Кеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері icon

Кеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері



НазваниеКеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері
Дата конвертации13.01.2013
Размер32.71 Kb.
ТипДокументы
источник

Кеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері


Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының Үкiметтерiмен Кеден одағы шегінде тауарларды экспорттау мен импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алу ретiн белгiлейтiн халықаралық келiсiмшарттар жасалды.

Көрcетiлген халықаралық келiсiмшарттарды салық нормаларымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Салық кодексi 2010 жылдың 1 шiлдесiнен күшiне енген «Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салу ерекшеліктері» аталынған 37-1 тарауымен толықтырған.

Салық кодексiнiң 276-2-шi бабының 2-шi тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын көлік құралдарын импорттайтын жеке тұлғалар кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады, яғни заңды тұлғалармен қатар көлiк құралдарын импорттайтын жеке тұлғалар да тауар әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Өтiнiштi табыс ету бойынша мiндеттеме пайда болады.

Сонымен қатар, автокөлiктiң құнынан 12 пайыз мөлшерінде қосылған құн салығын төлеуден басқа, Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 280-шi бабының 4-шi тармағының 1-шi тармақшасында двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа) үшін 100 теңге/текше см. көлемінде акциз ставкасы белгіленген.

Шығыс Қазақстан облысы аумақтық салық басқармаларына табыс етілген тауар әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Өтiнiштердің деректеріне сәйкес, 2011 жылы 155 салық төлеушiлер кеден одағына қатысушы мемлекеттерден 16 481 116,7 мың теңге сомасына 14 579 көлiк құралдарын импортталған және олардан бюджетке 1 977 734,0 мың теңге қосылған құн салығы төленген.

Көлiк құралдары мысалға, үтіктің бағасымен енгізілмеуі үшін, қолданыстағы заңнамада импортталған тауарлардың құнының түзетуi ескерiлген.

Салық кодексінің 276-8-шi бабының 7-шi тармағына сәйкес Салық қызметi органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерінің атқарылуын бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашасының №1249 Қаулысында (бұдан әрi - №1249-шы қаулы) белгілеген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.

Сонымен бiрге, кеден одағында түзету бойынша мәлiмет көздері №1249 қаулының 4-шi тармағында көрсетілген, оған сәйкес салық органдары салық салынатын импорттың өлшеміне ұқсас көлiк құралдардың бағалары туралы мәлiметтерге сүйене отырып түзету бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. Мысалы, «А» салық төлеушiсі 2012 жылдың қаңтарында 2008 жылы жасап шығарылған Mitsubishi Outlander автокөлігін Беларусь Республикасынан импорттаған және оның алғашқы табыс етілген өтінішіндегі құны 1462,1 мың теңгені құрап, 182,5 мың теңге ҚҚС саналынған. Салық органдары осы тауар әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Өтінішті автомобиль құнын төмендетіп көрсеткені үшін растаудан дәлелді бас тартуды, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны табыс еткен. Салықтық әкімшілендіру нәтижесiнде салық салынатын импорттың мөлшері 2 295,5 мың теңгеге өсіріліп, төленетін ҚҚС сомасы 282,5 мың теңгені құраған. Ұқсас мысал: Ресей Федерациясыдан 2011 жылдың қазанында «Б» жеке тұлғасы импорттаған ВАЗ 21093 автокөлігінің салық салынатын импорт өлшемі жауапты орындаушылардың әкімшілендіру жұмыстары нәтижесінде 46,8 мың теңгеден 173,2 мың теңгеге дейін көтерілген және бюджетке қосымша 14,1 мың теңгенің түсуін қамтамасыз еткен.

Кеден одағына мүше мемлекеттерден тауарлар импорттағанда, соның ішінде әкелінетін көлік құралдары бойынша, салық органдары тұрақты түрде салық мiндеттемелерiнiң орындауына бақылау жүргізеді және осы мақсатта уәкілетті тіркеу органдарымен ақпарат алмасады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық Департаментi Ресей федерациясы және Беларусь Республикасынан көлік құралдарын әкелетін салық төлеушілерді салық және әкiмшiлiк заңнамаларының нормаларын бұзушылықтың алдын алу мақсатында салық мiндеттемелерін уақытында және толық көлемде орындауға шақырады.


Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық Департаментi

Кеден одағы шегінде жанама салықтарды

әкімшілендіру Басқармасының бас салық инспекторы

Шагиева А.А.



Похожие:

Кеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері iconҚалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы»
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 15-1 бабына сәйкес әзiрленген...
Кеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері iconКөлік құралдарына салық
Салық Кодексінің 365 бабына сәйкес, бірыңғай жер салығын төлеушілер бойынша, бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген,...
Кеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері iconКӨлік қҰралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты
Көлік операторы / көлік құралынын жүргізушісі көлік құралын өлшегенге дейін толтырады
Кеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері iconМеханикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін,
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Кеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері iconМеханикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін,
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Кеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері icon«Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін,
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы №523 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Кеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері iconҚазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану
Азақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы №87 бұйрығы
Кеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері iconМеханикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін,
Республикасының Заңын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі №99-р...
Кеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері iconКөлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін
Осы Көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігін ағымдағы төлемдер (есебін) жасау қағидалары (701. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар)...
Кеден одағында Қазақстан территориясына көлік құралдарын әкелудегі салық салудың өзгешіліктері iconҚалалық қоғамдық көлік тасымалдары бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде салық төлеушінің билеттерді пайдалануы туралы есеп нысанын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексi) 645-бабының 2-тармағына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы