ШЫҒыс қазақстан облысының Әкімдігі шығыс қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша icon

ШЫҒыс қазақстан облысының Әкімдігі шығыс қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша



НазваниеШЫҒыс қазақстан облысының Әкімдігі шығыс қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша
страница1/3
Дата конвертации13.01.2013
Размер471.61 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ


«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2007-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ БОЙЫНША

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ»


Өскемен

2007

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

  1. Мәселенің бастапқы жағдайының анализі

  2. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері

  3. Шығыс Қазақстан облысы шаруашылық кешенінің жағдайы мен энергетикалық тиімділігі

  4. Нормативтік-құқықтық қамтамасыздандырылуы

    1. Нормативтік-құқықтық база

    2. Бірінші кезектегі нормативтік-құқықтық құжаттар

    3. Энергия тұтынуды стандарттау мен жабдықтарды сертификаттау және олардың энергия үнемдеудегі рөлі

  5. ШҚО аумағындағы энергия үнемдеу саясатының негізгі ұстанымдары

  6. Энергия үнемдеудегі ғылыми-техникалық өрлеудің негізгі бағыттары

    1. Облыстың ОЭК (отын-энергетикалық кешені) саласындағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу

    2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу

      1. ТКШ-ның (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың) жылумен қамту жүйесіндегі энергия үнемдеу

      2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында өткізілуі тиіс шаралар тізімі

      3. Тұрғын үй мен азаматтық құрылыстағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу

      4. Ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу

      5. Автомобиль көлігіндегі ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу

6.2.6 Энергия ресурстары шығынын есептеу құралдары және есептеу мен реттеу жүйесін қолдану

6.2.7 Шағын энергетика және оның энергия үнемдеумен өзара байланысы

7. Энергия үнемдеу потенциалының бағасы

  1. Энергия үнемдеуден болатын экономикалық нәтиже

9. Бағдарламаны іске асырудың шығындары

  1. Бағдарламаны іске асырудың экономикалық және қаржылық механизмі

    1. Нарықтық механизмдер

    2. Облыстың энергия үнемдеудегі инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары

  2. Бағдарлама бойынша жұмысты басқару, үйлестіру

  3. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері

  4. Бағдарламаны орындаушылар

  5. Энергия үнемдеуші жобалар

  6. Энергосыйымды кәсіпорындарды міндетті энергетикалық тексеру

  7. Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыздандыру

КІРІСПЕ


ХХ ғасырдың аяғында жылу мен энергияның, отынның әр алуан түрлерін үнемдеу энергетикалық үнемдеуші атауын алған мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілді. Әлемнің көптеген дамыған елдерінде энергияның жаңа баламалы көздерін іздеу және белсенді пайдалану осы елдердің экономикасының болашақты дамуын қамтамасыздандыратын тіршілікке маңызды, стратегиялық қажетті ресурстар ретінде қабылданған.

Энергия үнемдеудің мемлекеттік бағдарламасы жергілікті ерекшеліктерді есепке ала отырып аймақтық деңгейде дамуы тиіс. Бұл саясат энергетикалық сектордың дамуына ғана емес, ел экономикасының нығаюы мен қоршаған ортаны жақсартуға да бір уақытта жағдай туғызады.

Әлем энергия тасымалдаудың озық технологиялары және жаңа алуан түрлісін пайдаланумен байланысты жаңа дәуір қарсаңында тұр. Өзгерістер әлі бола қоймайды, бірақ олардың жақындауының белгілері бар. Энергия өндірісі саласында әлем қай жолмен кететіндігіне мәселе түйінделеді – революциялықпен бе немесе эволюциялықпен бе. Егер революциялықпен болса, онда электр энергияны өндіру, соның ішінде энергия көздерін дәстүрлі емес жаңарту есебінен жүзеге асатын болады: желден, күннен, геотермальді судан, қоршаған ортаға залал келтірмейтін шағын өзендердің гидропотенциалынан.

Егер энергия алу процесі дамудың эволюциялық жолымен кетсе, онда әлем қоршаған орта жағдайына залал келтіретін отынның дәстүрлі түрлерін пайдалануына мәжбүр болады: көмір, мұнай, газ, бірақ сонымен бірге оларды жандырудың, шыққан газдардың (СО2) тазалануының және энергетикалық қалдықтардың қайта өңделуінің жаңа, тазарақ және тиімдірек әдістерін пайдалану қажет болады.

«Шығыс Қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша тұжырымдамасы» (бұдан әрі Тұжырымдама) кешенді болып табылады, ол Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарымен және «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210-І Заңымен тұтастай үйлескен. Тұжырымдама облыс экономикасының энергетикалық тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету мен оны жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін экономикалық және құқықтық әдістерді құруға бағытталған.

Тұжырымдамада энергия үнемдеу саясатын жүзеге асырудың нақты бағыттары, инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру механизмдері, облыстағы энергоресурстарды тұтынушылар мен өндірушілерді ынталандыруға байланысты шаралар тұжырымдалған. Бағдарлама аумақтық және салалық аспектілерінде көрсетілген. Бағдарлама аймақ өміріне энергетикалық саясат енгізетін және энергия үнемдеу мәселелерін белгіленген кезеңде шешетін кешенді құрал болуға бейімделген.

Бұл Тұжырымдаманы жүзеге асыру отын-энергетикалық кешен обьектілеріне салмақ түсуді төмендетуге және әлеуметтік мәселелердің шешілуін жеңілдетуге жағдай туғызады. Тұтынушыларды есептеу құралдары және жүйелерімен қамтамасыздандыру және коммуналдық-тұрмыстық секторында энергия үнемдеуді жүзеге асырумен бірге бір уақытта энергия таратушылардың шығынын реттеу – энергетикалық ресурстарға қажеттілікті қысқарта алады.

^ Энергия үнемдеу – энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық және экономикалық шараларды іске асыру.

^ Энергия тасымалдаушы – түрлі агрегаттық күйлердегі заттек (қатты, сұйық, газ тәрізді), немесе материяның басқа түрлері (плазма, өріс, сәулелену және с.с.), энергия жабдықтау мақсатына пайдалануға болатын запасталған энергия.

^ Отын-энергетикалық ресурстар – табиғи және өндірілген энергия тасымалдаушылардың жиынтығы, шаруашылық қызметте пайдалану үшін қолайлы техника мен технология дамуының деңгейі бар запасталған энергия.

^ Энергия тұтынушы өнім – тура функционалдық міндетке пайдаланғандағы отын-энергетикалық ресурстарды тұтынатын өнім.

Энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану – техника мен технология дамуының деңгейі болғанда және қоршаған ортаны қорғаудың талаптарын сақтағанда энергетикалық ресурстарды пайдаланудың экономикалық ақталған тиімділігіне жету.

^ Энергетикалық тексеру – отын-энергетикалық ресурстарын пайдалану тиімділігінің көрсеткішін анықтау және экономикалық негізделген шаралар өнімін арттыру мақсатында олармен тұтынушыларды тексеру.

Энергия үнемдеу технологиялық зәруліктерге энергия пайдаланудың төмендеуіне, өндірілетін өнім көлемінің азаюына бағытталмаған, және де тұрғын үй жайлылығының төмендеуі есебінде энергия пайдаланудың төмендеуін көрсетпейді.

Тұжырымдама облыс экономикасының энергетикалық тиімділігін көтеруді қамтамасыздандыруға және оны жүзеге асыруға көмектесу үшін экономикалық және құқықтық әдістерді жасауға бағытталған.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру механизміне мынадай ұстанымдар салынған:

  • нормативтік-құқықтық қамтамасыздандыру;

  • баға, салық саясаты арқылы энергия үнемдеу процесін ынталандыру және т.с.с.;

  • энергия үнемдеуді қамтамасыздандырудың нарықтық механизмі;

  • энергия үнемдеу басқармасының қажетті құрылымын құру;

  • қазіргі заман техникасы мен технологиясын пайдалану.




  1. ^ МӘСЕЛЕНІҢ БАСТАПҚЫ ЖАҒДАЙЫНЫҢ АНАЛИЗІ


Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымында Шығыс Қазақстан облысы экономикалық жағынан біршама дамыған болып саналады, ал Шығыс аймағы шаруашылығының жетекші салалары ел экономикасына тұтастай үстемді әсерін тигізеді.

Шығыс Қазақстан облысы 256 млн. тоннаға жуық шартты отын өндіреді, 15% ресурстан асатын, олардың баламалы табысының және өндірістің шығынынан 3-4 есе төмен энергия үнемдеудің орасан зор пайдаланбаған потенциалы бар.

Шығыс Қазақстан облысында 2015 жылға дейінгі кезеңде энергия үнемдеу бағдарламасын жүзеге асырудан энергия ресурстардың 85 млн.тонна шартты отынға экономикалық ақталған үнемделуіне жетуге болады. Облыстағы энергия үнемдеудің мөлшері – бұл шамамен елдегі жоспарланған энергия үнемдеуден 7%. Осы аймақтық мақсатты бағдарламаны құрастыру қажеттілігі келесі себептермен келісілген:

  • өткізілетін шаралардың экономикалық мақсатқа сәйкестілігімен және энергия үнемдеудің елеулі потенциалымен;

  • облыс экономикасының энергетикалық тиімділігін төмендетумен;

  • жаңартылмайтын табиғи ресурстардың шектеулі мөлшерімен;

  • өндірістің төмен мәдениетімен.

Облыстағы энергетикалық ресурстарды пайдаланудың төмен нәтижелілігі көбінесе жетілмегендігімен, ал кейде қажетті нормативтік-құқылық, қаржылық-экономикалық механизмдердің жоқтығымен, сондай-ақ оларды жеткіліксіз және кешенсіз қолданумен келісілген.

Энергия үнемдеуге байланысты осы Тұжырымдама директивті құжат болмайды. Ол келесі сұрақтарды шешуге бағытталған:

  • Шығыс Қазақстан облысы мен аудандарының энергетикалық болашағын қалыптасқан үрдіске сүйене отырып бағалау және облыс пен аудандардағы энергия үнемдеу саясатын анықтау;

  • заң және басқа нормативтік актілер түрінде Бағдарламаны жүзеге асыру механизмін анықтау;

  • ұсынылатын шаралардың тәжірибелік нақты көрсетілгені бойынша шараларды жасау.

Аймақтық бағдарлама энергия үнемдеу саясатын енгізуде аймақтарға барынша дербестік берілгендігіне сүйенеді. Аймақта энергия үнемдеуші стратегияны жүзеге асыру облыс пен аудандар экономикасының дамуына, өндірістік сала мен әлеуметтік-тұрмыстық секторда технологиялық базаның жетілуіне оң әсер береді, құнсыздану процестерін төмендетуге, тауар өндірушілердің бәсекелесу қабілеттілігін арттыруға жағдай туғызады, ішкі аймақтық өнімнің өсуінде және ең соңында халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуда құптарлықтай байқалады.

Отын-энергетикалық ресурстарына баға қосылу экономикадағы құнсыздану процесін күшейтеді, энергосыйымды өндірістердің рентабельділігін төмендетеді, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында банкроттық санын өсіреді, тұрғындардың өмір сүру деңгейін төмендетеді. Бұл энергия үнемдеу процестерін ынталандырады.


  1. ^ БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Тұжырымдаманың мақсаты – облыс пен аудандар экономикасын энергия үнемдеу жолына жедел ауыстыру есебінен 2015 жылға дейінгі кезеңге Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыздандыру.

Ол үшін 2015 жылға ішкі аймақтық өнімнің (ІАӨ) энергосыйымдылығын 11%-дан кем болмайтындай төмендету мақсатында энергетикалық ресурстарды нәтижелі пайдалануды қамтамасыздандыратын ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, ғылыми-техникалық және технологиялық жағдайларды құру қажет.

Оны жүзеге асыру 2007-2015 жылдар кезеңінде пайдаланатын отынның үштен бірін үнемдеуге әкеледі, бұл Шығыс Қазақстан облысының энергия ресурстарын үш жыл ішінде пайдаланумен сайма-сай.

Бағдарлама өндіріс пен энергия ресурстарын пайдалану кезінде облыста энергия үнемдеу саясатын жүргізу басым бағыт болатындығын мақұлдайды.

Энергия үнемдеу бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мыналар болады:

  • шикізат ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;

  • энергия ресурстарының, газдың, судың шығынын реттеп есептейтін құралдарды кеңінен қолдану.

Жалпы аймақтық өнім энергетикалық сыйымдылығының өсуін тоқтатуды қамтамасыздандыратын облыс экономикасы салаларының құрылымдық қайта құрылуы энергия үнемдеудің басты мақсаты болуы тиіс.



  1. ^ Шығыс Қазақстан облысының шаруашылық кешенінің ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ тиімділігі


Облыс аумағында жеті энергетикалық көз, соның ішінде үш су электр станциясы (Өскемен СЭС-і, Бұқтырма СЭС-і, Шүлбі СЭС-і) және жалпы қондырылған қуаттылығы 2076 МВт төрт ірі жылу станциялары (Өскемен, Семей, Риддер және Согра ЖЭО) орналасқан:

  • Өскемен СЭС-і – 331 МВт;

  • Шүлбі СЭС-і – 702 МВт;

  • Бұқтырма СЭС-і – 675 МВт;

  • Өскемен ЖЭО – 241 МВт; 1060 Гкал/сағ;

  • Согра ЖЭО – 50 МВт; 315 Гкал/сағ;

  • Риддер ЖЭО – 47 МВт; 337 Гкал/сағ;

  • Семей ЖЭО – 18 МВт; 420 Гкал/сағ;

  • Лениногор СЭС-і каскады – 12 МВт.

Энергетиканың негізгі кәсіпорындары 1997 жылы жылу станцияларын сатып алған және Өскемен СЭС-і мен Шүлбі СЭС-ін 20 жылға концессияға және 1999 жылы облыстың аймақтық энергетикалық компанияларын 15 жылға басқаруға алған «AES» американдық компаниясының бақылауында тұр.

1997 жылы Бұқтырма СЭС-інің мүліктік кешені «Қазцинк» ААҚ-қа 25 жылға концессияға берілді.

Облыста аймақаралық деңгейдегі электр желілері бойынша электр энергиясын тасымалдауды «KEGOC» АҚ-ның «Восточные МЭС» филиалы жүзеге асырады, олардың балансында ҚС-200/500 кВ – 5 дана, ЭБЖ 110/220/500 кВ – 1039,1 км бар.

Облыс аумағындағы елді мекендерді электрмен жабдықтау аймақтық энергетикалық компаниялармен қамтамасыздандырылады: «ШҚ АЭК» АҚ және «ШҚ АЭК» АҚ-ның Семейдегі филиалы. Электр беру желілерінің жалпы ұзындығы 33 397 км құрайды, қосалқы станциялар – 161 дана, трансформаторлық қосалқы станция (ТҚС) мен жиынтық трансформаторлық қосалқы станция (ЖТҚС) – 6668 дана.

2006 жылы облыстың энергетикалық кешен кәсіпорындарымен 7,2 млрд. кВт.сағ. электр энергия өндірілді. Электр энергия желісіне 6,82 млрд. кВт.сағ. жіберілді.

Электр энергияны қолданудың мөлшері облыс бойынша электр энергияны өндірудің мөлшерінен 927 млн. кВт.сағ. артты.

Облыстағы электр энергия тапшылығы ұлғаюда, бұл қазірдің өзінде облысты энергиямен жабдықтауда кейбір қиындықтарды туғызуда. Өскемен, Семей, Зырян қалаларының жеке аудандарындағы қуат тапшылығынан бүгінде қосымша жүктеме қосуға техникалық шарт беру мүмкіншілігі жоқ.

Электр станциялардың, электр беру желілерінің, коммутациялық аппаратураның негізгі жабдықтарының жартысынан көбі пайдаланудың нормативтік мерзімін аяқтады және саптан апаттық шығу сатысында тұр, бұл облысты энергиямен қамтамасыздандыру сенімділігін қауіп-қатерге қояды.

Электр энергияны өндіру мен тұтынудың болжамдық мөлшерін қамтамасыздандыру үшін жаңа қуатты енгізу және әрекеттегі энергия көздерінде негізгі қорларды жаңарту (жаңғырту) қажет.

Негізгі құралдардың тозуы 70 %-ға дейін жететініндігі ескеріле отырып, ӘЖ-110 кВ – 50 %-ға, ЭБЖ-35 кВ – 62 %-ға, ЭБЖ-6/10/0,4 кВ – 84 %-ға қызмет мерзімі толық істелді, қуаттың екінші көзінде қуат қорының болмауы себебінен және техникалық сипаттаулар бойынша жалғасқан желінің сәйкес болмауынан желінің кейбір жерлерінде категория бойынша тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету мүмкіншілігі жоқ, қолданыстағы таратқыш электр желілерінің ұлғайған жүктемені жабу мүмкіншілігі жоқ. Желілерді нығайту немесе түрлі кернеулі және қуат желілері бар қосалқы станцияларды салу арқылы жойыла алатын тар орындар көптеп пайда болуда.

«ШҚ АЭК» АҚ мәліметтері бойынша бүгінгі күні 110 кВ жеті АС және төмен кернеулі он ТАС, ТП салу қажет. «ШҚ АЭК» орындалуына 29 млрд. теңге мөлшеріндегі инвестиция қажет болатын 2030 жылға дейінгі бағдарлама жасады. Алайда, қазір бұл бағдарлама (2007-2009 жылдар ЭжМРМ-де келісілген) тек қана тариф есебінен орындалуда. Қаржыландырудың басқа көздері жоқ.

Электр желілерінің дамуының және қолданыстағы электр желілерін облыстық бюджет қаржысы есебінен қалпына келтірудің келешегін анықтау мақсатында «Қазауылэнергожоба» институты» ЖШС «Шығыс Қазақстан облысының 2015 жылға дейінгі 110 кВ және төмен таратқыш электр желілерін дамыту схемасын» жасады, бұған «Қазақэнергосараптама» АҚ-ның 2006 жылғы 31 қазандағы № 001012 қорытындысы, ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен 2007 жылғы 31 мамырдағы № 07-02-4765 ұйғарымы мен Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 02-21/1951 ұйғарымы алынды.

Осы жасалған схема негізінде Өскемен қаласы және Шығыс Қазақстан облысы аймақтарының қолданыстағы электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салу және қалпына келтіру қарастырылуда.

Облыс аумағында тұрғындарының жалпы саны 1583 адам, тұрақты энергия жабдығы жоқ 38 елді мекен бар.

Болжанған қуат көздерінен тұрақты энергия жабдығы жоқ елді мекендерге дейінгі электр беру желілерін (ЭБЖ) салудың шамамен алынған шығыны 600 млн. теңгеден артықты құрайды. Бірақ ауылдық елді мекендердегі желілерді салу мен қалпына келтіру шығыны тарифте қарастырылмағандықтан, ал АЭК-те қаржыландырудың басқа көздері болмағандықтан, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы экономикасының қазіргі кезеңі сипатталады:

  • күрделі қаржының шектелуімен;

  • негізгі фондтың тозуының жоғары дәрежесімен.

Облыстың ірі кәсіпорындарымен энергия үнемдеу іс-шараларын қаржыландырудың жалпы шығыны 17181 млн. теңге мөлшерінде бағаланады. Шығыс Қазақстан облысы электр энергетикасындағы іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2007-2010 жылдар кезеңінде күтілетін энергия ресурстарының үнемделуі: электр энергия – 391,943 млн. кВт.сағ., жылу энергиясы – 339,9 мың Гкал., отынды – 362,2 мың тоннаны құрайды

Жылумен қамтудың үлкен үлесі жылу электр станцияларынан, өнеркәсіптік және аудандық қазандықтарынан іске асырылатындығы Шығыс Қазақстан облысының ерекшелігі болып саналады.


^ 4. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ

4.1 Нормативтік-құқықтық база

Бағдарламаны жасарда мынадай негізгі құжаттар пайдаланылды:

а) «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялы-инновациялық дамуының стратегиясы туралы» ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлығы;

б) «Энергия үнемдеу туралы» ҚР 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210-І заңы;

в) «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 111-1 қаулысы;

г) ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 23 қазандағы № 1145 қаулысы.

Президент және Үкімет шешімдерімен анықталған Қазақстан Республикасының энергетикалық стратегиясының негізгі қағидалары төмендегідей мәлімденді:

- отын-энергетикалық кешендері салаларын құрылымдық қайта құру;

- әлеуметтік бағыттылық ( ауылды газдандыру, тұрмысты электрлендіру);

- энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділік, сонымен қатар энергия үнемдеуге байланысты жұмыстарды өткізу көбінесе аймақтарда ұйымдастырылуы тиіс;

- энергетикалық қауіпсіздік;

- экологиялық таза энергетиканың артықшылығы;

- жергілікті отын-энергетикалық ресурстарды пайдалануды кеңейту.

Энергия үнемдеу ОЭК салаларындағы құрылымдық қайта құру өзегі болуы тиіс деп ҚР энергетикалық стратегиясында көрсетіледі.

^ 4.2 Бірінші кезектегі нормативтік-құқықтық құжаттар

Тұжырымдаманы дамыту мен нақтылауға арналған бірінші кезектегі нормативтік-құқықтық актілер нақты мәселелерді шешуді қамтамасыздандыруы қажет, соның ішінде мынадай:

- энергия үнемдеудің нормативтік-құқықтық базасының дамуы;

- энергетикалық ресурстарды төлеуге қарастырылған бюджеттік қаржыларды үнемдеу үшін бюджеттік және муниципальды саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдарды ынталандыру шарттарын анықтау.

Энергия үнемдеу саласында зерттеулер өткізуге арналған нормативтік құжаттарын, энергия үнемдеуші жабдықтарға нормативтік-техникалық құжаттарын, энергетикалық ресурстардың тиімділігін бақылау мен бағалау үшін мемлекеттік және салалық есеп беру жүйесін жасау, бюджеттік салада электр энергияның тұтынылуын лимиттеуді енгізу, меншік сектор кәсіпорындарымен Келісімдерде (Меморандумдарда) нақты жоспарлық көрсеткіштері бар энергия үнемдеу бойынша бөлікті қарастыру және энергия үнемдеу бойынша есеп беру тәртібін жасау қажет.

Кәсіпорын мен ұйым ішінде де, аудан мен облыстық ауқымда да энергия үнемдеу бойынша көрсеткіштерге материалдық ынталандыру туралы Ереже жасау; арнайы қорларды ашу;

- энергия көздерінің баламалы және жаңартылғанын кеңінен қолдану үшін енгізуді ынталандыру;

- түрлі қуаттағы су электр станцияларын салу обьектілерін таңдағанда инвестицияны тарту Әдістемесін жасау;

- СЭС Жоғары Ертіс каскады бөгендерінің гидроэнергетикалық ресурстарын үнемдеу бойынша іс-шараларды жасау;

- Аймақтық Бағдарламада (Схемада) Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы энергия жүйесі орнықтылығының шарттары бойынша ҚХР аумағындағы Қара Ертіс өзені ағынды көлемінің өтемақысы ретінде және ЖЭО-да жыл сайын 18-20 млн. тонна көмірдің жануына сәйкес келетін игерілу көлемі 20 млрд. кВт.сағ. Ертістің көп сулы алабын экономикалық және техникалық орынды гидроэнергетикалық потенциалын кеңінен пайдалану ретінде гидроэнергетикалық сектордың энергетикалық саласының дамуын қарастыру.

Бұлақ СЭС-і, Күршім СЭС-і каскадын және гидроэнергетиканың басқа нысандарын жоспарлы жобалау мен салуға байланысты Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дің «Өнеркәсіптік энергетика» кафедрасында жаңа гидроэнергетикалық мамандығын («Электр станциялар» топтастырушысы бойынша) ашуды, сондай-ақ энергия үнемдеу бойынша курстық, ғылыми жұмыстарды және дипломдық жобаларды орындауды алдын ала ескеру.

Энергоқауіпсіздік пен оның бөліктері бойынша Аймақтық бағдарламаны жасау және үйлестіру үшін «Алтай» АҒТП-да құрамында 2-3 адам бар үйлестіруші топты құру туралы мәселені қарастыру, ұйымдастыру, техникалық және қаржылық мәселелерін шешу.
  1   2   3



Похожие:

ШЫҒыс қазақстан облысының Әкімдігі шығыс қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша icon«Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 24 қазандағы №15/180-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде...
ШЫҒыс қазақстан облысының Әкімдігі шығыс қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша icon«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2521 шешіміне...
ШЫҒыс қазақстан облысының Әкімдігі шығыс қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша iconҚаулысы Шығыс Қазақстан облысының
«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» және «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік...
ШЫҒыс қазақстан облысының Әкімдігі шығыс қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша iconОблыс әкімінің сайтында орналастыруға арналған табиғат қорғау іс-шаралары бойынша 2007 жылдың ІІІ тоқсанындағы есеп «Шығыс Қазақстан облысының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау»
«Шығыс Қазақстан облысының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» өңірлік бағдарламасында жоспарланған табиғат қорғау...
ШЫҒыс қазақстан облысының Әкімдігі шығыс қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша icon«Шығыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы №4/8559 келісім-хатын ескере...
ШЫҒыс қазақстан облысының Әкімдігі шығыс қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №354 қаулысы «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
«Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
ШЫҒыс қазақстан облысының Әкімдігі шығыс қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
ШЫҒыс қазақстан облысының Әкімдігі шығыс қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
ШЫҒыс қазақстан облысының Әкімдігі шығыс қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша icon«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №22 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қаулы етеді
ШЫҒыс қазақстан облысының Әкімдігі шығыс қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша icon«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының миссиясы және пайымдауы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы