-парақ түрінде барлық облыс мұрағат мекемелері туралы мәлімет орналастырылады. Еліміз бен облыстың мерейтойлы күндері мен айтулы даталарына арналған құжаттар жинағы, кітапшалар, буклеттер, және жарияланымның т.б. шағын түрлері, «Архивы Казахстана» бюллетені мен «Қазақстандағы іс жүргуіз» журналы үшін мақалалар мен материалдар жарияланады.

2007 жылы құжаттар анықтау бойынша ҚР ОММ, Омбы облысының мемлекеттік мұрағатына, Барнаул қаласындағы Алтай өлкесі құжаттарды сақтау орталығына іссапарлар жоспарланып отыр.

Ұйымдастыру, практикалық және әдістемелік қызметтерді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында мұрағаттар басқармасы, облыстың мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдары, аудандық мұрағатты 2007 жылы келесі кезеңдік басылымдарға жазылды: Қазақстан Республикасы Президентінің актілер жинағы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостері, «Отечественные архивы» журналы, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Дидар», «Рудный Алтай», «Қазақстан батырлары» газеттері және т.б.

Облыс мұрағат мекемелеріндегі еңбекті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға әр түрлі бағыттардағы компьютерлік технологияны енгізу ықпалын тигізеді, мысалы: «Архивный фонд» бағдарламалық кешенін енгізу, «электрондық мұрағат» және мәліметтер базасын жасау; өшуге айналған мәтіндерді қалпына келтіру, ҒАА дамыту, ведомствалық мұрағаттармен жұмысты есепке алу және т.б.

Құқықтық және өндірістік оқу өткізу жоспарына Қазақстан Республикасы заң актілерін зерделеу, қолдану және тарату мақсатында республиканың және шет елдер мұрағатшыларының озық тәжірибелерімен танысу, мұрағат жұмысына байланысты өзекті сұрақтарды талқылау, облыстық және жергілікті әкімдікпен келісілген жоспар бойынша мемлекеттік тілді үйрену сабақтарын жүргізу жоспарланды.

Облыс мұрағат мекемелерінің СТК, ҒӘК, СК сияқты ғылыми және кеңес органдырының жұмысы жалғаса береді, онда облыс мұрағаттарының жұмысты жоспарлау және жұмыс есебі сұрақтары, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстар бойынша жұмысты талдау, тізім жасау, құжаттардың құндылығын сараптау және құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу мұрағат ісінің маңызды бағыттары бойынша әдістемелік әзірленімдер, мысалы: ҚР ҰМҚ құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жасау және оларды мемлекеттік есепке алу, құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, істерді ведомствалық мұрағаттарға беруге әзірлеу және өткізу, біріктірілген партия қорларын жасау (коллекция) сұрақтары бойынша құралдар жасау қарастырылады.

Мұрағат әрекеттері сұрақтары бойынша семинарлар өткізу жоспарлануда, олар облыс мұрағатшыларының тоқсандық облыстық кеңесіне қарай өткізіледі. Ведомствалардың құжаттамамен қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлерімен кеңес-семинарлар өткізіледі, бұл семинарларда құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу, істер номенклатурасын жасау, стандарттар мен ережелерді ендіру, ведомствалардың мәжіліс органдары жұмысына қатысу сұрақтары бойынша мекемеге барып кеңес беріледі.Облыс ЖТҚО мен облыс мемлекеттік мұрағаты жанында құжаттамамен мұрағаттар ведомствалық қызметтерінің кадрларының біліктілігін арттыру курстары өз қызметін жалғастра береды.

Облыс мемлекеттік мұрағатында мемлекеттік тілге кезең бойынша көшу іс шараларының жоспары жасалады: нормативтік-әдістемелік құжаттарды, алқалы органдар мәжілістерінің хаттамаларын мемлекеттік тілге аудару жалғасады, облыс мемлекеттік мұрағаттарымен мемлекеттік және орыс тілдерінде хат алмасу жүзеге асырылады.

2007 жыл ішінде ШҚО Әкімі жанындағы мемлекеттік қызметкерлерді оқыту аймақтық орталығында облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы қызметкерлерінің, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік заңды тұлғалардың іс жүргізу және мұрағат қызметтері мамандарының біліктілігін арттыру курстарында облыс мемлекеттік мұрағат мұрағатышыларының біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.

Мұрағатшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында ұжым, әкімшілік және кәсіподақ комитеті арасында ұжым мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқтары мен мүдделерін қорғау бойынша келісімдер мен шарттар жасалады және ұзартылады.


Облыс мұрағаттар және құжаттама

басқармасының бастығы А. Аубакиров



Похожие:

2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
Есепті кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мұрағатшылары 2007 жылға жоспарланған мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін сәтті...
2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары
«электрондық мұрағат» бағдарламаларын жасауды, Мемлекеттік қызмет көрсетуде исо-9000 басқаруда халықаралық сапа стандартын енгізуді,...
2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2006 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2006 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2008 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2008 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2005 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы есеп
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы
2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2007 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағымұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы ШығысҚазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі әрекеті Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
Шығыс Қазақстан облысындағымұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2009 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі әрекеті Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
Есебі, облыстағы мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілісін өткізу туралы ақпарат және т б. ұсынылды
2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2008 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп және 2009 жылға жоспар
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы