ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі icon

ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі



НазваниеШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі
Дата конвертации13.01.2013
Размер160.61 Kb.
ТипДокументы
источник

ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі

Өткен жылдың қоғамдық-саяси өмірі облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің дайындап және өткізуге тікелей ат салысқан маңызды оқиғалармен, атап айтқанда Астана қаласының 10-жылдық, Шәкәрімнің 150-жылдық, Алаш қозғалысының 90-жылдық, Әміре Қашаубаевтың 120-жылдық, Қасым Қайсеновтың 90-жылдық тойлары мен облыс аудандарының мерейтойларымен айшықталды.

Бүгін 2008 жылы жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасай келе облыстық мәдениет басқармасына қарасты мәдениет мекемелері мен қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат пен өңірлік бағдарламаларды іске асыруда бірқатар оңды жұмыстар жүргізгенін атап өтуге болады.

Бүгінгі күні барлық мемлекеттік мәдениет мекемелері мен ұйымдарының саны 626 бірлікті құрады, оның ішінде 261 клуб мекемелері, 303 кітапхана, 12 электрондық кинотеатр, 10 мұражай, 9 киноқондырғы, 7 бейнемобиль, 4 концерттік ұйым, 2 театр, 1 саябақ, 1 зообақ, 1 кинобейнеқұжаттар қоры мен 1 мәдениет пен өнерді қолдау қоры бар.

2008 жылы облыс мәдениет мекемелерінің жүйесі 36 бірлікке көбейді. Катонқарағайда – 7, Күршім, Жармада - 4, Күршім мен Абай аудандарында – 2-ден, Ұлан, Көкпекті, Бородулихааудандары мен , Семейде - 1-ден барлығы 19 клуб және Күршімде–6, Зырянда – 4, Глубокое ауданы мен Семей қаласында –- 1-ден жиыны 12 кітапхана, тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі, Семей қаласында саябақ, ашылды.
2008 жылы облыс мәдениетінің нақтыланған бюджетін 2 млрд. 717,3 млн. теңге немесе жоспарланғанның 98,8 пайызын құрады.

Аудандық бюджет есебінен: Аягөз, Зайсан, Тарбағатай ауылдық мәдениет үйілеріне; Чапаево ауылдық мәдениет үйіне және Зырян аудандық балалар кітапханасына; Мақаншы, Үржар ауылдық мәдениет үйілеріне; Науалы, Көкөзек ауылдық клубтары мен Үржар аудандық кітапханасына, Аягөз ауданының Өркен, Қосағаш, Баршатас және Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылдық клубтарына, Жарма ауданыдық мәдениет үйіндегі мұражайға күрделі жөндеулер жүргізілді.
Бесқарағай ауданы, Канонерка ауылында, Катонқарағай ауданы Өрел ауылында, Ұлан ауданы Б.Өтепов ауылында клуб үйлері және Шемонаиха ауданы, Барашки ауылындағы кітапхана ғимараттары мен үй-жайлар сатылып алынды
2008 жылы облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 1156 үйірмелер мен шығармашылық бірлестіктер жұмыс істеді. Қатысқан адамдар саны 19127. Олардың: 257-би ұжымдары, 204–хор және вокалдық ұжымдар, 139–драма ұжымдары, 93–фольклорлық ұжым, 88-отбасылық ансамбльдер, 86 - ән-би ансамблдері, 82 – халық аспаптар оркестрлері, 69 – вокалдық-аспаптар ансамбльдері, 5 – үрмелі аспаптар оркестрі.
2008 жылы Глубокое ауданына, Ұлан ауданы,

Молодежный кентіне, Жарма ауданы Қалбатау ауылдық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне автокөліктер және Жарма ауданында мамандар үшін 4 пәтер, сондай-ақ, басқа аудандарда музыкалық аппаратуралар, сахналық киімдер, кеңсе жиһаздары сатылып алынды. Алматы қаласының Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 800 орындықты ақысыз Күршім және Жарма аудандық клуб мекемелеріне берді.
Облыс бойынша клуб мекемелері 18600 мәдени-көпшілік іс-шаралар – фестивальдер, конкурстар, байқаулар, диспуттар, тақырыптық кештер өткізіп, 1 млн. 9 мың адамды қамтыды.
Жыл бойында Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында Шәкәрім шығармашылығын дәріптеу мақсатында ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар өткізілді.

Тұрғындардың әр-түрлі топтарына арналған «Ұлы Шәкәрім мұралары», «Уақыттар мен тағдырлар» тақырыптары бойынша кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер, экспозициялар, «Шәкәрімді оқығанда», «Ақынның соңғы көктемі» атты кітап көрмелері, дәрістер, әңгімелер циклдері ұйымдастырылды. Мәселен, Зырян ауданында жастарға арналған «Шәкәрім әлемінде» атты Интернет-саяхат, Шемонаиха ауданында «Ғасыр перзенті» әдеби оқулар, Риддер қаласында «Өшпейтін жұлдыз» атты шығармалар конкурсы, Тарбағатай, Зайсан, Күршім аудандарында әдеби-музыкалық кештер өткізілсе, Жарма ауданында «Шәкәрімнің сырлы сөздері» атты әдеби оқулар, ал Бесқарағай ауданында аудандық ақындар айтысы өтті.
Өткен жылы өткізілген дәстүрлі облыстық көркемөнерпаздар байқауы, Дельфийлік ойындардың конкурстары, Оралхан Көшеров атындағы әншілер конкурсы мен Тұрғазы Нұқай атындағы ақындар мүшәйрасы - көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту үшін зор ықпал етті.
Мүгедектер арасында өткен 7-ші облыстық көркемөнерпаздар мен қолданбалы өнер, әдеби-поэзиялық фестиваліне Өскемен, Семей Риддер, Зырян, Шемонаиха қалалары мен Глубокое, Ұлан, Тарбағатай аудандарының ұжымдары қатысты. Жүлде алған қатысушылармен қатар өнер көрсеткен әрбір қатысушыны мәдениет басқармасы марапаттап, мүмкіндіктері шектеулі жандардың ерліктерін жоғары бағалады

Абай және Шәкәрім әндерін орындаушылардың “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек” атты 1-ші республикалық әншілер конкурсы 2008 жылдың қараша айында Абай ауданы, Қарауыл ауылында өтіп, оған 43 талапкер қатысты және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды, бас жүлдені Семей қаласынан Нұрлан Көшеров пен Жарма ауданынан Айгүл Мұстафаева иеленді.

Басқарманың көшпелі алқа отырысы да осы мәдени шараларға орайластырылып Абай ауданында өтті.
Желтоқсанның 3-5 күндері Семей қаласында қазақтың біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған аймақтық әншілер конкурсына 37 талапкер қатысып сайысқа түсті. семейлік Гүлдана Ноғайбаева мен павлодарлық Медіғат Манапов жүлделі орындарды иеленді.
“Шабыт” Халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне қатысқан Ұлан ауданының әншісі Әсел Қыдырханова 2-ші орынды жеңіп алды.

Астана қаласының 10-жылдық, Шәкәрімнің 150-жылдық мерейтойларына және Ресей Федерациясы мен Монғол Халық Республикасы шекаралық аймақтарымен халықаралық әріптестік шеңберіндегі іс-шаралар барысында шығармашылық топтар үлкен сыннан өтті. Олар Зырян қаласының «Зыряночка» би ансамблі, Өскеменнің «Ладушки» фольклорлық тобы, ақындар Нұртай Тілеужан, Аслан Ғафуров, Абай ауданының «Қаламқас» ән-би ансамблі. Оларға үлкен сахналарда өнер көрсету үшін арнайы сахналық киімдер тігілді. Шәкәрімнің 150-жылдық мерейтойына арналған ақындар айтысына қатысқан облысымыздың 15 ақынға да сахналық киім тіктірілді.

Қазақ диаспорасының шақыруымен облыстың танымал өнер ұжымдары Новосибирск қаласында өткен “Қазақтың халық билері мен ұлттық киімдері” семинарына, сондай-ақ, қазақ билері фестиваліне, Аякөз ауданының фольклорлық ансамблі 8-ші Сібір фестиваліне қатысып қайтты.
Өскемен қаласының “Пируэт” хореографиялық
Ансамблі Минск қаласына Халықаралық 5-ші Дельфийлік ойындарға қатысты.
2007 жылдың қорытындысы бойынша облыстық көркемөнерпаздар байқауының жүлдегері Жарма ауданы өнерпаздарының Қытай Халық Республикасына гастрольдік сапары екі жақты келісім бойынша 2009 жылға ауыстырылды.
Республикамызға белгілі айтыскер ақын Серік
Құсанбаевтың, тарбағатайлық әнші Есмұрат Қыдырмолдановтың, күршімдік Нәбиолда Кемешовтың, әнші Бауыржан Рахымбековтың шығармашылық кештері, Шәкәрімнің 150-жылдық мерейтойларына арналған республикалық ақындар айтысы облыс жұртшылығын елең еткізген шаралар болды. Облыс әкімі тағайындаған бас жүлде - темір тұлпарды Дәулеткерей Кәпұлы жеңіп алды.

Облысымыздың белгілі ақындары Дарын Нұрсапаров, Аслан Ғафуров 10-нан астам республикалық айтыстарға қатысып бесеуінен жүлдемен оралды. Дарын Нұрсапаров республикалық телеайтыста облыс намысын көтеріп, ақтық айтысқа жолдама алды.
Қазақстан Республикасы сазгерлер одағының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің салтанатты ашылуы мен өткізілген сазгерлердің «Ертіс самалы» атты 1-ші фестиваліне Алматыдан профессор С.А.Аравин, Қазақстан сазгерлер одағы төрағасының орынбасары А.Тоқсанбаев, Өскемен және Семей қалаларынан Сазгерлер Одағының мүшелері О.Жанияров, С.Апасова, Ә.Жұмановалар қатысты.
Қазіргі уақытта 14 ауданда автоклубтар бар. 7 ауданда: Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Абай, Үржар, Аягөз, Бесқарағай аудандарында қазіргі заман техникасымен жабдықталған бейнемобильдер бар. Шалғай ауылдар мен мәдениет мекемелері жоқ елді мекендерге мәдени-демалыс қызметін көрсету мақсатында жылжымалы мекемелердің мүмкіндігін барынша пайдалануды дамыту қажет. Елді мекендерге қызмет көрсету кезегі мен сапарлардың кестесін жасау керек, концерттер қойып, жастар үшін дискотекалар ұйымдастыру керек. Қарттар мен орта жастағы адамдарды, балаларды кітаптармен, мерзімдік басылымдармен қамтамасыз ету қажет. Барлық аудандарды автокөлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешу керек: Осылайша жылжымалы мекемелердің мүмкіндіктерін толығымен пайдалануды одан әрі дамытуымыз керек.

Облыстағы көпшілік кітапханалар да нақты жұмыстар атқаруда. 365,2 оқырманға қызмет көрсетіліп, 8 млн 1 мың кітап берілді. Облыс кітапханаларына 35 млн 7 мың теңгеге 324,2 мың дана жаңа кітаптар түсті.
Облыс кітапханаларында «Ұлы Шәкәрімнің мұралары», «Уақыт пен тағдырлар» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.
2003 жылдан бастап облыста орталық аудандық кітапханаларды компьютерлендіру және Интернетке шығу жобасы табысты жүргізілуде.
Облыс кітапханаларындағы компьютерлердің жалпы саны 341, көшіру техникалары – 65 бірлік, 30 кітапхана Интернетке, электрондық поштаға шыға алады. Интернет қызметін пайдаланушылар саны 18,1 мың адам.
Шемонаиха, Глубокое, Тарбағатай, Күршім, Бесқарағай, Катонқарағай, Ұлан және Зырян аудандары қазіргі заманғы компьютерлермен жабдықталып, Интернетке шығуға мүмкіндігін белсенді пайдалануда.
2008 жылы А.Пушкин атындағы кітапхананың абонементіне күрделі жөндеу жүргізілді және конференция залына синхрондық аударма құралдары, кітаптарды көшіретін жаңа жабдықтар сатылып алынды.

Облыс кітапханашыларының шығармашылық белсенділіктері туралы 2008 жылдың 7-15 маусым күндері Шығыс Қазақстан облысының мәдениет қызметкерлерінің «Кітапханалар мен ақпараттық ресурстар: қазіргі заманғы ғылым, мәдениет, білім және бизнесте» тақырыбындағы 15-Халықаралық Қырым конференциясына қатысып арнайы 2 тақырып бойынша баяндама жасаулары айғақтайды.
Тамыз- қыркүйек айларында облыстық
кітапханалардың қызметкерлері Анапа қаласында өткен халықаралық “Шекарасыз кітапхана” атты конференцияға, Канаданың “Квебек” қаласында өткен “Шығармашылық-кітап оқу арқылы” тақырыбындағы халықаралық конференцияларға қатысты.
Сонымен қатар, Зайсан, Бородулиха, Абай, Жарма, Көкпекті аудандарының орталық кітапханаларын Интернет жүйесіне қосуды қажет етеді.
Облыс кітапханаларының негізгі міндеті оқырмандарға ақпарат іздеу мерзімі шектеусіз әрі ақысыз қызмет көрсету көлемін кеңейту болып табылады.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері аудандық кітапханаларға заңды тұлға мәртебесін беру және одан туындайтын шараларды шешу барысын ағымдағы жылы аяқтаулары қажет.

Соңғы жылдары осындай дербес мемлекеттік мекеме ретінде тек 9 кітапхана: Шемонаиха, Глубокое, Абай, Бесқарағай және Зырян аудандық, Өскемен, Семей және Риддер қалалық кітапханалары ғана қайта тіркеуден өткен.
Жергілікті бюджеттен қаржыланатын, жергілікті бағдарламаларды орындаушы Аягөз, Зайсан, Бородулиха, Жарма, Күршім, Көкпекті аудандарының орталық кітапханалары алдын ала мемлекеттік тіркеуден өтіп аталған мекемелер тізіміне неғұрлым тезірек енетін болса, олардың қызметін одан әрі жақсарту мәселесі тезірек шешілер еді. Бұл жағдай олардың материалдық-техникалық базасының нашарлығына негізгі себеп болып отыр.
Кітапханаларға заңды тұлға мәртебесін беру ең алдымен кітапхана қызметкерлеріне өз қорларының сапасын арттыру мен ақпараттық кеңістіктерін кеңейту мәселесін дербес шешуге, өз жұмыстарына жаңа технологияларды енгізуді жеделдетуге қосымша мүмкіндіктер беріп, жауапкершіліктерін артырар еді.
Ауылдық кітапханалардың ақпараттық ресурстарын жаңарту бағдарламасының жеткіліксіз қаржыландырылуы және сапалы қор қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуге қаржы жетіспеушілігі жағдайын ескере отырып аталған кемшіліктерді жою үшін және оған мақсатты түрде қаржылық қолдау көрсету жөнінде барлық мүмкін болатын шараларды қабылдау қажет.
Бүгінгі күні ауылдық кітапхана қызметі өзінің жұмыс бағытын жергілікті, республикалық және халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп толықтай жаңартулары керек.

Облыс бойынша бүгінде 10 мұражай жұмыс істейді. Облыс мұражайларының негізгі қорларындағы жәдігерлер саны 2008 жылдың соңында 23 мың бірлікті құрады. Оның ішінде есеп беру жылында 894 мың теңгеге 1300 жәдігер сатылып алынды. Жыл бойында 1 млн 7 мың жәдігер экспонатталды. Облыс мұражайлары 2650 саяхат, 405 дәріс, 140 көрме өткізді. Мұражайларға келушілер саны жыл бойында 1 млн 203 мың адамды құрады. Қызмет көрсетуден түскен табыс 1 млн. 600 мың теңгені құрайды.
Облыстық мұражайда Шәкәрім мұраларын зерттеу жөнінде үлкен жұмыстар атқарылды. Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайында «Тамыры терең бәйтерек» атты Шәкәрім шығармашылығына арналған экспозиция құрылды, осы материалдар бойынша қала мектептерінде жылжымалы көрмелер ұйымдастырылуда. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Шәкәрімнің жұлдызы» атты көрме ұйымдастырылып, оған қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды.

Абай клубы шығарған «Шәкәрім» атты 3-томдық сыйлық кітаптары сатылып алынды. Оның тұсаукесері облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханада өткізілді.
Тұңғыш «Шәкәрім» энциклопедиясы жарық көрді, авторлық топтардың редакциясымен «Шәкәрім елі» атты деректі фильм түсірілді.
Түңғыш рет жергілікті автор Арғынбек Ахметжанов Шәкәрім өлеңдеріне жазған ән клавирі мен қос тілде «Үш анық» деректі фильмі түсірілді.
Жамбыл атындағы саябақтағы зообаққа штат бірліктері қосылып, қысқы мерзімге ыңғайланып салынған жаңа вольерлермен Ертістің сол жағалауына көшірілді. «Бастеньки» этнографиялық фольклорлық ансамблі Москва қаласында өз өнерлерін көрсетіп үлкен жетістіктерге жетті.
«2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Берел қорғанының қазыналары» атты экспозиция құрылды, Мұрат Сұлтанбековтың еңбектері, дәстүрлы балалар шығармашылығы көрмесінің каталогы басылып шықты. Е.Құранбаевтың «Шежіре шерткен шер мен сыр» атты кітабы сатылып алынды. М.Әуезовтың «Абай жолы» кітабына түрлі-түсті иллюстрация, «Күн мен түннің теңескен күні» атты Ақ-Бауыр жотасындағы археологиялық ескерткіштер туралы деректі фильм түсірілді.

Сондай-ақ, тағы бір ерекше атап өтетін шаралардың бірі - «Алтын тамыр» атты Шығыс Қазақстан облысының белгілі ақын-жазушыларының шығармаларын 40-томдық жинаққа топтастырып басып шығару мәселесі шешілді. Былтыр 30 жазушының 8 томдық жинағы жарық көріп үлгерді.
Өскемендегі қалақұрылысы және сәулет ескерткіштеріне нөмірленген күзет ордерлері берілді. 2008 жылы мәдениет басқармасының қаржысымен Семей қаласында Әміре Қашаубаевтың, Шемонаиха ауданында жазушы Анатолий Ивановтың бюсттері орнатылды. 2008 жылы облыс бюджетінен бөлінген трансферттер есебінен 50 млн.теңгеге Семей қаласының демалыс саябағына Шәкәрім Құдайбердиевтің ескерткіші орнатылды және Абай ауданы Жидебай қыстағындағы мұражай-қорыққа мәдени-туристік кешен салынды, А.Пушкин мен А.Құнанбаевтың ескерткіштерін орнатуға ең үздік жобалар конкурсы өткізілді.

Бүгінгі күні жаңадан құрылған тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мекемесінің алдында жергілікті жерлердегі сәулет және монументалдық ескерткіштерді төлқұжаттандыру, қалақұрылысы және сәулет ескерткіштерінің электрондық Жинағын құру, облыс орталығында Александр Пушкин мен Абай Құнанбаев ескерткіштерін орнату, өңірлік мұраны дәріптеу мақсатында осы елден шыққан Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Гребенщиков, Аманжолов, Васильев және т.басқалардың тарихи орындары бойынша открыткалардың тақырыптық түржиындарын жасап шығару сияқты міндеттер тұр.
2009 жылы «Қазақ Алтайының ежелгі түрік мәдени кешендері. Зерттеу аспектілері және интерпретация» монографиялық жинағын шығару жұмыстарын аяқтау керек.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыру үшін археологиялық, сәулет және монументалдық ескерткіштер тізімін жүйелендіру және сәулетші, археолог, өнертанушы мамандарды тарта отырып жергілікті жерлерде төлқұжаттандыру жұмыстарын сапалы түрде аяғына жеткізу керек. Заңмен қорғалатын ескерткіштердің бірыңғай үлгідегі мемориалдық тақталарын жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізіп, облыстың қалақұрылысы және сәулет ескерткіштерінің электрондық Жинағын құруға кірісу керек.
2008 жылы облыс театрлары халыққа барлығы 509 спектакль қойып, 128700 көрерменге қызмет көрсетті, түскен табыс 38 млн. теңге. Бюджеттен 155 млн. теңге субсидия бөлінді.

Өткен жылы облыс театрлары 22 жаңа спектакльдер қойды, мәселен: Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы драма театры: А.Цагареллидің «Хануманың қалжыңдары», Б.А.Куниннің «Шағала», В.Илюховтың «Настенька», Т.Теменов пен О.Манджиевтің «Нағыз достар», И.Ғайыптың «Адал күнә», Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», Т.Ахметжановтың «Қараторғай» спектакльдерін; Семей қаласының Абай атындағы музыкалық-драма театры, Ф.Достоевский атындағы орыс драма театры: С.Кенжеахметұлының «Жарысқазан», «Батыл достар», Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», В.Лифшицтің «Аленушка және солдат», ағайынды Гримдердің «Бремен музыканттары», А.Островскийдің «Бонкрот», В.Ляпиннің «Чикагодағы атамның мұралары» және т.б. спектакльдерін сахналады.

Әсіресе, Абай атындағы театр қойған «Шәкәрім» спектаклін ақын-философтың мерейтойы кезінде тамашалаған Семей жұртшылығы жылы қабылдады. Абай театрының тарихындағы тағы бір елеулі қойылымдардың бірі «Абай-Біржан» спектаклі болды.      
Алаш қозғалысының 90 жылдығына да байланысты көптеген кешенді шаралар өткізілді: Семей қаласында ғылыми тәжірибелік-конференция, Өскемен қаласының Жамбыл атындағы облыстық драма театры Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” спектаклін Семей мен Өскемен қалаларының жұртшылығына ұсынды. Осы спектакльмен қараша айында Ақтау қаласында өткен республикалық театр фестивалінде дипломға ие болды.
2008 жылдың шілде айында Жамбыл атындағы драма театрының Монғол Халық Республикасына шығармашылық сапары жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, Семейдің Абай атындағы драма театрының ұжымы гастрольдік сапармен Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен қалаларында болып, спектакльдер көрсетті.

2008 жылы Өскеменде салынатын қазақ драма театрының техникалық-экономикалық негіздемесін Қарағанды қаласының «Промводпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңдеп бітті, бүгінгі күні Астанада мемлекеттік сараптауда.
Кезекте тапсырыс жасау үшін театрдың жобалау-сметалық құжаттамасы тұр.
Театр құрылысын қаржыландыру оны инвестициялық жобаға енгізгеннен кейін болады деп күтілуде.
Концерттік ұйымдар жыл бойында 585 концерт ұйымдастырып, 167 мың көрерменге қызмет көрсетілді, концерттерден түскен табыс 30 млн. теңгені құрады.
Өткен жыл - Өскемен қаласындағы облыстық филармонияның құрылғанына 50 жыл, камералық оркестрдің құрылғанына 10 жыл, «Алтай» фольклорлық ансамбліне 5 жыл толу мерейтойларымен есте қалды.
Облыс тұрғындары арасында облыс әкімінің симфониялық оркестрі, қазақ халық аспаптар оркестрі, камералық, үрмелі аспаптар оркестрлері, би ұжымымен «Алтай» фольклорлық ансамблі концерттік бағдарламаларын ұсынып, халық ілтипатына ие болуда.
Бұл ұжымдардың репертуарлары тек әлемдік классикалық шығармалармен ғана емес, қазақстандық классикалық, халықтық музыка өнерінің маржандары болып саналатын қазақ авторларының шығармаларымен толығып отырады. Сергей Косачев жетекшілік ететін облыс әкімінің симфониялық оркестрі Семей, Павлодар қалаларында гастролдік сапармен болып қайтты. «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде филармонияның “Алтай” фольклорлық ансамблі Астана қаласы әкімінің арнайы сыйлығын жеңіп алды. Аталған фольклорлық ансамбль қараша айында Баян-Үлгей аймағында Қазақстанның Монғолиядағы өткен мәдени күндеріне қатысты.

Арнайы мектеп абонементті шеңберінде әлемдік классикалық шығармалар мен қатар қазақстандық таңдаулы туындылар арқылы өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеуде балаларға арналған концерттер қойылады.
Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында Құрманғазы атындағы оркестрінің гастрольдік сапары табысты өтті. Облыстық филармония жыл бойында Қазақстанның Халық артистері Нұржамал Үсенбаева мен Роза Рымбаевалардың, Нұрғали Нүсіпжановтың, «Дос-Мұқасан», «На-На», «Новый Ариэль», «Тодес» шоу-балетінің, «Санкт-Петербург» оперетта театрының, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Лаки Кеосоглудың концерттері өз тыңдаушыларын өнерімен сусындатты.

Облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары үшін сахналық киімдер тігіліп, концерттік рояль сатып алынды, ашық аспан астында мәдени іс-шаралар өткізуге арналған, Қазақстанда бұрын-соңды болмаған жылжымалы сахна кешені Қытай Халық Республикасында арнайы тапсырыспен жасалды, кешен пульт арқылы басқарылады және жоғары дейгейдегі күшті дыбыс ұлғайтқыш аппараттармен жабдықталған.
Шығыс Қазақстан облысында бірінші рет «Сүйікті қалам - Өскемен» атты Қазақстан және Россия жұлдыздарының қатысуымен ретро-фестиваль өткізілді, авто-сахананың тұсаукесері де осы жерде өтті. Өскемендіктер Ресейдің атақты әншісі Ринат Ибрагимов, “Ариель” тобы, Қазақстанның өнер майталмандары Бибигүл Төлегенова, Әлібек Днішев, Лаки Кесоглу, “Жетіген” ансамблінің өнерлерін тамашалады.
Өткен жылы Семей қаласының Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филармониясы, «Еураз-шоу» ән театры, «Дариға-ай» жастар театрлары да табысты еңбек етті.

Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның «Асыл мұра» ансамблі Ресей Федерациясы, Алтай аймағында, филармония әншісі Шәкәрім әндерінің орындаушысы Келденбай Өлмесеков Парижде ЮНЕСКО ұйымдастырған Шәкәрімнің 150-жылдығын мерекелеуге арналған шарада және Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында сәтті өнер көрсетті.
2008 жылы Семей филармониясының артистері Гүлбаһрам Мұсабекованың «Домбыра-дастан», Гүлшат Еруованың «Көз көргендер», Нұрлан Көшеровтың «Ұстазға тағзым», Бақыт Үдербаеваның «Әміренің жұлдызы», дирижер Рахымбек Ноғайбаевтың «Сұлу саз», Балташ Ерсалимовтың «Әсем ән мен тәтті күй», Аймұхамбет Бейсембековтың «Әнші жүрек әуендері», скрипкашы Рахымғали Мыржықбаевтың шығармашылық кештері Болат Сыбановты еске алу кеші, Б.Жылысбаев пен Әзілхан Нұршайықовтың мерейтойларына арналған кештер жоғары деңгейде өтті.
Жыл сайын облыс әкімінің дәстүрлі “Өнер мен мәдениетке қосқан үлесі үшін” сыйлығы тапсырылады. Бұл сыйлыққа өткен жылы Наталья Грохотова, Дәулет Сейсенұлы, Ольга Штрауб, Әлихан Мағзұмов, Бекен Имаханов, Яков Горельников, Әлмира Дюсупова, Нұрзаш Қалитова, Сайлаухан Қасымхановтар ие болды.
Облыстық театрлар мен филармониялардың ұсынатын кәсіби өнерін одан әрі дамыту бизнес пен мемлекеттің даму стратегиясына сабақтасып отыруы қажет.
Облыстың театрлары мен концерттік ұйымдары қолда бар ресурстарын тиімді пайдалану үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануы қажет және өз жұмыстарындағы басым бағыттарын дәлірек анықтауға тиіс.
Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы қызметке жетудің статегиялық мақсаты бүгінгі күні театрлар мен концерттік ұйымдардан жұмыс әдістері мен түрлерін жаңартуды талап етіп отыр.

Облыс бойынша мәдениет және өнер мемлекеттік мекемелерінде бүгінгі күні 2190 адам қызмет етеді. Олардың 1763 шығармашылық қызметкерлер және 1229 ауылдық жерлерде. Мамандардың 72 пайызы жоғары және орта-арнаулы білімді. Мәдениет қызметкерлері жыл сайын Алматы қаласындағы өнертану институтында білімдерін көтереді. Бірақ, қаржы шектеулігіне байланысты аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің барлығы бірдей мамандарын жібере алмайды.
Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру халықаралық тәжірибелер ескеріле отырып өңірдің таңдаулы мәдениет мекемелерінде жетілген өз тәжірибелері негізінде дербес жүзеге асырылады.
Облыстағы барлық мәдениет және өнер мекемелері жаңа технологияларды, жұмыстың қазіргі заман талабына сай жаңа әдістерін меңгерген кәсіби мамандардың қажеттілігін сезініп отыр.

2009 жылы облыстық бюджеттен мәдениетті қаржыландыруға 2 млрд 538 млн 681 мың теңге мөлшерінде қаржы қаралды, оның ішінде
- мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға – 1 млрд 94 млн 784 мың теңге;
- тарихи-мәдени мұраны қорғау және оған қол жетімділікті қамтамасыз етуге – 353 млн 922 мың теңге;
- театр және музыкалық өнерді қолдауға – 311 млн 70 мың теңге;
- облыстық кітапханалар жұмысын қамтамасыз етуге – 612 млн 988 мың теңге.
2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық орта мерзімді даму жоспарына сәйкес 2009 жылы ауылдық жерлерде қалпына келтірілетін 31 клуб пен 11 кітапхана есебінен мәдениет мекемелерінің саны 42 бірлікке көбейеді деп болжануда.

Ауылдық жерлерде жұмыс істеуге жіберілген мамандарды әлеуметтік қолдау үшін республикалық бюджеттен 12 ауданға 26 маман үшін 70 есе минималдық есеп айырысу көрсеткіші мөлшерінде нысаналы ағымдық трансферттер бөлінді.
Облыстық мәдениет мекемелері өздерінің веб-сайттарының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланулары және виртуалдық мұражай, театр, филармония құру жұмыстарын жалғастырулары қажет және мұражай, кітапхана қорларын электрондық сандық тасымалдаушыларға ауыстырулары керек. Осылардың бәрі әлсіз сектораралық азара қарым-қатынас пен үйлестіру, жеткіліксіз ақпараттандыру және мамандардың төмен кәсіби деңгейін тұрақты дамыту жолындағы кедергілерді нақты жеңуге қосқан үлкен үлес болар еді. Бүгінгі күні әлемде өңірлік және жаһандық деңгейде әріптестікті, қызметті үйлестіру және интеграцияны тиімді жүргізу механизмінің моделі құрылды.

Онсыз бізге ауылды көтеру және дамыту, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын толық және уақытында іске асыру, сынды келелі мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік болмайды.

Мәдениет қызметкерлері жергілікті мәселе мен жаһандық мәселелердің бөліп қарауға келмейтін бүтін мәселе екенін ұғудың және түсінудің үлгісі болулары керек. Оларды шешу мүмкіндігіне тек ақпараттарды барлық деңгейде бірдей қолжетімді ету арқылы қол жеткізуге болады.
Құрметті әріптестер! Сөз соңында облыстық мәдениет ұйымдарының басшылары 2009 жылы барлық назарларын, қаражатын және күш-жігерін:
- қазіргі заман талабына және стандарттарына сәйкес мәдениет мекемелері жүйесін, қызмет көрсетудің жылжымалы: бейнемобиль, автоклуб түрлерін әрі қарай дамытуды жалғастыруға;
- білім берудің жаңа технологияларын қолдана отырып кадрларды дайындау және үзіліссіз оқыту жүйесін құруға;
- тұрғындардың рухани, эстетикалық және демалыс қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызмет түрлерін енгізуге бағыттаулары керектігін баса айтқым келеді.



Похожие:

ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі iconАқтөбе қ. 2010 1 бөлім. Миссиясы және пайымдауы Облыстық мәдениет басқармасының миссиясы
Облыстық мәдениет басқармасының миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қолайлы қызмет көрсету
ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі iconШҚО бойынша саланың жағдайы
Мұндай саябақты құру тұрғындардың денсаулығын жақсарту бойынша реабилитациялық іс-шаралар жүргізіледі, сондай-ақ жастар үшін ұйымдасып...
ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі iconМазмұны I. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының миссиясы мен пайымдауы. 1
Мәдениет басқармасының миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қолайлы қызметтер ұсынуға, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті...
ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі iconОблыстық мәдениет басқармасының 2009 жылғы1-жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы туралы
Облыстық мәдениет басқармасы бойынша 2009 жылдың 1 жартыжылында қаржыландыру жоспары 875239,4 мың теңгені құрайды. 26. 06. 2009 жыл...
ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі icon2008 жылдың 1 тоқсанында Басқарма мамандарымен жүргізілген мемлекеттік қадағалау барысында 68 нысан тексеріліп, оның 66% техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын бұзушылық айқындалды
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша басқармасының 2008 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметі туралы есебі (жиынтық...
ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі iconТехникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша басқармасының 2007 жылдың 3 тоқсанында атқарған қызметі туралы есебі (жиынтық өсуімен)

ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі iconТехникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша басқармасының 2007 жылдыѕ 4 тоқсанында атқарған қызметі туралы есебі (жиынтық өсуімен)

ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі iconКонкурс- көрменің ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан оьлысыныѕ әкімшілігі, Өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаменті және Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша басқармасы болды.
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша басқармасының 2006 жылдың 4 тоқсанында атқарған қызметі туралы есебі (жиынтық...
ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі iconШҚО мемлекеттік қызметшілері санының мониторингі мен сапалық құрамы Мемлекеттік қызметшілер саны. Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының есебі бойынша 2008
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының есебі бойынша 2008 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 9101,...
ШҚО бойынша саланың жағдайы Облыстық мәдениет басқармасының 2008 жылының есебі icon2007 жылдыѕ ақпан айында басқарма бастыгы
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша басқармасының 2007 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметі туралы есебі (жиынтық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы