2005 жылдың 1 жартыжылдығы icon

2005 жылдың 1 жартыжылдығы



Название2005 жылдың 1 жартыжылдығы
Дата конвертации13.01.2013
Размер51.09 Kb.
ТипДокументы
источник

2005 жылдың 1 жартыжылдығы

Облыс тұрғындары 2005 жылдың 1 сәуірінде 2004 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 800 адамға азайып, 1439700 адамды құрады (2004 жылы - 1453500). Алдын ала мәліметтер бойынша 2005 жылдың 5 айында облыс бойынша туу 1 пайызға артып, 2004 жылғы 13,13 салыстырғанда 13,26 құрады.

Қайтыс болу көрсеткіші осы кезеңде 6 пайызға артып, 13,91 құрады (2004 жылы 13,11). 2005 жылдың аталған кезеңінде қайтыс болу көрсеткішінің 2004 жылмен салыстырғанда туу көрсеткішінің деңгейінен артуының нәтижесінде тұрғындардың облыс бойынша табиғи өсімі теріс «-0,65», 2004 жылы оң болған «0,02». Жыл басынан бері 3 ОДА жабылды: Жарма ауданының «Айбек» ауылдық ОДА, Катонқарағай ауданының «Арай» ауылдық ОДА және Өскемен қаласының № 20 қалалық ОДА. 2005 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындылары бойынша облыс бойынша жалпы аурушаңдылық көрсеткіші 2004 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 66846,9-дан 68267,4-ке 2 пайызға артты. Қойылған диагнозы бар, өмірінде бірінші рет аурушаңдық облыс бойынша жоғарыда аталған кезеңде 5 пайызға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 2004 жылғы 36355,3 салыстырғанда 34563,1 құрады. Қатерлі ісіктермен аурушаңдық 2005 жылдың 1 жартыжылдығында облыс бойынша 6,3 пайызға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 2004 жылдың 1 жартыжылдығындағы 131,0 салыстырғанда 122,7 құрады, ол обыр алды ауруларын емдеудің жақсаруына, алдын алу жұмысының және тұрғындардың ақпараттануын күшейтуге байланысты. Есептік кезеңде қатерлі ісіктерден қайтыс болу көрсеткіші облыс бойынша бұрынғы деңгейінде қалуда, 87,2 құрады, 2004 жылы – 87,3.

Өңірлік бағдарламаның іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 2005 жылдың 1 жартыжылдығында ШҚО бойынша тұрғындар алдын алу қараулармен – 515100 қамтылды, ол тұрғындардың жалпы санының 35,7 пайызды құрады. Кешенді қараулармен 20723 – 14,4 пайыз қамтылды, 820 – 0,4 пайыз обыр алды аурулар анықталған, жеке қараулармен 218 307 – 15,2 пайыз қамтылған, 848 – 0,4 пайыз обыр алды аурулар анықталған, обыр – 20 жағдай – 0,09 пайыз. Қарау кабинеттерінде есептік кезеңде 83256 әйел қаралды, ол 5,8 пайызды құрайды, обыр алды аурулар 2273 әйелде тіркелген, ол 2,7 пайызды құрайды, 5 әйелде обыр – 0,006 пайыз. Облыста туберкулезбен аурушаңдық күрделі медициналық-әлеуметтік проблемалардың бірі болып қалуда. Есептік кезеңнің соңына облыс бойынша туберкулездің белсенді түрімен 6720 науқас есепте тұр (2004 жылы - 6367), алғаш анықталған науқастардың үлесті салмағы 19,6 пайызды құрайды (2004 жылы – 19,7 пайыз).

Тұрғындарды алдын алу тексерулерге белсенді қатыстыру мен медициналық көмекке келудің өсуі 2004 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 2005 жылдың 1 жартыжылдығында аурушаңдықтың 86,1-ден 91,8-ге 6,6 пайызға өсуіне әкелді. Есептік кезеңде медициналық көмекке келгенде анықталған туберкулезбен ауыратын науқастардың үлесті салмағы 53,3 пайыздан (2004 жылы – 668 науқас) 55,7 пайызға артты (2005 жылы – 736 науқас). Жыл сайын тұрғындарды туберкулезге қарау пайызы өсуде: 2004 жылдың айында 17,3 пайыздан 2005 жылы 22,2 пайызға өсті. Тұрғындардың туберкулезге қаралған тұрғындардың абсолютті саны 2004 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,9 пайызды құрап, 319491 адамды құрады. Облыс бойынша нәресте өлімі облыс бойынша шұғыл деректер бойынша 2005 жылдың 6 айында 2004 жылдың деңгейінде, 16,8 құрады (2004 жылдың 6 айы – 16,7). Ана өлімі шұғыл деректер бойынша осы кезеңде 100 мың тірі туғандарға шаққанда 2004 жылғы 50,0-дан 2005 жылдың 6 айында 31,7-ге дейін 1,6 есе төмендеді. Облыста ана өлімінің 3 жағдайы тіркелген: Семей қаласында, Аягөз және Үржар аудандарында 1 жағдайдан болды. 2005 жылдың 1 жартыжылдығында үш жылжымалы консультация 29 рет шығып, 5634 адамды қарап, консультация жүргізді. «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» іске асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Қазақстан Республикаы Президентінің Жарлығын және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындау үшін 2005 жылдың 6 айында облыстың денсаулық сақтау департаменті мынадай жұмыстар атқарды: Бюджетті топтастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Топтастырудың бірінші моделі таңдалды – медициналық қызметтерді жеткізушілердің қаржылық және заңды дербестігі (соның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің де дербестігі), ол толық пайызды келісімдік қарым-қатынастар мен бәсекелестікті дамыту үшін негіз болып табылады.

Көрсетілген медициналық қызметті бірыңғай төлеуші облыстың денсаулық сақтау департаменті болуы бағдарламалар әкімшісі тарапынан бюджеттік қаражаттарды мақсатты және тиімді пайдалануға қатал бақылау жасауға мүмкіндік туғызды. Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың өңірлік бағдарламасы бірінші кезекте тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге бағытталған. Коммуналдық қазыналы кәсіпорындарда тегін медициналық көмектің кепілді көлемі мен ақылы негіздеемделетін науқастардың ағымын бөлу бойынша жұмыс жүргізілді.

Дәрігерлердің жұмысы уақыт, кеңістік бойынша және функционалды бөлінді. Мемлекеттік тапсырысты тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілді, 358 денсаулық сақтау ұйымдарымен келісімдер жасалды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне 2005 жылы 11960,0 млн. теңге бағытталатын болады. 2005 жылдың 1 мамырында бюджетті орындау 3 174,9 млн. теңгені құрады. 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне 1038267 мың теңге қосымша шығындар қарастырылған. Тегін медициналық көмектің кеілді көлемімен тұрғындарды қамтамасыз ету мақсатында бекітілген тізбеге сәйкес мынадай шаралар жүргізілді: ­бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының кісі басына шаққандағы норматив 107-ден 135,2 теңгеге арттырылды, арттыруға қосымша 586292 мың теңге бөлінді. ­қалалық, облыстық ауруханаларда соматикалық науқастарды медикаменттермен қамтамасыз етуге:ауылдық, қалалық және облыстық денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық науқастарды дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етуге қол жеткізілген.

Бір науқасқа күніне тамақтану шығысы 2003 жылғы 14 теңгемен салыстырғанда 180 теңгені; медикаменттерге 2003 жылғы 97 теңгемен салыстырғанда 920 теңгені құрады. Арттыруға қосымша 451975 мың теңге бөлінді. Ана мен бала денсаулығын нығайту бойынша 2005 жылдың бірінші жартыжылдығында мынадай шаралар жүргізілді: 5 жасқа дейінгі балаларды амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттің ағымдағы мақсатты тарнсферттерінен 42174,0 мың теңге бөлінді, дәрі-дәрмектерді жеткізуге 15788,0 мың теңге сомасына келісім жасалған. Жүкті әйелдерді құрамында темір және йоды бар препараттармен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттің мақсатты ағмдағы трансферттерінен 52938,0 мың теңге бөлінген. Дәрі-дәрмектерді жеткізуге 9796,0 мың теңге сомасына келісім жасалған.20-34 жастағы ұрпақты болу жасындағы әйелдерді соңынан динамикалық бақылау мен алдын алу медициналық қарауларды жүргізу үшін республикалық бюджеттің мақсатты ағымдағы трансферттерінен 79744,0 мың теңге бөлінген. Балалар және перзентхана ұйымдарын жабдықтауға жергілікті бюджет қаражатынан 46666,0 мың теңге бөлінді.

Балалар ұйымдарына жалпы сомасы 27441,85 мың теңгеге медициналық жабдықтар сатылып алынды. Денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізіледі, соның ішінде жарақаттанушылықтың алдын алу мен төмендету бойынша, туберкулездің, жыныстық және маңайындағыларына қауіп туғызатын басқа аурулардың алдын алу, соның ішінде бас бостандығынан айрылған жерлерден босатылғандардың жұқтыруы бойынша, жыныстық және маңайындағыларына қауіпті басқа аурулардың алдын алу, психикалық және мінез-құлық бұзылуы, соның ішінде психикалық белсенді заттарды пайдалану салдарынан болған мінез-құлық бұзылуы бойынша іс-шаралар жүргізіледі. 2005 жылдың 6 маусымынан Семей қаласындағы санитарлық авиацияның ашылуына 3 млн. теңге бөлінді. Жыл басынан бері бастапқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруға 66 бірлік санитарлық автокөлік сатылып алынды, нәтижесінде ауылдық отбасылық дәрігерлік амбулаторялардың автокөлікпен қамтамасыз етілуі 83,6 пайызға артты (2005 жылдың 1 тоқсанында – 72,1 пайыз); қалалық отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың қамтамасыз етілуі 72,7 пайыз (2005 жылдың 1 тоқсанында – 51,5 пайыз). жедел және шұғыл көмек қызметі үшін 30 бірлік санитарлық автокөлік сатылып алынды.



Похожие:

2005 жылдың 1 жартыжылдығы icon2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2005 жылдың тоғыз айында тауар өнімдері 109403 мың теңгеге өндірілген
2005 жылдың 1 жартыжылдығы icon2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2005 жылдың тоғыз айында тауар өнімдері 109403 мың теңгеге өндірілген
2005 жылдың 1 жартыжылдығы icon17. 07. 2013 ж. Облыс әкімі А. Мұхамбетовтің 2013 жылдың і-жартыжылдығы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеб І
Республикасының, «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы туралы, Сіздерге...
2005 жылдың 1 жартыжылдығы iconАягөз ауданының 2005 жылдың 9 айындағы әлеуметтiк экономикалық дамуының қорытындылары
Барлық категориядағы шаруашылықтар бойынша 2005 жылдың қаңтар қыркүйегінде 1518,8 млн теңгенiң мал шаруашылығы өнiмдерi өндiрiлген....
2005 жылдың 1 жартыжылдығы iconКүршім ауданының 2005 жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуынының корытындылары
Аудан бойынша 2005 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдері 80072 мың теңгеге өндіріліп, өткен жылдың 1 жартыжылдығымен...
2005 жылдың 1 жартыжылдығы icon2005 жылдың 3 тоқсанында Басқармамен мемлекеттік қадағалау жөнінде 364 объект тексерілді
ШҚО бойынша техникалық реттеу және метрология Комитетінің басқармасының 2005 жылдың 3 тоқсанында атқарған қызметі туралы есебі (...
2005 жылдың 1 жартыжылдығы iconБаянауыл ауданының әкімі Е.Әйткеновтың 2012 жылдың І жартыжылдығы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы
Аудандағы демографиялық көрсеткіш бойынша бүгінгі күні аудан халқының саны 2012 жылдың 1 шілдесіне 27 мың 727 адамды құрап, жыл басынан...
2005 жылдың 1 жартыжылдығы icon-
Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі...
2005 жылдың 1 жартыжылдығы iconТөтенше жағдайларды талдау
Бұл орайда 166 адам зардап шекті, бұл 2005 жылдың 9 айының көрсеткішінен 21 адамға аз. Оның ішінде 124 адам қайтыс болған, бұл өткен...
2005 жылдың 1 жартыжылдығы iconКурчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Курчатов қаласының 2005 жылдың 12 айындағы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы экономиканың тұрақтанғандығын көрсетеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы