ШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» icon

ШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы»



НазваниеШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы»
Дата конвертации13.01.2013
Размер77.45 Kb.
ТипДокументы
источник

ШҚО Білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы.


Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» және «Шығыс Қазақстан облысында 2008-2012 жылдары техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың аймақтық бағдарламасы» жүзеге асырылып жатыр.

Бұл көптеген белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік берді.

1. Біздің білім бепу мекемелерінің материалды-техникалық базасы нығайтылды.

Тек соңғы жылы ғана 3 жалпы білім беретінмектеп салынды, Бородулихада кәсіптік лицей ашылды. «Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 100 мектеп 100 аурухана құрылысы» жобасы шегінде 2 мектептің құрылысы салынып жатыр (Өскемен қаласында және Үржар ауданының Благодарное ауылында).

Ағымдағы жылы «Жол картасы» бағытын есепке ала отырып, мақсатты республикалық трансферттер есебінен жалпы сомасына 1,9 млрд теңгеге 344 білім беру нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыс жалғасын табады. 2010 жылы «Жол картасын» жүзеге асыруға 3,8 млрд теңге сомасына қаражат жоспарланған, оның ішінде 219 нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 1,6 млрд теңге, 6 нысан құрылысына – 2,2 млрд теңге.

Облыстың білім бюджеті 2010 жылға 40 млрд теңге сомасына бекітілді, ол 2009 жылдан 12 пайызға өсті.

2. Өткен жылы мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне аса көңіл бөлінді.

Қазіргі уақытта 115 бала-бақшада және 665 шағын-орталықтарда мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен мектепке дейінгі жастағы балалардың 58,2 пайызы қамтылған.

^ 2009-2015 жылдарға қабылданған ұзақ мерзімді шаралар қортындысы бойынша қосымша 20,3 мың орын құрылды. Мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамту 94,1 пайызды құрайды.

Орта мерзімді шараларды жүзеге асыру барысында 2010 жылы қосымша 6292 орын құрылады, қамту 69,0 пайызды құрайды.

3. Білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру, білім жүйесінің ресурстық базасын тиімді пайдалану жүйелерін жетілдіру, оқушылардың білім сапасына тәуелсіз бағалау нәтижелерін жақсарту сұрақтарына аса көңіл бөлінді.

2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері жақсарды. Мектеп түлектерінің орташа балы 74,6 құрады, ол 2008 жылға қарағанда 4,2 балға (республикалық көрсеткіш-74,9) өсті.

180 мектептің түлектері 74,5 жоғары бал жинады (37,63 пайыз).

Ең жақсы нәтижелерді Катон-Қарағай (87,8) және Күршім (78,1) аудандарының, Риддер қаласының (75,1) түлектері көрсетті.

ҰБТ қортындысы бойынша облыстың 14 мектебі республиканың ең үздік 100 мектебі қатарына енді. 2008 жылы олардың саны 3 ғана болатын.

Сонымен қатар, түлектердің жартысы 60 төмен бал жинады (47,25 пайыз).

ШҚО қалалары мен аудандарынгың рейтингінде соңғы орындарда Курчатов қаласы (62,1), Көкпекті (67,4) және Шемонайха (70,2) аудандары тұр.

2009 жылғы ҰБТ қортындысы бойынша 14 мектеп Өскемен қаласынан және Семей қаласынан (3 мектеп), Катон-Қарағай, Күршім, сонымен қатар облыстық мамандандырылған лицуйлер мен гимназиялар республиканың ең үздік 100 мектебі қатарына енді. 2008 жылы олардың саны 3 ғана болатын.

Облыс оқушылары 7 жыл ағымында республикалық интелектуальды олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жүлдегерлер үштігіне кіріп отыр және «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада жүлдегерлері 189 оқушы атанды.

Облыста жаңа білім беру,

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу

бойынша жағдайлар жасау бойынша

үлкен

жұмыс жасалды.

Білім беру мекемелерінің компьютерлік паркі 15,9 мың бірлік компьютерлік техника бар. 1 компьютерге оқушы саны 11,4 адамды құрайды (ауылдық жерде – 9,4 адам/комп).


Интернет желісіне 742 мектеп қосылған,

ол жалпы санның 98,9 пайызын құрайды,

оның ішінде 608 ауылдық.

Интерактивті ақпараттық-білім беру ортасына 143 мектеп кіреді, ол үшін заманауи техниканың 697 бірлігі пайдаланылады.

Оқу телевидениесін кеңейту және ұйымдастыру үшін 2002 жылғы шілде айынан бастап «Қашықтықтан оқытудың спутниктік каналы» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

2002 жылдан 2009 жылға дейін «Кателко+» бағдарламалар пакетін қабылдауға арналған спутниктік терминалдар кешендері 521 білім беру ұйымдарында орнатылды. Оның ішінде қашықтықтан оқытудың спутниктік каналдарына (ҚОСК) 32 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары және 489 мектеп қосылған, ол жалпы санның 63,75 пайызын құрайды.

Осы жылы облыстың білім сапасын бағалау және мониторингінің автоматтандырылған жүйесі енгізіледі, аудандық мектеп аралық сымсыз желі құрылады. Мұның бәрі ҰБТ нәтижелерін, білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

^ Ел президенті инициатор болған, «Интелектуальды ұлт -2020» жаңа ұлттық жобасы шегінде, біз «ШЫҒЫСТЫҢ ДАРЫН НҰРЫ» жаңа білім беру Интернет-жобасын бастаймыз.

4. Облыста 98 техникалық және кәсіптік білім мекемелері қызмет етіп жатыр.

Соңғы бір жарым жыл ішінде ашылған үш мемлекеттік кәсіптік білім беру мекемелері (Аягөз политехникалық колледжі және Абай және Бородулиха аудандарындағы кәсіптік лицуйлер) және 2 мемлекеттік емес колледждер облыстың барлық аудандарында жастардың мамандық алулары үшін жағдайлар жасалды және біздің облысты кәсіптік білім беру мекемелерінің сандары бойынша алдыңғы қатарға шығарды.

Ағымдағы жылы 15,0 мың жас жұмысшылар мен мамандар шығарылды. Білім алуды жалғастыруды есепке ала отырып жұмыспен қамту көрсеткіші 87 пайызды құрады, бірақ алынған мамандық бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші әлі де төмен-42 пайызды құрайды.

Бұл тағы бір міндетті анықтайды – облыстың экономика салаларына қажетті мамандықтар реестірін қалыптастыру.

Соңғы 2 жылы жұмыс берушілердің өтініштері бойынша 12 мамандық және жұмыс мамандықтары ашылды, оның ішінде аграрлық сектор үшін, көліктік инфрақұрылым үшін, туризм саласы үшін, шикізатты өңдеу үшін, машина құрылысы және металлургия үшін.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ ынтымақтастық тәжрибесі көрсеткендей, оның өтініші бойынша №1 КЛ базасында «Аппаратшы-гидрометаллург» мамандығы бойынша кадрларды дайындау жүзеге асырылып жатыр. Зауыд мамандықтың материалды-техникалық базасын құруға ғана қатысып қоймай, сонымен қатар кәсіпорыннан қосымша төлем жасаумен өздерінің инженерлі-техникалық жұмысшыларын арнайы дисциплина оқытушылары ретінде ұсынды.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар санын ұлғайту бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Оның 600 орынға дейін өсуі есебінен жұмысшы мамандары бойынша бюджет есебінен оқитындар бөлігі 96 пайызға дейін өсті. Мамандықтарды мемлекеттік тілде дайындау реестрі мен географияны кеңейту бойынша саясатты жалғастыру кәсіптік білім алудың қол жетімділігін қамтамсыз етуге жақсы ықпал етті – қазір әрбір үшінші оқушы мемлекеттік тілде оқиды.

Кадрларды дайындаудың сапасын арттырудың ең маңызды факторы - әлеуметтік серіктестікті дамыту көрсеткіші болып табылады.

Облыстың білім басқармасы мен Норвегияның рогаланд округінің кәсіптік оқыту және дайындық Орталығы арасында бұрын жасалған Меморандум негізінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беруді аймақтық дамыту моделі» пилоттық жобасы өз бастауын тапты.

Англияның, Францияның, Рсейдің, Сингапурдың кәсіптік білім беру мекемелерімен байланыстар нығайтылып жатыр.

Әлеуметтік серктестік шегінде кәсіптік лицуйлер мен колледждердің материалды-техникалық базасын дамытуда кәсіпорын инвестицияларының жағымды динамикасын сақтап қалдық, ол 37,5 млн теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа ^ «ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА» жолдауын жүзеге асыруда кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің инженерлі-педагогикалық жұмысшылары үлкен жұмыстар атқарды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ересек адамдарға бағытты болып келеді, ол бос адамдарға қайта дайындықтан өтуге мүмкіндік береді.

Өткен жылмен салыстырғанда ересек адамдардың курстық жұмыстары 3 есеге артты. «Жол картасы» және «Тұрғындарды жұмыспен қамту» бағдарламалары бойынша бюджет есебінен 9 мыңнан астам адам оқудан өтті.

5. Облыстың білім беру жүйесі қызметінің маңызды аспектісі балалар құқытары мен қызығушылықтарын қорғау, олардың денсаулықтарына қамқорлық, денсаулық сақтау технологияларын енгізу болып табылады.

Қазіргі уақытта облыстың 628 мектебі немесе 83,7 пайызы ыстық тамақты ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасауды талап етеді. 202 мектепте асханалар жоқ, ал 163 мектепте асханалар ыңғайластырылған жайларда орналасқан. Соңғы екі жылы облыста барлығы 13 мектеп асханасы қалпына келтірілді.

Мектеп асханаларының құралдары мен жабдықтарының тозуы 80 пайызды құрайды.

Соның нәтижесінде ыстық тамақпен 56,3 пайыз қамтылған (өткен жылы 45,7 пайыз). Буфеттік тамақтанумен балалардың 30,8 пайызы қамтылған.

Облыс мектептерінде ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру барлыө оқыту қоры есебінен шешіліп отыр. 2007 жылы барлық оқыту қоры 173,4 млн теңгені немесе жалпы білім беретін мектептер шығынының 1 пайызын құрады, 2008 жыл-212,1 млн ттеңге-1,1 пайыз, 2009 жылы барлық оқыту қоры мектепті ұстаудың 2 пайызын құрады.

Барлық оқушыларды 100 пайыз ыстық тамақпен қамту Катон-Қарағай және Бородулиха аудандарында ұйымдастырылған.

Сапалы балансты ыстық тамақпен қамтылған отбасы жағдайы төмен балалар бөлігі жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың жалпы санының 73,3 пайызын құрайды, 2010 жылдың аяғына дейін 100 пайызды құрайды.

1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту 61,8 пайызды құрайды, ол өткен жылғы көрсеткіштен 22,8 пайызға артты.

Бұл мақсаттарға аудандар мен қалалар бюджетінен 307,0 млн теңге қарастырылған (бюджет қаражаты есебінен-161,0 млн теңге; барлық оқыту қоры-122,0 млн теңге; демеушілік көмекке – 34,0 млн теңге).

Бірінші деңгейдегі міндет – бастауыш сыныптың барлық оқушыларын бір рет ыстық тамақпен қамту – 2010 жылы өз шешімін табады.

2009 жылдың жазғы мерзімінде облыстың 13,5 мың оқушыларына 28 қаладан тыс жердегі және 683 мектеп лагерьлерінде демалуға мүмкіншілік жасалды.

2010 жылы әрбір аудан және қаланың Алакөл көлінде демалыс зонасы қаладан тыс лагерьлері болады.

6. Облыстың 79 пайыз мектебі ауылдық жерде орналасқанын есепке ала отырып, оның ішінде 516-шағын жинақталған мектеп, ең маңызды болып оларды педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, жас мамандарды ауыл мектептерінде жұмыс істеуге тарту болып табылады.

Қазіргі уақытта облыс әкімінің гранты бойынша 367 түлек педагогикалық мамандық алып жатыр.

Жаңа оқу жылында облыс мектептеріне 467 жас маман келді, оның 137 маманына 11,4 млн теңге сомасына материалдық көмек көрсетілді, 17 жас маманға үй берілді.

Бұл жұмыс жаңа оқу жылында да әрбір аудан және қалада мақсатты бағытталған және жүйелік сипатта өз жалғасын табады.

ЖОО ынтымақтастықтың бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрлігі мен «Жас Отан» жастар қанаты бірігіп жариялаған «Дипломмен ауылға!»Акциясына қатысу болып табылады. Бүгінгі күні аудандық білім бөлімдеріне туған ауыл, селоларына жұмысқа дипломы бар мамандарды тарту үшін педагогикалық мамандықтарды алып жатқан ЖОО 1 мыңнан астам түлектерінің тізімі жіберілді.

Бұл облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 79 пайызы ауылдық жерде орналасқандықтан өте актуальды болып келеді, оның ішінде 509-шағын жинақталған, онда 50 мыңнан астам бала оқиды және 8 мың оқытушы жұмыс істейді.

Шағын жинақталған мектептің 90 пайызы 6 ауданда орналасқан: Катон-Қарағай, Ұлан, Көкпекті, Күршім, Бесқарағай, Жарма аудандарында.

Осы жылы мектептің қандай қашықтықта және статусына қарамастан мұғалімдердің біліктілігін арттыру сұрағын шешу жаңа сапалы деңгейде болады, он-лайн режимінде интерактивті лекциялар мен сабақтар өткізіліп, оқу үрдісіне электронды оқулықтар пайдаланып жатыр.



Похожие:

ШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» iconКіріспе 5 ШҚО білім беру жүйесінің қазіргі заманғы ахуалы 6
Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
ШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» icon1. ШҚО білім беру жүйесін 2005-2010 жылдары дамыту Бағдарламасы
Соның ішінде республикалық бюджеттен 2,67 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,8% артық
ШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» iconҚазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 жылғы Білім беру жағдайы
Жинақ 2005-2010 жылдар аралығын қамтитын Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін, кәсіптік білім беру динамикасын бейнелейтін индикаторлар...
ШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» iconШҚо білім беру жүйесінің бірінші жарты жылдықТАҒы жай-күйі туралы берілген есеп желі
Желі: ШҚО мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру жүйесінде 2007 жылдың 1 шілдесіне 1134 білім беру ұйымы болды
ШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» icon«2011-2015 жылдарға арналған Зайсан аудандық білім беру жүйесінің дамыту бағдарламасының» орындалу барысы туралы «2011-2015 жылдарға арналған Зайсан аудандық білім беру жүйесінің дамыту бағдарламасы»
«2011-2015 жылдарға арналған Зайсан аудандық білім беру жүйесінің дамыту бағдарламасы» 16. 06. 2011 жылы аудандық мәслихаттың №31-1...
ШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» iconТамыз конференциясының бағдарламасы «Білім беру жүйесін жаңғырту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» Астана қаласы
Республикалық орталықтар, Астана қаласының білім беру ұйымдары, жоо, нзм, жұмыстарының тұсаукесері (жеке бағдарлама бойынша)
ШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» iconТарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру
Бүгінгі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып...
ШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» iconАса маңызды өзекті мәселе. Білім үрдісінің негізгі мақсаты
Білім беру үрдісінің субъектісі. Білім беру үрдісі субъектісін дамыту шартының алғашқы баспалдағы кәсібилік. Білім беру үрдісінің...
ШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» icon«2006-2010 жылдары Екібастұз өңірінің білім беру жүйесін дамыту» қалалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» iconАтырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Білім беру қызметін лицензиялау – сәйкесінше лицензиардың заңды тұлғаға қызметтің білім беру түрімен айналысуға берілетін рұқсат
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы