2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon

2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы



Название2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Дата конвертации13.01.2013
Размер88.49 Kb.
ТипДокументы
источник

2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба


1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы


Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының 2005 жылға бақылау шараларының Жоспарына сәйкес 394 бақылау нысанында бақылау жүргізу көзделген. Басқарма іс жүзінде 433 нысанда, оның ішінде: 294 мемлекеттік мекеме бойынша және 139 шаруашылық жүргізу иеліктері бойынша бақылау жүргізді.

2005 жылғы есептілікке бақылау шараларында көзделген жергілікті сипаттағы 19 нысан енгізілген жоқ, оның 12-де бақылау ағымдағы жылдың желтоқсан айының екінші жартысында басталды және 7 нысандағы бақылау шалғайлығы және ауа-райы жағдайларына байланысты 2006 жылға ауыстырылды. (Бұл нысандар облыс орталығынан 500-600 шақырым жердегі Семей өңіріндегі ауылдық жалпы білім беретін мектептер).


^ 2 тарау. Жоспардан тыс шаралар


Есепті кезеңде мемлекеттік органдар хаттарының, құқық қорғау органдар қаулыларының, азаматтардың өтініш-шағымдарының негізінде 138 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде:

  • құқық қорғау органдарының қаулылары бойынша - 103;

  • Қаржы бақылау комитетінің тапсырысы бойынша – 25;

  • Азаматтардың өтініш-шағымдары бойынша – 10.


3 тарау. Бақылау қорытындылары


Басқарма жүргізген ішкі бақылау қорытындылары бойынша жалпы сомасы 496736,2 мың теңгенің қаржы бұрмалаушылығы анықталды, оның ішінде:

  • бюджеттік мекемелерде – 294559, 7 мың теңге;

  • шаруашылық жүргізу иеліктерінде – 202176,5 мың теңге.

  • Қайтарылуы тиістісі барлығы - 195547,7 мың теңге, оның ішінде:

  • бюджеттік мекемелерде - 90634,8 мың теңге;

  • шаруашылық жүргізу иеліктерінде - 104912,9 мың теңге.

  • Қаржы бұрмалаушылықтың жалпы сомасының құрамында :

  • бюджет қаржысын негізсіз пайдалану –200497,8 мың теңге, оның ішінде:

  • республикалық бюджет бойынша – 42379,7мың теңге;

  • жергілікті бюджет бойынша - 83106,7;

  • шаруашылық жүргізу иеліктерінде - 75011,4 мың теңге;

  • тауар – материалдық құндылықтар және ақшалай қаржы жетіспеушілігі барлығы - 46826,5 мың теңге, оның ішінде:

  • республикалық бюджет - 21411,8 мың теңге;

  • жергілікті бюджет бойынша - 35,8 мың теңге;

  • шаруашылық жүргізу иеліктері бойынша - 25378,9 мың теңге; бюджет қаржысын тиімсіз пайдалануға республикалық бюджеттен қаржыландырылатын нысандарда 22 966,6 мың теңге сомасында және жергілікті бюджетте - 5320,1 мың теңге сомасында, шаруашылық жүргізу иеліктерінде - 456,9 мың теңгеге жол берілген;

  • бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану барлығы - 108685,4 мың теңге, оның ішінде:

  • республикалық бюджет бойынша - 1821,3 мың теңге;

  • жергілікті бюджет бойынша – 81913,6 мың теңге;

  • шаруашылық жүргізу иеліктері бойынша – 24950,5 мың теңге; салықтан тысқары түсімдер – 14524,6 мың теңге, оның ішінде:

  • республикалық бюджет бойынша - 837,3 мың теңге;

  • жергілікті бюджет бойынша - 1980,8 мың теңге;

  • шаруашылық жүргізу иеліктері бойынша – 11706,5 мың;

  • басқа шығыстар - 97458,3 мың теңге; оның ішінде:

  • республикалық бюджет бойынша - 498,1 мың теңге;

  • жергілікті бюджет бойынша - 32287,9 мың теңге;

- шаруашылық жүргізу иеліктері бойынша – 64672,3 мың теңге.




Анықталған қаржы бұрмалаушылықтың жалпы сомасы өткен жылмен салыстырғанда 50,6 млн. теңгеге (өткен жылда - 446,1 млн. теңге болса, есепті жылда - 496,7 млн. теңге), ал бақылаумен қамтылған нысандар саны 21-ге (421-ден 442-ге) артты. Есепті жылда қайтарылуға тиісті негізсіз жұмсалған бюджет қаржысының сомасы 195,5 млн. теңге болды, бұл өткен жылға қарағанда 69,8 млн. теңгеге артық. Бақылау барысында және одан кейінгі кезеңде негізсіз шығыстар, тауар –материалдық құндылықтар және ақшалай қаржы сомасының жетіспеушілігі сомасының 49,5 % (өткен жылы - 30,6 % ) немесе 96,9 млн. теңге қайтарылды. Анықталған қаржы бұрмалаушылық сомасы өткен жылмен салыстырғанда 1 оперативтік қызметкерге шаққанда 843,7 мың теңгеге, ал қайтарылған бюджет қаржысының сомасы 2,5 еседен астам (640,3 мың теңгеден 1614,3 мың теңгеге) өскен.

Үстіміздегі жылы сотта «Өскемен Аудандық пайдалану бөлімі» Мемлекеттік Мекемесі бойынша 2 лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралғанын атап өту керек, ол 2004 жылы бақылаумен анықталған 12,2 млн. теңге бюджет қаржысының ұрлануына қатысты болды.

Сот шешімі бойынша бұл лауазымды адамдар 3 жылдан 5-жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуға кесіліп, көрсетілген сома бюджет пайдасына қайтарылды. Бұл көрсетілген сома есептілікте көрсетілмеген (бағдарламада көзделмеген), дегенмен өндірілген негізсіз шығыстардың нақты сомасы 109, 1 млн. теңгені (96,9 + 12,2) құрайды.




Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталу мәселелері бойынша жалпы сомасы 1069357,1 мың теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу кезінде 328 конкурстың іс-жосығы бұзылып өткізілгені анықталды, оның ішінде мемлекеттік мекемелерде 1030664,2 мың теңгенің 277 конкурсы, шаруашылық жүргізу иеліктерінде – 38692,9 мың теңгенің 51 конкурсы анықталған, бұл ретте жергілікті бюджеттердің үлесі – 1034736,2 мың теңгенің 298 конкурсы немесе барлық анықталған соманың 96,8 % болып отыр. Облыстық құқық қорғау органдарына 119 бақылау материалы берілді, бұл осы органдар қаулылары бойынша тексерулер санының ұлғаюы себепті 2004 жылға қарағанда 65 нысанға көп және 305,9 млн. теңгеге артық, негізінен бұл сома шаруашылық жүргізу иеліктері мен жекелеген басқару органдарының есебінен құралды. («Семей қаласы жылу коммунэнерго» Мемлекеттік қоммуналдық кәсіпорны - 112,3 млн. теңге, «Семей қаласы құрылыс және қала құрылысы бөлімі» Мемлекеттік Мекемесі - 50,5 млн. теңге, «Семей спорт клубы» Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны - 30,5 млн. теңге, «Зырян тәжірибе шаруашылығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны – 29,0 млн. теңге және басқалар.


Мәселен:


«Семей қаласы жылукоммунэнерго» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында Қазақстан Республикасы Үкіметі қорынан бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуына бақылау жалпы сомасы 112285,1 мың теңгенің қаржы бұрмалаушылығын анықтады, мұның ішінде: отынды мөлшерден тыс есептен шығару - 46035,9 мың теңге, көмір жетіспеушілігі - 23879,2 мың теңге, қазандық жабдықтарына жүргізілген күрделі жөндеу жөнінен атқарылмаған жұмыс көлеміне негізсіз төлеген қаржы - 42370,0 мың теңге.

Бақылау материалдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес жөніндегі Департаментіне жіберіліп, лауазымды 3 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

2005 жылдың 2 қыркүйегінде Семей қаласы № 2 сотының шешімімен, бұл лауазымды тұлғалар, түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасына кесіліп, негізсіз жұмсалған бюджет қаржысы 33067,9 мың теңге, бөлшектелген түрде өндіріліп алынды.


«Семей қаласы құрылыс және қала құрылысы» бөлімі» Мемлекеттік Мекемесінде жүргізілген жоспардан тыс бақылау 50000,0 мың теңге сомасындағы бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалғанын анықтады, яғни, әмбебап дене мәдениеті мен сауықтыру кешенінің жылу жүйелерін жөндеуге бөлінген қаржы мердігер «Жылукоммунэнерго» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны тарапынан көмір сатып алуға, электр қуаты шығындарын және еңбекақы төлеуге жұмсалған.

Бақылау материалдары, жаза қолдану үшін осы бақылау жүргізілуіне бастамашылық танытқан, Семей өңірі бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Басқармаға берілді.


«Әскери бөлім - 2086» Мемлекеттік Мекемесінде жүргізілген тақырыптық бақылау жалпы сомасы 89615,2 мың теңгенің қаржы бұрмалаушылығын анықтады, оның ішінде мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұза отырып жасалған 68016,0 мың теңгенің қаржы бұрмалаушылығы анықталды.

Бұл жерде мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 20, 21 баптары бұзылған, яғни, әскери бөлім нысандарына күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі конкурс ашық өтудің орнына, жалпы сомасы қасақана бөлшектеу жолымен, әрқайсысы 1744,0 мың теңге болатын, 39 келісім – шарттан тұратын бағалық ұсыныстарды қолдану арқылы өткізілген.

Сондай-ақ, мердігер «Ярус» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есебіне келісім-шарттарда және сметалық құжаттарда көрсетілмеген 9384,8 мың теңге болатын іссапар шығындары негізсіз төленген, әскери бөлім қоймаларынан 4940,2 мың теңгенің құрылыс материалдары жұмсалған, нысанның сметалық құнынан асырып 4157,7 мың теңге төленген және көрсетілмеген көліктік қызметтер үшін 888,2 мың теңге негізсіз аударылған.

Орындалған жұмыстар кесімдері бойынша барлық сомалар бухгалтерлік есепте көрсетілмеген, мердігерлермен берешектік – алашақтық салыстырмалы тексеру іс-жосықтары жасалмаған.

Бақылау материалдары кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту жөніндегі шараларды қолдану үшін, Аягөз гарнизоны бойынша әскери прокуратураға берілді.


Шығыс аймақтық Әскери прокуратурасының қаулысына сәйкес, «Әскери бөлім 36803» Мемлекеттік Мекемесінде жүргізілген бақылау, жалпы сомасы 10 000,0 теңгенің полиграфия өнімдері мен көрнекі-үгіт құралдарының жетіспейтіндігін анықтады.

Осы жетіспеушілік дерегі бойынша Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурасы ҚР Қылмыстық Кодексінің 380 бабының 1 тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғап, істі жүргізу ҚР Ішкі істер Министрлігінің Әскери –тергеу Департаментіне тапсырылды.

Алдын-ала тергеу жұмыстарының барысында және қолданылған шаралардың нәтижесінде көрсетілген өнімдер 9980,5 мың теңгеге қайтарылды.


«Әскери бөлім - 05325» Мемлекеттік Мекемесінде жалпы сомасы 8708,6 мың теңге болатын, салмағы 114587 килограмм дизельдік жанармайдың жетіспеушілігі анықталды.

Бақылау материалдары Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің Аягөз гарнизоны бойынша әскери - тергеу бөліміне беріліп, лауазымды тұлға – Жанар –жағар май қызметінің бастығы – аға лейтенант А.И.Екимовтің үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 176 бабының 3 бөлімінің, «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Көрсетілген жетіспеушілік тергеу барысында заттай түрде, кінәлі тұлғаның есебінен толығымен қайтарылды.


^ Семей қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» Мемлекеттік Мекемесінде отбасының құрамы туралы анықтама мен табыстары туралы жалған құжаттарды тапсыру арқылы 16 жағдай бойынша тұрғын үй жәрдемақысы есептеліп, 1143,1 мың теңге негізсіз төленген, оның 219,7 мың теңгесі бақылау барысында қайтарылды.

Бақылау материалдары, жаза қолдану үшін, Семей өңірі бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Департаментіне берілді және кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.


^ Бесқарағай аудандық білім және спорт бөлімінде жалған құжат толтыру арқылы бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды.

Белокаменка орталау мектебінің директоры Л.У.Құсаинованың туысы болып келетін азаматша Б.У.Омарова күзетші ретінде жұмысқа қабылданған, ал нақтысында ол Семей қаласының тұрақты тұрғыны болып шығып, күзетші болып жұмыс істемеген. Осы 3,5 жыл көлемінде оған еңбек ақысы ретінде 257,5 мың теңге негізсіз төленіп, оның зейнетақы қорына 17,7 мың теңге аударылған.

Бақылау материалдары Семей өңірі бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Департаментіне жаза қолдану жөніндегі шешім қабылдау үшін берілді.


«Зайсан аудандық орталық ауруханасы» Коммуналдық Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынында жүргізілген жоспарлы кешенді бақылау нәтижесінде бюджеттік қаражаттың негізсіз ұсталған сомасы 755,1 мың теңгені құрағаны анықталды. Біреуі бас мердігер болып табылатын, екі жеке кәсіпкерге Аудандық орталық аурухананың 3-ші бүленінің шатырын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарының атқарылған бір жұмыс көлеміне екі рет 755,1 мың теңгенің бюджеттік қаражатын аударып жіберген. Көрсетілген соманы, бақылау барысында, жеке кәсіпкер Б.Әбдеев, аудандық бюджет пайдасына толық қайтарды.

Аудандық орталық аурухананың бас есепшісі Б.Қ.Мусинаға, емдеу мекемесінің басшысының бұйрығымен, жіберілген бұрмалаушылықтары үшін, сөгіс жарияланды.

Жіберілген қаржы бұрмалаушылық деректері үшін әкімшілік жауапкершілікке 58 лауазымды тұлға тартылып, оның 3-і лауазымды қызметтерінен босатылды.


Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 178 бабының 1 тармағы бойынша Семей қаласының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі орталық» Коммуналдық Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынының бас есепшісі Л.Ж.Рымбаеваға 4860 теңгенің айыппұлы салынып, бюджет пайдасына кірістелді.


^ 4 тарау. Құқық қорғау органдарына жіберілген, бақылау материалдарының қозғалысы


Құқық қорғау органдарына барлығы 430849,9 мың теңгенің 119 бақылау материалдары жіберілді, оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментіне - 312064,4 мың теңгенің 46 материалы;

Аягөз және Өскемен гарнизоны бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу бөліміне 9 632,7 мың теңгенің 4 материалы;

Семей аймақтық гарнизонының Әскери полиция бөліміне 871,3 мың теңгенің 2 материалы;

Шығыс Қазақстан Облыстық прокуратурасына 51021,1 мың теңгенің 32 материалы;

Әскери прокуратураға жалпы сомасы 31599,2 мың теңгенің 6 материалы;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департаментіне 25660,3 мың теңгенің 26 материалы;

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Меншікті қауіпсіздік басқармасына, ҚР Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу департаментіне және Оңтүстік – Шығыс көлік департаментінің Жол басқармасына қаржылық бұрмалаушылықсыз бір - бірден материал жіберілді.



Похожие:

2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon1-тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының 2009 жылғы бақылау қызметінің нәтижелері туралы ақпарат
2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша бақылау жұмысының нәтижелері 1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Нақты, басқарма 111 объектіге тексеру жүргізді, оның құрамында: мемлекеттік мекемелер бойынша-81, шаруашылық жүргізуші субъектілер...
2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Сонымен қатар тексерулердің жалпы саны -663 құрады, жоспардан тыс кешенді бақылау облыс бойынша 25 объектіге жүргізілді, олар Комитетте...
2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Сонымен қатар тексерулердің жалпы саны -141 құрады, жоспардан тыс кешенді бақылау облыс бойынша 17 объектіге жүргізілді, олар Комитетте...
2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Сонымен қатар тексерулердің жалпы саны -500 құрады, жоспардан тыс кешенді бақылау облыс бойынша 25 объектіге жүргізілді, олар Комитетте...
2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы iconКөкпекті ауданы бойынша 2012 жылғы «Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы» есебіне түсіндірме жазба

2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы iconКөкпекті ауданы бойынша 2011 жылғы «Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы» есебіне түсіндірме жазба

2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы icon1 -тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы
Нақты, басқарма 568 объектіге тексеру жүргізді, оның құрамында: мемлекеттік мекемелер бойынша-451, шаруашылық жүргізуші субъектілер...
2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және
«Қрса 2011–2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының іске асырылуы, Қрса операциялық жоспарының орындалуы, 2011 жылға аумақтық...
2005 жылдың бақылау нәтижелері туралы түсіндірме жазба 1 тарау. Жұмыс жоспарының орындалуы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі өкімінің жобасына ТҮсіндірме жазба
«Электрондық үкімет» пайдаланушыларымен 2-ші деңгейлік сәйкестендіруге өту жөніндегі мәселелерді пысықтау бойынша жұмыс тобын құру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы